Бидай өндіру технологиясы: морфологиясымен танысу, өсу фазасын зерттеу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: Бидай өндіру технологиясы: морфологиясымен танысу, өсу фазасын зерттеу
Орындаған:Абытайова Н. С.
Тексерген: Татенов А. Б.
Топ: ТЖ - 305
Семей қаласы 2015 жыл
Жоспар:
- Кіріспе. Бидайдың жалпы сипаттамасы
- Негізгі бөлімБидай өндіру технологиясыБидайдың морфологиясымен танысуӨсу фазасын зертеу
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бидай адам баласы ежелден пайдаланып келе жатқан ең негізгі дақыл. Ол жер шарында кең тараған, қазір барлық егіліп жүрген ауылшаруашылық дақылдарының, ішінде бірінші орын алады. Бидайдың мұндай кең тарауына, тек соның ғана химиялық құрамында болатын, сумен қосылып сағызға айналатын ақуыздардың болуы.
Осының арқасында бидайдың ұнынан нан, макарон сияқты тағамдар
дайындауға болады. Бидай ұнынан пісірілген нан дәмді, басқа
дақылдардың қара бидайдың, арпаның, жүгерінің ұнынан пісірілген нанға қарағанда өте сіңімді болады. Бидай ақуызының құрамында адам
организміне керекті барлық амин қышқылдары бар. Сондықтан олар
түгелдей ет ақуызына айналады.
Бидайдың егістік көлемі мен оның жалпы түсімі бойынша біздің еліміз жер жүзінде бірінші орын алады. Оның егіс көлемі 70-80 млн га-дан асады. Бұл - басқа егіліп жүрген ауылшаруашылық дақылдарыньщ көлемінің 50 пайызға жуығы.
Бидай дәнді дақылдар тұқымдастығына Тгiticum тегіне жатады, кейде қоңырбас (Роuсеае) тұқымдас деп те атайды.
Дәнді дақылдар тұқымдастығы 500-ге жақын тектерді біріктіреді. Олар үш кіші тұқымдастыққа бөлінеді: Бамбук тұқымдастар, қоңырбас, тұқымдастар - бидай, сұлы, қара бидай, күріш, арпа және басқалар, тары тұқымдастар - тары, қонақ жүгері, жүгері тағы басқалар. Бидай қоңырбас тұқымдастардың ішінде арпа трибасына жатады, кейде бидай трибасы деп атап та жүр. Тгіbus tгіtісеае деп халықаралық ботаникалық номенклатурада аталған. Бұл триба екі кіші текке (подродқа) бөлінеді. Бидай бірінші кіші текке жатады.
1. Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т. б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.
Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы - өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» - будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.
Биіктігі 40 - 130 см, тамыр жүйесі - шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры - күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 - 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы - ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т. б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі.
Бидай тегіне 27 түр кіреді. Оның ішінде ең көп тараған жұмсақ бидай екі түрге бөлінеді: жаздық және күздік бидай. Жаздық бидайды көктемде, күздік бидайды күзде егеді. Күздік бидай қысы жылы оңтүстік аймақтарға ғана егіледі. Ол аймақтарға Украина, Молдова, солтүстік Кавказ, орталық қаратопырақты аудандар, ал Қазакстанда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазакстан және Қызылорда облыстары жатады. Кейінгі кезде солтүстік облыстар үшін қысқа төзімді сорттар шығарылып тарай бастады. Күздік бидай барлық бидай егісі көлемінің 20-25 пайызын ғана алады. Күздік бидай жаздық бидайдан гөрі өнімді көбірек береді және ерте орылып, күзде себіліп, ауылшаруашылық қызметкерлеріне бірқатар жеңілдік жасайды.
Жаздық бидай өте көп тараған, барлык бидай егісінің 75-80 пайызын алады. Әр аймақтың ауа райының жағдайына байланысты әртүрлі қасиеттері бар, өзі аудандасқан облыстарда, өнімді салыстырмалы түрде көп беретін сорттар шығарылған.
Күздік және жаздық бидайлар бірінен-бірі өзінің өсіп-өну кезеңінін ұзақтығы арқылы ерекшеленеді және олардың өсіп-өнуіне керекті сапалық кезеңдері де әртүрлі. Күздік бидай өзінің яровизациялык сатысының өтуіне темен температура (О-(-) 20°С) керек етеді және ол саты көп уақыт (60-90 күн) ішінде өтеді. Ал жаздық бидай болса, бұл сатысын +20°С-қа жақын температурада 5-10 күн ішінде өтеді. Егер күздік бидай көктемде себіле қалса, ол дән байламайды, қысқа дейін өсіп қыстап шығады да, екінші жылы ғана егін береді, ал жаздық бидай күзде себіле калса, ол қыста үсіп кетеді.
Бидайдың түрлері мен түр тармақтары. Жоғарыда көрсетілгендей жержүзінде бидайдың 27 мәдени және жа-байы түрлері тараған. Оның ішінде Қазақстанда жұмсақ және қатты бидай көп тараған. Бұлардың аттары да олардын дәндерінін кұрылысына сай берілген.
Жұмсақ бидай жалаңаш дәнді, 7x2x3=42 немесе гекса-плоидты (гекса - (лат) алты), яғни әртүрлі үш жұп геномды бидай,
Полиплоидтардың бір ерекшеліктері олар табиғат жағдайларына байланысты тез өзгеріп, салыстырмалы түрде өнімді көбірек береді. Оның мысалы ретінде, бидайдың жаздық және күздік түрлерге бөлінуін айтуға болады. Біздің елімізде жұмсақ бидай барлық бидай егісінің 80-90 пайызын құрайды. Мұның ішінде суыққа, қысқа, құрғақшылыкка төзімді көптеген сорттары бар.
Жұмсақ бидайдың масағы екі қатар масақшалардан тұрады. Әр
масақша үш гүл, яғни үш дән салады. Құрғақшылық 1 немесе екі дән ғана жетілуі мүмкін; Масақтары қылтықты да қылтықсыз да болуы мүмкін. Қылтықты масақтардың қылтығы жан-жағына шырап жайылған, масақтан қысқалау келеді. Масағы борпастау болады. Сондықтан әбден піскен кезде төгіліп кетуі мүмкін.
Қатты бидайдың масағы тығыз, қауызы қылтықты, 1 ұзын болып, масақтан жоғары көтеріліп тұрады. Қылтығы жоқ сорттары кездеспейді.
Қатты бидайдың дәні қауыздың ішінде мықты орналасқан. Сондықтан орып-бастырған кезде көбінесе, қауыздың ішінде қалып қояды.
Осы екі негізгіүлелден басқа кездесетін үлеі қос дәнекі бидай екі дәнді, эммер масағында екі қатар ғана дән байланады. Дәні қауызды. Ешқандай аурумен ауырмайды, зиянды жәндіктерге төзімді. Көбінесе, мал азығына пайдаланады. Қауызынан айырып алу өте қиын.
2. Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т. б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.
Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады.
Бидай өзiнiң өсу дәуiрiне қоректiк заттарды бiркелкi қабылдамайды (2-кесте) .
2-кесте. Бидайдың қоректiк
элементтердi пайдалануы, %.
Бұл дақылдың қоректiк заттарды пайдалануы негiзгi үш кезеңнен тұрады. Бiрiншi кезең - тұқым өнгеннен бастап алғашқы жапырақ пайда болу аралығын қамтиды. Бұл кезде ол фосфор элементiн көбiрек пайдаланады, ал азот пен калийдi тұқым құрамындағы сол элементтердiң есебiнен қанағаттандырады. Екiншi кезеңге - алғашқы жапырақ пайда болу мен гүлдеу фазаларының арасы жатады. Бұл кезеңде өсiмдiктiң вегетациялық мүшелерiнiң өсiп-дамуының қарқынды жүруiне байланысты күздiк бидай топырақтан азот, фосфор, калий тағы басқа қоректiк элементтердi барынша көп алады. Үшiншi кезең гүлдеу мен толық пiскенге дейiңгi аралықты қамтиды. Бұл кезде дақылдың вегетативтiк мүшелерiнде жиналған қоректiк заттардың дәнге жылжуы қарқынды жүредi де топырақтан қоректiк заттардың өсiмдiкке өтуi баяулайды немесе тоқталады. Алайда осы аталған қоректену кезеңдерi бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Бидайға берiлетiн минералдық тыңайтқыш мөлшерiн топырақтағы қоректiк заттардың шамасына, жоспарланған өнiм деңгейiне және алғы дақыл ерекшелiктерiне қарай белгiлеудiң маңызы орасан зор. Бидай ылғалмен өте нашар (жылдық жауын-шашын мөлшерi 200-220 мм), орташа (300-400 мм), мол (550-600 мм) қамтамасыз етiлген тәлiмi және суармалы жерлерде өсiрiледi. Әрбiр аймақтың ылғалмен қамтамасыз етiлуiне қарай қолданылатын тыңайтқыштың мөлшерi мен мерзiмi өзгерiп тұрады.
Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне дайындық кезеңінде республиканың дән мен оның өңделген өнімдерін тасымалдаушы сыртқы сауда серіктесі ретіндегі беделін көтерудің маңызы зор. Жоғары сапалы жыл сайынғы тұрақты дән өндірісі өзіндік азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, Қазақстанның тиісті халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін дән өндірушілері мен экспорттаушылардың қатарына енгізуіне мүмкіндік береді. Біздің республикадан шығарылатын жыл сайынғы бидай экспорты 3. 2-6. 0 млн. теңгені құрайды. Батыс Қазақстанның шөлейтті зона жағдайларында жергілікті климатқа бейімделген сорттардың болмауы күздік бидайдың дән өндірісін арттыруға қолбайлау болып тұрғаны белгілі. Күздік бидайдың аудандастырылған сорттарының түсімділігін жүзеге асыру, өнімділік, дәннің сапасы, суыққа төзімділік, қуаңшылыққа төзімділік және ауруларға қарсы тұрушылық сияқты бір- бірімен үйлесуі қиын белгілерді ұштастыру жағынан да кемшіліктері бар.
3. Күздік бидайдың вегетация мерзімі екі өсу циклынан тұрады, олардың арасы біршама уақытты құрайды. Біріншісі күзде түседі - егістен бірінші суыққа дейін, екіншісі ерте көктемде басталады. Бұл екі мерзімнің арасында мәжбүрлі тыныштық күйі орын алады. Күздік бидайдың вегетациясының ұзақтығы түсімділіктің ауа райы жағдайларына тәуелді болуына алып келеді. 2011 жылғы күздің ауа райы жағдайлары күздік дақылдардың өсуі мен дамуы үшін қолайлы болды, алайда температураның 5 қарашадан бастап күрт суынуы өсімдіктердің қысқа дайындық мерзімін қысқартып жіберді. Ауаның температурасы күрт төмендеп, өсімдіктер тиісті дәрежеде шыныға алмай қалғандықтан, қар түспей, суықтың ұзақ тұрып алуы себепті өсімдіктердің қыстың қолайсыздықтарына төзімділігі әлсіз болды. Көктеу -түптенудің басталуы. Күзгі түптену мерзімінің ұзақтығы сорт ішіндегі өсімдіктерді әрі қарай даму ерекшеліктеріне қарай ажыратуға мүмкіндік береді. Көктеу -түптенудің басы фаза аралық мерзімі гидротермиялық жағдайлардың жоғарғы көрсеткіштерімен (ГТК= 2. 1) сипатталды. Бұл мерзімде түскен жауын-шашын өсімдіктердің өсуі мен дамуына қолайлы ықпал етті. Көктеу -түптенудің басы фаза аралық мерзімінің ұзақтығы сорттың ерекшеліктеріне қарай 14-16 күнді құрады. Күзгі түптену мерзіміндегі егісті бағалау кезінде анықталғандай, өсімдіктердің түптену фазасына бірыңғай көшуі әр сортта әртүрлі болып шықты. Басқалардан ертерек түптеніп, бой көтергендер- Саратовтық 90, Левобережная 3, Лютесценс 72, Жемчужина Поволжье. Келесі үлгілер олардан бұл фазаға кейінірек түсіп, түптенді: Джангаль, Қарабалықтық 101, Қарабалық күздігі, Немчиновтық 24, Мәскеулік 39. Түптенудің басы -күзгі вегетацияның соңы Күзгі вегетация мерзімінде органогенездің екінші кезеңінде генеративті дамуға дайындық үрдісі жүреді, күзде түптену неғұрлым ұзақ болған сайын, өсімдіктердің дән өнімділігі элементтерін қалыптастыруының потенциалды мүмкіндіктері соғұрлым жоғары. Сондықтан күзгі түптену мерзімі күздік бидай агроценозының түсімділік мүмкіндігін қалыптастыру жөніндегі бастапқы көрсеткіші ретінде таныла алады.
Күздік бидайдың Батыс Қазақстан облысының жағдайындағы түптену- күзгі вегетациясының соңы мерзімінің ұзақтығы температуралық режимге қарай 27 күнді құрады. ГТК 0, 65-ке тең. Күздік бидайдың күзгі вегетациясының жалпы ұзақтығы 2011 жылы 50 күннен құралды. Қысқы тыныштық күйі мерзімі Батыс Қазақстан облысының климаттық жағдайларында күздік бидайдың қыстау мерзімі бұл дақылдың тіршілік циклындағы сыни мерзім болып табылады. 2011-2012 ауыл шаруашылығы жылының қысқы жағдайлары күздік бидайдың өсімдіктері үшін қыстауға қолайсыз жыл болды. Қыстау мерзімі кезінде өсімдіктерге тіршілік әрекеті үшін қолайсыз бірқатар метеорологиялық факторларға төтеп беруге тура келді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - қатты суықтар, егіс қар қабатын дұрыс жамылмаған жағдайда олар түптену түйіндерін зақымдап, зерттелетін коллекциядағы көптеген өсімдіктердің үсуіне алып келді.
Күздік өсімдіктердің қысқы мерзімде үсіп-зақымдалу себептері келесідей : шынығудың бірінші фаза мерзімінің қысқалығы мен өсімдіктердің суыққа төзімділігінің мүмкіншіліктерінің төмен болуы; орташа тәуліктік температураның 0°С арқылы төмен температураға көшу кезеңінің тұрақты қар қабаты түзілгенше ұзаққа созылуы; қар қабатының жеткіліксіз деңгейдегі жағдайында қысқы айлардың температурасының төмен болуы. Ақпандағы орташа айлық температура 14, 7°С-ты құрады. Ұзақ уақыт бойы аяз тұрақтап тұрды. Ақпанның екінші жартысында және наурызда температура -25-30°С-қа дейін төмендеді. Қар жамылғысының биіктігі 13, 2 мм құрады. Қысқа жақсы төзген (80-84%) сорттар: Джангаль, Комсомолдық 75. Қарабалық күздігі, Қарабалықтық 101, жаңадан аудандастырылған сорт -Жемчужина Поволжье. Көктемгі-жазғы мерзім Күздік бидайдың түсімдік әлеуетін қалыптастыруда көктемде вегетацияның жаңғыру мерзімінің маңызы зор. Көктемгі вегетация ерте жаңғырғанда, температура бірқалыпты сақталып, масақталуға дейінгі мерзім ұзақ болғанда масақтар жақсы түзіліп, түптену өркендерінде қуатты тамыр жүйесі қалыптасуына жағдай жасалады. Орташа тәуліктік температураның 0°С әрі ауысуы 30 наурызда басталады. Фенологиялық бақылаулар бойынша, күздік бидай өсімдіктерінің вегетациясының жаңғыру мерзімі 2012 жылы сәуірдің бірінші онкүндігінің аяғында басталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz