Экспертті жүйенің қолданылу аудандары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Экспертті жүйенің қолданылу аудандары
Орындаған: Толеуханова Б. Т.
Тексерген: Курушбаева Д. Т.
Семей 2015
Мазмұны
Кіріспе
- Экспертті жүйелердің қолдану аудандарыМедициналық диагностикаБолжам мен басқаруЭлектрлік және механикалық құрылғылардағы түзелмейтіндіктің диагностикасыОқыту
Кіріспе
Қазіргі кезде эксперттік жүйелердің технологиясы ең алуан түрлі мәселелі облыстарда, қаражат, мұнай және газ өнеркәсібі, энергетика, транспорт, фармацевтикалық өндіріс, ғарыш, метуллургия, тау кен ісі, химия, білім, целлюлозды - қағаз өнеркәсіп, телекоммуникация және байланыс және т. б сияқты әр түрлі түрдегі міндеттерді (интерпретация, болжау, диагностика, жоспарлау, құрылымдау, бақылау, ретке келтіру, инструктаж, басқару) шешу үшін қолданылады. Эксперттік жүйелерді орындаудағы үш негізгі түр өзгешілік белгілі.
Көптеген қолдану облыстарының толық тізіміне тоқтамай ғана, тек қана эксперттік жүйелер әдістемесі сәтті қолданылған дамыған мемлекеттердің халықаралық шаруашылық салаларының кейбіреуін ғана атап кетуге болады: химия, ауыл аруашылығы, электроника, білім, қаражат, геология, медицина, әскери іс, бағдарламалық қамтамасыздандыру және т. б. Олар шешетін есепулердің негізгі типтерінің тізімінен интерпретация, болжау, диагностика, жобалау, жоспарлау, басқару, бақылау, ретке келтіру, жөндеу, оқуды атап кетуге болады.
Қазіргі таңда шетелдерде кеңінен таралған эксперттік жүйелердің тізім және олардың тізімін келесі түрде атап кетуге болады: : INSIGT, LOGIAN, NEXPERT, RULE MASTER, KDS, PICON, KNOWLEDGE CRAFT, KESII, S1, TIMM және т. б.
Экспертті жүйелердің қолдану облыстары бірнеше негізгі класстарға топталынады: медициналық диагностика, басқару және бақылау, механикалық және электрлік құрылғыларың аұаулықтарының диагностикасы, оқып үйрену.
Медициналық диагностика.
Диагностикалық жүйелер ағза қызметінің бұзылуы мен олардың мүмкін болатын себептерінің арасында байланыс орнату үшін қолданылады. Бактериалды инфекция және менинигит кезінде науқастың жағдайын бақылау мен диагностика жасауға арналған MYCIN ең танымал диагностикалық жүйе. Оның алғашқы нұскасы 70-жылдарда Стэнфорд университетінде өңделді. Қазіргі уақытта бұл жүйе дәрігер-маман деңгейінде диагноз қояды. Ол медицинаның басқа да салаларында қолданылуына мүмкіндік беретін кеңейтілген білім қорына ие.
Қазіргі таңда, медициналық мекемелерде көптеген персоналды компьютерлер мәтіндік құжатнаманы өңдеу, деректер базасын өңдеу үшін, статистиканы жүргізу және қаржылық есеп айыруды орындау үшін қолданылады. Машинаның жеке, мамандандырылған бөлігі әр түрлі диагностикалық және емдеу құралдарымен қолданылады.
Білім мен эксперттік жүйелерді (ЭЖ) ұсыну әдістерін қалыптастыруға арналған зерттеулер саласы «білім инженериясы» деп аталады. Бұл терминді Е. Фейгенбаум енгізген және оның жазбаларында «сарапшылардың білімін қажет ететін күрделі қолданбалы бағдарламалар шешуіне жасанды интеллект саласының ұстанымдары мен құралдарын енгізу» дегенді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, эксперттік жүйелер қалыптаспаған қиындықтарды шешу үшін қолданылады, оған төмендегі тізімнен бір немесе бірнеше сипатқа ие тапсырмалар жатады:
-Тапсырмалар сандық түрде бейнелене алмайды;
-Пәндік аймақ туралы бастапқы деректер мен білім бірмәнді емес, дәл емес, қарама-қайшы;
-Мақсаттарды нақты айқындалған мақсаттық функцияның көмегімен айшықтауға болмайды;
-Тапсырманың бірмәнді алгоритмдік шешімі жоқ.
Жоғарыда аталып өткен қасиеттердің барлығы медициналық тапсырмалар үшін типті, себебі көп жағдайда олар көпөлшемді, шатыс, кейде тіпті қарама- қайшы клиникалық деректермен толтырылған. ЭЖ диагностиканың, дифференциалды диагностиканың, болжаудың, емдеу жолы мен тәсілін таңдау және т. б. тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді.
Эксперттік жүйелерді медицинада қолдану мысалдары аз емес, олар денсаулық сақтау саласының көп тармақтарында қолданылады. Мұндай жұмыстардың басым көпшілігін шетел зерттеушілерімен жасаған және негізінен олар ЖНЖ-нің түрлі клиникалық жағдайларда қолданылу мүмкіндігіне қатысты. Мысалы, оталау саласында P. L. Liew et al. ЖНЖ негізінде артық салмақты адамдарда өт қабына тас байлану ауруының асқынуын болжайтын жүйе құрылды. Авторлар , анамнестикалық, клиникалық және зертханалық деректерін ретроспективті зерттеп шықты және де кері тарату алгоритміне оқытылған ЖНЖ құрылды.
Болжам жасау
Болжам жасаушы жүйелер мүмкін болатын нәтижелерді немесе объектінің қазіргі жағдайы жөніндегі мәліметтер негізінде оқиғаларды болжап айтады. “Уолл-стритті жаулап алу” бағдарламалық жүйесі нарық коньюктурасын талдай алады және алгоритмдердің статистикалық әдістерінің көмегімен болашаққа капитал жұмсалуының жоспарын өңдей алады. Ол дәстүрлік бағдарламалаудың алгоритмін және процедурасын қолданатындықтан, білімдерге негізделген жүйелер қатарына жатпайды. Әзірге өздерінің нарық коньюктурасы жөніндегі ақпараттарының есебінен капиталды ұлғайтуға қабілетті ЭЖ болмағанымен, болжам жасаушы жүйелер жолаушылар легін, астық түсімін және ауа-райын болжай алады. Тіпті, білімдерге негізделген қарапайым жүйені орнатып, жеке компьютерде жіргілікті ауа-райының болжамын алуға болады.
Жоспарлау
Жоспарлаушы жүйелер көп айнымалылармен берілген есептерді шешуде нақты мақсаттарға жетуге лайықталған. Informat Дамаск фирмасы алғаш рет сауда тәжірибесінде сатып алушылар қарамағына олардың қажеттілігі мен бюджетіне төмен деңгейде жауап беретін компьютер таңдауға көмектесу мақсатында 15 минуттық тегін кеңес беретін өз кеңселерінің холында орнатылған 13 жұмысшы станциясын ұсынады. Бұдан бөлек, Boeing компаниясы ЭЖ-ні ғарыштық станцияларды жобалауға, сонымен қатар, тікұшақ жөндеу мен ұшақ қозғалтқыштарының істен шығу себептерін анықтауға қолданады. DEC фирмасымен құрылған XCON эксперттік жүйесі VAX типінің және сатып алушының талаптарына сәйкес компьютерлің жүйесінің конфигурациясының өзгерту немесе анықтау үшін қызмет етеді. DEC фирмасы сатып алушыларға қажетті конфигурациясы бар есептеуіш жүйелерді тағдау кезінде көмектесу мақсатында XCON жүйесінің білім қорын өзіне қосатын әрі қуаттырақ XSEL жүйесін өңдеуде. XCON жүйесіне қарағанда XSEL жүйесі интерактивті болып саналады.
Түсіндіру
Түсіндіруші жүйелер бақылау нәтижелерінің негізінде нақты қорытынды алу қабілетіне ие. PROSPECTOR жүйесі түсіндіруші типтегі көбірек танымал жүйелердің бірі, ол тоғыз эксперттің білімін біріктіреді. Экспертизаның тоғыз әдісінің үйлесімін қолдана отырып, жүйе бағасы миллион доллар болатын кен шоғырын анықтай алды, сонымен бірге, тоғыз эксперттің бір де бірі бұл кендердің барын болжаған жоқ. Түсіндіруші басқа жүйе HASP/SIAP. Ол акустикалық байқау жүйелерінің мәліметтері бойынша тынық мұхиттағы кемелердің типтері мен орналасқан жерін анықтайды.
Бақылау мен басқару
Білімге негізделген жүйелер бақылаудың интеллектуалды жүйелері ретінде қолданылуы мүмкін және аздаған ақпарат көздерінен түскен мәліметтерді талдай отырып, шешім қабылдай алады. Мұндай жүйелер атом электростанцияларында жұмыс жасайды, медициналық бақылауды жүзеге асырады және әуе қозғалысын басқарады. Олар сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық қызметін тұрақтандыруда пайдалы болуы мүмкін және қиын жағдайларда шешім шығаруға көмек көрсете алады.
Электрлік және механикалық құрылғылардағы түзелмейтіндіктің диагностикасы
Бұл салада білімдерге негізделген жүйелер механикалық және электрлік машиналарды (автомобильдерді, дизельдік локомотивтерді және т. б. ) жөндеу кезінде де, компьютерлердің бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуіндегі қателер мен түзелмейтіндікті жою кезінде де ауыстыруға келмейді.
Оқыту
Білімдерге негізделген жүйелер оқытудың компьютерлік жүйелерінің құрама бөлігіне кіруі мүмкін. Жүйе кей объектінің (мысалы, студенттің) қызметі жөнінде ақпарат алады және оның қылықтарын талдайды. Білім қоры объектінің қылығына сәйкес өзгереді. Осы оқытудың үлгісі ойыншының біліктілік деңгейінің артуының мөлшерінде күрделілігі ұлғаятын компьютерлік ойын болады. Өте қызықты оқытушы ЭЖ-нің бірі қарапайым эвристиканы қолданатын EURISCO жүйесі, оны Д. Ленат өңдеген. Бұл жүйе соғыс әрекеттеріне еліктейтін Т. Тревевеллер ойынында қолданылған. Ойынның мәні өзгертілмейтін ережелердің көпшілік жағдайларында жеңіліске ұшыратуға қабілетті флотилия құрамын анықтауда. EURISCO жүйесі флотилия құрамына кемеге тез шабуыл жасауға қабілетті әрі кішкентай бір жүйрік кеме енгізді, және оған кедергі келтіру үшін ойын ережесін жыл сайын өзгерткеніне қарамастан, ол үш жыл ішінде тұрақты түрде жеңді. ЭЖ көпшілігі мазмұны бойынша бір мезгілде бірнеше типтерге бөлуге болатын білімдерді қамтиды. Мысалы, оқытушы жүйе жоспарлау және диагностика жүргізуге мүмкіндік беретін білімдерге де ие болуы мүмкін. Ол үйренушінің курстың негізгі бағыты бойынша қабілеттерін анықтайды, содан соң алынған мәліметтерді ескеріп, оқу жоспарын құрады. Басқарушы жүйе жоспарлау, болжам, диагностика жасау және бақылау мақсатында қолданылуы мүмкін. Тұратын мекенінің сақталуын қамтамасыз ететін жүйе қоршаған жағдайды байқап, болған оқиғаларды (мысалы, терезе ашылды) анықтап тану, болжам беру (баукеспе ұры үйге енгісі келеді) және әрекет жоспарын құру (полиция шақыру) мүмкіндігіне ие.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz