Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері жайлы ақпарат



Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.Ру-тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала ма деген сұрақ туындайды. Кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек. Алайда, ғылыми тұрғыдан қарағанда, олардың теріс жауаптары негізсіз. Өйткені, "қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал", – деп көрсетеді ғалым Б.Кенжебаев. Сондықтан да қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай (шағатай, тілі – араб және парсы сөздері араласқан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанмен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз.
8 сынып – «Әдебиет» кітабы.
Н.Келімбетов - «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Атамұра» баспасы, 2005жыл
«Ежелгі дәуір әдебиеті» хрестоматия, Алматы «Ана тілі» баспасы, 1991жыл.
Интернет желісі.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: № 1-4 өздік жұмыстары №1- Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) конспект № 2 - "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" таныстырылым №3 -4 "Алып Ер Тоңға" дастаны әдеби талдау
Орындаған: Қонысбай А.С.
Тексерген: Жүндібаева А.Қ.
Тобы: ҚЯ - 413

2015 оқу жылы
Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі - біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі - қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік - шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.Ру-тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала ма деген сұрақ туындайды. Кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек. Алайда, ғылыми тұрғыдан қарағанда, олардың теріс жауаптары негізсіз. Өйткені, "қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал", - деп көрсетеді ғалым Б.Кенжебаев. Сондықтан да қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай (шағатай, тілі - араб және парсы сөздері араласқан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанмен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз.
"Ежелгі әдебиет" (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), "Қорқыт" (VIII ғ.) және "Оғыз-наманы" (IX ғ.) атаймыз.Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) - Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан.Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.
Міне, ежелгі дәуір әдебиетінің белгілі мұралары, үлгілері осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына, шыңдалуына негіз, түп төркін болған.
Көне Түркі жазуларының мазмұны:
Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары - Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрік" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер діуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ - жылнама не шежіреден гөрі, бұлар - тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады. Кез - келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі көне Түркі ескерткіштері
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) /конспект/ - "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" /таныстырылым"Алып Ер Тоңға" дастаны /әдеби талдау
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері
ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ - Күлтегін жырлары
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Пәндер