Мониторингтің әдіс-тәсілдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Мониторингтің әдіс-тәсілдері

Орындаған: Ерланкызы М.

П - 225 топ

Тексерген: Серикова Н. У.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1. Мониторинг түсінігі.

2. 2. Мониторинг бағыттары, нәтижесі

2. 3. Мониторингтің әдіс-тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Мониторинг дегеніміз латын тілінен аударғанда «еске түсіруші», «қадағалаушы» қоршаған ортаны адам қызметімен бақылау, бағалау деген мағынаны білдіреді. Білім беру сапасын арттыру жолында мониторинг жүргізу маңызды орын алады. Педагогикалық мониторинг мұғалімнің кәсіптік деңгейін анықтап, қажеттіліктерін белгілеуге мүмкіндік береді. Әдістемелік жұмыстардың мазмұны жаңартылады, бағдарлы жұмысқа жол ашылады. Сондықтан, білім беру сапасының артыуының тиімді жолдарын табу оны тәжірибеге енгізу уақыт күттіретін мәселе.

Мониторинг - үздіксіз процесс. Мониторинг жүйесі оқу жылы басталмай тұрып, басталып қоюға тиісті. Мониторинг пен бағалау ұқсастықтары мақсатында, жоспарында. Мониторингтің көп аспектісі бағалауға ұқсайды. Айырмашылықтары орындау уақытында, кімнің орындайтынында. Соынмен бірге жиналған ақпараттардың алуан түрлілігімен ақпараттылығында.

Мониторинг - белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі үздіксіз ақпарат жинау әрекеті.

Мониторинг жүргізу мынандай жүйе бойынша жүргізіледі:

  • Мақсат;
  • Ұйымдастыру;
  • Ақпаратты өңдеу;
  • Шешім қабылдау;
  • Болжам жасау.

Мониторинг мақсаты:

  • Мектепте білім беру жағдайы туралы ақпарат жинақтау;
  • Ақпаратты талдау;
  • Ақпараттарды түзетіп, өңдеу;
  • Мектептің білім беру жүйесін дамытудағы негізгі тенденцияларды анықтау;
  • Баяндамалар, анықтамалық материалдар, болжаулар, талдаулар құру ;
  • Мектептің педагогикалық іс-әрекетінің және басқару ұйымдастарушылық жетістіктердің басты ерекшеліктерін анықтау.
  • Мониторингтің негізгі бағыттары:

1. Білім беру үрдісінің негізгі жағдайларының мониторингі.

2. білім беру үрдісінің сапасының іске асыру мониторингісі.

3. білім беру үрдісінің нәтижелерінің мониторингісі.

Мониторинг нәтижесі:

1. Мектептің әлеуметтік миссиясын қолдану, білім беру үрдісіне қатысушылардың өз әлеуметтік қызметін жете түсінуі.

2. басқарудағы әлеуметтік-психологиялық әдістерді кеңінен пайдалану.

3. мектептегі білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай тұжырымдамалық негізін құру және басқару деңгейінің әр бөлімі үшін міндеттерді нақтылау мақсатында тәрбие, білім беру бағдарламаларын, іске асыру нәтижелерін талдау .

Мониторингті іске асыру әдіс-тәсілдері :

  • Байқау, бақылау;
  • Сауалнама жүргізу;
  • Тестілеу;
  • Сұрақ-жауап;
  • Әңгіме әдісі;
  • Мектеп құжаттарын зерттеу

Мониторингті іске асыру әдістері ретінде сұрақ әдісі қолданылады. Ауызша сұрақ қойып психолог зерттелетін адамның берген жауаптарын өңдейді. Бұл әдістің оңайлығы бланктердің дайындаудың қажеттігі жоқтығында. Бірақ бұл әдісиің кемшілігі де бар сұрақтардың таңдауда субъективті бастама бірінші орында тұрады. Бұл әдістемені стандартқа келтіру қиын. іӨлшемдер төмендегідей болады:

  1. Әдістемеде қолданылатын тест есептердің түрлері.
  2. Әдістемеде қолданылатын тест материалының жайы.
  3. Зерттелетін адамның тест материалын ұсыну формасы.
  4. Белгілі нәтижелерінің қорытындылау үшін қолданылатын мәліметтердің сипаттамасы.
  5. Әдістемедегі тест нормасының бар болуы.
  6. Әдістеменің ішкі құрылысы.

Тест тапсырмаларын қолдану типі бойынша әдістемелер сұраулы (зерттелетін адамдарға арналған сұрақтар қолданылады ), мақұлдайтын (зерттелетін адам бір ой - пікірлерді мақұлдау немесе мақұлдамау), өнімділік (зерттелетін адамның өзінің шығармашылық өнімінің түрі қолданылады), әсерлі (зерттелетін адам өзінің психологиясы туралы сипаттайтын белгілі бір кешенді практикалық іс - әрекетті жасау туралы есепті орындайды), физиологиялық (бұл жағдайда психодиагностика адам организмінің физиологиялық реакция немесе еркін емес физикалық анализдің негізінде өткізіледі), Мысалы, бір адамды бағалау үшін тікелей немесе жанама сұрақтарды, бір пікірді мақұлдату немесе мақұлдатпау, ауызша, жазбаша, бейнелі, техникалық т. б. іс - әрекет, оның еркін немесе еркін емес қимылдарын және жауаптарға реакциясын және т. б. қолдануға болады. Электроэнцефалограмма, электрокардиограмма, электромиограмма, тері - гальваникалық реакция және басқа рефлекстер де қолданылады.

Тест материалдың жағдайы бойынша психодиагностика әдістемелері сана - сезімдік және сана - сезімсіздерге бөлінеді.

Бірінші типке сұраулы, ал екіншісіне жобалау әдістемесі жатады. Зерттелетін адамға ұсынылатын тест материалының психодиагностикалық әдістемелері бланктік (тест жазбаша түрінде немесе сурет, схема түрінде болады), техникалық (зерттелетін адамға тест материалы аудио - видио немесе кино түрінде болады), сенсорлық (тест материалы физикалық стимул түрінде болады) .

Педагогикалық мониторинг мұғалімнің кәсіптік деңгейін анықтап, қажеттіліктерін белгілеуге мүмкіндік береді. Әдістемелік жұмыстардың мазмұны жаңартылады, бағдарлы жұмысқа жол ашылады. Сондықтан, білім беру сапасының артыуының тиімді жолдарын табу оны тәжірибеге енгізу уақыт күттіретін мәселе.

Мониторинг - үздіксіз процесс. Мониторинг жүйесі оқу жылы басталмай тұрып, басталып қоюға тиісті. Мониторинг пен бағалау ұқсастықтары мақсатында, жоспарында.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ишанов П. З., Бейсенбекова Г. Б. « Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері», Қарағанды -2012ж. 555б.
  2. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н., « Психологиялық-педагогикалық диагностика», Алматы-2012жыл. 625б.
  3. Куребаева Г. А. «Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық- педагогикалық диагностикасы» Семей. 2009ж
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі
Зерттеу үдерісін мониторингтеу
Әлеуметтік зерттеудегі әдістеме, әдіс және техника
Экологиялық мониторинг жасаудың техникалық құралдары
Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Социологиялық зерттеу
Мониторингтің түрлері
Жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы
Білім нәтижелерін бағалау түрлері. Бағалаудың түрлері. Сандық және сапалық бағалау. Бағалаудың өлшемдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz