«Таза су өндіру»


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Бизнес-жоба

«Таза су өндіру»

2012 жыл

Мазмұны

Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Түйіндеме 5

Кіріспе 7

  1. Жобаның концепциясы 8
  2. Өнімнің (қызметтің) сипаты 9
  1. Маркетингтік жоспар 12Өнім (қызмет) нарығының сипаты 12SWOT- талдау 13Маркетинг стратегиясы 13Тарату әдістері және арналары. Таратуды ынталандыру 14
  2. Техникалық жоспарлау 16Өндірістік жайлар және қоймалық жайлар мен кеңселік жайлар 16Өндірістік ресурстар 16Жабдық сатып алу бағдарламасы 17

6. ҰЙЫМДАСТЫРУ, БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР 19

  1. Жобаны жүзеге асыру 21
  2. Пайдалану шығындары 22
  3. Жалпы және әкімшілік шығындар 23
  4. Капитал мен қаржыландыруға қажеттілік 24Жобаның жалпы қаржылық сипаты 24Қаржылық жоспардың жалпы негіздемелері мен шарттары 24
  5. Жобаның тиімділігі 30
  6. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері 33Жобаның әлеуметтік-экономикалық ахуалы 33Экологиялық ахуалы 33
Кестелер тізімі

Кесте 1. Жүзеге асыру жоспары 11

Кесте 2. Өткізу мөлшері 11

Кесте 3. Сатудан табыс 11

Кесте 4. SWOT-талдау 13

Кесте 5. Тауарлардың негізгі түрлері 14

Кесте 6. Су дайындау жабдықтар 16

Кесте 7. Жинақталымы және жабдықтың суды құюға қажетті құрамдас жабдықтары 17

Кесте 8. Жабдық сатып алу бағдарламасы 17

Кесте 9 - Автокөліктер сатып алу жоспары 18

Кесте 10. Кәсіпорынның шаттық кестесі 19

Кесте 11. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік кестесі 21

Кесте 12. Пайдалану шығындары 22

Кесте 13. Жалпы және әкімшілік шығындар 23

Кесте 14. Жобаның апиталдық салымдар мөлшері 25

Кесте 15. Несие шарттары және оны өтеу кестесі 25

Кесте 16. Кірістер мен шығыстар туралы есеп 25

Кесте 17. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 26

Кесте 18. Баланс 27

Кесте 19. Қаржылық қуатталығының көрсеткіштері 27

Кесте 20. Инвестицияның тиімділігі 28

Кесте 21. Бизнес қызметінің көрсеткіштері 30

Кесте 22. Қаржылық талдау 30

Кесте 23. Инвестициялық талдау 30

Кесте 24. Салықтар және қорға төлемдер 33

Суреттер тізімі

Сурет 1. Ұйымдастырушылық құрам 19

Сурет 2. Таза табыс 30

Сурет 3. Жобаның өзін-өзі ақтауы 31

Түйіндеме

Бұл бизнес-жоба «Таза су өндіру» жобасының қаржылық-экономикалық тиімділігі мен техникалық тұрғыда жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында әзірленді.

Компания ауыз суын өндіруді, ыдыстарға құюды, сақтауды және жеткізуді жоспарлауда. Негізгі өнім - поликарбонатты шөлмектерге құйылған ауыз суы, сыйымдылығы 18, 9 л. Ауыз суының минералдық деңгейі 100-500 мг/л және ішуге де, тамақ дайындауға да,

сусын дайындауға да жарамды.

Өнім Р МемСт 52109-2003 «Ыдыстарға құйылған ауыз суы. Жалпы техникалық шарттар» стандартының талаптарына сай болуы керек.

Мақсаттық топ:

  1. Кеңселер және бизнес-орталықтар;
  2. Сауда орталықтары;
  3. Әлеуметтік мекемелер (мектептер, балабақшалар, қала сыртындағы балалар лагерлері, ауруханалар) ;
  4. Спорттық ұйымдар және фитнес-орталықтар;
  5. Қонақ үйлер. Мейрамханалар. Дәмханалар;
  6. Үй шаруашылығы.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындарға мыналар жатады:

Шығындар, USD.

2 013

Шығындар, USD.:

Негізгі қаражатқа инвестиция

2 013:

460 000

Шығындар, USD.:

Айналымдық капиталға инвестиция

2 013:

150 000

Шығындар, USD.:

Барлығы

2 013:

610 000

Жобаны қаржыландыру несиелік қаражат есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Жалпы инвестициялық шығындар

Қаржыландыру көзі, USD

Мөлшері

Кезеңі

Үлесі

Қаржыландыру көзі, USD:

Несиелік қаражаттар

Мөлшері: 610 000
Кезеңі:

01-06. 2013

Үлесі: 100%
Қаржыландыру көзі, USD:

Барлығы

Мөлшері: 610 000
Кезеңі:
Үлесі: 100%

Несиелендірудің шарттарыния

Несие валютасы

Теңге
Несие валютасы:

Жылдық пайыздық мөлшерлеме

Теңге: 14%
Несие валютасы:

Негізгі қарыз бен пайыздарын өтеу

Теңге: Ай сайын
Несие валютасы:

Пайыздарды өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі, ай

Теңге: 6
Несие валютасы:

Негізгі қарызды өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі, ай

Теңге: 6
Несие валютасы:

Негізгі қарызды өтеу түрі

Теңге: Тең үлеспен

Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылындағы тиімділік көрсеткіштері.

Жылдық табыс (5 жыл), USD.

845 123

Активтердің рентабельділігі

30, 7 %
Активтердің рентабельділігі:

Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR)

30, 7 %: 231. 6 %
Активтердің рентабельділігі:

Таза ағымдық құн (NPV), USD.

30, 7 %: 1 815 520
Активтердің рентабельділігі:

Жобаның өзін-өзі ақтауы (қарапайым), жыл

30, 7 %: 1, 46
Активтердің рентабельділігі:

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

30, 7 %: 1, 53

Экономикалық тұрғыдан алғанда жоба мыналарға әсер ететін болады:

  1. Астана қаласы бюджетіне қосымша табыстың түсуіне;
  2. Аймақ тұрғындарының сапалы ауыз суына деген сұраныстарын толық
Кіріспе

Бұл бизнес-жоба "Ауыз суын өндіру" жобасын инвестициялаудың негізділігін экономикалық тұрғыда түсіндіруге арналған.

Бизнес-жобада инвестициялық есептеулер жасау үшін қажетті барлық ақпараттар берілген, соның ішінде кірістердің, жобаны жүзеге асыру барысында талап етілетін шығыстардың және негізгі салымдардың негізгі түрлері берілген. Сонымен қатар ауыз су саудасы нарығының саипаттамасы оған қатысты сұраныс пен тұтыным динамикасы көрсеткіштерімен бірге, сонымен қатар бағалық көрсеткіштерімен бірге ұсынылған. Аталған көрсеткіштер негізінде жобаны жүзеге асыру барысында нарықтың даму көрсеткіштеріне болжам жасалған. Инвестициялық жобаның тиімділігі мен тәуекелдеріне баға берілген және жобаның негізгі интегралдық көрсеткіштері - таза дисконттық табыс (NPV), кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), кірістілік индексі (PI), өзін-өзі ақтаудың дисконттық кезеңі (DPP) нарықтың нақты даму қалпының негізіне бағыттала отырып есеплтеген.

Ұсынылған бизнес-жобаның көмегімен әлеуетті инвесторлар аталмыш жобаға қаражат енгізудің тиімділігін бағалай алады, жобаны қаржыландырудың неғұрлым тиімдірек үлгісін таңдау мүмкіндігіне ие болады.

Жобаның тиімділігін экономикалық тұрғыда түсіндіру үшін есептеулер жасауға пайдаланылған деректердің негізгі көздері мыналар болды:

  1. «Инвестицилық жобаларды бағалау және оларды қаржыландыру үшін іріктеу бойынша әдістемелік нұсқаулар», ЮНИДО әдістемесі (БҰҰ жанындағы өндірістік даму Комитеті), ол жобаның ерекшеліктеріне байланысты түрлендірілген.
  2. БАҚ пен Ғаламтордың ашық көздерінен алынған ақпараттар;
  3. Қазақстан нарығына жасалған зерттеулер нәтижелері;
  4. ҚР статистика Агенттігінің статистикалық деректері, талдаулық шолулар және баспасөз хабарламалары

Инвестицияның тиімділігін бағалау мақсатында есептеулер жүргізу барысында дисконтталған ақша ағымы әдісі қолданылды (FCF) .

Зерттеулер 2012 жылдың қарашасында жүзеге асырылды.

Жобаның концепциясы

Бұл концепцияда ауыз суын өндіру және оны ыдыстарға құю бойынша типтік компанияның ашылуы қарастырылған. Бұл жоба бизнес-жоба құрамы бойынша шөлмектелген өнімдері нарығындағы жаңа ойыншылар үшін көмекші құрал ретінде дайындалған. Бұл даму жолы ұсыныстық сипаты ие және тек жалғиыз дұрыс әдіс теп қарастырылмайды. Жобада жабдықтарға, қызметкерлерге және өнімді алға жылжытуға жұмсалатын шығындар максималды көрсеткіштермен алынған. Нақты жағдайларда әр иелік етуші тұлға оны өзінің қалауы бойынша тиімді етіп өзгерте алады. Сонымен қоса барлық есептеулер қала жағдайларында, халқы 500 мыңнан асатын жерде жұмыс істейтін кәсіпорын үшін жасалған, ал басқа жерлер үшін тиісті өзгертулер енгізу керек. Сипатталған үрдістерде пайдаланылатын барлық жабдықтар, көліктер және жұмсалатын материалдар сапасы бойынша барлық талаптарға сай және қолданысқа ұсынылған.

Алынатын негізгі су көзі артезиан ұңғымалары мен арналарының суы (су ағызу арналарының суы да болуы мүмкін), ол үш сатылық тазартудан өтеді. Технологиялық үрдісте аса жоғары сапалы жұмсалатын материалдар пайдаланылады. Ыдыстарға құю аса ірі Ресейлік «Новосибирскпродмаш» ЖАҚ компаниясы дайындаған жабдықтың көмегімен жүзеге асырылатын болады. Су сыйымдылығы 19 литр (5 галлон) болатын ыдыстарға құйылады, олар сауда орталықтарына, үйге және кеңсеге тегін жеткізу жолымен сатылады. 19-литрлік ыдыстарды пайдалану қолайлы болу үшін қосымша жабдықтар ұсынылады: әр түрлі кулерлер мен тығындар, шүмектер.

Компания ауыз суын өндіруді, ыдыстарға құюды, сақтауды және жеткізуді жоспарлауда.

Негізгі өнім - поликарбонатты шөлмектерге құйылған ауыз суы, сыйымдылығы 18, 9 л. Ауыз суының минералдық деңгейі 100-500 мг/л және ішуге де, тамақ дайындауға да, сусын дайындауға да жарамды.

Өнім Р МемСт 52109-2003 «Ыдыстарға құйылған ауыз суы. Жалпы техникалық шарттар» және Р МемСт 51074-97 «Тағамдық өнімдер. Тұтынушыға арналған ақпарат. Жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай болуы керек.

Өнімнің (қызметтің) сипаты

Бұл жоба төңірегінде тауардың бір түрі өндірілетін болады - сыйымдылығы 19 литрлік шөлмектерге құйылған ауыз суы.

Шөлмектелген су - жеке таратылу үшін шыны немесе пластик ыдыстарға шөлмектерге құйылған су түріндегі тағамдық өнім болып табылады. Ыдыстың сыйымдылығы 0, 33- литрлік шөлмектерден бастап 22-литрлік кулерлерге арналған ыдысқа дейін жетеді.

Суларды осы санатқа жатқызу бойынша нақты критерийлері жоқ асханалық минералды суларға қарағанда (жалпы минералдық шамасынан басқа) шөлмектелген ауыз сулары үшін нормативтік құжаттама дайындалған, онда судың құрамы нақты анықталған, бұл шөлмектелген суды «Бірінші санатты ауыз суы» және «Жоғары санатты ауыз суы» деп жіктеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шөлмектелген ауыз суының сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты талаптар екі нормативтік құжаттармен анықталады:

  1. Р МемСт 52109-2003 «Ыдысқа құйылған ауыз суы»
  2. СанЕжН 2. 1. 4. 1116-2002 «Ауыз суы. Ыдысқа құйылған ауыз суына қойылатын гигиеналық талаптар. Сапаны бақылау».

Осы құжаттарға сай ауыз сулары адамның тұтынуы үшін микробиологиялық, паразитологиялық және радиологиялық көрсеткіштері бойынша қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз болуы тиіс, жағымды органолептикалық қасиеттері болуы шарт. Осындай талаптарға сай келетін және толық жауап бере алатын ауыз суын адам өмір бойы, шексіз мөлшерде тұтына алады. Қазіргі уақытта ауыз суының сәйкестігін бағалауды (сертификатталуын) қауіпсіздіктің 86 көрсеткіші бойынша анықтайды (9- критерий эстетикалық қасиеттеріне, 55- критерий химиялық құрамының зиянсыздығына, 2 - критерий радиациялық қауіпсіздігіне, 11- критерий эпидемиялық қауіпсіздігіне, 9- критерий макро және микро элементтік құрамдарының физиологиялық толықтығына қатысты анықталады) . Ауыз су құрамындағы тұздың жалпы мөлшері бойынша 1 г/дм аспауы керек. Шикізат ретінде артезиан көздері мен орталықтандырылған су құбыры арналарынан алынатын су қолданылады, ол үш сатылық тазартудан өткізіледі. Технологиялық үрдісте аса жоғары сапалы материалдар пайдаланылады- кварцтық құм, антрацит, кокостық

белсендендірілген көмір, жуғыш және залалсыздандырғыш құралдар.

Ыдыстарға құю аса ірі Ресейлік «Новосибирскпродмаш» ЖАҚ компаниясы дайындаған жабдықтың көмегімен жүзеге асырылатын болады. Су сыйымдылығы 18, 9 (әрі қарай - 19 литрлік) болатын ыдыстарға құйылады, олар сауда орталықтарына, үйге және кеңсеге тегін жеткізу жолымен сатылады. Су үшін есеп айырысуда бірден кассалық аппарат пайдалана отырып жасауға болады (мысалы, жеке тұлғалармен), сондай-ақ ақшасыз есеппен, ай қорытындысы бойынша (әдетте заңды тұлға ретіндегі сатып алушылармен) жасалады.

Су құйылған 19 литрлік ыдысты пайдалану қолайлы болу үшін қосымша жабдықтар ұсынылады: кулерлер және әр түрлі тығындар.

Туынды тауарлар - термотөзімді стақандар, стақан астына қоятын жабдықтар және т. б.

  1. Өндіріс бағдарламасы

Кесте 1. Жүзеге асыру жоспары

Жүзеге асыру жоспары

Номиналды көлемі, д

2013
2014

2015

2016

2017

Жүзеге асыру жоспары:

19 л-к шөлмектердегі ауыз суы

Номиналды көлемі, д:

312000

2013: 40%
2014: 80%
2015:

100%

2016:

100%

2017:

100%

Жүзеге асыру жоспары:

Өндірістің орташа коэффициенті

Номиналды көлемі, д:
2013: 40%
2014: 80%
2015:

100%

2016:

100%

2017:

100%

Өткізу мөлшері (бірлікпен)

2013

2014

2015

2016

2017

Барлығы

Өткізу мөлшері (бірлікпен):

19 л-к шөлмектердегі ауыз суы

2013: 124 800
2014:

249

600

2015:

312

000

2016:

312

000

2017: 312 000
Барлығы:

1310400

Сатудан табыс,

$

2013

2014

2015

2016

2017

Барлығы

Сатудан табыс,$:

19 л-к

шөлмектердегі ауыз суы

2013:

748

800

2014:

1 647

360

2015:

2 265

120

2016:

2 491

632

2017:

2740

795

Барлығы:

9893

707

Сатудан табыс,$:

Барлығы

2013:

748

800

2014:

1 647

360

2015:

2 265

120

2016:

2 491

632

2017:

2740

795

Барлығы:

9893

707

Маркетингтік жоспар Өнім (қызмет) нарығының сипаты

Бүгінгі таңда ауыз суының нарығы Қазақстанда ең жедел өсетін тұтынушылар нарығының бір түрі болып саналады. Сарапшылар су құбыры арналарынан келетін су сапасының төмендеуі шөлмектенген ауыз суын тұтыну көлемінің артуына басты себеп деген қорытыныды жасады.

Түрлі бағалаулар бойынша ауыз суы нарығының үлесіне барлық ішімдіксіз сусындар нарығы көлемінің 40 бастап 60% дейінгі шамасы тиесілі екен. Су сатудың жылдық өсімі әр жыл бойынша 10 бастап 25% аралығында. Мұндай жағдайды түсіндіруге болады: халықтың әл - ауқатының жақсаруына байланысты және салауатты өмір салтының кең көлемде насихатталуына байланысты тұтынушылардың таңдауы сусындардың неғұрлым "табиғи" түрлеріне - су мен шырындарға ауады.

Сонымен қатар ҚР су тұтынудың жан басына шаққандағы мөлшері жоғары емес - бір жан басына 24 литр, ал Еуропада бұл көрсеткіш бірнеше есе артық.

Ал қазір ауыз суы саудасының нарығы құрылымдық өзгерістер сатысына жетті. Маркетингтік зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыйлықтық өнімдердің арттырылуына және қаптама мен үлкен ыдыстардағы сулардың танымал болуымен байланысты болуы мүмкін, сонымен қатар «спорттық» су түрінің танымалдығының артуына байланысты болмақ. Соған қоса отандық өндірушілер үшін әлеуетті сауда нарығы Қытай болуы мүмкін, онда су тапшылығы аса өткір мәселе - онда дүние жүзе халқының 1/5 тұрады, оларға әлемнің барлық су қорының тек 7% тиісті.

Аймақтарда нарықтық үлесті өндіруші-компаниялар арасында бөлуге болады.

Ауыз суының нарығы төменедегі негізгі жағдайлармен ерекшеленеді: импорттық өнімді шеттету, ауыз суының аймақтық өндірушілерінің белсенділігі, нарықтың жыл сайын қарқынды түрде 15-25% өсуі. Дегенмен 2010 және 2011 жылдары неғұрлым жақсы өсу үлкен ыдыстарға құйылған суларға тисті болды - 40% дейін.

ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің деректері бойынша Қазақстандағы минералды және ауыз суларының өндірісі 2009 жылы 2, 88 млн. литрді құрады. 2010 жылы өндіріс 20, 7% артты - 3, 48 млн. литрге дейін.

2009 жылғы болжамдар бойынша нарық $1, 8 млн. дейін өседі, 2010 жыл қорытындысы бойынша - $1, 9 млн. дейін, ал 2011 жыл бойынша - $2, 1 млн дейін. Нарықтың көлемі 2009 жылы болжам бойынша 3, 281 млн. литрге артпақ, 2010 жылы - 3, 6 млн. литр, 2011 жылы - 3, 9 млн. литр болмақ.

SWOT- талдау

Мүмкіндіктерді анықтау үшін және өнімнің нарықта алға жылжылуының қауіптерін бағалау үшін SWOT-талдау жасап көрейік, оның нәтижелері кестеде берілген.

Кесте 4. SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Күшті жақтары:

Бәсекелестікпен күрес стратегиясы қалыптасқан

Әлсіз жақтары: 5

Балансталмаған өндірістік қуаттылық

3
Күшті жақтары:

өзіндік тауар өндірісі мен инфрақұрылымның болуы

Әлсіз жақтары: 5

Білікті мамандардың жиі ауысуы

1
Күшті жақтары:

Ауыз суын өндірудің заманауи технологиясы бар

Әлсіз жақтары: 5

Қызметкерлерді ынталандыру жүйесінің әлсіздігі

2
Күшті жақтары:

Басқарушылық мамандардың біліктілігі

Әлсіз жақтары: 5

Қойма қорларын басқару жүйесінің дамымауы

2
Күшті жақтары:
Әлсіз жақтары: 5

Кадрлық саясаттың болмауы

1
Күшті жақтары:

Қауіптері

Әлсіз жақтары:

Мүмкіндіктері

Күшті жақтары:

Кәсіпорын қызметі мен оның стратегиясын дамытуды жоспарлау әлсіз

Әлсіз жақтары: 1

Үздік өндірістік технологиялар мен маркетингтік технологияларды тиімді пайдалану

5
Күшті жақтары:

Қаржылық ахуалдың сыртқы факторларға айтарлықтай тәуелділігі

Әлсіз жақтары: 2

өндірілетін тауар сапасын жетілдіру

4
Күшті жақтары:

Рейдерлік қамтылу қауіпі

Әлсіз жақтары: 2

Тауарлық өнімдердің, қызметтердің номенклатурасын арттыру

5
Күшті жақтары:

Нарыққа неғұрлым ірі компанияның келуі

Әлсіз жақтары: 2

Қызметті кеңейту.

5

лагерлері, ауруханалар) ;

  1. Спорттық ұйымдар және фитнес-орталықтар;
  2. Қонақ үйлер. Мейрамханалар, Дәмханалар;
  3. Үй шаруашылықтары.

Жобаның маркетингтік стратегиясын дайындауға ұсынылатын тауарлар, бағалар, дистрибуция және алға жылжыту бағытында стратегия әзірлеу кіреді. Төменде аталған бағыттар бойынша әзірленген стратегия берілген.

Тауар стратегиясы

Тауарлардың негізгі түрлері және оларға ұсынылатын болжамдық бағалар 5-кестеде берілген

Кесте 5. Тауарлардың негізгі түрлері

№ р/с

Тауардың атауы

Өлшем бірлігі

Сату бағасы

№ р/с: 1
Тауардың атауы:

19 л-к шөлмекке құйылған ауыз суы

Өлшем бірлігі: дана
Сату бағасы: 900 теңге
№ р/с: 2
Тауардың атауы:

Туынды тауарлар

Өлшем бірлігі: Түр-түрімен
Сату бағасы: Алдағы кезеңде

Баға стратегиясы.

Баға стартегиясы мынадай шараларды қарастырады:

  1. бәсекелестердің бағалық саясатын барлау;
  2. жеңілдіктер жүйесін пайдалану;
  3. жұмсалған қаражаттардың жабылуы мен қолданыстағы әрекет етуші заңнама талаптарын ескере отырып баға қалыптастыру;
  4. төлеудің икемді түрлерін қалыптастыру - төлемді кешіктіре қайтару жүйесін енгізу. Дистрибуциялық стратегия

Компанияның коммерциялық қызметі төлемге қабілетті алармандарды іздеуге бағытталуы керек және олармен ұзақ мерзімдік қарым-қатынас қалыптастыру болуы шарт. Алға жылжыту стратегиясы

Алға қойылып отырған маркетингтік мақсаттарға жету Компаниядан бағыттың таңдалып алынған тұстарын жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.

Қызметтерді алға жылжыту бойынша шаралар кешеніне жарнамаларды енгізу ұсынылады.

Жарнама құралдары ретінде мыналар пайдаланылады:

  1. Специализирленген баспа құралдары;
  2. Специализирленген ТВ және Радио бағдарламалары;
  3. Сдербес сайт;
  4. ғғаламторлық маркетинг
Тарату әдістері және арналары. Таратуды ынталандыру

Бұл жобаның бағалық саясаты тауарлардың жоғары сапалы болуына сай келеді, сол арқылы тұтынушылардың жақсы пікіріне ие болады. Бағыттау қағидаты да осыған негізделген. Басты назарды жоба тауарларына билік етіп тұрған орташа нарықтың бағаны ескере отырып дифференциалданған бағаны қалыптастыруға аударған абзал.

Бағаны қалыптастыру қағидаты тұрақты және ауспалы жұмалымдарды төмендету болып табылады, бірақ саудаланатын тауардың спасына нұқсан келтірмеу керек. Бағалық ынталандыру ретінде тұрақты алармандар үшін жеңілдіктер жүйесі қолданылатын болады.

Қажет болған жағдайда бағалық дискриминация саясаты да қолданылады

Ұсынылып отырған дифференциялық әдіс тиімді болып табылады, себебі нарықта қандай да бір өзгерістер болғанда Компания оларға неғұрлым тез арада әрекет ете алады.

Сонымен қатар жарнаманың тиімділігі мен имиджді қалыптастыру үшін мыналар болуы керек:

  1. танымдық ұстаным;
  2. алармандар қажеттілігіне бейімделу және оларды толық қанағаттандыру;
  3. аларманға сыйластық қарым-қатынас, жоғары мәдениет;
  4. белгілі жарнамалық және қызмет көрсету үлгісінің болуы;
  5. алармандардың қажеттіліктеріне және оның өзгеруіне байланысты дер кезінде әрекет ету;
  6. тауарлар мен қызмет көрсету сапасының мінсіздігі;
  7. міндеттемелерді нақтылап анықтау және толығымен орындау;
  8. нарықта үнемі болу;
  9. алармандармен достық қарым-қатынас (аларманның кәсіпорындағы жағдайды жақсы қабылдауына жағдай жасау) ;
  10. әлеуетті алармандармен жұмыс;
  11. өзі туралы еске салып тұру;
  12. фирмалық киім, бэйдж;
  13. аларман деңгейіне жауап беретін немесе одан да жоғары эстетика;
  14. қолайлы және дамыған инфрақұрылым;
  15. алармандарды компанияға дейін жеткізетін жарнамалық қалқандардың, ілмелердің, белгілердің, нұсқаушы белгілердің болуы;
  16. фирмалық бланктардың, кәдесыйлардың, қалталардың, материалдардың болуы, олар алармандарға беріледі;
  17. көрмелерге, тұсау ксерлерге қатысу.

Дайындалған маркетинг жүйесі кәсіпорынға алға қойған маркетингтік мақсаттарға жетуіне және нарықтағы өз орнын нығайтуына мүмкіндік береді.

Техникалық жоспарлау
  1. Өндірістік жайлар және қоймалық жайлар мен кеңселік жайларШөлмектелген ауыз суы өндірісін ұйымдастыру үшін ауданы кемінде 250м2 болатын жай керек, соның ішінде өндірістік - 150м2, қоймалық - 70м2 және қосалқы - 30 м2 орындар да бар. Жоба бойынша осындай орын сатып алу жоспарлануда.

Өндірістік жай № 4416-87 «Минералды ауыз суын өндіру және ыдыстарға құю кәсіпорындарына арналған санитарлық ереже» талаптарына сай келеді: ыстық және суық сумен жабдықтау коммуникацияларымен қамтамасыз етілген, ағызу арналары, жарықтандыру, желдету, жылыту жүйелері бар; ғимараттың қабырғалары кафельдік тақталармен өңделген, ағысты арнаға бағыттай алатын құрастырмалы едені бар. Электрлік қуат қалыптастырылған шамаларға толық сай келеді. Жабдықтарды орналастыру 2013 жылдың қаңтарына жоспарланған.

Өндірістік ресурстар Өндірістік жабдықтар

Жабдық жеткізушіні таңдау нарықтағы ұсынастарды талдау негізінде жасалған. Анықтаушы факторлар:

  • сервис деңгейі аса жоғары - тапсырыс берушілер алған жабдықтардың жұмысына тек кепілдік мерзімінде ғана емес, одан кейін де мониторинг жасалады, жабдықтың жұмысына байланысты туындайтын кез-келген сұрақтар бойынша кез-келген уақытта кеңес алу мүмкіндігі бар, жабдық жұмысында болатын кемшіліктерді «Новосибирскпродмаш» ЖАҚ мамандары дер кезінде жояды және қоймада үнемі қосалқы жабдықтар бар;
  • жабдықты дайындаудың спасы өте жоғары және қолданылатын материалдардың жабдыққа қойылатын санитарлық талаптарға сай, жинақтау үшін үздік әлемдік өндірушілердің құрамдас бөлшектері мен қосалқы жабдықтары пайдаланылады;
  • тапсырыс берушінің қалауын ескере отырып жабдықты ерекшелеп дайындау мүмкіндігі бар, ол үшін «Новосибирскпродмаш» ЖАҚ мамандарын техникалық құжатты арнайы әзірлеп, дайындайды;
  • қуаттылықты арттыру қажеттілігі туындаған жағдайда жабдықты қайтадан дайындаушыға сатып, неғұрлым өнімділігі жоғары жабдықтар сатып алу мүмкіндігі бар.

Суды дайындау: құмдық сүзгі, көмірлік сүзгі, сүзгі-қаққыш.

Кесте 6. Су дайындау жабдықтар

Атауы

Түрі

Өлшем бірлігі

Теңге

Атауы:

Адсорбциялық (көмірлік) сүзгі + сүзгі-қаққыш

Түрі:

Жабдық

Өлшем бірлігі:

д.

Теңге:

350 000, 00

Атауы:

Құмдық сүзгі

Түрі:

Жабдық

Өлшем бірлігі:

д.

Теңге:

425 000, 00

Атауы: Барлығы
Түрі:

775 000

Суды құю : тығындарды алып тастауға арналған аппарат WP DM 600; шөлмектердің сыртын жууға арналған жартылай автоматты жабдық WP-WM 100; құятын жабдықтың моноблогы WaterPak spring 100; кигізілетін қалпақтың термоорналастырылуына арналған аппарат WP-SM; конвеерлік жүйе WP-CS; рольганг WP-RT; суды тазартуға арналған буферлік ыдыс; суды залалсыздандыруға арналған УКТ шамы; жарықтық инспекциялық тақта.

Кесте 7. Жинақталымы және жабдықтың суды құюға қажетті құрамдас жабдықтары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Топырақтағы саздың мөлшерін анықтау
Консерві бұйымдарының өндіру технологиясы
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Блокты автоматтандырылған демульсаторлар
Биомасса - жаңғыртылатын энергия көзі
Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау
Электр энергиясы үнемдеу
Тағам өндірісінің ағынды суларының экологиялық қауіптілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz