Қарлы боран



1. Қарлы боран.
2. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.
3. Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері.
4. Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және негізгі жұмыс түрлері.
Қарлы боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді. Боран — қатты жел соққандағы және ауа температурасы төмен болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің далалы аудандарында қолданылады.
Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиацианың, темір жол және басқа көліктердің қалыпты жұмысын тоқтататын биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурадағы қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының Жалғыз төбе ауданында бұрқасын күндер саны айына 27-ге дейін жетеді.
Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен өңдеу үшін ғимаратты қынтап, азық-түлік пен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек.
Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып, оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық-түлікпен күйдіргіш шаммен және жылы киіммен қамтамасыз ету қажет.
Дауылды жел бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық жұмыс ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір-біріне көмекке келу үшін көз көретін жерде болуға тиіс. Бұрқасын кезінде нақты көрінген нысаналар: телефон желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек.
Егер бұрқасынға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық түсті матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып тастау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып тынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз.
1. Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004.
2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қарлы боран. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар. Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері. Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және негізгі жұмыс түрлері.
Орындаған: Амиргазинова Б.Б.
Топ: БЖ-215
Тексерген: Бакирова Л.С.

Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы

Жоспар:
1. Қарлы боран.
2. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.
3. Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері.
4. Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және негізгі жұмыс түрлері.

Қарлы боран.
Қарлы боран - күшті желдің (жылд. 15 мс-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда Арқаның ақ бораны, ақтүтек, құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді. Боран -- қатты жел соққандағы және ауа температурасы төмен болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің далалы аудандарында қолданылады.
Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиацианың, темір жол және басқа көліктердің қалыпты жұмысын тоқтататын биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурадағы қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының Жалғыз төбе ауданында бұрқасын күндер саны айына 27-ге дейін жетеді.
Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен өңдеу үшін ғимаратты қынтап, азық-түлік пен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек.
Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып, оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық-түлікпен күйдіргіш шаммен және жылы киіммен қамтамасыз ету қажет.
Дауылды жел бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық жұмыс ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір-біріне көмекке келу үшін көз көретін жерде болуға тиіс. Бұрқасын кезінде нақты көрінген нысаналар: телефон желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек.
Егер бұрқасынға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық түсті матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып тастау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып тынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қауіпі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.
Егер жылынғыңыз келсе далаға шығып, түтін трубасын ауаға шықпайтындай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.
Қар басу бірнеше тәулік бойы жауатын қалың қардың әсерінен пайда болады. Соның салдарынан тіршіліктің қалыпты арнасы бұзылады, кейде адам құрбандықтарына, малдың қырылуына және материалдық құндықтарының жойылуына алып келеді.
1970-1987 жылдары (18 қыс) Қазақстан аумағында 600 күшті қар басу тіркеліп, оның 50%-ке жуығы тек Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында байқалды.
1986 жылы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағаттың ішінде 133 мм қар жауды.
Қардың қатты жаууы Шығыс Қазақстан облысында жиі байқалады. Үлбі өзенінің сағасында биіктігі 2000 метрден асатын Қазақстанның қар полюсі жатыр, мұндағы қар жамылғысының биіктігі 8 метрге дейін жетеді.
1969 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанның оңтүстік-шығысында қалың жауған қар бір-қатар облыстардың мал қыстайтын жерлеріндегі тау етегін 1,5-2 метр қар жамылғысымен жапты. Осындай зілзала 1999 жылдың қаңтарында Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында болды.
Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда жолдың, ғимараттың жел соғатын жағынан қар қалқандары мен тосқауылдар орнатылады.
Көшкін қаупінің белгілері:
1. Көшкін апаттарының деректері адамдардың қаза болуына алып келетін лықсулардың көпшілігінің адамдардың кінәсінен болатындығын көрсетіп отыр. Автомобиль жолымен немесе жаяу соқпақпен келе жатқан адамдардың көшкіннің астында қалуы өте сирек. Көшкіннің лықсуы оның қозғалысының үлкен жылдамдығынан бірнеше секундпен өлшенеді. Мұндай жағдайда адамның қауіпсіз орынға жету мүмкіндігі жоқ. Бұдан шығатын қорытынды -- қарлы тік жартасқа шықпаңыз, тек жолмен және тапталған сүрлеумен жүріңіз.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы жағдай туралы хабарларын үнемі қадағалаңыз, Қазгидрометтің көшкінұстау станцияларының мамандарымен кеңесіңіз.
3. Қалың қар жауғаннан кейін 2-3 күн бойында тауға шықпаңыз.
4. Қар қалың жауып, бұрқасын болғаннан кейін тік жартастардың қиылысын айналып өтіңіз, сондай-ақ олардың ирек тұстары мен қардың еруімен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда тек су ағатын жиектің бойымен ғана көтеріліп, төмен түскен жөн. Егер аяқ астынан қардың отыруынан сықыр естілсе қозғалысты бірден тоқтатыңыз. Бұта, қалың орман өскен ірі тастар жатқан беткейлер қауіпсіздеу.
5. Қар суланып, беткейлерден оңай сырғитын көктем кезінде түстен кейін аса сақ болыңыз. Күн жылып қар еріген кезде (наурыз-сәуір) тауға шығудан немесе көшкіндер жасанды жолмен түсіріліп жатқан аудандарда демалудан бас тартыңыз.
6. Қозғалыс кезінде тәулік уақытын ескерген жөн. Көктемде көшкін қауіпі қар суланып беткейден оңай сырғитын мезгіл тал түсте байқалады.
7. Тауда төңірек жақсы көрінетін кезде жүріңіз. Тұман әрдайым көшкін қаупін күшейтеді.
8. Көшкін қаупі бар жерлерден өткен уақытта айқайлап шуламаңыз.
9. Көшкін қаупі бар жерлерден бір-бірлеп өтіңіз.
10. Қарлы беткеймен көтерілген кезде айналсоқтамай тік жүріңіз.
11. Қар жапқан тік таулы беткейге жақын жерде демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз. Түнейтін жерді дұрыс анықтау аса маңызды. Мұнда жазықтың екі жағындағы беткейдің қар көшкіні қаупі ескерілуге тиіс. Бағытты жоспарлағанда қауіпті учаскілер кездескен жағдайдағы қосымша нұсқаны міндетті түрде межелеген жөн. Сөйтіп жорықты тоқтатпай және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарлы боран мерзіміндегі жел жылдамдығы
Қатты аяз, қарлы боран және дауыл
Қарлы-боранның пайда болуынның метеорологиялық және аэрологиялық жағдайлары
Ауа алабының ластануы
Қарлы боран. залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және кейінгі негізгі жұмыс түрлері
Қарлы боран.боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу
Ауа-райы: болжам мен болмыс
Қорадағы ешкілер мазасызданса ауа райы қолайсыз болудың белгісі
Халықтың сел, қар көшкіні, сырғыма мен опарылма пайда болу кезіндегі іс-әрекеті
Пәндер