Ақшаұлы Бөгенбай


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ақшаұлы Бөгенбай

- Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, үлы қолбасшы. Шыққан тегі - Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуел-ден елге мөлім болған батырлар өулетінен.

Батырдың атасы Әлдеуік - қазақтың атақты ханы Еңсегей бойлы Ер Есімнің атақты батырларының бірі болған. Ғүмырының дені атүстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Түрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуікүлы Ақша заманында дүшпанына бет қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы болыпты. Әз-Тәуке ханның сеніміне ие болып, оның 80 мың сарбаздан түратын әскерін басқарыпты. Үмбетей жыраудың: «Алатаудай Ақшадан, асып тудың Бөгенбай» деуі де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып түрғандай.

Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі - оның ерлік, әскер басылық істеріне байланысты. Оның алғашқы ерлік жолы Еділден өтіп, қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алып, өбден титықтатып біткен қазақ-орыстармен шайқастан басталады. Жиырма сегіз жа-сында 30 мың қолды бастап барып, казак-орыстарды дүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады. Осы кезден бастап, қашан қазақ жері жоңғарлардан азат етілгенше Бөгенбай батыр атган түспей, Қабанбай, Олжабай, Жәнібек, Малайсары секілді қазақ-тың аты шулы батырларымен тізе қосып, ел тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға енеді. Осы шайқастардағы көрсеткен ерлігі, жағдайды дүрыс бағалап, тез шешім қабыддап, шабуылды шебер үйымдастыра білуі - оның даңқын асқақтата көтереді. Шығыс Түркістанға келген қытай өскерімен болған әйгілі Талқы соғы-ында Бөгенбай батырдың жауынгерлері қытай әскеріне ойсыра-та соққы беріп, оларды Үрімжіден асыра қуады.

Бөгенбай батырдың соңғы үлкен жорығының бірі - Аягөз өзені бойында болған. Қазақ қолына төтеп бере алмаған жоңғарлар жеңілгенін мойындап, келісімге келуге мәжбүр болған. Осы ара-

Іда батыр жоңғарлардан ақ үйлі аманат алып, олардан бүдан былай жауласпауға ант алады. Бөгенбай белгілі бітімші мәмілегер де болған. Ол Абылай хан-ның Қытайға жіберген елшілігін басқарып барып, екі елдің ара-сында бейбіт қарым-қатынастың орнауына үлкен үлес қосады. Бөгенбай батыр «Кднжығалы қарт Бөгенбай» атанып дөуірлеп түрған шағында өз ажалынан дүние салып, сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи күмбезіне жерленеді.

Бөгенбай батыр (1690-1775 жж. )

Абылай хан тұсындағы батыр, атақгы қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықган оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті. Оның атасы - Әлдекүн, әкесі - Ақша, анасы - Баяу деген кісілер. Бөгенбайдың екі ұлы болған: Түраналы, Түрымбет. Түраналыдан - Бапан би, Тұрымбеттен - Саққұлақ би туған.

Батырлығы мен қосбасшылық дарыны арқасында Беген-бай үлкен кұрметке бөленіп, ерлігі ел аузывда аңызға айна-лып кетгі. XVIII ғасырдың бірінші жартысында кдзақ дала-сын қорғауда Бөгенбай батыр қамал бұзар қайратымен көзге түсті. Олжабай, Кдбанбай, Малайсары секілді дарабоздар-мен қоян-қолтық көксерке атын борбайлап, кдзақ халқы-ның тәуелсіздігі жолындағы талай қавды айкдстарға катысты. Бөгенбайдың калмақгармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорықжырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.

1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан калмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына куылған болатын.

1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы тубінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян

-кескі шайкаска кдтысты. Бұл үрыста ол қытайларды қыраталкандап, Үрімшіге дейін куып барды.

Бөгенбай батырдың ең ірі жорықгарының бірі 1750 жылы Аягөз өңірінде жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін екі жақ мәмілеге келіп, достық келісім жасады.

Бөгенбай батыр дана және аса зерделі адам болған. Ол 1761 жылы елшілік миссиямен Абылай ханның ұлы Әдідді алып Қытайға барды.

Бөгенбай батыр Торғай өзенінің жағасында қаза болған. Бұрындарды бұл жер "Бөгенбай сөресі" деп аталған, ал казір "Шахта" деп аталады. Оның сүйегі Түркістан каласындағы Ахмет Йасауи мазарында қойылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөгенбай батыр (1690 - i778)
Қожағұлұлы Қабанбай батыр. Бөгенбай батыр
Кіші жүз ханы - Әбілхайыр
Кіші жүз ханы Әбілқайыр
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен атақты батырлары
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан
Қазақ батырлары туралы
Есіркеп сұлтан
ХVI - XVII iғғ. Қазақтардың жоңғаралармен қарым-қатынасы
Бөгембай Ақшаұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz