Шығарманың мазмұны мен пішіні



I.Кіріспе.
А) Мазмұн мен пішін бірлігі — көркемдік шарты
II.Негізгі бөлім.
А) Көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру . әдебиет теориясының негізгі принципі
Ә) Бір мазмұнның бірнеше пішініні
III.Қорытынды.
Көркем шығарма – нағыз суреткер әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма – бір жазушы келесіндегі ғана емес, бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға дейтін болсақ, образ – осынау өнер туындысындағы көп тұлғалардың бірі.
“Жекелеген образ ұнай ма, жоқ па, мәселе мұнала емес, - дейді Гете, - жалпы кітіп най ма, жоқ па, гәп осы арада жатыр”.
Кітап демекші, сөздің шыны керек, кітап атаулының бәрі көркемшығарма емес. Гете айтқандай, халыққа қалтқысыз ұнайтын, оған эстетикалық сусын болатын, оның көркем дамуында кәдімгідей тың адым, жаңа саты боп табылатын кітап қана – көркем шығарма. Ал мұндай “ақылды, жақсы шығармлар саусақпен санарлық та, сүреңсіз, шала – жансар кітаптар шаш етектен” (М. Шолохов) екені тағы да рас. Талап талғамы биік бүгінгі мәдениетті оқырман өнер туындысынан тануға, бағалауға, “көбіктен толқынды” дұрыс ажыратуға, міне, осы түсініктер тұрғысынан келуі шарт.
Шын мәнісіндегі өнер туындысы кейбір кездейсоқ жарық көріп жүрген әрі – сәрі әлденелер секілдлі ақыл жетімдігі мен сезім мүгедектігінен емес, адам бойындағы асыл қасиеттер мен сұлу сипаттардан түзелер болар. Сонда ғана көркем шығарма қалың көпке белгілі бір халықтың өзіндік өзгеше бітімін, мінезін танытып, оларға өмірдің тың құпиясын ашып бере алады.
Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе.
Мазмұн мен пішін ең алдымен бір – бірінен айрылмас байланыста, бірлікте ; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.
Пішінді алайық. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні ; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн.
Мазмұнды алайық. Мазмұн дегеніміз – бір нәрсенің мазмұны ; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін.
Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен – ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанджа ғана әрқайсысы өзін - өзі айқындай алады. Жалғыз – ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір – біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болсын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішінні мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.
Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріп көрелік.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не ?
Бұл арада тағы да біз сөз өнерінің қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің обьектісі - өмір, предметі – адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана – шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны – сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмңр де, пішін – осы шындық тұтатырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармендар өмірі екенін түсіну қиын емес.
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан зор маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай бболып табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі – оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегенді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек, былай болар еді : шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым – қанынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, яки көркем шығарманың тілі.
1.Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002
2. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.
3.Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989
4. http://www.izden.kz

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Шығарманың мазмұны мен пішіні.

Орындаған: Құсаинова А.Қ.
Тобы: ПД-305.
Тексерген: Секей Ж.С.

Семей 2015.

Жоспар:
I.Кіріспе.
А) Мазмұн мен пішін бірлігі -- көркемдік шарты
II.Негізгі бөлім.
А) Көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принципі
Ә) Бір мазмұнның бірнеше пішініні
III.Қорытынды.

I.Кіріспе.
Көркем шығарма - нағыз суреткер әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма - бір жазушы келесіндегі ғана емес, бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға дейтін болсақ, образ - осынау өнер туындысындағы көп тұлғалардың бірі.
"Жекелеген образ ұнай ма, жоқ па, мәселе мұнала емес, - дейді Гете, - жалпы кітіп най ма, жоқ па, гәп осы арада жатыр".
Кітап демекші, сөздің шыны керек, кітап атаулының бәрі көркемшығарма емес. Гете айтқандай, халыққа қалтқысыз ұнайтын, оған эстетикалық сусын болатын, оның көркем дамуында кәдімгідей тың адым, жаңа саты боп табылатын кітап қана - көркем шығарма. Ал мұндай "ақылды, жақсы шығармлар саусақпен санарлық та, сүреңсіз, шала - жансар кітаптар шаш етектен" (М. Шолохов) екені тағы да рас. Талап талғамы биік бүгінгі мәдениетті оқырман өнер туындысынан тануға, бағалауға, "көбіктен толқынды" дұрыс ажыратуға, міне, осы түсініктер тұрғысынан келуі шарт.
Шын мәнісіндегі өнер туындысы кейбір кездейсоқ жарық көріп жүрген әрі - сәрі әлденелер секілдлі ақыл жетімдігі мен сезім мүгедектігінен емес, адам бойындағы асыл қасиеттер мен сұлу сипаттардан түзелер болар. Сонда ғана көркем шығарма қалың көпке белгілі бір халықтың өзіндік өзгеше бітімін, мінезін танытып, оларға өмірдің тың құпиясын ашып бере алады.
Мазмұн мен пішін - күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін - тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе.
Мазмұн мен пішін ең алдымен бір - бірінен айрылмас байланыста, бірлікте ; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.
Пішінді алайық. Пішін дегеніміз - бір нәрсенің пішіні ; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол - мазмұн.
Мазмұнды алайық. Мазмұн дегеніміз - бір нәрсенің мазмұны ; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол - пішін.
Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен - ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанджа ғана әрқайсысы өзін - өзі айқындай алады. Жалғыз - ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір - біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болсын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішінні мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.
Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріп көрелік.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не ?
Бұл арада тағы да біз сөз өнерінің қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің обьектісі - өмір, предметі - адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана - шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны - сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмңр де, пішін - осы шындық тұтатырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармендар өмірі екенін түсіну қиын емес.
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан зор маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай бболып табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі - оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегенді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек, былай болар еді : шығарманың мазмұны - оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым - қанынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы - суретті сөзі, яки көркем шығарманың тілі.
II.Негізгі бөлім.
Мазмұн мен пішін бірлігі-көркемдік арты. Мазмұн мен пішін-іргелі философиялық ұғым. Бұл екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте болады. Көркем шығарманың күллі құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде жатыр.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретн бір нәрсе-бір мамұнының бірнеше пішіні болатыны. Мысыла, Ұлы Отан соғысының сөз өнерінде әр түрлі пішінде суреттелгенін Қ.Аманжоловтың Ақын өлімі туралы аңыз, Б.Момышұлының Москва үшін шайқас, Ә.Әбішевтің Намыс гвардиясы атты шығармаларынан аңғаруға болады. (поэзия, проза, драматургия).
Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты.
Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз болады. Мысалы, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық, өнерге мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы шындығының өнердег пішіні әр дәуірде әр алуан. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. (Қазіргі махаббаты Қыз Жібек пен Төлегеннің сезімдеріндей суретесе, осы дәуірдегі сай келмес еді). Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретін тағы бір ерекшелік-мазмұнын мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мамұнын ала келеді.Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз-өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі-оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.
Мазмұн дегеніміз шығарманың өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін мағыналылығы деуге болады. Шығарманың мазмұны-баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай, өмір құбылыстарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы мәлімет
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы
Мазмұн және пішін
Әдебиеттегі мазмұны мен пішіні
Шығарманың мазмұны мен пішіні туралы
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін жайлы мәлімет
Мазмұн мен пішін
Көркем шығарманың пішіні
Көркемшығарма-нағыз суреткерлік әрекеттің нәтижесі
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
Пәндер