Бу қазанынын беттері туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Бу қазанынын беттері
Орындаған:Саяхимов Қ. Е. (3-курс, ТЭ-317)
Текесерген:Тоимбаев А. Б
Семей-2015
Кіріспе
Қазандық қондырғы қазаннан және көмекші қондырғылардан тұрады. Қазан деп атмосферадан жоғары қысымда су қыздыруын және бу алуға арналған қондырғы, бұл мақсатқа жету үшін органикалық отынның жану жылуын, технологиялық процестерді, электрлік энергияны және шыққан газдардарды қолданады. Қазан құрамына келесілер кіруі керек: отын, буқыздырғыш, экономайзер, ауақыздырғыш, каркас, айналдыру, жылуизоляциясы, қаптама. Көмекші қондырғыларға жатады: ауа үрілгіш машиналар, жанармай дайындау және жанармай беруінің қызу беттігін тазарту қондырғысы, қалдық- және күлді жою қондырғылары және басқа да газ тазалағыш қондырғылар, газ ауа өткізгіштері, су, бу және жанармай түтікшелі өткізгіштері, арматура, гарниткра, автоматика, бақылау және қорғау құрылғылары мен қондырғылары, су дайындау қондырғылары және түтіндік түтікшелер. Арматураға реттеуші және ілмекті қондырғылар, сақтандырғыш және су клапандары, манометрлер, су көрсеткіш құрылғылар жатады. Гарнитураға лазалар, бақылағыштар, люктар, шиберлер, тосқауылдар жатады. Қазандар орналасқан ғимаратты қазандық деп атайды.
Қазандарды жіктеу
Өндіретін жылутасығыш түріне байланысты қазандық қондырғылар булы және су ысытушы болып екі түрге бөлінеді. Міндетіне сәйкес қазандық қондырғылар энергетикалық, өндірістік, өндірістік-жылытушы және жылытушы болып жіктеледі.
Энергетикалық қазандық қондырғылар жылу электр стансаларының турбиналары үшін бу өндіреді. Мұндай қондырғыларға жоғары парметрлердегі буды дайындайтын үлкен және орташа қуатты қазан агрегаттары кіреді.
Өндірістік және өндірістік-жылытушы қазандық қондырғылар қысымы мен температурасы (шамамен
4 МПа дейін және 450 0C) қаныққан немесе нашар қызған бу өндіреді. Буды әртүрлі салаларда (кептіру, пісіру. ректификация, ертінділерді қоюландыру) технологиялық процестерде, сонымен қатар жылыту, ыстық сумен қамдау, ауаны баптау жүйелерін жылумен қамдау үшін пайдаланады.
Жылытушы қазандық қондырғылар (негізінен су ысытушы болып келеді, булық түрлері де бар) өндірістік және қоғамдық ғимараттардың жылыту, ыстық сумен қамдау, ауаны баптау жүйелерін жылумен қамдау үшін пайдаланады.
Судың, су аралас будың және будың қозғалыс сипатына қарасты бу қазандары дағыралы өзіндік айналымы бар, дағыралы бірнеше рет еріксіз айналымы бар және тура ағынды болып жіктеледі.
Өзіндік айналымы бар дағыралы қазандарда бу аралас су қоспасының 6 құбырмен жоғары қарай қозғалуы және 4 қызатын құбыр бойымен судың төмен қарай еркін қозғалу себебі - олардың тығыздықтарының әртүрлі болуында. Судың тығыздығын, су аралас будың тығыздығын белгілеп, өзіндік айналымға жеткілікті тегеурінді анықтауға болады
(2. 1)
Аса қызған будың қысым деңгейіне сәйкес қазандар төменгі (4 МПа-дан төмен), орташа (4 МПа -дан 11 МПа дейін), жоғары (11 МПа-дан астам) және аса критикалық (25 МПа -дан жоғары ) қысымды болып жіктеледі.
Газ жолындағы қысым деңгейіне байланысты қазандар өзіндік, теңестірілген және артық қысымды тартуы бар деп жіктеледі.
Сондай-ақ қазандар жағылатын отын түріне, қазаннан шлакты аластау тәсіліне байланысты және т. б. себептермен жіктелуі мүмкін.
14. Бу қазандарының сипаттамалары
Бу өндірулік , т/сағ (немесе кг/с) деп уақыт бірлігінде бу қазанының өндіретін бу мөлшерін айтады. Қазанды есептеу номиналдық (көрсетілген) өндірулікте жүргізіледі. Көрсетілген (номиналдық) өндірулік дегеніміз есептік отынмен жұмыс істегенде бу мен қоректік су көрсеткіштерінің көрсетілген мәндерінде ұзақ уақыт орын алатын қазанның ең үлкен жүктемесі. МЕМҮЛ (ГОСТ) бойынша булық қазандар түрлерінің мынандай белгілері алынған: П - тура ағынды қазан (прямоточный котел) ; Е - өзіндік айналымы бар (естественная циркуляция) ; Пр - айналмасы мәжбүрлі (принудительная циркуляция) ; Пп - тура ағынды екінші рет аса қыздыруы бар (прямоточный котел с вторичным перегревом пара) ; Еп - өзіндік айналмасы бар және екінші рет аса қыздыруы бар; бірінші сан - бу өндірулік, т/сағ; екінші сан - бу қысымы, кгс/см2 (1 кгс/см2 » 0, 1 МПа) .
15. Өзіндік айналымы бар дағыралы қазанның жұмыс тәртібі
Жалпы алынған жағдайда дағыралы қазанда бу өндіру келесі жұмыс тәртібіне негізделген.
Отын 3 оттық құрылымдары арқылы 1 ошаққа енгізіледі және ошақта жанады. Жануға қажетті ауаны ошаққа үрлегіш вентилятор үрлейді немесе өзіндік тартуы бар қазандарда ошақтың төменгі бөлігінде орналасқан колосникті тордың тесіктері арқылы сорылады.
Отынды жағуды үдету үшін және қазанның жұмыс тиімділігін арттыру үшін ошаққа берілетін ауаны, алдын - ала 11 ауа қыздырғышта, жану өнімдерінің ыстықтығын пайдалану негізінде, қыздырады.
Отынның жануынан пайда болған түтін газдары, өз ыстықтығының бір бөлігін ошақта орналасқан 2 және 6 радиациялық қызатын беттерге таратып, әріқарай 7, 8, 9, 10, 11 ағындық(конвекциялық) беттерге өтеді, ақырында әбден салқындағанда түтін сорғыш арқылы түтін бағанына және атмосфераға кетеді.
Құбырдан алынған шикі су катиониттік фильтрден(сүзгілерден) өтіп, жұмсарады және әрі қарай деаэраторға беріледі, мұнда коррозияға белсенді (O2 және CO2) газдардан арылып, деаэрирленген су багында жинақталады.
Бактан қоректік суды сорғылармен тартып алып, бу қазанының 9 су үнемдегішіне береді. Су үнемдегіш ағынды шахтадан өтетін, түтін газдарының жылуын қабылдайды. Сол себептен үнемдегіштегі қоректік су қызып, енді қазанның 5 дағырасына құйылады. Дағырадан қоректік су 4 түсіруші құбырлармен 2 радиациялық беттерге барады да, қайтадан дағыраға көтеріледі.
Аса қызған будың температурасын реттеу үшінбеттік бу салқындатқыштарды қолданады, немесе буға су тамшыларын бүркиді, не болмаса жану өнімдерінің біраз бөлігін ағынды бу қыздырғыштан тыс жерден өткізіп, ошаққа қарай кері айналымға түсіреді, сондай-ақ ошақта от алауының аэродинамикасын, химиялық структурасын түзетіп, алаудың сәуле шашырату қабілетін өзгертеді.
16. Қазандық қондырғының жылулық теңестігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz