Тағам өнімдерін модельдеудің математикалық әдістерін қолдану


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: 1. Қ. Р. және тағам өнімдерінің ғылыми мекемелері

2. Тағам өнімдерін модельдеудің математикалық әдістерін қолдану

Орындаған : Тайжұма А. А.

Топ: ТП -211

Тексерген : Нургазезова А. Н.

Семей 2015

Мазмұны:

1. Қазақстан Республикасындағы ғылыми мекемелердің пайда болуы

2. Қазіргі кездегі ғылыми мекемелер туралы мәлімет

3. Модельдеу мен математизациялау

Қазақстан Республикасындағы ғылыми мекемелердің пайда болуы

Ғылыми мекемелер Қазақстан аумағында ХХ ғасырдың басында пайда болды. Бастапқыда олар ауыршаруашылық және дәнді өңдеудің ғылыми станциялары болған. 1925 жылы Алматыда санитарлы-бактериологиялық институт ашылды.

1932 жылы СССР ғылыми академия құрылды, 1938 жылы СССР ғылыми академиясының Қазақстандағы филиалы болып өзгертілді. Бұл жерде ҰОС дейін 100 ғылыми қызметкерлер, 3 докторлар және 14 ғылым кандидаттары жұмыс істеген болатын.

ХХ-ғасырдың 40жылдары республикада 12 ЖОО, 11 ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық ұйымдар, 2 жобалық институттар, 2 тәжірибелі ауылшаруашылық станциялар, зауыттарда 6 ғылыми-зерттеу және конструкциялық бөлімдер, ботаникалық бақшалар, және Алматыда зоологиялық саябақ ашылды.

2000 ж. қайта құрылған ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі - ғылым мен ғылыми-техникалық саладағы iс-әрекеттердi жүзеге асыратын, республика бюджет есебiнен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу бағдарламаларына үйлестiретiн бiрыңғай мемлекеттік өкiлеттi орган болып табылады. Министрлiкке бiлiм және ғылым мен техника саласында бiрыңғай мемл. саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру, кепiлдiк етiлген көлемде ақысыз бiлiм алуды мемл. оқу орындарында қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ету, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына қорларды шоғырландыру, сондай-ақ, ғылыми және педагогикалы кадрларды аттестациялау мен даярлау мiндетi жүктелген. Министрлiк қарамағында әр түрлi бағыттағы 130 ғыл. мекеме бар. Ғылыми зерттеулердi ҚР Президентi ұсынған “Қазақстанның тәуелсiз мемлекет ретiндегi қалыптасуы мен дамуы стратегиясы” аясында халықтың рухани мәдениетiн түлетуге, сондай-ақ республикадағы өзге де әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерге байланысты өзектi мәселелердi шешуге бағыттауға ерекше назар аударылды. Ғылымды ұйымдастыруды жетiлдiру мен ғыл. -тех. потенциалды дамыту, ғыл. -тех. саланы мемл. басқарудың бiрыңғай жүйесiн жасау Қазақстан Республикасының егемендiк жолындағы стратегиялық қадамдары болды. Осы мақсатта мемлекет көлемiнде ұлттық ғыл. орталықтар құру, академиялық ғылымдарды реформалау, жоғары оқу орындарының ғыл. потенциалын арттыру, республика аймақтарында ғыл. зерттеулердi дамыту, ғылымды ұйымдастырудың жаңа формаларын мемл. қолдау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерiне байланысты жұмыстар жүргiзiлдi.

Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы “Қазақстан Республикасында ғылым мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру және жоспарлауды жетiлдiру шаралары туралы” Қаулысы бойынша ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар (ҒТТКЖ) мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды республика бюджеттен қаржыландыру тәртiбi айқындалды. Ғылым және жаңа технология мин. жанынан Ғылым қоры ұйымдастырылды. 1993 жылдан бастап мемл. бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекет ғылыми-техникалық сараптау енгiзiлдi.

ҚР Үкiметi жанынан iргелi және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың мемлекеттік басымдылықтарына және болжам жасауға жауапты консультативтi-кеңес органы болып саналатын Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК) құрылды.

Соңғы жылдардағы ғалымдар жүргiзген ғылыми зерттеулер отандық ғылым мен технологияның бәсекелестiк мүмкiндiктерiн жоғары көтеретiн жаңа iргелi бiлiмге бағытталынып келедi. Ғылыммен тығыз байланысты өндiрiстердiң қалыптасуы үшiн ғыл. базалардың құрылуы табиғи және минералды ресурстарды ұтымды пайдалану, жаңа материалдар мен препараттар жасау, техногендiк қалдықтарды қайта өңдеуге тарту, тау-кен металлургиясы кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуi мен тиiмдiлiгiн көтеру, молекулалық және клеткалық биология нәтижелерiн биотехнологияда, медицинада, денсаулық және тамақтану сапасы, телекоммуникация мен байланыстың қазiргi заманғы жүйесiн құру, атом энергетикасын дамыту сияқты қажеттi шаралардан тұрады. Қазiргi уақытта 36 ғылыммен тығыз байланысты өндiрiстерге арналған конструкторлық-жобалық және техникалық-құжаттық жұмыстар дайын. Отандық технологияны пайдалану негiзiнде жылына 15 млрд. доллардан астам өнiм беретiн деңгейге жетуге мүмкiндiгi бар елдегi химия және мұнай химиясы өнiдiрiстерi мен мұнай, газ және көмiр өңдеу бойынша бәсекеге қабiлеттi және тиiмдi құрылыстарды кеңейту мен жаңарту көзделiнуде. Тәуелсiздiк жылдарындағы кезең ғылымды ұйымдастыру мен ғыл. шығармашылық процестi басқарудың жаңа тәсiлдерiн енгiзу, ғалымдар iс-әрекетiне қолайлы жағдай туғызу, ғыл. кадрлардың жаңа буынын даярлау, бiлiм мен ғылымды интеграциялаудың барынша оңтайлы жүйесiн iздестiрумен сипатталады.

Қазіргі кездегі ғылыми мекемелер туралы мәлімет

Жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберiнде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелерi өндiрiске төмендегiдей негiзгi ұсыныстар енгiздi: агроөнеркәсiп кешенiн экономикалық дағдарыстан шығару iс-шаралары ұсынылған; шаруа қожалықтарының аймақтық үлгiлерi жасалып, оларды дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды; ауыл шаруашылығы дақылдарының 193 сорты мен гибридi жасалып, мемлекеттік сынақтан өттi, 277-сi мемлекеттік сынақтан өтуде; қазақстандық сұрыптаудың жоғары сапалы сұрыптамалары пайдаланылып, ел аймақтары бойынша тұқым өсiрудi ұйымдастыру құрылымы жасалды; жыл сайын дәндi дақылдардың 25 мың т, майлы өсiмдiктердiң 800 - 900 т, көп жылдық өсiмдiктердiң 450 - 500 т, картоптың 4, 5 - 5, 0 мың т сапалы тұқымдары өндiрiлiп, сатылады; ауыл шаруашылығы жануарларының 14 жаңа типi, түрлерi мен тұқымдары өсiрiлiп сынақтан өткiзiлдi; ауылда болып жатқан өзгерiстердi ескере отырып, жануарларды тұқымдық аудандастырудың жаңа жоспары құрылды; 35 жаңа машиналар мен қондырғы, тракторлар мен комбайндардың агрегаттары мен бөлшектерiн қалпына келтiру бойынша 14 технол. процесс, технол. -жөндеу құралдарының 15 үлгiсi, жиналған астықты өңдеуге арналған 14 технол. жабдық жасалып, сынақтан өткiзiлiп, өндiрiске ұсынылды; өсiмдiк ш-н кешендi механикаландыруға арналған машиналар жүйесi ұсынылды; машина-технол. ст-ларды (МТС) ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берiлдi; жергiлiктi шикiзат негiзiнде емдiк-сауықтыру қасиеттерi бар 5 жаңа тағам өнiмi, сыра мен шараптың 3 жаңа түрiн өндiру технологиясы жасалды; халықар. талаптарға сәйкес тамақ өнiмдерi мен шикiзаттың негiзгi түрлерiне Қазақстанның 42 стандарты жасалып бекiтiлдi; зерттеу нәтижелерiне Қазақстан Республикасының 173 патентi және 58 авторлық куәлiгi берiлген. 2002 ж. желтоқсан айында Қазақстан Үкiметiнiң қаулысымен ҚР Ұлттық академиялық агр. зерттеулер орт. таратылып, оның қарамағындағы ғыл. -зерттеу ин-ттары шаруашылық жүргiзу құқығындағы ғыл. -өндiрiстiк орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары болып қайта ұйымдастырылды.

Модельдеу мен математизациялау

Модельдеу өте көп уақытты талап ететін жұмыс. Негізінен ол үш негізгі мәселені шешуге арналған. Эвристикалық-анықтамалар, классификациялар үшін, жаңа заңды ойлап табуға, жаңа теорияларды және алынған мәліметтердің интерпретациясын құру үшін керек.

Нәтижелік - модельдер көмегімен нәтижелік мәселелерді шешуге арналған. Эксперименттік - эмпирикалық тексерудің мәселелерін әр түрлі модельдер көмегімен шешуге арналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері
Математикалық модельдеудің негізгі кезеңдері
Модель және модельдеу ұғымдары
Есептердің берілуі
Әлеуметтік жоспарлау және жобалау негіздері
Ауыл шаруашылық өндірісін орналастыруды модельдеу
Модельдеу жайында жалпы мағлұмат
Күнделікті өмірдегі математиканың рөлі
Аналитикалық модельдеу. имитациялық модельдеу. кластерлық анализ
Экономикалық-математикалық модельдеу классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz