Кәсіпорынның өндірістік қорлары туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей қаласының мемлекеттік университеті
«Геодезия ж/е құрылыс» кафедрасы.
СӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпорынның өндірістік қорлары
Тексерген: Нуралина К.
Орындаған: Ахметова А. Г.
ГК-213 тобы
Семей қ.
2015 ж.
Кiрiспе
Нарық жағдайындағы кәсiпорында өндiрiс процесiнде адамдар мен белгiлi бiр өндiрiстiк құралдар қатысады. Өндiрiстiк құралдар өндiрiс процесiнде өзiндiк материалдық, заттық, құндық элементтерiмен айналым жасап, белгiленген өндiрiс пен айналыс кезеңiнен өтедi. Осыған сәйкес, олар өздерiнiң нысандарын өзгертедi: ақшалай нысанды - өндiрiстiк нысанға, өндiрiстiк нысан - тауарлыққа, тауарлық нысан - ақшалай нысанға және т. с. с.
Негiзгi өндiрiстiк қорлар кәсiпорындардың басты өндiрiстiк құралдары болып саналады. Өйткенi негiзгi өндiрiстiк қорды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мәселесi және кәсiпорындардың өндiрiстiк қуатын көтеру нарыққа өту кезеңiнiң негiзгi ортақ мәселесi болып табылады. Кәсiпорынның аталған мәселенi шешу дәрежесiне қарай өндiрiстен өз орнын табу немесе өзiнiң қаржылық жағдайын шешу, нарықтағы бәсекелiк үлесiн табуға ие болады.
Өндiрiстiк процесте негiзгi қорлардың әрбiр элементiнiң қызметiн нақты бiле отырып, оның тиiмдiлiгiн көтеру жолында негiзгi қорды пайдалану негiзiнде оған әсер етушi физикалық және моралдық факторларды анықтай отырып, кәсiпорынның өндiрiстiк қуатын арттыруда түрлi шағымдарды азайтуды, еңбек өнiмдiлiгiн көтеру әдiстерiн жасауға болады. Еңбек құралдары еңбек заттарымен бiрге өндiрiс құралдарын құрайды.
Негiзгi өндiрiстiк қор қоғамдық өндiрiстiң материалды-техникалық базасы болып табылады, оның көлемiне кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты тiкелей тәуелдi. Негiзгi өндiрiстiк қордың қорлануына және өндiрiстi техникалық жабдықтаудың жоғарылауына қарай еңбек шығармашылық сипат алады, қоғамның мәдени-техникалық деңгейi өседi. Себебi, негiзгi өндiрiстiк қор болмай, кәсiпорын нарықтық экономика жағдайында қызмет ете алмайды.
Негiзгi өндiрiстiк қорлардың құрамы мен құрылымының дұрыстығы кәсiпорынның экономикалық тиiмдiлiгiн көрсетедi және инвестициялық салымдарды өзiне тартады.
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды - негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты. Кәсіпорындарда өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс үдерісінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Рыноктық экономика жағдайларында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарын сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттай элементтерін - еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржылық ресурстарды авансылау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құндық нысанда көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады. Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс активтердің жаңа түрлерінің бірі - материалдық емес активтер. Материалдық емес активтер - жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер. Олардың кәсіпорын активтерінің құрамында пайда болуы рыноктық қатынастарға көшуге, шаруашылықты дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажеттігіне байланысты. Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу үдерісін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизациялық норма, ал бұл үлестің ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды. Амортизациялық аударымдар өндіріс шығындарына кіріктіріледі және өнімді өткізуден түсетін табыстан (түсім-ақшадан) қалыптасады. Негізгі қорлардың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін амортизациялық аударымдардың жинақталған сомасы сан жағынан қорлардың өздерінің құнына тең болады; бұл қаражаттар негізгі капиталдардың тозу және істен шығу мезетіне дейін, яғни толық айналымы аяқталғанға дейін оларды сатып алуға пайдаланылуы мүмкін және негізгі капиталдарды қаржыландыру көздерінің бірі болып қызмет етеді. Негізгі капиталдар амортизациясының нормалары кәсіпорын қызметінің экономикалық жағдайларына қарай ажыратылуы мүмкін: олар пайдаланудың барлық мерзімі ішіндегі негізгі капиталдардың баланстық (бастапқы) құнына біркелкі үлестер түрінде (желілік әдіс) ; амортизациялық кезеңінің басында неғұрлым жоғары үлестер (региссиялық әдіс) белгіленуі мүмкін. Қазақстан Республикасы салық заңнамасында тіркелген активтердің (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің) ішкі топтарының құндық балансына есептеу және амортизация нормалары белгіленген. Шаруашылық жүргізу практикасында сонымен бірге өндірісте техникалық прогресті ынталандыру үшін жеделдетілген амортизациялық әдіс пайдаланылады. Амортизацияны есептеу әдісі өнімді өндіру мен оны өткізуге жұмсалатын шығындардың мөлшері арқылы және осыған сәйкес кәсіпорынның табысы (пайдасы) арқылы кәсіпорындар қызметінің нәтижелеріне әсер етеді; бұл салықтарды өндіріп алу және кәсіпорындардың қарамағында қалдырылатын табысты пайдалану кезінде бөлгіштік үдерістерде бейнеленеді. Айналым қорлары айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларын кіріктіреді, олар әр түрлі сфераларға - өндіріске және айналысқа қатыстылығына қарай ажыратылады. Айналым өндірістік қорлары да өндірістің әр түрлі жақтарын көрсетеді. Олардың бір бөлігі - өндірістік босалқы қорлар еңбек заттарының (предметтерінің) құнын (шикізаттың, сатымдық шала фабрикаттардың, негізгі және қосалқы материалдардың, отынның, ыдыстың, босалқы бөлшектердің), сондай-ақ белгіленген ең аз немесе шектік мөлшерлердің шектерінде еңбек құралдарының бір бөлігін де (арзан бағалы және тез тозғыш заттар) кіріктіреді. Басқа бөлігі - аяқталмаган өндіріс ұксату, өнімді жасау үдерісіне тартылған заттардың кұнын сипаттайды. Үшінші бөлік - болашақ кезеңдердің шығыстары - ағымдағы кезеңде өндірілетін, бірақ кейінгі кезеңдерде өнімнің өзіндік құны есебінен өтелетін заттар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі және айналым капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және тиісті табыс түскеннен кейін толтырылады. Бұл табыстан амортизациялық аударымдар нысанында тозған негізгі капиталдардың орнын толтыру үшін қаражаттар қалыптастырылады ал өнімді өткізуден алынған табыстың басқа бөлігі айналым капиталдарының құрамына кіретін тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға бағытталады. Жаңа шаруашылық жүргізуші субъектілерді құру немесе оларды кеңейту кезінде қаражаттардың едәуір бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан түскен қаржылық қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады; мемлекеттік кәсіпорындар үшін - бұл бюджеттік және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары. Қаражаттардың бір
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz