Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының

Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті.

БӨЖ

Тақырыбы : Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері

Тобы: АГ-­413

Орындаған: Мұратбек Алтынай

Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.

Семей 2015ж

Жоспар

I. Кіріспе:

1. Шу және адам организміне әсері.

2. Діріл және адам организміне әсері.

II. Негізгі бөлім

  1. Жайтартқыштарды есептеу.
  2. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері

III. Қортынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Өндірістік құрылғыларды іске қосу, жұмысшыларының денсаулығына жағымсыз әсер көрсететін шу мен діріл қаттар жүреді. Еңбек қауіпсіздігі көзқарасыннан шу мен діріл, өндірісте кеңінен таралған зиянды өндірістік фактр болып саналады.

Адамды қоршаған ортадағы шу көптеген және түрлі көздерден пайда болады. Олардың негіздеріне: транспор құралдары, желдету, газтурбиналық және компрессорлы қондырғылар, авияциялық қозғалтқыштар және ішкі жану қозғалтқыштары сынақтан өткізу стансалар, түрлі аэродинамикалық қондырғылар жатады. шудың жоғары деңгейі тұрғын ұйлерде, мектептерде, ауруханаларда, демалыс орындарындарында, т. б. болады да, нәтижесінде жүйке жүйелерінің ауыртпалығының артуына, демалыс тиімділігінің төмендеуіне, аурушаңдықтың артуына әкеліп соғады. Егер тиісті іс- шаралар қолданылмаса, онда бұл жағдайларға оның әсері шудың деңгейлі мөлшерленген мәнінен айтарлықтай жоғарлап кетуі мүмкін.

Шу - ортаның механикалық тербелісі. Шу деп кез келген жағымсыз дыбысты немесе оганизмге қолайсыз әсер көрсететін, жұмыс істеуге және демалуға кедергі жасайтын түрлі жиіліктегі және қарқындылығы түрлі болатын ретсіз құралатын дыбыстар жиынтығы. Қалыпты еститін адам қабылдайтын 16 Гц - 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер дыбыстық, 16 Гц-тен төмен - инфрадыбыс, 20 кГц-тен жоғары - ультрабыс деп аталады. Шудың әесрінен кәсіптік кереңдік дамиды және организмнің басқа да жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері бар.

Шу көздері және олардың дыбыс деңгейі

Шу көзі
Дыбыс деңгей, дБ
Шу көзі: 1
Дыбыс деңгей, дБ: 2
Шу көзі: Қалыпты тыныс алу
Дыбыс деңгей, дБ: 10
Шу көзі: Жапырақтар сыбдыры
Дыбыс деңгей, дБ: 20
Шу көзі: сөйлесу
Дыбыс деңгей, дБ: 30
Шу көзі: Ұй ішіндегі күндізгі шу
Дыбыс деңгей, дБ: 40
Шу көзі: Орташа дауысты радио
Дыбыс деңгей, дБ: 50
Шу көзі: 10 м қашықтықта жұмыс істеп тұрған автокөлік, шаңсорғыш
Дыбыс деңгей, дБ: 60
Шу көзі: Қарбаласты көше
Дыбыс деңгей, дБ: 70
Шу көзі: Көпір бойымен теміржол көлігінің қозғалысы
Дыбыс деңгей, дБ: 80
Шу көзі: Мотоцикл
Дыбыс деңгей, дБ: 90
Шу көзі: Вагон ішіндегі, цехтағы, дискотедағы шу
Дыбыс деңгей, дБ: 100
Шу көзі: Найзағай
Дыбыс деңгей, дБ: 110
Шу көзі: 100 м қашықтықтағы ұшақ
Дыбыс деңгей, дБ: 120
Шу көзі: Дабыл, сирена
Дыбыс деңгей, дБ: 140

Дыбыс толқыны тербелу периодымен, тербелу жиілігімен және тербелу амплитудасымен сипатталады. Шуды гигиеналық нормалау үшін 20 Гц-тен 11000 Гц-ке дейінгі дыбыс диапазонын пайдаланады. Оған орташа геометриялық жиіліктері 31, 5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц болатын 9 белсенді жолақ кіреді.

Шу децибелмен (дБ) - дыбыс қысымының логарифмдік бірліктерімен өлшенеді. 2*10 -5 Па тең болатын дыбыс қысымына нөл децибел сәйкес келеді. Стресс факторы ретінде әсер ете отырып шу орталық жүйке жүйесінің реактивтілігінің өзгеруін туғазады, соның салдарынан адамның органдары мен жүйелерін реттеуші функцияларының бұзылыстары болады. «Шу ауруы» - негізінен есту органы, орталық жүйке және тамыр жүйелері зақымдалатын, ұзақ уақыт қарқынды шудың әсерінен дамитын организмнің жалпы ауруы.

Шулар кең жолақты және тоналды, тұрақты, тұрақсыз және импульсивті болып бөлінеді.

Гигиеналық бағалау үшін жұмыс орнындағы тұрақты шудың сипаттамасы дБА-мен көсретілген шудың деңгейі және орташа геометриялық жиіліктері 31; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000 и 8000 Гц болатын октавалық жолақтардағы дыбыс қысымдарының деңгейлері болып табылады. Тұрақсыз шудың сипаттамасы дБА-мен көсретілген шудың деңгейлері, дБА-мен көсретілген шудың эквивалентті деңгейлері және дБА-мен көсретілген шудың максималды деңгейі болып табылады. Импульсты шудың сипаттамасы дБАS-мен көсретілген шудың деңгейі, дБА-мен көсретілген шудың эквивалентті деңгейі және дБАІ-мен көсретілген шудың максималды деңгейі болып табылады. Мұндағы дБАS, дБАI - сәйкесінше, «А» жиілік коррекциясында және шумомердің «баяу» және «импульс» уақыт сипаттамасында өлшенген дыбыс деңгейлері.

Шудан қорғану құралдары мен әдістері акустикалық, сәулет-жоспарлау және ұйымдастыру техникалық болып бөлінедә. Жеке басты қорғау құралдарына наушниктер, вкладыштар, шлемдер, каскалар мен костюмдер жатады. Туындау көзіне байланысты шу төмендегідей бөлінеді.

-Механикалық-станоктар шуы, іштен жану қозғалтқыштарының шуы.

-Соққы түрі-темірді соққандағы, шегелегендегі.

-Аэродинамикалық-газдардың шығуы кезінде.

-Гидравликалық-сұйықтар қозғалысы кезінде.

Адам организміне физиологиялық әсеріне байланысты шулар тербеліс жиілігіне, тербеліс ендігіне, қарқындылығына және әсер ету уақытына байланысты жіктеледі.

Жиілігіне байланысты:

Төмен жиіліктегі, Орташа жиіліктегі, Жоғарғы жиіліктегі

Спектр ендігі бойынша:

Тар ендіктегі шу, Кең ендіктегі шу.

Қарқынының өзгерісіне байланысты:

Импульстік шу, Тұрақты шу.

Әсер ету уақытына байланысты:

Қысқа уақыт әсер ететін шу, Ұзақ уақыт әсер ететін

Адам организміне зияны көп шулар-бұл жоғарғы жиіліктегі, тар ендіктегі, импульстік және ұзақ уақыт әсер ететін шулар.

Шудың адам организміне әсері.

Көп уақыт әсер еткен шудың есту органдарына жүктеме түседі, еңбеккердің бейқамдығын арттырады, бұл дегеніміз ескерту белгілеріне жауап реакциясын төмендетіп, қатерге ұрыну мүмкіндігін арттырады. Шу нерв жүйесі, жүйке аурулары, жүрек қан-тамыр ауруларына әкеліп соғады, адамның ұйқысы қашып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Өте жоғары дәрежедегі шудан адам саңырау болып қалады, бүкіл ағзасын ауруға әкелетін шу сырқатына әкеліп соқтырады.

Діріл - серпімді байламдары бар ортаның тербеліс қозғалыстары. Оператор-адамға берілу тәсілі бойынша жергілікті және жалпы дірілді ажыратады. Спектр сипаттамасы бойынша тар жолақты және кең жолақты дірілді, жиілік құрамы бойынша төмен жиілікті (негізінен 8-16 Гц октавалық жолақтағы максималды деңгейлер), орташа жиілікті (31, 5 және 63 Гц), жоғары жиілікті (125, 250, 500 и 1000 Гц - жергілікті діріл үшін; жұмыс орындарының дірілі үшін 1 және 4 Гц, 8 және 16 Гц, 31, 5 және 63 Гц) дірілді ажыратады. Уақыт сипаттамалары бойынша діріл жылдамдығының өзгерісі 1 мин кем емес бақылау уақытында 2 еседен аспайтын (6 дБ-ге) тұрақты дірілді, және, діріл жылдамдығының өзгерісі 1 мин кем емес бақылау уақытында 2 еседен асатын (6 дБ-ге) тұрақсыз дірілді ажыратыды.

Тұрақсыз діріл уақыт ішінде тербелетін - үздікті және импульсытға бөлінеді. Дірілдің көзі - соққымен әеср ететін аспаптар, соққылы-айналмалы машиналар, айналмалы әсерлі механикаландырылған қол машиналары.

Жалпы діріл транспорттық, транспортты-технологиялық және технологиялық болып бөлінеді.

Діріл организмге әсер еткенде діріл ауруы пайда болады. Жергілікті діріл әсерінен болатын тамыр бұзылыстары мен полижүйкелік симптомдары айқын діріл ауруының маңызы үлкен.

Дірілді өлшеуде виброметрлер қолданылады (ШВК-1, ВМ-1, ВШВ-ООЗ) .

Дірілдің организмге қолайсыз әсерін болдырмау шараларына техникалық шаралар, тиімдің жұмыс тәртібін енгізу, жеке басты қорғау құралдарын қолдану, емдік-алдын алу шаралары жатады.

Дірілдің салыстырмалы жылдамдық дәрежесі және салыстырмалы үдеуі дәрежесі децибелмен беріліп, төмендегі формуламен анықталады:

L υ =20 lg υ/5*10 -8 ; L a =20 lg a/3*10 -4 ;

мұндағы 5*10 -8 м/с тербеліс жылдамдығының ең төменгі (0) деңгейі.

3*10 -4 -тербеліс үдеуінің ең төменгі деңгейі м/сек 2 .

Организмге берілуіне байланысты, діріл: жергілікті-қол машиналарымен жұмыс кезінде, машинаның басқару тетіктері арқылы қолға берілетін және жалпылама-адамның отырған немесе тұрған жері арқылы берілетіндері болып бөлінеді.

Жалпылама дәріл үш дәрежеге бөлінеді.

І дәреже-транспорттық діріл, ІІ дәреже-технологиялық-транспорттық, ІІІ дәреже-технологиялық діріл.

Аз қарқындағы жергілікті дірілдің организмге пайдасы да бар (медицинада) . Ал діріл қарқыны өскен сайын зияны артып патологиялық өзгерістерге-діріл ауруларына әкеп соғады. Төменгі жиіліктегі (35 Гц дейін) діріл нерв-булшық ет, қозғалыс аппараттарының патологиясына әкеледі. (Қолдың, нерв тамырларының бұзылуы, терінің сезгіштігінің төмендеуін, сүйектер мен буындардың микрожарақаттары, сүйектерде пайда болатын бұлтықтар т. с. с. ) .

Төменгі жиіліктегі жалпы діріл іш құрылыс органдарының қозғалуына, олардың булшық еттерінің өзгеруіне, омыртқаның жүктемесіне, нерв жүйесі жұмысына әсер етеді.

Ішкі органдарға дірілдің әсері, ағза мүшелерінің жиілігінің өзгеруіне әсер етеді (адамның денесінің жалпы жиілігі 6 Гц, ішкі органдар жиілігі 8 Гц, бастың жиілігі-25 Гц, орталық нерв жүйесі 250 Гц) .

Дірілдің адам организміне әсері.

Дірілдің тербелу амплитудасы, мм
Діріл жиілігі, Гц
Әсер ету нәтижесі
Дірілдің тербелу амплитудасы, мм: 0, 015 дейін
Діріл жиілігі, Гц: түрлі
Әсер ету нәтижесі: Адам ағзасына әсер етпейді
Дірілдің тербелу амплитудасы, мм: 0, 016-0, 050
Діріл жиілігі, Гц: 40-50
Әсер ету нәтижесі: Депрессия, жүйкенің қозуы
Дірілдің тербелу амплитудасы, мм: 0, 051-0, 100
Діріл жиілігі, Гц: 40-50
Әсер ету нәтижесі: Орталық жүйке жүйесіндегі, жүректегі, дыбыс ағзаларындағы өзгерістер
Дірілдің тербелу амплитудасы, мм: 0, 101-0, 300
Діріл жиілігі, Гц: 50-150
Әсер ету нәтижесі: Ауру туындайды
Дірілдің тербелу амплитудасы, мм: 0, 101-0, 300
Діріл жиілігі, Гц: 150-250
Әсер ету нәтижесі: Ауру туындайды

Шу мен дірілдің әсерін азайту шаралары:

1) Шу мен дірілді пайда болған жерінде жою.

а) техникалық үрдістегі шу, дірілді көп беретін машиналарды шу, дірілі аз машиналарға ауыстыру.

б) машина детальдары арасындағы саңылауды реттеу.

с) машина құрылысына шу, діріл шығармайтын материалдарды пайдалану.

2) Шу мен дірілді олардың таралу жолында жою.

а) Машинаның шулы бөліктерін құндақтау, қоршау, оқшаулау.

б) Шуды азайту үшін жұтқыш қалқандарды пайдалану (экрандау) .

3) Жеке басты қорғау құрал-жабдықты пайдалану.

4) Санитарлық және ұйымдастыру шараларын ойластыру (Мекеме жұмыс орындарына санитарлық қорғау аймақтарын жасау, шулы машиналарды оқшаулау, адамның шулы, діріл мөлшері көп жерлерде болуын азайту т. с. с. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы мәлімет
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері туралы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу туралы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері 2. статикалық электр тоғы. жайтартқыштарды есептеу 3. электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Шу мен дірілдің,ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. статикалық электр тоғы. жайтартқыштарды есептеу. электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz