Ірі кара малын сою және терісін сыпыру, былғары және тондық-мех шикізатын дайындау


I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Ірі кара малын сою және терісін сыпыру
2. Былғары және тондық.мех шикізатын дайындау
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебеттер тізімі
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы дамыған мемлекеттердің қатарында десек, артық болмас.Елімізде көптеген өнеркәсіп орындары, көптеген шаруашылық түрлері бар.Солардың ішіндегі шаруашылықтың негізгі түрлерінің бірі- мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының көптеген түрлері бар және бәрі де біз үшін, еліміз үшін өте маңызды. Олардан әр түрлі өнімдер алынады.
Осыған байланысты елімізде мал сою әдістері мен олардан алынатын өнімдерді өңдеуге көп көңіл бөлініп отыр. Сонымен қатар, жабайы аңдардың терісін сыпыру әдістері мен өңдеудіде білу керек.
1. Садықұлов Т. С., Бексеитов Т. К. Мал өсіру және селекция. – Павлодар, 2009. –375 б.
2. Төреханов.А.Ә. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. Найманов Д.Қ., Жазылбеков Н.Ә., Ірі қара шаруашылығы.Алматы, 2006
3. Абанова М.Н. мал азықтандыру практикумы.- Алматы, 2007-215 бет.
4. Нұрғазы Қ.Ш. Мал шаруашылығы: оқулық – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2012-400 бет.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 5 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ірі кара малын сою және терісін сыпыру, Былғары және тондық-мех шикізатын дайындау

Тексерген: Қорабаев Ж.З
Орындаған: Мамырбек Б

Семей - 2015
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Ірі кара малын сою және терісін сыпыру
2. Былғары және тондық-мех шикізатын дайындау
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы дамыған мемлекеттердің қатарында десек, артық болмас.Елімізде көптеген өнеркәсіп орындары, көптеген шаруашылық түрлері бар.Солардың ішіндегі шаруашылықтың негізгі түрлерінің бірі- мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының көптеген түрлері бар және бәрі де біз үшін, еліміз үшін өте маңызды. Олардан әр түрлі өнімдер алынады.
Осыған байланысты елімізде мал сою әдістері мен олардан алынатын өнімдерді өңдеуге көп көңіл бөлініп отыр. Сонымен қатар, жабайы аңдардың терісін сыпыру әдістері мен өңдеудіде білу керек.

Ірі кара малын сою және терісін сыпыру
Ірі қара малын сою тек ветеринарлық тексеруден кейін жүргізіледі. Мал соятын және ұшаны бөлшектеу орыны таза болуы тиіс. Малды сояр алдында азыктандырмайды.
Ірі қара, қой мен ешкіні - 24 сағат, шошқа -12, қоян -18 сағат аш ұсталынады. Сояр алдында су ішуді шектемейді және лизунец түзы беріледі. Союға 2-3 сағат қалғанда суаруды тоқтады. Союға түскен мал таза болуы тиіс.
Жылқыларды қосымша көздерін жауып тастайды. Сойылатын малды мойнынан немесе мүйізінен байлап, бекітетін жерге жақындап шынжыр немесе арқан жіп көмегімен басынан ұрып, талдырады да, жердегі темір сақинаға байлайды. Малды тағыда ұрады, ұратын зат 2 кг салмақтағы ағаш болға, сабының ұзындығы 1 м болады. Есінен тандырғаннан соң, малды қансыздандырады. Ірі қара малын мойынның орта тұсынан 20-30 см кеудемен біріктіретін жерге дейін ұзына бойына тіледі. Содан кейін трахеядан өңешті ажыратып, ұша бұлғанбас үшін оны жіппен байлап қосады. Одан соң, терінің кесілген жоғарғы жағындағы ұйқы артериясы мен күре тамырды тіледі. Тамақтан ағып тұрған қанды аз айналымды чандарға жинайды. Ірі кара малды қансыздандыру 8-10 минут жүреді. Ірі кара мал ұшасынан теріні түсіру белгілі бір ретпен жүреді. Малды сойғанда, басынан бастайды, кұлактарын кеседі, одан кейін ерін мен танау айналасынан сақина тәрізді қиық жасайды. Он жақ танаудағы сақинаны қиық оң жақ көзбен жалғасып, оң жақ мүйізі мен желке сүйегі арқылы сол жақ мүйізбен құлаққа дейін кесіледі. Одан кейін терінің негізгі қиығы барлық ұшаны бойлай мойынның орта сызығынан, кеуде, қарын және құйрықтың ішкі жағына дейін жүргізіледі.
Ұсақ мүйізді малдар мен шошқаларды қосымша естен тандырмай-ақ сояды. Егер қой мен ешкіні және шошқаны артқы аяқтарынан байлап, жоғары көтеріп қойса, қансыздандыруды жүргізу оңайға түседі. Шошқаларды қансыздандыру, мойнының төменгі бөлігіне, кеуде тұсына пышақты сұғып алу арқылы жүргізіледі. Шошқа қансыздануы 6-8 мин созылады. Теріні сыпыру келесідей тәртіппен жүргізіледі: теріні белгілі бір сызыкпен тілу, теріні сыпыру басынан, аяғына дейін, яғни, мойын, кеуде, қарын, арқа бөліктерімен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта аңдарды аздаған әдістермен сояды. Онда ең бастысы терінің, тауарлық қасиетіне шығынды аз келтіретін және ет сапасын төмендетпейтін әдісті таңдайды. Көбінесе табиғатта жүрген аңдарды аулау және сою, қарумен атып алу, иттерді пайдалану арқылы. Теріні сыпыру үш әдіс арқылы жүргізіледі: пласт пен немесе жазылған қарынды кесу арқылы; домалақ түрінде - түтікпен, яғни, құйрық жағы анық, ал домалақ түрінде -шүлық тәрізді (чулком), яғни құйрық жағы (огузок) жабық болады.
Жайылған күйінде теріні сыпырганда үш жерден тіледі. Бірінші. астыңғы еріннің ортасынан, тамак сызығы ортасынан және қарын тұсынан аналь тесігіне дейін кеседі. Теріні сыпырғанда құрсақ қуысын кесіп алмау керек. Екінші, алдыңғы аяқ табандарынан кеудесіне дейін кесіледі. Үшінші, артқы бір аяғының табанынан ішкі жағымен аналь тесігіне дейін, одан екінші аяғы табанына дейін кеседі де, ұшадан теріні бөліп алады.
Көпшілік аңдардың терісін түтікпеп шешеді: тиін, қасқыр, выдра, қояндар, куницалар, түлкілер, ондатралар, норка, нутрийлер, соболь. кролик және т.б. Теріні сыпыруды артқы аяқ табандарынан, артқы жамбас бөлігі арқылы аналь тесігіне дейін және басқа аяқ табандарын бойлай кеседі. Артқы аяғынан теріні абайлап, бөліп алып, аяқтарынан асып қояды да, күйрығындағы омыртқа мен бұлшық еттен жұлқып немесе құйрық бөлігінің төменгі жағына қарай ортаншы сызықтан кесу аркылы жүргізіледі, одан кейін теріні құйрығынағ басына қарай тартып шешеді.
Теріні шқлықпен шешу, шаш жабыны, аң, ұсақ малдар үшін қолайлы. Бұл әдісте теріні ешқандай да зақымдамайды. Теріні сыпыруды ерін айналасынан тіс еттерін (десна) өткір пышақпен кесуден бастайды.

Былғары және тондық-мех шикізатын дайындау
Дайындық процесі - жібіту, мездрение, золение, сгонка, обеззаоливание, мягчение және пикелевание. Отмока -- шикізаттағы әртүрлі заттардан, кір және қаннан тазарту мақсатында суға салу. Огмокадан кейін тері жағдайы жақсарады ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Былғары және тондық- мех тері шикізатының түрлері
Былғары және мех технологиясы
Былғары және мех өңдеу технологиясы
Терінің тауарлық қасиетінің қалыптасуына әсер ететін факторлар. Былғары және тондық – мех тері шикізатының түрлері
Былғары шикізатын сақтау
Былғары және мех шикізатының тағайындалуы
Кезегіне 40 дана тондық қой терісін өңдіретін цехті жобалау
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
Мех өңдеу технологиясы оқу құралы
Тері шикізатын өндіру жайында
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь