Тілді дамытудың алғашқы сатысы



Тіл дамытуда бала ауызекі сөйлеуді пайдалана бастайды, сөздің мағынасын түсініп, грамматика ережелерін, көптеген мәдениеттерді меңгереді, уақыт өте келе оқуға және жазуға үйренеді. Тілді дамыту екі түрде жүреді.
Пассивті сөйлеу – бұл айтылған немесе жазылған сөздер мен сөйлемдерді түсіну. Ал белсенді сөйлеу термині тұлғаның жазған сөзі мен сөйлемін айту, яғни ауызша немесе жазбаша сөйлеуді білдіреді.
Ағылшын тілді американдық отбасындағы баланың пассивті сөздік қорындағы алғашқы сөздер мыналар: «мама», «папа», баланың өз есімі, «ку-ку», «бай-бай», «жеймін» және «жоқ». 8 айлығында балалар бұл сөздерді түсіне бастайды. Балалардың белсенді сөздерінің алғашқысы «мама», «папа», «hi» (сәлем), «bye» (сау бол), «ай-ай-ай» болып келеді. Көптеген балалр бұл сөздерді 14 айлығына қарай айта бастайды. Сөзді түсінудің дамуы мен оны айта білуі бір мезгілде жүреді., бірақ кейде түсінудің дамуы белсенді сөйлеуден біршама алда дамиды. Мысалы, анасы 14 айлық балаға: «Асханаға барып, печенье алып кел» десе, сәби печеньені алып келеді, бірақ өзі бұндай ұзақ сөйлемді де, «печенье алып кел» деген сөз тіркесін де айта алмайды. Адамның бүкіл өмір жолында оның пассивтік сөздік қоры белсендіге қарағанда көлемі жағынан үлкен болып келеді, себебі біз өз қолданысымыздағыдан да көп сөз білеміз.
Сөйлеуге дейінгі кезең. Сөйлеу жаңа туылған сәбидің іңгалап жылауынан басталады. Содан кейін сәби түрлі айқай мен жылау жүйесін, басқа да қарым-қатынаста тіл табысу құралдарын ойлап табады, оны бала туылғаннан кейінгі бірнеше айлар бойы анасы мен балаға қамқорлық жасайтын ересектер түсініп, ажырата алады. 6 апта толғанда бала гуілдей бастайды.
Пассивті сөйлеу бойынша 1 айлық сәби «lip», «lap» ([lip],[laеp],) сияқты тіл дыбыстары арасындағы елеусіз айырмашылықтарды байқай алатынын классикалық зерттеу көрсетті. Сонымен қатар олардың дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алатыны да байқалды. Алайда шала туылған балаларға жүргізілген заманауй зерттеулер жүктіліктің үшінші жартысында құрсақтағы сәбидің бірнеше тіл дыбыстарын ажырата алатынын көрсетті. Мари Чеур-Лутанен мен оның әріптестерінің пікірінше, бұл бірқатар стимулдарды ажратумен байланысты мидың ерте реакциясы болып табылады. Келесі зерттеушілер 2 күндік француз сәбилері өз ана тілінен орыс тілін ажырата алатынын білді, өйткені олар құрсақта жатып туылар алдында бірнеше айлар бойы сыртқы әлемнен өз ата-аналарының сөздерін естіген.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тілді дамытудың алғашқы сатысы

Тіл дамытуда бала ауызекі сөйлеуді пайдалана бастайды, сөздің
мағынасын түсініп, грамматика ережелерін, көптеген мәдениеттерді меңгереді,
уақыт өте келе оқуға және жазуға үйренеді. Тілді дамыту екі түрде жүреді.
Пассивті сөйлеу – бұл айтылған немесе жазылған сөздер мен сөйлемдерді
түсіну. Ал белсенді сөйлеу термині тұлғаның жазған сөзі мен сөйлемін айту,
яғни ауызша немесе жазбаша сөйлеуді білдіреді.
Ағылшын тілді американдық отбасындағы баланың пассивті сөздік
қорындағы алғашқы сөздер мыналар: мама, папа, баланың өз есімі, ку-
ку, бай-бай, жеймін және жоқ. 8 айлығында балалар бұл сөздерді
түсіне бастайды. Балалардың белсенді сөздерінің алғашқысы мама, папа,
hi (сәлем), bye (сау бол), ай-ай-ай болып келеді. Көптеген балалр бұл
сөздерді 14 айлығына қарай айта бастайды. Сөзді түсінудің дамуы мен оны
айта білуі бір мезгілде жүреді., бірақ кейде түсінудің дамуы белсенді
сөйлеуден біршама алда дамиды. Мысалы, анасы 14 айлық балаға: Асханаға
барып, печенье алып кел десе, сәби печеньені алып келеді, бірақ өзі бұндай
ұзақ сөйлемді де, печенье алып кел деген сөз тіркесін де айта алмайды.
Адамның бүкіл өмір жолында оның пассивтік сөздік қоры белсендіге қарағанда
көлемі жағынан үлкен болып келеді, себебі біз өз қолданысымыздағыдан да көп
сөз білеміз.
Сөйлеуге дейінгі кезең. Сөйлеу жаңа туылған сәбидің іңгалап жылауынан
басталады. Содан кейін сәби түрлі айқай мен жылау жүйесін, басқа да қарым-
қатынаста тіл табысу құралдарын ойлап табады, оны бала туылғаннан кейінгі
бірнеше айлар бойы анасы мен балаға қамқорлық жасайтын ересектер түсініп,
ажырата алады. 6 апта толғанда бала гуілдей бастайды.
Пассивті сөйлеу бойынша 1 айлық сәби lip, lap ([lip],[laеp],)
сияқты тіл дыбыстары арасындағы елеусіз айырмашылықтарды байқай алатынын
классикалық зерттеу көрсетті. Сонымен қатар олардың дауысты және дауыссыз
дыбыстарды ажырата алатыны да байқалды. Алайда шала туылған балаларға
жүргізілген заманауй зерттеулер жүктіліктің үшінші жартысында құрсақтағы
сәбидің бірнеше тіл дыбыстарын ажырата алатынын көрсетті. Мари Чеур-
Лутанен мен оның әріптестерінің пікірінше, бұл бірқатар стимулдарды
ажратумен байланысты мидың ерте реакциясы болып табылады. Келесі
зерттеушілер 2 күндік француз сәбилері өз ана тілінен орыс тілін ажырата
алатынын білді, өйткені олар құрсақта жатып туылар алдында бірнеше айлар
бойы сыртқы әлемнен өз ата-аналарының сөздерін естіген. Яғни, сәбилер
туылғанға дейін де сөзді қабылдап, оған жауап беріп және оны үйренуге
дайындалады. Өз кезегінде зерттеушілер сәбидің туылғаннан кейінгі алғашқы 3
күнде анасының сөздік қорында кездесетін елеусіз дыбыстық және тілдік
өзгерістері бар сөздерді үлкен дәлдікпен ажырататынын байқады.
2 немесе 3 айлық сәбилер [б] және [п], [д] және [т] сияқты қарапайым
дыбыстар арасындағы айырмашылқтарды түсіне алады. Бала өмірінің алғашқы
жылында ересек адамдар мен балаларға лайықты тілдік дыбыстардың
айырмашылығын да қабылдай алады. Патрисия Кухл мен оның әріптестері
жүргізген зерттеу топтамалары осыны дәлелдейді. Зерттеулердің бірінде 7
айлық жапон сәбиінің осы жастағы американ балалары тәрізді [r] және [l]
дыбыстарын ажырата алатыны байқалды. Жапон тілінде бұндай айырмашылықтар
болмайтындықтан 10 айға толуына қарай жапон сәбилері сөздік тәжірибе
жинақтауы нәтижесінде бұл дыбыстарды ажыратпайтын болды.
Өмірінің бірінші жылында , яғни бірінші сөзді айтқанға дейін сәби тіл
туралы көп білуі керек. Тіл дамытудың басты белестері 5.8 – кестеде
беріоген. Сәбилік кезеңіндегі тілді меңгерудің бізді қызықтыратын төрт түрі
гуілдеу, былдырлау, сөзді түсіну және әлеуметпен қарым-қатынас болып
табылады.
Гуілдеу мен былдырлау. Сәби жаңадан туылған сәттен бастап түрлі
дыбыстар шығара бастайды. Олар, әдетте, а-ба-ба-ба сияқты дауысты және
дауыссыз дыбыстарды айта бастайды. 6 айға қарай сәбилердің дыбыстық қоры
байып, күрделене түседі. Олар түрлі дыбыстарды үйлестіріп, соза айтып,
олардың ырғағымен және жоғарылығымен ойнайды. Сәбилер өзінің дыбыстық
мүмкіндіктерін жақсы басқара алады: олар өзі айтқан дыбыстарды қайталайды,
өзімен өзі сөйлескендей оларды созады, баяулатады, оны итерация деп атайды.

Тілді дамытудың белестері

Орташа жасы Баланың көрсеткен тілдік мінез-құлқы
12 апта Балаға қарап сөйлегенде жымию, гуілдеу
16 апта Адамның даусы шыққан жаққа қарап жауап ретінде басын
бұрады
20 апта Гуілдеу кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды
айтады
6 ай Гуілдеу былдырлауға ұласады, онда адамның сөйлеу
қорындағы барлық дыбыстар болады
8 ай Бірқатар буындарды айтады (мысалы, ма-ма)
12 ай Бірқатар сөздерді түсінеді; бірнеше сөздерді айта
алады
18 ай 50-ге жуық сөздерді айта алады
24 ай Баланың сөздік қорында 50-ден аса сөз болады; екі
сөзден құралған бірнеше сөз тіркестерін қолданады
30 ай Сөздік қоры бірнеше жүздеген сөздермен толығады, өз
тілінде 3-5 сөзден құралған сөз тіркестерін қолданады
36 ай Сөздік қорында 1000-ға жуық сөз болады
48 ай Тілдің басты негіздерін құрайтын бөліктерін жақсы
меңгерген
Сол жақтағы бағанда келтірілген жасы орташа көрсеткіш болып табылады.
Сәбилердің тілді дамытудың бастапқы сатысындағы жеке ерекшеліктері бірнеше
күнге, ал соңғы сатысында бірнеше аптаға созылады.

Баланың алғашқы дыбыстауында бірнеше дыбыс немесе фонема ғана болады.
Бірақ 2-айға қарай олар бірқатар дауыссыз дыбыстарды, тіпті өз ана тілінде
кездеспейтін дыбстарды да айта бастайды. Дыбстарды бұлай кездейсоқ айту 6
айлық кезіне дейін жалғасады, сосын баланың айтатын фонемалар құрамы
азайып, оның өз ана тілі шеңберімен ғана шектеледі.
6 айдан кейін көптеген ата-аналарға баласы ма-ма, па-па деген
сияқты сөздерді айта алатындай болып көрінеді және олар осы қылығын өзінің
ерекше баласының ерекше дамуының дәлелі ретінде қабылдайды. Алайда, көп
жағдайда бұл мағынасыз дыбыстарды кездейсоқ қайталау болып табылады. Бұл
кезде баланың былдырында ана тіліндегі дыбысталуына жақын ырғақтар мен
дыбыстық үйлесімдер пайда болады. Бұл кезеңдегі баланың былдыры
ересектердің бөлшектеп сөйлеуін еске түсіреді, себебі ата-аналар оның
мағынасын түсіну үшін зейін қойып тыңдайды. Бұндай жүрдек тілдік
ерекшеліктер мен жақсы дамыған былдырлау барлық тілдік және мәдени топтағы
балалар үшін бірдей болып келеді.
Осындай ерте дыбыстаудың маңызы қандай? Баланы бөлшектеп сөйлеуді
үйренуге қалай дайындайды? Сәбидің былдыры ересектерді өзіне тартады, яғни
әлемдегі барлық ересектер оған таң қалып, оған еліктейді. Сонымен банаың
айтқан дыбыстары сөздің мағынасын түсінбесе де, өзінің естіген сөзіне жауап
беруі болып табылады. Сондықтан былдырлау баланың басқа адамдармен қарым-
қатынас құралы болып табылады және міндеттерді шешуде тәжірибе жинақтауда
танымдық белсенділікті арттырады. Былдырлаған бала біртіндеп өз ана
тіліндегі дыбыстардан құралатын сөздерді айтып үйренеді. Сондықтан да
балалар сөйлеуді үйренгеннен кейін де тілдік ерекшеліктерді қолдануды
жалғастыруы мүмкін. Шындығына келгенде, жаңа сөздер баланың былдырына әсер
етеді, ал былдырлау, өз кезегінде белсенді сөйлеу қызметіне жаңа сөздер
ендіруде пайдаланатын дыбыстарды таңдауға әсер етеді.
Соңғы зеттеулерден алынған мәліметтер бойынша баланың тәлдік
дыбыстарды қабылдауы әмбебап қасиетке ие, олар әлемнің барлық тілінде
кездесетін дыбыстарды ажырата алады, ал ересектер тек өз ана тілінде ғана
балаларды екі ұқсас дыбыстар арасындағы айырмашылықтарға жауап ретінде
басын бұруға үйретті, (мысалы, [д] және [т] дыбыстарына жауап беру, [д]
және [д], [т] және [т] дыбыстарына жауап бермеу). Сәбилер басқа тілдердің
айтылуы жағынан ұқсас дыбыстарын ажарата алады, ал өз ана тіліндегі айтылуы
бірдей жұп дыбыстарға жауап бермеді. Бұл тәжірибе тілдік қабылдау тәжірибе
барысында қалыптасатынын, ал бұрын дәстүрлі саналатын тіл дыбыстарын
ажырату ерте сәби жаста болатынын көрсетті. Сонымен қатар ата-аналардың
баласымен сөйлесуі ауызекі сөйлеу тілін меңгеруде маңызды роль
атқаратынын көрсетті.
Еститін, бірақ сөйлей алмайтын балалардың былдырлауын зерттеу де
баланың тілдік дамуы үшін ана тіліндегі сөздерді былдырлау кезеңінен бастап
тыңдағаны маңызды екенін көрсетті. Еститін, бірақ сөйлей алмайтын
балалардың былдырлауының ерте кезеңінде аса айырмашылық жоқ, бірақ еститін
балаларда олар бірте-бірте ана тіліндегі сөздерді айтуға ұласады. Сонымен
қатар естімейтін балалар жарты жылдан кейін ғана аздап былдырлай бастайды,
осы кезден бастап тілдік өнімдер ересектер тарапынан жәрдем көрсетіліп,
үйренуі жеңіл болады.
Сонымен, былдырлау балаға қамқорлық жасайтын үлкендердің тілінде айтуы
үшін қажетті арнайы дыбыстарды қолдануға үйренуде маңызды роль атқарады.
Атап айтқанда, Париж бен Лондонның, Алжир мен Гонконгтың 10 айлық
тұрғындарының былдырлауын талдағанда ғалымдар баланың дауысты дыбыстарды
айтудағы айырмашылығы осы дыбыстарды оның ана тіліндегі айтылуына ұқсас
келетінін анықтады: француз, ағылшын, араб тілдері және қытай тілінің
кантон диалектісі.
Сөйлеу тілін түсіну. Жоғарыда айтылғандай, кішкене сәбилер сөзді
айтпастан бұрын оның мағынасын түсінеді. Жасына толған балалар ересектердің
айтқандарын ұғады, ал олардың мінез-құлқы, мысалы, кездескенше деген
сияқты сөздердің мағынасын түсінетінін білдіреді. Сонымен қатар олар
сөздердегі дыбыстардың мағынасын түсіне бастайды. Егер үлкен адам Маған
мына кесені бер десе, бала мына деген сөзді түсініп, оған сол кесені
береді. Зерттеу сәбилердің 3-4 ай кезінде-ақ біртектес сөздердің мағынасын
айта алатынын көрсетті.
Алайда сәбидің сөзді түсінуі психологтар мен лингвисттер үшін қиындық
тудыратын зерттеу саласы болып табылады. Сәбилердің сөйлеу тілін жазып,
талдау қиындық тудырмайды, бірақ баланың ол сөзді ұалай ұғатынын түсіну өте
күрделі. Егер бала өзіне айтылғанды анық түсінсе, мысалы, егер жасына
толған бала ата-анасының Қасықты ыдысқа салшы деген өтінішін орындаса,
оның бұл сөз тіркесін түсінуі бізге ғана толық түсінгендей болып көрінеді.
Мұнда қателесу мүмкін емес: яғни ыдысты қасыққа салу мүмкін емес.
Ересектердің сөзбен айтқаны жеткіліксіз болған жағдайда қолмен көрсеткен
нұсқауы да балаға нені талап ететінін түсіндіруге оңтайлы.
Әлеуметтік қарым-қатынас. Өмірінің 1-ші жылында сәбилер өз ата-
аналарымен қарым-қатынас барысында тіл табысудың өарапайым ерекшеліктеріне
үйренеді. Олар әріптесіне белгі беруді, диалогта сөйлеу кезегін сақтауды,
өол қимылдарын пайдалануды және бет қимылдарына назар аударуды үйренеді.
Балалар жасырынбақ тәрізді қарапайым ойын түрлерінде қарым-қатынасқа
үйренеді. Негізінде, көптеген ата-аналар өз балаларымен диалог құру арқылы
ойын ұйымдастыра біледі. Олар осы арқылы қарапайым ойынды баланың диалогтың
негізгі ережелерін меңгеруіне арнап құрады, яғни тыңдаушы мен айтушының
ролін ауыстыру, кезегін сақтау. Осындай өзара қарым-қатынас барысында ата-
аналар баласының тілді ерте меңгеруі үшін жағдай жасайды. Ана мен баланың
ойын барысындағы зейіні бір затқа аударылуы (Мысықты қара!), сәбиге
заттың атын біліп, онымен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Алайда,
баланың әлеуметтік қарым-қатынасы ата-анасымен ойнаумен ғана шектелмейді.
Жасына толуына қарай дені сау балалардың көпшілігінде басқа адамдарға
деген, оның ішінде, бейтаныс адамдарға деген қызығушылық оянып, олар
ересектердің көңіл-күй ерекшеліктеріне тиісті деңгейде жауап береді.

Сөздер мен сөйлемдер

Көптеген балалар бірінші сөзін бір жасқа толуына қарай айта бастайды.
Алдымен олардың белсенді сөздік қоры тек жекелеген сөздерден құралса, екі
жасқа қарай бұл процесс тез дамиды. Алайда сөзді меңгеру екпіні жеке
ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болып келеді. Егер жүре бастаған бала өз
қатарына қарағанда бірінші сөзін кеш айтса, бұл оның кеш дамуын
білдірмейді; олардың зейіні басқа дағдыларды меңгеруге аударылуы мүмкін
(мысалы, жүруге). Біреулері сөйлеуді кеш бастағанымен, кейін өз
құрдастарымен бірдей сөйлеп кетеді; екіншілері сөйлеу сатысыларының бірінде
қалып кеткендей болып көрінеді. Алайда сөйлеуді меңгеру екпініне қарамастан
тілді дамыту сатыларының бірізділігі заңды және өзіне лайық сипатта жүреді.
Бірінші сөздер мен олардың маңызы. Сәби жер шарының қай бөлігінде
болмасын ол алғашында жекелеген сөздерді айтады, ол сөздер зат есімдерден
құралады, яғни адамның есімдері, заттар мен жануарлардың аттары болып
келеді. Алдымен балалар бірнеше сөздерден сөйлем құрап айта алмайды. Оның
орнына хлорофразалар қолданады, яғни жеке сөздер бірнеше мағынаны береді.
Демек, мама сөзі түрлі жағдайда, түрлі дауыс ырғағымен, түрлі бет және
қол қимылдарымен айтылып, Мамама барамын, Мама, менің бауымды байлап
берші, Міне, мынау менің мамам дегенді білдіруі мүмкін.
Сәби бірінші қандай сөздерді айтуы мүмкін? Өйткені әр жанұядағы ата-
аналар балалармен сөйлескенде түрлі сөздерді пайдаланады, тілді дамыту
барысы жеке тұлғалық сипатта жүреді, баланың бірінші сөздерінің қоры өз
құрамы бойынша өте ерекшеленеді. Алайда бұл сөздердің барлығын негізгі
бөліктерге бөлу керек. Папа, емізік, бибика (көлік) тәрізді түрлі
адамдар мен заттарды білдіретін есімдер мен аттар, яғни есім сөздер бала
сөздік қорының едәуір бөлігін құрайды. Бірақ жекелеген сөздер сатысында
бала қызмет мен қарым-қатынасты білдіретін сөздерді қолданады, мысалы,
анда, керек емес, жоқ, міне сөздерді есім сөздерден бұрын айтып
үйренеді.
Баланың қандай сөздер мен сөздер бөлігін жиі қолданатыны оның жеке
сөйлеу стиліне байланысты. Бала тілінің меңгеру стилін алғаш
зерттеушілердің бірі Кэтрин Нельсон есім сөздер жиі қолданылатын референтті
стильді және етістіктер мен есімдіктерді үйренетін экспрессивті стильді
бөліп қарастырды. Осы келтірілген екі негізгі стиль 18 айдан асқан
балаларда пайда болады, онда баланың сөздік қорында 50-ден аса сөз болады.
Референтті стильдегі баланың сөздік қоры негізінен адамдар мен заттарды
білдіретін есім сөздерден құралдады, онда іс-қимылды білдіретін сөздер аз
кездеседі. Экспрессивті стильде сөйлейтін балалар да заттардың атын
қолданады, бірақ есім сөздермен қатар олардың сөздік қорының көп бөлігін
әлеуметтік өзара қарым-қатынасқа байланысты сөздер құрайды (мысалы, кет,
бер). Референтті және экспрессивті стильмен сөйлейтін балалардың одан ары
тілдік дамуы түрліше жүреді. Экспрессивті стильде сөйлейтін бала референтті
стильде сөйлейтін баламен салыстырғанда жалпы алғанда сөзді аз пайдаланады
және есім сөздерге қарағанда есімдіктерді жиі қолданады. Сонымен қатар
экспрессивті стильде сөйлейтін бала мағынасы жоқ және бала өзі білмейтін
сөздердің орнына қолданатын жалған сөздерді жиі ойлап тауып, пайдалануға
бейім болады. Келесі ғалымдар баланың сөз стилімен байланысты жекелеген
сөздер сатысында балалардың тілінде анасының сөз ерекшеліктерінің сипатын
түсіндіретін көптеген ерекшеліктерді анықтады.
Нысандарды топтарға бөлу. Баланың бірінші сөзі сөздің мағынасын
кеңейту үлгісі немесе семантикалық жоғары басқару болып табылады. Ол сөз
нақты бір затқа, тұлғаға немесе жағдайға қатысты айтылғанымен, бала оның
мағынасын кеңейтіп, аталған сөзбен ұқсас нысандарды біріктіре айта
бастайды. Мысалы, бала өз күшігін оның дауыстау ерекшелігімен аб-ап деп
атайды. Бұдан кейін бала осы сөзді басқа иттерге де, төрт аяқты жануарларға
да қолдануы мүмкін. Бірақ ол мяу (мысық), мө (сиыр) сияқты сөздерді
білгеннен кейін бұрын білетін жануарлардың түрлерін қайта анықтайды.
Балалар сөздің қай түрге қатысты айтылуын анықтау үшін пайдаланатын
түрлерді бір-біріне қосып, кеңейтіп және біріктіруге бейім келеді, өйткені
олар көп жағдайда нысандардың қасиеттері мен қызметтеріне байланысты
мәдениетін білуі тұрғысынан ересектерден ерекшеленеді. Сондықтан балалар
түрлерді бөлгенде ересектер басынан бастап ескерту жасаған нысандарға
ерекше көңіл бөледі. Балалардың сөз мағынасын кеңейтудегі бірнеше қызықты
мысалдар 5.9- кестеде келтірілген.

Семантикалық жоғары басқару мысалдары

Баланың сөзіБірінші Мүмкіндігінше мағынасын Қасиеттері
референт кеңейту
Құс Торғай Сиыр, ит, мысық, кез-келген Қозғалыс
қозғалатын жануар
Ай Ай Шелпек, терезе әйнегіндегі Пішін
дөңгелек дақтар, кітаптағы
шеңберлер, конверттегі пошта
мөрі
Шыбын Шыбын Қиқымдар, шаң-тозаң, барлық Көлемі
майда жәндіктер
Аб-ап Ит Барлық жануарлар, ойыншық Сипаты
ит, жұмсақ үй аяқ киімі,
ішіктің жағасы

Марғау, мысық, арыстан және жолбарыс сияқты нысандардың атын
білдіретін қосымша және толықтырушы атауларды меңгергенде балалар сөз
барынша айқын және сабақтаса ұйымдастырылған түрде дағдыланады. Дәлірек
айтсақ, арыстан мен жолбарысты енді ажырата алады, бірақ олардың екеуі де
мысықтар түріне жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандартталған информатика терминдарынын тезаурустарымен танысу
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы
ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ойдың тілі сөз
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Мектепке дейінгі балалардың ойындағы танымдық белсенділігі
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Шағын жинақталған мектептердегі мәселелерді шешу
Пәндер