Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы

Тексерген:Оразғали С.

Орындаған:Куленов Ә.

Семей 2015ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Ас қорту жүйесінің патологиясы

2. 2. Зәр шығару патологиясы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Асқорту жүйесінің аурулары әр түрлі болғандықтан, олармен байланысты шағымдар да алуан түрлі.
Ауыз қуысында тіс пен ауыз қуысы кілегейлі қабықшасының тікелей өздерінің зақымдалуымен қатар басқа ағзалар мен жүйелердің ауруларымен байланысты өзгерістер де байқалады. Мысалы, қаназдықтың бір түрі- Аддисон-Бирмер ауруында ауызда күйген сияқты сезім пайда болса, бауыр, қарын мен ішек ауруларының кейбіреулерінде ауыз иістеніп кетеді немесе онда қышқылтым дәм-қыжыл сезіледі, ал сусамырмен сырқат адамдардың аузы құрғай береді. Асқорту жүйесінің аурулары сан алуан, және әрқайсысы өзіне тән клиникалық көріністерімен ерекшеленеді. Асқорту жүйесіне жататын ағзалар (өңеш, асқазан, бауыр, ішек) әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөліп қарауды талап етеді. Сондықтан біз оларға бөлек тоқталмай, жалпы көріністері мен себептерін айтып кетемін .

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Ас қорту жүйесінің патологиясы

Өңештегі негізгі симптомдар және синдромдар

  • Өңеш бойынша тамақтың асқазанға өтуінің дисфагиялық өзгерістері:
  • Өңештің қатерлі ісігі
  • Асқазанның кордиалды бөлігінің аденокорциномасы
  • Өңештің қатерлі емес ісігі Өңеш стриктурасы рефлюкс-эзофагит
  • Өңештің қолқа аневризмасымен, медиастиналды ісіктермен, диафрагмалды жарықпен басылуы
  • Жүйелі аурулар: склеродермия, дерматомиозит
  • Жүктілік

Іштің ауырсынуы

Себептері:

Ішек қабырғаларының шамадан тыс созылуы немесе спастикалық тартылуларының нәтижесінде, күшті толқын тәрізді ауырсынуларға әкеледі, ол тамақ түрлерәне де байланысты болуы мүмкін;

Ішкі ағзалардың ишемиялары, сонымен қатар жүректің, колика түріндегі ішектің ишемиясы;

Іш қуысының қабынуы - «жедел іш» суретімен перитонит.

Іштегі ауырсынудың сипаттамасы: орналасуы, берілуі, үзақтығы: жиілігі және уақыты, факторлары, күшейетін және басатын ауырсыну.

Диагностикасы: физикалық әдістер, лабораторлы тестер қанның, зәрдің, нәжістің, контрастпен АІЖ рентгенологиялық тексерілуі, өзгерген тіндердің биопсиясымен эндоскопия, УДЗ, КТ, лапароскопия, лапаротомия.

Әштегі ауырсынуды тудыратынаурулар:

холецистит, холелитиаз, сүлелі панкреатит, сүлелі перитонит, жүйелі аурулар: жүйелі қызыл жегі, түйінді периартериит, Шенлейн-Генох ауруы;

уланулар: диабеттік кетоацидоз, порфирия, қорғасынды улану.

Асқазандық диспепсия .

Бірқатар симптомдармен сипатталады: жүрек айну, құсу, кекіру, аузында ашты дәм, күйдіру.

Себептері:

  1. Ұлтабар және асқазанның ойық жарасы
  2. Антралды гастрит, дуоденит
  3. Сүлелі холецистит
  4. Өт тас ауруы
  5. Жүйке жүйесінің аурулары улану инфекция жүктілік

Диарея

Ішек қызметінің бұзылыстары:

  • қортылу
  • Қортылған тамақтардың, сұйықтықтың, электролиттердің, витаминдердің сіңірілуі.
  • қорғаныс (иммунологиялық, механикалық, энзиматикалық, перисталтикалық) .

Себептері:

  • инфекциялар: холера, дизентерия
  • Қалқанша бездің қатерлі ісігі
  • Жаралы колит, Крон ауруы
  • Медикаменттермен улану: колхицин, дигоксин, хинидин, антибиотиктер демпинг-синдромы
  • Карциноидты ісіктер
  • гипертиреоз
  • диабеттік нейропатия
  • склеродермия

Диагностикасы: қан және зәрдің лабораторлық текесрулері капрология, нәжісті себу

Эндоскопиялық әдістер

Іш қату - тоқ ішектің сирек босаңсуымен нәжістің кідіруі.

Ауру, іш қатумен жүреді

Механикалық обструкция: қатерлі ісік, стриктуралар, ректоцеле, мегаколон, аналды тескітің жарылулары, операциядан кейінгі асқынулар;

Метаболикалық ем: қант диабеті, гипотиреоз, гиперкальциемия, гипокалиемия, гипомагниемия, уремия, ауыр металдармен улану;

Жүйелі аурулар: амилоидоз, жүйелі склеродермия;

Неврологиялық аурулар: Паркинсон ауруы, жұлын жарақаты немесе ісігі, цереброваскулярлы аурулар, склероз;

Басқа жағдайлар: депрессия, буынның дегенеративті аурулары, иммобилизация, жүрек ауруы.

Сіңірілудің бұзылу синдромы

Колоридің жетіспеушілігінің нәтижесінде саламқтың азаюы

Тамақтың жеке компоненттерінің жетіспеушілігі шақыратын симптомдар: анемия, қанталау, тетания

Диарея және стеаторея түрінде ашы ішектің қызметінің бұзылуы

Себептері:

Асказан ішек жолында ас қорытылуының жетіспеушілігі : панкреатит, ісіктер, гастроеюностомия кезіндегі билиарлы обструкция.

Шырышты қабық эпителиінің сіңіру қабілетінің бұзылысы: целиакия, спру, лямблиоз, ішек резекциясы, ферментопатиялар, Крон ауруы, Уиппл ауруы, амилоидоз, лимфома.

лимфа жолдарының обструкциясы салдарын ішектен лимфа және қан ағымының бұзылысы (лимфома, туберкулез, мезентериальды тамырлық жетіспеушілік )

Созылмалы алкоголизм

Ұзаққа созылған жара ауруы

Кең спектрлі антибиотиктермен емдеу Асқорыту жолдарынан қан кету.

2. 2Зәр шығару патологиясы

Зәр шығару жүйесі , экскреторлық жүйе - адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың организмінен бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер, т. б. ) сыртқы ортаға диффузия арқылы немесе жиырылғыш вакуольдар көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз жануарларында (тікентерілілер) олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда, сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және полихеттердің дернәсілі мен моллюскілердің Зәр шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің Зәр шығару жүйесі - метанефридий(метамерлі орналасқан жұп түтікше) . Моллюскілерде мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын целомодукта деп атайды. Ал шаянтәрізділердің Зәр шығару жүйесі - мишық безі (бастағы өскін түбінде орналасқан без) .

Құрлықта тіршілік ететін жануарлар организмінде (ылғалды үнемдеу үшін) тез еритін аммиак қиын еритін гуанинге (өрмекші тәрізділерде) немесе несеп қышқылына (көпаяқтыларда, жәндіктерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда) айналады. Хордалылар арасында қабықшалылар мен асцидияда зәр арнайы қапшықта жиналады. Омыртқалы жануарларда целомодуктадан бүйрек құралады. Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді. Омыртқалылардың эволюция даму жолында және жоғары сатыдағы омыртқалылардың жеке дамуында бүйрек дамуының 3 сатысы байқалады:

  1. бастама бүйрек (пронефрос),
  2. дене бүйрегі (мезонефрос),
  3. соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос) .

Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен [] азоттық зат алмасу өнімдерін - мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т. б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі - организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.

Несеп ағар - трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 - 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық - дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал - несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады. [1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі - шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 - 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1, 5 л-дей) . Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит, пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т. б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ас қорытужүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Ас қорыту және зәр шығару жүйелерінің патологиясы
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы жайлы
Қоянның хлорорганикалық қосылыстардан улануының патанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Балалар аурулары пәнінен дәрістер кешені
Қойлардың гранозаннан улану ауруының клиникалық белгілері мен диагностикасы
Қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан улануының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz