ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері туралы ақпарат



ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;
- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.
ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Сабақ - оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ туралы айтқан кезде оның мынандай негізгі белгілерін атап кетуіміз керек:
- оқу-тәрбие үдерісінің белгілі бір шектелген уақыт (35 не 45 минут) ішінде өтуі;
- сынып деп аталатын жас шамалары бірдей балалардың тұрақты құрамынан тұруы;
- қатаң бекітілген сабақ кестесінің болуы;
- өтілетін материалдардың барлық балаларға бірдей болуы;
- әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, ұжымдық-үлестірімділік, жеке-дара формаларымен іске асырылуы.
Әрбір сабақтың мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын көрнекі құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы тиіс және сабақтың кезеңдері көрсетіледі.
Оқытудың міндеттеріне сәйкес сабақтың да төрт түрлі міндеттері бар: - білімділік;
- дамытушылық;
- тәрбиелік;
- практикалық.
Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.
1. Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісідегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.
2. Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық орталық) қызметінің тәртібі. ҚР БҒМ заңымен бекітілген (18 қыркүйек, 2013 жыл).
3. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
СРО №1

Пән: Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясы
Тақырыбы: ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері ( конспект)

Орындаған:Совет Назерке
Топ:П-305
Тексерген: Серикова Н.У.

Семей 2015

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;
- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.
ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Сабақ - оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ туралы айтқан кезде оның мынандай негізгі белгілерін атап кетуіміз керек:
- оқу-тәрбие үдерісінің белгілі бір шектелген уақыт (35 не 45 минут) ішінде өтуі;
- сынып деп аталатын жас шамалары бірдей балалардың тұрақты құрамынан тұруы;
- қатаң бекітілген сабақ кестесінің болуы;
- өтілетін материалдардың барлық балаларға бірдей болуы;
- әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, ұжымдық-үлестірімділік, жеке-дара формаларымен іске асырылуы.
Әрбір сабақтың мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын көрнекі құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы тиіс және сабақтың кезеңдері көрсетіледі.
Оқытудың міндеттеріне сәйкес сабақтың да төрт түрлі міндеттері бар: - білімділік;
- дамытушылық;
- тәрбиелік;
- практикалық.
Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.
Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі.
Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: Демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушының өздік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды.
Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы - жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді дағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т.б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу жұмысын, оқу әрекетінің жемісті болуы - оқу жұмысын тәсілдерін менгеруге байланысты.
Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін пән ерекшелігіне, тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ұйымдастыруы қажет.
Оқу үдерісі екі жақты үдеріс болғандықтан, оқушылардың өздік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б. ) оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі - олардың ықыласы мен өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырғанда, оқытушы оқушылардың дара ерекшелігін ескеріп, соған қарай беретін тапсырмаларды өзгертіп отырғаны жөн, орындалған жалпы жұмыстың қорытындысын, қалай қорытқанын тексеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы
ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері туралы
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік мен басқа оқыту құралдарына сипаттама
Шағын жинақы бастауыш мектептерге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама
Шағын комплектті мектептерде математиканы оқыту әдістері
Орта шағын жинақты мектеп
Бастауыш сынып математикасында ақпараттық-коммуникативті технологияны қолдану
Пәндер