Мемлекеттің ақша-несие саясаты бойынша ақпарат



1. Мемлекеттің ақша.несие саясаты
2. ҚР.ның бюджет.салық саясаты
3. ҚР.ның әлеумет
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:
Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейту-мен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (бұдан әрі — АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.
1. Жалпы экономикалық теория
2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономика-ның дамуы. – Алматы, 1998 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған: Тоқтағунова Ш.М
Топ: ПХ-415
Тексерген: Габдуллина Л.Б

Семей

Жоспар:
1. Мемлекеттің ақша-несие саясаты
2. ҚР-ның бюджет-салық саясаты
3. ҚР-ның әлеумет

1.Мемлекеттің ақша-несие саясаты
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты -- бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі -- Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:
Рестрикциялық ақша-несие саясаты -- екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты -- несие беру көлемін кеңейту-мен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (бұдан әрі -- АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.
АНС-ның мақсаты -- инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):
* несиенің бағасын (Р -- сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;
* коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.
* Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):
* ашық нарықтағы операциялар;
* міндетті резервтік талаптар;
* несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
* ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
* ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;
* РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
* овернайт займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
* овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
* банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ашық нарықтағы оперяциялар -- бұл Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасының келемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары. Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің етімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.
Ұлттык Банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шыға- руды ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.
Айналыстағы акша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің кысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және диллерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының конънктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарына сай аукционға қатысушылардың өтініштерін қанағаттандыруға құқылы.
Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.
Ұлттық Банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады жөне ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осындай теріс салдарларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі стирилизациялау құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артықақшаны айналыстан алып отырды.

2.ҚР-ның бюджет-салық саясаты

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынас-тарға және тиiстi құқықтық нормаларға негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi. Бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуi бюжеттердiң әртүрлi денгейiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен сондай-ақ респубикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi.
Бюджеттiк процес мемлекеттiк кiрiстерi мен шығыстарын баланстайды, теңдестiредi. Бiрақ қазiргi кезде барлық елдерде дерлiк мемлекеттiң шығыстары, оның кiрiстерi мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себебептерi көп, олардың iшiндегi ең бастылары өмiрдiң сан түрлi салаларындағы мемлекет рөлiнiң үздiксiз артуы, оның экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң кеңеюi, мемлекет аппараттары көлемiнiң өсуi және тағы басқа себептер. Бюджеттiк шығындардың көбеюi салық түсiмдерiмен сәйкес келмейдi, сондықтан бюджеттiң тапшылығы үздiксiз өсiп, оның көлемi ұлғаяды. Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттерде абсоллюттi мөлшерi бойынша да жалпы ұлттық өнiмнiң қатынасынан да артық көрiнедi.
Мемлекеттiк бюджеттiң тұрақты тапшылығының негiзiнде көптеген сабептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетiлген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюiне байланысты. Артық өндiрудiң кезеңдiк дағдарыстары кезiнде бюджетке түсетiн салықтар азаяды. Бюджеттiк тапшылық мемлекеттiк қаржылардың терең сәйкессiздiгiнiң салдары. Сонымен қатар, олар ақша айналысының айтарлықтай берекесiздiгiмен де байланысты.
Бюджеттiк тапшылықтарды реттеу қазiргi мемлекеттiң экономика саласындағы ең күрделi проблемасына айналды. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау кезiнде бақыаудың мынандай үлгiлерi пайдаланады:
* сәйкестiктi бақылау - бақылац обьектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;
* қаржылық есептiлiктi бақылау- бақылау обьектiсiнiң қаржылық есептiлiктiлiктi жасауы мен беруiнiң дұрыстығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
* тиiмдiлiктi бақылау - бақылау обьектiсiнiң бюджеттiк бағдарламаны оның паспортына сәйкес атқаруын бағалау.
Мемлекеттiк бюджеттiк түсiмдерiң соңғы жылдарда артық орындалғанымен оның iшiнде мүлiк, көлiк құралдар салықтары толығымен орындалмаған. Мүлiк және көлiк құралдар салығының толығымен орындалу үшiн жергiлiктi жердегi мүлiк салығына тартылуға тиiс, барлық мүлiк және көлiк құралдар түгел есепке алынуы тиiс. Жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығының жұмысын жандандыру керек. Барлық заңды және жеке тұлғалардың мүлкi түгелдей осы орталықта тұруы тиiс.
Бұрын соңды салыққа қатысты заңдар бiр жүйеге түсiрiлмегенде оның үстiне аталған салық жүйесiнiң тұгелдей iргетасын қалаудан, яғни бәрiн жаңадан бастадық. Салық заңдарын дайындау, оны қалыптастыру, кез -келген мемлекетте болатын күрделi процесс. Өйткенi, онда қоғамның барлық тобының мүддесiн тепе-тең жағдайда қарастыру талап етiледi. Елiмiздегi салық заңдарының қалыптасуы қоғамдық түпкiлiктi реформалау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несие саясатының түрлері
Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Қаржы нарығы туралы ұғымы
Несие саясатының дамуы
Мемлекеттің ақша несие саясаты. ҚР бюджет-салық саясаты
Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
Аванс туралы түсінік
ҚР банк жүйесі элементтерінің функциялары. Даму жолдары
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Пәндер