Макроэкономикалық көрсеткіштер жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Макроэкономикалық көрсеткіштер
Орындаған: Байдаулетов Жандос ФН-407
Тексерген: Қуантқан Б. Қ
Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ. Е. Ж. ) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ. Е. Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.
Ұ. Е. Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж. Ұ. Ө. ), жалпы ішкі өнім (Ж. І. Ө. ), таза ұлттық өнім (Т. Ұ. Ө. ), ұлттық табыс (Ұ. Т. ), жеке табыс (Ж. Т. ) және қолда бар табыс (ҚБТ) .
Жалпы ұлттық өнім (Ж. Ұ. Ө. ) - бір жыл ішінде өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы. Қайта, екі рет есепті болдырмау үшін оған аралық өнімді кіргізбейді. Оларға қайта өңдеуге немесе соңғы тұтынушыға ары қарай сату үшін арналған өнімдер жатады. ЖҰӨ -ді есептеу кезінде негізгі екі әдісті қолданады. Ол түпкілікті өнімге жұмсалған барлық шығындарды қосу арқылы және «табыстар ағыны» арқылы өлшенеді.
Шығындарға тұтынушылық шығындар, мемлекеттік сатып алулар, жалпы инвестиция және таза экспорт жатады.
Тұтынушылық шығындарға (С) үй шаруашылықтарының әр түрлі тауар және қызмет көрсетулерге (нан, қант, аяқ киім, телевизорлар, тоңазытқышты жөндеу) шығындары кіреді.
Инвестицияларға шығындар (І) - бұл инвестициялық тауарларға шығындар, оларға құрал жабдық, станоктар, өндірістік ғимараттар, материалды-техникалық қорлар, тұрғын үй құрылысы жатады. Жалпы және таза инвестицияны ажыратады. Жалпы инвестицияға барлық инвестициялар, яғни, істен шығатын құрал жабдықтың орнын толтыруға жұмсалатын инвестициялар да кіреді. Жаңа құрал жабдықты сатып алуға жұмсалған инвестициялар таза инвестиция деп аталады.
Мемлекеттік шығындар (G) - тауар және қызмет көрсетулердің (электроэнергия, мектептер, емханалар, саябақтар, кітапханалар және т. б. ) өндірісіне тікелей жүретін шығындар.
Таза экспорт (Хп) - бұл импортты шегергеннен қалған барлық импорт.
Сонымен, шығындар бойынша ЖҰӨ - бұл елдегі барлық төрт шығындардың қосындысы:
ЖҰӨ = C+ G+ I+ Xn
Өндірістің ұлттық көлемін анықтау үшін елдегі барлық табыстардың қосындысын алады. Факторлық табыстардың төрт компанентін ажыратады: жалақы, рента, пайыз және пайда.
Жалақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы. Бұған ведомость бойынша алынатын жалақы сомасы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қосымша төлемдер және т. б. жатады.
Рента жерді, ғимаратты, тұрғын үйді арендаға беру нәтижесінде үй шаруашылықтарымен алынатын ренталық табыстарды білдіреді.
Пайыз бұл ақша капиталы үшін төлем, ол банкке салым бойынша, несиелер бойынша пайыздар.
Пайда жеке шаруашылықтар, серіктестіктер, кооперативтер иелері алатын пайда.
ЖҰӨ - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік табыс пен шығынның теңдігін көрсетеді.
Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдіктер пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдігін төмендегідей көрсетуге болады. Талдауды жеңілдету үшін жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ болады.
Онда шығын бойынша:
ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция
Табыс бойынша:
ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну
Қорыта айтқанда ЖҰӨ-де елдің барлық азаматтарының табысы, яғни елдің өндіріс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығыны көлемі де көрсетіледі.
Номиналды және нақты, сонымен қатар іс жүзіндегі және потенциалды ЖҰӨ ажыратады. Нақты ЖҰӨ - бұл баға деңгейі өзгерісін ескерумен ЖҰӨ. Нақты ЖҰӨ-ді формула бойынша табуға болады:
Нақты ЖҰӨ = (Номиналды ЖҰӨ / баға индексі) • 100%
Потенциалды ЖҰӨ - бұл толық жұмыспен қамту жағдайында яғни, фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық жағдайында алынған өндірістің ұлттық көлемі. Іс жүзіндегі ЖҰӨ - бұл циклдық жұмыссыздық жағдайында шығарылған өндірістің ұлттық көлемі.
Өндірістің ұлттық көлемін өлшеу үшін қолданылатын тағы бір көрсеткіш - жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) . Ол сол ел территориясы ішінде, берілген жыл ағымында өндірілген түпкілікті өнімдер мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо
Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:
ТҰӨ = ЖҰӨ - А,
Мұнда А - амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.
ҰТ = ТҰӨ - ж. с.
Мұнда: ж. с. - жанама салықтар.
Жеке табыс (ЖТ) халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.
ЖТ = ҰТ - С+Т
мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;
Т - трансферттік төлемдер.
Қолда бар табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда бар табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.
ҚБТ= ЖТ - мұраға салық - мүлік салығы - тыбыс салығы
Қорытынды:
Ұлттық экономика нәтижелерін жалпылайтын агрегаттар БҰҰ кеңесімен пайдаланылатын болды. Негізгісі ұлттық байлық, ол тарих бойы жинақталған құндылықтар жинағы.
Шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші қоғамдық өнім. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық кіріс (ҰК), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өлшемдерімен бейнелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz