Л. Н. Гумилев- тарихшы ғалым және тарихи еңбектері



Лев Николаевич Гумилев есімі – тарихты зерделеушілердің бәріне ортақ темірқазық, бәрі де жүгінер ақиқат мінбері. Солай бола тұра, ол – уақыт пен кеңістігіміз бір замандасымыз болғанына қарамастан, Ресей ғана емес, әлем мәдениетіндегі ең бір жұмбақ есім.Л.Н.Гумилев – этнография, тарих, география, археология, психология, герменевтика сияқты бірнеше білім саласының тоғысынан туған этнология ғылымындағы жаңа бағыттың негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, есімі тарихшы ғалымдар ортасында ғана танымал емес, білмекке құмар оқырман мен көзі қарақты жұртшылық арасында да беделі биік. Оның ата-анасы Н.С. Гумилев пен А. Ахматовалардың тауқыметті тағдыры туралы да білеміз.Ызғарлы тағдыр ызбары, олардың жалғыз ұлдарын да жанай өтпеді, әке-шеше «кінәсі» баласын да күйдірді,«күйеледі».

Қайта-қайта қамау, бітпейтін тергеу-тексерулер, он төрт жыл түрме тұтқыны болу, Сталин лагеріндегі сарсаң күй кешу, ғылыми жұмыстағы бөгет-бөгесіндер, тұрмыстық қолайсыздықтар – бәрі-бәрі ғалымды қалжыратып, денсаулығын діңкелетті, бірақ оның жігерін жасыта алмады, биік рухын аласарта алмады. Жаппай қуғындаудың ауыр жылдарында және одан кейінгі тоқырау тоңында да оның еңбегі оқырманға жетпеді. Жарық дүниеге шыға қалған еңбек болса, ғылым «шамшырақтары» мен партияның «ғылыми сараптамасынан» өтіп, цензура безбеніне салынды. Осындай өткелектерден өтіп, өзіне жол ашқан еңбектер бірден библиографиялық сирек санаттағы дүниелерге айналып жатты. Оған себеп: бұрыннан белгілі деректер мен құбылысқа жаңа қырынан келу; кітаптың таралым саны шектеулі болуы; және ғылыми еңбектің тіл көркемдігі.

Лев Николаевич сан алуан нақты деректерді емін-еркін игерген, тыңдаушыларын тәнті еткен, тіптен небір қатал діндарлардың өзін баураған өнерлі тұлға болатын.Таңқалу мен тамсану, қорқыныш пен мазасыздану сияқты ғылым мен діннің басты екі қозғаушы күші оның бойында, өмір-әлемге көзқарасында берік орын алғанын байқайтындаймыз. Ғалым еңбектерінің мән-мазмұны туралы әңгімелейтін мезгіл жетті. Соңғы он бес жылда оның бәсі кемімейтін ғылыми еңбектері жарыққа шыға бастады, қайта басылып та жатыр. Ондаған жылдар бойы басуға тыйым салынған немесе шектеулі таралыммен шығарылған сол еңбектердің арасында «Ғұндар» (М., 1960), «Хазарияның ашылуы» (М., 1966), «Ежелгі түркілер» (М., 1967), «Қиял патшалығын іздеу» (М., 1970), «Қытайдағы ғұндар» (М., 1974), «Ежелгі Русь және Ұлы Дала», «Этногенез және Жер биосферасы» (М., 1989), «Шырағың сөнбес үшін» (М., 1990), «Русьтен Ресейге дейін» (М., 1992) тәрізді бірегей туындылар бар.
1 Сыдықов Е.Б. Кіріспе сөз // «Еуразия халықтарының тарихы мен Л.Н.Гумилевтің ғылыми шығармашылығы.
2 Ақселеу Сейдімбек. Гумилев // Егемен Қазақстан, 2004, 1 қазан.
3 Әбдіманапов С.А. Л.Н. Гумилевтің өмірі мен қызметі. –Астана: ЕҰУ, 2004. -60 б.
4 Қазбалинов Т. Лев Гумилев – ұлы әулеттің өкілі // Семей таңы, № 2 (17729), 14 қаңтар, 2005.
5 Ысқақова К. Л.Н. Гумилевтің этнос, ұлт туралы көзқарастары // Лев Николаевич Гумилев ілімі және Еуразия халықтары: Халықаралық форум. - Астана: ЕҰУ. -2007. – С.58-60.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Л.Н.Гумилев- тарихшы ғалым және тарихи еңбектері

Орындаған: Абдыкадырова Ж
ИЯ-311
Тексерген:Санкайбаева П.С

Семей-2015 ж
Л.Н.Гумилев-тарихшы ғалым және тари хи еңбектері

Лев Николаевич Гумилев есімі - тарихты зерделеушілердің бәріне ортақ темірқазық, бәрі де жүгінер ақиқат мінбері. Солай бола тұра, ол - уақыт пен кеңістігіміз бір замандасымыз болғанына қарамастан, Ресей ғана емес, әлем мәдениетіндегі ең бір жұмбақ есім.Л.Н.Гумилев - этнография, тарих, география, археология, психология, герменевтика сияқты бірнеше білім саласының тоғысынан туған этнология ғылымындағы жаңа бағыттың негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, есімі тарихшы ғалымдар ортасында ғана танымал емес, білмекке құмар оқырман мен көзі қарақты жұртшылық арасында да беделі биік. Оның ата-анасы Н.С. Гумилев пен А. Ахматовалардың тауқыметті тағдыры туралы да білеміз.Ызғарлы тағдыр ызбары, олардың жалғыз ұлдарын да жанай өтпеді, әке-шеше кінәсі баласын да күйдірді,күйеледі.

Қайта-қайта қамау, бітпейтін тергеу-тексерулер, он төрт жыл түрме тұтқыны болу, Сталин лагеріндегі сарсаң күй кешу, ғылыми жұмыстағы бөгет-бөгесіндер, тұрмыстық қолайсыздықтар - бәрі-бәрі ғалымды қалжыратып, денсаулығын діңкелетті, бірақ оның жігерін жасыта алмады, биік рухын аласарта алмады. Жаппай қуғындаудың ауыр жылдарында және одан кейінгі тоқырау тоңында да оның еңбегі оқырманға жетпеді. Жарық дүниеге шыға қалған еңбек болса, ғылым шамшырақтары мен партияның ғылыми сараптамасынан өтіп, цензура безбеніне салынды. Осындай өткелектерден өтіп, өзіне жол ашқан еңбектер бірден библиографиялық сирек санаттағы дүниелерге айналып жатты. Оған себеп: бұрыннан белгілі деректер мен құбылысқа жаңа қырынан келу; кітаптың таралым саны шектеулі болуы; және ғылыми еңбектің тіл көркемдігі .

Лев Николаевич сан алуан нақты деректерді емін-еркін игерген, тыңдаушыларын тәнті еткен, тіптен небір қатал діндарлардың өзін баураған өнерлі тұлға болатын.Таңқалу мен тамсану, қорқыныш пен мазасыздану сияқты ғылым мен діннің басты екі қозғаушы күші оның бойында, өмір-әлемге көзқарасында берік орын алғанын байқайтындаймыз. Ғалым еңбектерінің мән-мазмұны туралы әңгімелейтін мезгіл жетті. Соңғы он бес жылда оның бәсі кемімейтін ғылыми еңбектері жарыққа шыға бастады, қайта басылып та жатыр. Ондаған жылдар бойы басуға тыйым салынған немесе шектеулі таралыммен шығарылған сол еңбектердің арасында Ғұндар (М., 1960), Хазарияның ашылуы (М., 1966), Ежелгі түркілер (М., 1967), Қиял патшалығын іздеу (М., 1970), Қытайдағы ғұндар (М., 1974), Ежелгі Русь және Ұлы Дала, Этногенез және Жер биосферасы (М., 1989), Шырағың сөнбес үшін (М., 1990), Русьтен Ресейге дейін (М., 1992) тәрізді бірегей туындылар бар .

Л.Н. Гумилев тауқыметке толы ғұмыр кешіп, 80 жылдығына 3 ай жетпей өмірден өтті.Кітаптары мен еңбектері қарсыластарын қанша қорқытқа-нымен, көзі тірісінде-ақ Ұлы ғалым деп аталды.
1993 жылы 1 қазанда танымал ғалымның 81 жылдығына орай Мәскеуде Л.Н. Гумилев әлемі атты қор құрылды. Қордың мақсаты - Л.Н. Гумилевтің шығармалар жинағының 15 томдығын шығару әрі оның идеясын насихаттау.Лев Николаевич Гумилев 1912 жылы 1 қазанда Царское Село жерінде, әдебиетшілер әулетінде дүниеге келді, сөйтіп екі ұлы ақынның одағын одан әрі жарасымды ете түсті. Бұл адамдардың өмірі мен шығармашылығы XX ғасыр басындағы жаңа орыс мәдениетіндегі айтулы құбылысқа айналды.

Ғалымның әкесі Николай Гумилев 1912 жылы жаңа поэтикалық, ақындық мектептің басшысы болады. Дүниежүзілік соғыс басталғанда алда не күтіп тұрғанын, болашақ оған не сыйларын ақын жаны анық сезінді: соғыс кесірінен туындар тәртіпсіздіктер, қырып-жою мен қуғын-сүргін, діни, моральдық және идеялық құндылықтарды аңсау ақынның жан дүниесін жетімсіретті.Ақын атына негізсіз айыптаулар айтылып, ол жөнсіз жазғыруларға ұшырады. Ақынға милитаризмге құштар деген нақақ кінә тағылды, оны соғыстың жаршысы және көне шығыс мәдениетінің жыршысы деп те санады. Өйткені өткен дәуір мәдениетіне мән беруге, маңызы зор есімдерді қадірлеуге замандастары кереңдік танытып, көкірек көздерін де байлап тастаған еді.Болашақ ғалым ол мәселелерді сергек санамен саралай білді, сол мәдениеттер ақиқатын айқындауға өз өмір жолын арнады, содан соң оларды жіктеп, топтастыру мен этногенезді түсіндіріп пайымдауға саналы ғұмырын сарп етті.

Ғалымның анасы Анна Ахматова Одесса қалашығында дүниеге келіпті. Кейін Царское Селоға қоныс аударады, сол жерде ол өзінің болашақ жарымен кездеседі. Тырнақалды өлеңдері осында жазылып, шығармашылық тұрғыдағы бет-бейнесі де осы жерде айқындалады.Лев Николаевичтің, отбасы алғашқы жылдары Царское Селода ұзақ тұрақтайды, осы мекен - жазда Петербургтің көркем ойлы, ұшқыр қиялды поэзия сүйгіш зиялыларының сыр бөлісіп, жыр тудырар шуақты, жылы ұясына айналады.
Оның балалық шағы терең тебіреніске толы, бірақ қандай да бір саяси реңкке бой ұра қоймаған әсер құшағында өтті: соғыс, Ресейдегі сілкіністер, әкесінің әскерге аттануы сияқты жағдайлардың бәрі оны тебірентпей, толқытпай калдыра алмады. Ол анасының айналасындағы адамдардың бәрін: Андрей Белый, Леонид Андреев, Павел Флоренский, Александр Чижевскийлерді жақсы білді.

Бұл - Л.Н. Гумилевті нәрлендірген, рухани азық берген мәдени орта болатын. Ол 1919 жылдан жаңа өмірге бірте-бірте бейімделе бастайды. Әкесі атылған күннен бастап, яғни 1921 жылдың тамызынан бастап, оның өмірдегі орны да тарыла түседі.

1917-1929 жылдары Лев Николаевич Бежецк түбінде, әжесінің меншігіндегі Слепиев деген жерде тұрады. Балалық шағында М. Рид, А. Дюма, Л.А. Буснердің тарихи және қызықты оқиғаларға толы романдары мен өзге де салмақты тарихи шығармаларды оқуға көп уақыт бөледі.

Л. Гумилев Бежецк орта мектебінде оқып, 1930 жылы Ленинградта совет мектебін тәмамдайды. Университетке түскісі келеді, бірақ ата-анасының дворян тегінен шыққанына байланысты жаңа қоғамдық құрылыс адамының әлеуметтік мәртебесіне лайықты болмағандықтан оқуға қабылдау кезінде қарсылыққа тап болады.Алғашқы бесжылдықтардың қызған кезінде, аштық азабын арқалаған ауыр уақытта Саян тауына жұмысшы болып аттанады, осы жерде Ресейдің шет аймақтарындағы түркі этносының соңғы тұяқтарымен бетпе-бет кездеседі.

1931 жылы Л. Гумилев Памирде ғылыми бөлімнің ғылыми көмекшісі ретінде қызмет атқарады. Памир Лев Николаевичті өзіне баурап алады. Тәжік пен қырғыздың ауызекі сөйлеу тілін меңгереді, дәруіштермен, босқындармен танысады.1934 жылы Л.Н. Гумилев 22 жасында Ленинград университетінің тарих факультетіне оқуға түседі. Е. Тарле, В. Струве және басқа да әлемге танымал ғалымдардан дәріс алады. Қоғамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Л.Н.Гумилев - тарихшы ғалым және тарихи еңбектері туралы ақпарат
Тұлға ретінде, ғалым ретінде
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ АТАСЫ
Қытай деректері көшпенді халықтар өркениетінің дерек көзі ретінде
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
Пәндер