Инбридинг және аутбридинг туралы ақпарат



Инбридинг (ағылшынша іn – ішінде және breedіng – будандастыру) – бір популяция аумағындағы жақын түрлердің будандасуы. Жақын туысты будандастырылатын организмдерде қандай да болмасын гендегі аллельдердің (гендер жұбының бірі) бірдей формасының көріну мүмкіндігі жоғары болады. Осыған байланысты, жақын текті будандасудың деңгейі өскен сайын гомозиготалы организмдердің пайда болу жиілігі де артады. Өсімдіктерде табиғи инбридинг өздігінен тозаңдану кезінде жүзеге асады. Айқас тозаңданатын өсімдіктердегі инбридинг – ырықсыз (мәжбүрлік) тозаңдану деп аталады. Бұл инбредті (туыс дарабастарды шағылыстыру кезінде пайда болушы) депрессияға, яғни дарабастардың өмір сүру қабілеттілігінің және өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Инбредті депрессия рецессивті летальді (өлімге душар ететін) гендерге, сондай-ақ, организмнің тіршілік ету қабілеттігін төмендететін гендердің гомозиготалы қалыпқа ауысуына байланысты болады. Мысалы, жүгері, картоп, капустаның өздігінен тозаңдануы нәтижесінде өсу деңгейі, жеміс беруінің төмендеуі, әр түрлі ауытқулары байқалады. Инбридингке байланысты депрессия, көбінесе, бірінші ұрпақта көрінеді де, белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін, әрі қарай дамымайды. Инбредті дарабастар қалыпты гендері бойынша гомозиготалы болғандықтан, бағалы белгілерімен сипатталатын гендер де келесі ұрпаққа тұрақты беріліп отырады. Екі немесе бірнеше инбредті линияларды будандастыру бірнеше буданды (гибридті) ұрпақтың гетерозисіне әкеледі. Мысалы, жүгерінің тетрабуданы – төрт инбредті линиялардың будандасуынан пайда болатын өнім. Ол жай сорттарға қарағанда өнімді 30 – 60%-ке жоғары береді.
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, IV том
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Инбридинг және аутбридинг

Орындаған: Айдосова Л.А.
Тексерген: Татенов А.Б.

Семей 2015 ж
Инбридинг (ағылшынша іn - ішінде және breedіng - будандастыру) - бір популяция аумағындағы жақын түрлердің будандасуы. Жақын туысты будандастырылатын организмдерде қандай да болмасын гендегі аллельдердің (гендер жұбының бірі) бірдей формасының көріну мүмкіндігі жоғары болады. Осыған байланысты, жақын текті будандасудың деңгейі өскен сайын гомозиготалы организмдердің пайда болу жиілігі де артады. Өсімдіктерде табиғи инбридинг өздігінен тозаңдану кезінде жүзеге асады. Айқас тозаңданатын өсімдіктердегі инбридинг - ырықсыз (мәжбүрлік) тозаңдану деп аталады. Бұл инбредті (туыс дарабастарды шағылыстыру кезінде пайда болушы) депрессияға, яғни дарабастардың өмір сүру қабілеттілігінің және өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Инбредті депрессия рецессивті летальді (өлімге душар ететін) гендерге, сондай-ақ, организмнің тіршілік ету қабілеттігін төмендететін гендердің гомозиготалы қалыпқа ауысуына байланысты болады. Мысалы, жүгері, картоп, капустаның өздігінен тозаңдануы нәтижесінде өсу деңгейі, жеміс беруінің төмендеуі, әр түрлі ауытқулары байқалады. Инбридингке байланысты депрессия, көбінесе, бірінші ұрпақта көрінеді де, белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін, әрі қарай дамымайды. Инбредті дарабастар қалыпты гендері бойынша гомозиготалы болғандықтан, бағалы белгілерімен сипатталатын гендер де келесі ұрпаққа тұрақты беріліп отырады. Екі немесе бірнеше инбредті линияларды будандастыру бірнеше буданды (гибридті) ұрпақтың гетерозисіне әкеледі. Мысалы, жүгерінің тетрабуданы - төрт инбредті линиялардың будандасуынан пайда болатын өнім. Ол жай сорттарға қарағанда өнімді 30 - 60%-ке жоғары береді.
Мал шаруашылығындағы инбридинг - жақын текті жануарлардың шағылысуы болып табылады. Мұны мал шаруашылығында ұзақ уақыт қолдану, жануарлардың тіршілік қабілетінің төмендеуіне, организмнің кейбір ауруларға қарсы тұру қасиетінің кемуіне, олардың беретін өнімі мен сапасының нашарлауына, мутантты ұрпақтардың пайда болуына және төлдерінің өлі тууына әкеледі. Тәжірибеде инбридингті жиі қолдану - организмде әр түрлі тұқым қуалайтын аномалиялардың көрінуіне әкеледі. Мысалы, селекцияда өсімдік сорттары мен асыл тұқымды малдың бағалы белгілерін сақтау мақсатында инбридингтің орташа деңгейі ғана қолданылады.
Инбридингтің жоғары деңгейдегі қолайсыз салдары - генетикалық жағынан туыс адамдардың некелесуінің дұрыс еместігіне негіз болады. Ағайын адамдар арасындағы некелесу - олардың балаларында сирек байқалатын тұқым қуалайтын аурулармен ауыруына, мүгедектікке, өлі туу, өліп қалуға әкеледі. Инбридинг рецессивті аллельдерді шығару үшін, көптеген аллельдері бойынша гомозиготалы организм (таза линия) және асыл тұқымдар алу үшін, сорт ішінде аллельдерді сақтау үшін, популяцияда әр түрлі белгілерді анықтау үшін қолданылады. Өсімдіктер селекциясында осы мағынаға сай көбінесе инцухт (немісше Іnzucht) - термині қолданылады. Бұл - организмдердің бір популяциясындағы туыстығы өте жақын формаларды шағылыстыру болып саналады.
Инбридинг дегеніміз -- туыстық жақындығы бар жануар-ларды жұптастыру жүйесі. Туыстас малды жұптастыру тұқымды таза өсіруде, тұқым түзуде, аталық іздер бойынша өсіруде кеңінен қолданылатындықтан, оның тұқым асылдан-дыру жұмыстары жүйесінде алатын орны мен мәнін қарастырайық.
Инбридинг жөніндегі ілім ертеде-ақ пайда болған. Арабтарда XIII ғасырда-ақ инбридингтің асыл тұқымды жылқылардың ұрпағына теріс әсер ететінін көрсететін көптеген фактілер жинақталған. Адамдар қан араласуының зиянды әсерін білген де туыстас малды жұптастыруға тиым салатын қатаң заңдар да қолданған. Алайда, жоғарыда айтып өткеніміздей, капитализмнің даму кезеңінде көптеген елдерде тұқым түзілу процесі қауырт басталды. Рынок талаптарына сай келетін жаңа тұқымдар шығару инбридингті кеңінен пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Тұқымның негізін салушылардың бірқатар ұрпақта бекітілуі, әдетте, тығыз инбридингті қолдану арқылы жүргізілді. Шортгорн тұқымының негізін салушы Губбактың, жылқының орлов тұқы-мындағы Барс 1-дің, шошқаның украиндық далалық ақ тұқымындағы Аскания 1-дің тұқым қуалаушылық қасиеттерін бекіту жұмыстары да осылай өткен.
Өткен ғасырдың белгілі селекциөнері Р. Беквелл тұқымның негізін салушылардың аса көрнекті қасиеттерін ұрпағында орнықтыру мақсатында кез-келген дәрежедегі инбридинг пайдалануды жаңа тұқымдар шығарудың негізі деп есептеді. Инбридингті жануарларды мол азықтандыруға ұштастыра отырып, экстерьері жөнінде мақсатты сұрыптау және аталықтар ұрпағының қасиеттеріне қарай бағалауда қолдану Р. Беквеллге зор абырой әкелді. Ол және оның шәкірттері ірі қараның (шортгорн және герефорд), жылқының (шайр), қойдың (лейстер), шошқаның (ірі ақ) тамаша тұқымдарын шығарды. Х. Уайтсон ірі қараның абердин-ангус етті тұқымын шығаруда да инбридинг пайдаланды. А.В. Ланина Х. Уайтсонның табынында не бары 6 тоқал қара сиыры, 10 тайынша мен бір ғана бұқа ұстағанын атап көрсетеді. Ол сондықтан да тығыз инбридингті қолдануға мәжбүр болған.
А.Х. Орлов пен В.И. Шишкин орловтың желісті жылқысын шығаруда инбридингті шебер пайдаланған. Олар тұқымның типін өзгерту және туыстас малды жұптастырудың зиянды салдарын бәсендету мақсатында тығыз инбридингті және аталық іздер бойынша өсіруді, сондай-ақ будандарды бастапқы тұқымдардың (голланд) бірімен қайталап будандастыру тәсілін пайдаланды. С.И. Бестужев ірі қараның бестужев тұқымын шығаруда әр түрлі типті және туыстық дәрежесі түрліше инбридинг қолданды.
Алайда тығыз инбридингті өте кең, кейде ойланбастан, ешқандай мақсатсыз қолдана беру көптеген зауытшылар үшін үлкен зиян келтіргеніне де назар аудару керек. Тығыз инбридингті жүйесіз қолдану жануарлардың өнімділігі мен өсімталдығын, дене бітімінің мықтылығын кемітті. Жақсы табындар жүдеп, нашарлай бастады, оның ішінде мысалы, дүние жүзінің басқа да елдеріне жеткізілген малдың әйгілі шортгорн тұқымының сапасы төмендеп кетті. Осының нәтижесінде инбридингке деген көзқарас та өзгерді. Сөйтіп бұл әдіске күдікпен қарай бастады. Р. Беквеллдің шәкірттері ағайынды Коллингтер шортгорн тұқымында туыстық жұптастырудың зиянды салдарын өз замандастарынан ертерек түсініп, бұл жануарларды, тіпті, галловей тұқымының бұқаларымен будандастыруға мәжбүр болды. Ол кезде туыстас малды жұптасты-рудың зиянды зардаптарының себептерін түсіндіретін теория болмаса да, инбридингтен сақтана бастады.
Инбридингке деген ынта XIX ғасырдың аяғында ғана қай-тадан көтеріле бастады. Тұқыммал кітабын талдау, көптеген зауыттық тұқымдардың шығу тарихын зерттеу тұқым түзілуіндегі инбридингтің тиімді ролін көрсетті. П.Н. Кулешов ұзаққа созылатын тығыз инбридингті тиімсіз деп есептегенімен, туыстас мал жұптастыру әдісін қолдануды ашық қорғап шықты. Алайда желісті жылқылардың орлов тұқымын шығару мысалында П.Н. Кулешов, одан соң Д.А. Кисловский тұқым шығаруда ғана емес, сонымен бірге тұқымның әйгілі аталық іздерін қалыптастырып, жетілдіруде де қалыпты инбридингтің пайдалы болатынын көрсетті. Тұқым түзудің ғылыми әдісінің негізін қалаушы М.Ф. Иванов та инбридингті селекциялық жұмыстың қажетті әдісі деп есептеді.
Генетиктер XX ғасырдың басынан инбридингтің ролі мен маңызы, оның биологиялық мәні жөніндегі мәселені шеше бастады. С. Райт теңіз шошқаларына жүргізген тәжірибелерінде инбредтелген 23 семьяда 20 ұрпақ (буын) бойы ағасы х қарындасы үлгісімен туыстас жұптастыру қолданған. Инбредті 20 ұрпақ (буын) теңіз шошқаларын өсіру барысында 35 аталық іздің 27-сі жойылып кеткен. Қалған аталық іздердің тіршілік қабілеті, тірілей массасы мен өсімталдығы кеміген. Инбредті аталық іздердің жануарларын өзара шағылыстыру ұрпақтың сапасын біраз жақсартуға да себепші болған. Мал тұқымын жақсартуда инбридингті қолдану жөніндегі С. Райт қорытындыларының өте зор маңызы бар. Әдеттегі селекциямен тұқымды генетикалық жақсартудың өте баяу өтетіні мәлім. Инбредті аталық іздерді шығару, кейін оларды өзара будандастыру (аталық іздер кросстары) бастапқы популяцияға қарағанда, едәуір жоғары класты гетерозиготалы популяция алуға мүмкіндік береді. Бұған жай селекция арқылы жету өте қиын. Популяцияны одаң әрі жақсарту бүкіл процесті қайталауды қажет етеді, яғни жаңа инбредті іздерді окшаулауды, оларды будандастыруды және жаңа популяциялар шығару үшін таңдаулы кросстарды сұрыптауды талап етеді. Бірқатар американ ғалымдары инбредті популяцияларда инбридингті 1% арттырудың өзі ғана тауықтардың жұмыртқалағыштығын кемітіп (0,4 жұмыртқаға), олардың балапан-дарының өлім-жітімін арттыратынын (орта есеппен 0,55 пайызға) анықтаған. Глембоцкийдің мағлұматарына қарағанда, қойдың прекос тұқымын инбредтегенде іш тастаған саулықтардың саны туыстас емес малды жұптастырумен салыстырғанда 2 есе көп болған. Инбридингтің ұрпақ қасиеттеріне теріс әсер ететіні ірі қарадан да анықталған. Мәселен, Нильсон-Эле мен Д. Лаш инбредті жануарлардың өсуі бастапқы даму кезеңінде баяу болатынын атап көрсетеді. Лейбен Калифорнияда инбридингті ірі қарада пайдаланудың көп жылдық тәжірибелерінің мағлұматтарына сүйене отырып, инбридинг артуының әрбір пайызына сүттілік 210 фунтқа, ал сүт майы мөлшерінің 0,9 фунтқа кемігенін хабарлайды. О.А. Иванова мен Е.Я. Борисенко инбридингтің сиырлар өсімталдығы мен бұзаулардың тіршілік қабілетіне теріс әсер ететінін анықтаған. Ғалымдардың көптеген жануарларға жүргізген көлемді зерттеулері бірқатар шаруашылыққа пайдалы белгілері нашарлап бара жатқан ұрпақтың қасиеттеріне тығыз инбридингтің теріс әсер ететіні жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Туыстас малды жұптастырудың зиянды әсерін инбредтік депрессия немесе инбредтік дегенерация деп атайды. Белгілі бір тұқымның ішіндегі әр түрлі популяцияларға инбридинг түрліше әсер етеді, инбредтік депрессия дәрежесі әр түрлі болады. Бұл популяцияның бастапқы гетерозиготалылығының түрліше болуына байланысты, өйткені ол жануарлардың жоғары тіршілік қабілетін, өнімділігін және мықты дене бітімін қамтамасыз етеді. Шошқа, жылқы және құс инбридингтің зиянды зардаптарынан күшті зиян шегеді. Кезінде Ч. Дарвин өзінің 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізген бақылаулары мен тәжірибелерінің негізінде тіршіліктің ұлы заңын тұжырымдады. Бұл заң бойынша бүкіл жандының бәрі өздерімен қандық туыстығы жоқ дарақтармен кездейсоқ будандасудан пайда табады, ал ұзаққа созылатын туыстастардың жұптасуы зиян келтіреді.
Ч. Дарвин туыстас жануарлардың жыныс клеткаларының өте ұқсастығы инбридингтің зиян келтіруінің басты себебі деп есептеді. Мұндай ұқсас жыныс клеткаларының қосылуынан организмнің қоршаған ортадағы өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуін тарылтатын жұтаң тұқым қуалаушылық пайда болады. Туыстас жануарлардың жыныс клеткаларының жеткілікті дәрежеде әр түрлі сапада болмауы - инбредтік депрессияның (Дарвин бойынша) негізгі себебі. Осы заманғы генетика тұрғысынан қарағанда туыстас малды жұптастырудың зиянды әсер ету себебі инбредті жануарларда гомозиготалылықтың өсуі болып табылады. Генетиктер организмде өлімге душар ететін гендердің болатынын және олардың, әдетте рецессивті күйде кездесетінін анықтады. Инбридинг кезінде гомозиготалылықтың күрт артуына байланысты мұндай гендердің гомозиготалы күйге өту мүмкіндігі де артады, ал бұл инбредті жануарларда ауытқушылықтың тууына себепші болады. Инбридинг кезіндегі гомозиготалық тіршілік қабілеті төмен рецессивті гомозиготалардың пайда болуына, гетерозиготалардың жиілігінің кемуіне (бұл организмнің тіршілік қабілетін айтарлықтай кемітеді), гендер комбинациясының өзгеруіне ұштасады.
Әр түрлі авторлардың мағлұматтарын қорыта келе, ірі қарада инбридинг кезінде 40-тан астам гомозиготалы летальды, кемістіктері мен ауытқушылықтары -- тұқым қуалайтын кариотиптері кездеседі деуге болады. Біздің асыл тұқымды мал табындарымызды бұлардан тазарту қажет. Сиырларда олардың көбею қабілеті мен өсімталдығына әсер ететін, туа біткен 23 кемістік табылған. Инбредті аталықтарды қарқынды пайдаланудан табын мен тұқымдағы рецессивті летальдардың тез таралуы мүмкін. Мәселен Е.К. Меркурьеваның хабарлауынша, Швецияға Нидерландыдан әкелінген Дольф атты голштин бұқасы жүнсіздік генін таратушы болған, ал А100 - А - 48 остфриз бұқасы бұзаулаудың аяқсыз туатын генін таратқан. Бұл аталықтар асыл тұқымды табындарға көптеген зиян келтірді. Инбридинг кезінде көбіне жануарлардың тіршілік қабілеті мен олардың өнімділік артықшылықтары үшін аса маңызды болып табылатын аллельдердің жойылуы байқалады. Олардың жоқтығы да инбредті депрессияның себебі болуы мүмкін.
Инбридинг кезіндегі биологиялық процестер тұқым қуалаушылық үшін ізсіз өтпейді, олар оны өзгертеді. Алайда мұндай өзгерістерді организмнің бір жақты зақымдалуы ретінде қарастыруға болмайды. Бұл өзгерістер организмді тіршілік процестері өтетін басқаша жағдайларға қояды, организм олармен әрекеттесіп, жеңіп шығуға тырысады. Егер ол жеңіп шықса, онда тұқым қуалаушылықта жаңа белгі пайда болады. Инбридингте жаңа белгілердің пайда болуы тек мутациялардың есебінен жүзеге асады. Инбридингтің әсерімен организмде терең анатомиялық-физиологиялық қайта құру жүреді, ол организмнің қарсы тұра алушылығы мен өсімталдығын кемітіп, ұрпақтың ұсақтауына себепші болады (43-сурет).
Қазіргі кезде, қолдан ұрықтандыру, ең таңдаулы аталық-тардың спермаларын ұзақ сақтау, зиготалар трансплантациясы қолданылып отырған жағдайда стихиялы, яғни бақылаусыз инбридингтің қаупі артып отыр.
Туыстас малды шағылыстырудың негізгі мақсаты - белгілі бір аса көрнекті ата-тектің нақты белгілері бойынша тұқым қуалайтын ерекшеліктерін сақтау. Инбридинг мақсатты түрде және белгілі бір, өте мол өнімді жануарды пайдалануда ғана жүргізілуі тиіс.
Мал шежіресі бойынша инбридинг дәрежесін анықтау. Біртекті жұп таңдаудың ең жоғары сатысы инбридинг, яғни туыстастарды шағылыстыру. Инбридингтің биологиялық салдары өте күрделі және ол әлі толық зерттеліп болмаған құбылыс. Дегенмен ата-енесінің жақсы қасиеттері берік сақталған және тұқымдық қасиеттері өте жоғары жекелеген ұрпақ алудың қазіргі уақытта сенімді жолы инбридингті пайдалану болып есептеледі. Сондықтан, кез-келген сұрыпталатын немесе таңдап алған малдың ата-енесінің туыстық арақатынасын біліп, қолданылған шағылыстырудың түрін (ин-бридинг пе, аутбридинг пе) анықтаудың маңызы үлкен.
Кез-келген малдың алыну жолында инбридинг болған-болмағанын оның шежіресі бойынша тез де оңай анықтауға болады. Ол үшін, әуелі шежіреде енесі жағынан да, әкесі жағынан да қайталанып кездесетін ата-бабаның бар-жоғын анықтау қажет. Егер екі жақта да кездесетін ата-баба болса, онда тексеріліп отырған малдың ата-енесі бір-бірімен туыстас бол-атыны, яғни оның туыстас малды шағылыстыру (инбридинг) арқылы алынғанының дәлелі.
Инбридингтің жағымды немесе жағымсыз, зиянды әсерінің білінуі шағылыстырып отырған қандас малдың туыстық дәрежесіне байланысты. Сондықтан екі малдың бір-біріне туыстық дәрежесін және инбридинг коэффициентін анықтайтын бірнеше тәсілдер қолданылады.
Селекция тәжірибесінде инбридингті жіктеу үшін Шапоруж бен Пуш тәсілі жиі қолданылады. Шапоруж шежіреде әрі ата, әрі ене жағында кездесетін, яғни ортақ ата-тек орналасқан шежіре қатарының реттік нөмірін рим цифрларымен және арасына сызықша салып көрсетуді ұсынды. Ата-баба қатарының реттік санын санау пробандтан басталады, яғни әке мен ене қатары бірінші (I), аталар мен әжелер қатары екінші (II) деп, әрі қарай кете береді. Мұнда, әуелі ортақ атаның ене жағындағы орналасқан қатарлары жазылады да, сызықша қойылады. Сызықшадан кейін ортақ атаның шежіреде әке жағынан орналасқан қатарларының реттік саны көрсетіледі. Мысалы II -- III деген жазу, ортақ атаның шежіренің ене жағындағы екінші қатарда, ал әке жағынан үшінші қатарда орналасқанын көрсетеді; немесе II, IV -- III деп жазылса, онда ортақ ата -- енесі жағынан екі рет -- екінші және төртінші қатарларда, ал әке жағынан -- үшінші қатарда орналасқандығын көрсетеді.
Пуш пен Шапоруж тәсілін пайдалану арқылы инбридинг дәрежесін жіктеудің төмендегі жүйесі ұсынылады (50 - кесте).
Сонымен, мал шежіресіне талдау жасаған уақытта алдымен ондағы қайталанатын (бірнеше рет кездесетін) ортақ ата-тек орналасқан шежіре қатарының реттік санына қарап, инбридинг дәрежесін анықтау қажет. Себебі инбридингтің генетикалық әсері шағылыстырылған мал туыстығының алыс-жақындығына тікелей байланысты.
Кесте 50 - Инбридинг дәрежесін жіктеу
Инбридинг түрлері А.Шапоруж тәсілі бойынша белгілеу
І.Өте жоғары дәрежелі инбридинг II - II (бір ата немесе бір енеден туғандарды шағылыстыру, қарындасы-ағасы)
I - II (енесі мен баласын шағылыстыру)
ІІ - І (қызы мен әкесін шағылыстыру)
2.Жақын инбридинг I - III (әжесі мен немересі),
III - I (немересі мен атасы)
II - III, III - II, III - III (немере туыстар)
3.Орташа инбридинг III - IV, IV - III, IV - IV (ортақ ата-баба үшінші және төртінші қатарларда кездесетін туыстар)
4.Шалғай инбридинг V - IV, IV-V, V-V, V-IV (пробандтың төртінші, бесінші, алтыншы атасынан қосылатын туыстас малды шағылыстыру)
51-кестеде келтірілген қошқар шежіресі бойынша инбридинг дәрежесін анықтап көрейік.
Кесте 51 - №72142 Қошқар
Е Ә
ее еә 96018 әе әә
еее ееә еәе еәә әее әеә 96018 әәе әәә 96018
№72142 қошқар бір-бірімен туыстас саулық пен қошқарды шағылыстыру арқылы алынған. Себебі оның шежіресінде әрі енесі, әрі әкесі жағынан да кездесетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инбридинг және аутбридинг
Саналы сұрыптау
Селекция құбылысы
Мал шежіресі бойынша инбридинг дәрежесін анықтау
Өсімдіктер, жануарлар мен микроағзалар селекциясы. Селекцияның генетикалық негіздері
Генетика және селекция
Гетерозис, оны өсімдіктер селекциясы тәжірибесінде пайдалану жолдары
Адамдағы тұқым қуалау түрлері
Туыстас малдарды шағылыстыру
Инбридинг, инбредті депрессия және гетерозис
Пәндер