Өздік жұмыстары көріктеу, ажарлау құралдарына картотека


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өздік жұмыстары көріктеу, ажарлау құралдарына картотека

Орындаған: Әблез М. С.

Тексерген: Жундибаева А. К.

Тобы: ФИ-403

Семей 2015ж

АҚМОЛА ТҮРМЕСІНДЕ
Түрмені казак-орыстар мен прапорщиктердің отряды келіп күзеткенде, жыланша ысқырып (теңеу) келді. Әсіресе казак-орыстардың отряды көлгенде, тобырлы жын келгендей (теңеу) болады. Кеуделерін ерсілі-қарсылы қатар терген оқпен шырмап тастаған. Иықтарын мылтық, қылыш, шыбыртқы қамшы(көнерген сөздер) асынған. Бөріктері (архаизм) бір жақ шекесінде, шалбарларының екі жақ сандары төрт елідей жол қызыл шүберек. Неғұрлым түстерін ызғарлы, суық (кейіптеу) қылып көрсетуге тырысады. Дауыстарын күжілдетіп, айтатындары боғауыз, зекіру. Кейде крестьян жастарынан жинап алған солдаттар күзетке келіп түрғанда, түрмедегілер өздерінің кісілері келгендей болады.
Үкіметті қолға алған батырлар (сарказм, кекесін) бізді тергеуге, және барлық Ақмола уезінде большевикшілдікті (Большевизмді) жоюға комиссия жасады. Комиссияның бастығы - патшашыл Сербов.

«Өлім жазасын қылады» деген хабар күн сайын әр түрлі болып, жаңарып естіліп отырады. Түрмеге бір күні саудырап (кейіптеу) , бір топ болып Сербов пен түрменің бастығы және жеті-сегіз әскри адамдар келді. Бәрі жарқыратып иықтарына оқаларын тағып алыпты. Етіктерінің өкшелеріне салдырмақ шошақ темір қадаған . . . Бәрінің қимылдары сырт-сырт, сылдыр-сылдыр етеді.

Бұл - Сербов ертіп келген қаланың әскер бастыңы екен. Саудырап (кейіптеу) біздің бөлмеге кіргенде түрменің бастығы күрілдеп, бізге «тұрыңдар» деді. Біз тұрдық. Олар да арбаған ордалы жыланша (теңеу) қарап тұрды. Әскердің бастығы бізге:

- Бәріңіздің жұмыстарыңызды сот қарайды. Әрқайсысыңыздың істеген істеріңізге қарай закон бйынша іс қылады. Законсыз еш нәрсе істелінбейді, -деді. Соны айтып шығып кетті.

Ақтар үкіметті қолдарына алысымен (тұрақты сөз тіркесі), тығыз уездік сьез шақырған. Әрине, жиылысқа поселке мен ауылдың ылғи байлары мен, бұрыңғы болыстары (архаизм) келді. Бірақ қандай қақпайлау болса да, кей жерлерден Совет үкіметін жақтайтын адамдар да келіп жиылыс ашылған күні: «ең алдымен мынау қамауда жатқан Советтің адамдары босансын» -деді.

Казак-орыстардың бастықтары, байлар, офицерлер бұған шамданып, қамаудағы Совет адамдарын жақтап сөйлеген өкілдерді жауапқа алып, тұтқын қылды.
Ақтар күн сайын қаһарланып шығады. Даңғой офицерлер (эпитет) Ақмолаға толып кетті. Иықтарына жарқыратып екі елі оқаларын тағып алған. Көше бойы жалт-жұлт, сарт-сұрт етіп (кейіптеу) , жын соққан тайлақша (теңеу) елірген офицерлер(эпитет) мен байлар.

Түрмеге симай кеткен және басқа 3-4 тас үйге лық толған (әсірелеу) қамаудағы адамдарды тексеріп, өздерінше «зиянсыз» деген адамдарды босатып жатыр . . .
Түрме 12 бөлмелі. Бәрінде лық толған(әсірелеу) тұтқын большевиктер . . .
Ақмоланың өкілдері күндіз-түні (антоним) сарт-сұрт жүрумен, мас болумен болды.
Омбы мен Қызылжар, Көкшетау жақтарда талай жолдастарды өлтіріпті деп есіттік. Омбы, Қызылжар, Көкшетауларда алғашқы қызу үстінде өлтіріпті. Ақмолада енді сотпен өлтірмек деген хабар аламыз.
Қамаудағы жұрт енді «өлім» деген сөзге бойлары үйренді.
Бостандықтан күдер үзілді. Қамаудағы көп жолдастарды екшеп босатып, 70-80-дей ғана, ылғи «әсіресе қызыл», «қауыпты» дегендерді алып қалып, жауапқа да шақырмай қойды . . .
Кей уақытта: «ақтардың күші азайыпты, енді қызылдар күшейіпті. Ақтарды бірте-бірте қусырып келе жатыр ( бейнелеу) дейді . . . » деген хабарды да алып қоямыз. Отырып, әртүрлі болжау айтамыз. «Түбінде қызыл жеңуі хақ, бірақ оны біз көре алмай кетеміз ғой» десеміз . . . Біраз күн өтті . . . Бір күні «енді өлім жазасы болмайтын болды» деген хабар алдық. Хабарды байқастап тексердік. Рас тәрізді. Тыныс едәуір кеңіп қалғандай болды. Әкімдердің жындары (кейіптеу) да азырақ сәл басылыңқыраған тәрізді болды. Сырттан келген астарды да енді өткізе бастады. Түрменің начальнигі кейбіреулермен ептеп астыртын жылы сөйлесе бастады.
Бір күні жауапқа шақыра бастады. Сегізден, оннан жолдастарды тізіп, казак-орыстың атты солдаттары айдап, жауап алатын жерге алып кетеді. Алдыңғы барып келгендерден «Не сұрады? . . . Не сүрады? . . . » деп жолдастар жабырласып сүрайды . . .
Кезек бізге де келді. Бізді - 15-16 кісіні(метафора) бір-ақ айдап жөнелді. Бәріміздің аяқтарымызда темір шынжыр. Қылыштарын жалаңаштаған (ауыспалы мағына) атты казак-орыстар бәрімізді қатарлап екі-екіден тізді . . .
Тергеу комиссиясының үйі қызыл қыштан салынған бір школ . . . Мен қысты күні үйінде пәтерде тұрған Токарев деген учительдің бала оқытатын школы. Пәтері осы школдың ішінде еді . . .
Конвойдың бастығы барып екінші бөлмеге кірді. Бір орысты ертіп шықты. Екеуі біздің бір жолдасты сол бөлмеге шақырып кіргізіп әкетті . . .
Бірте-бірте шақырып, сұрап шығарып жатыр . . .
Кезек бір уақытта маған келді. Бөлмеге кірдім. Столды айнала

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Көркем шығарма тілі
Теңеулердің жасалу жолдары
Төлеген Қажыбаевтың шығармашаларындағы троптар
Библиографиялық картотеканы құрастырудың әдістемесі
М.Мағауин шығармаларындағы «автор бейнесі» мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдарын анықта
Толымсыз теңеулер
Жолаушылар айналымын сараптамалау
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz