Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен ерекшеліктері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ауыл шаруашылығының өндірісіндегі бухгалтерлік

Қазіргі ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі басталу орны - кәсіпорын. Халық шаруашылығының басқа өндіріс салаларының кәсіпорындары секілді ауылшаруашылық кәсіпорындары да өндірісті ұйымдастырудың негізгі жүйесі болып есептелінеді.

Сондықтан ауылшаруашылық кәсіпорындарының бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Басқа өндіріс салаларында қарағанда ауылшаруашылығындағы өндіріс ерекшеліктерін білген жөн.

Материалдық өндіріс ретінде ауылшаруашылық өндірісінің ерекшеліктері екі түрлі жағдайға байланысты туындайды. Бірінші жағынан табиғи факторлардың ықпалы болса, екінші жағынан әлеуметтік факторлардың ықпалы ауылшаруашылық өндірісін ерекшеленеді. Атап айтқанда бұл ерекшеліктер төмендегі негіздерге саяды:

1. Халықшаруашылығының басқа өндірістік салаларында жер, өндірістік құрылыстардың тұратын орны ғана болса, ауылшаруашылығы үшін, жер-ең басты өндіріс құралы болып табылады. Өйткені ауылшаруашылық өндірісінің қай саласы болмасын жерді пайдаланбай, өнім өндіре алмайды. Ауылшаруашылық мекемелерінде жерді тимді пайдалану, оны пайдалану құрамының себінің аудандық өлшем бірліктері бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда назар аударатын нәрсе, жер - адам еңбегінің жемісі емес, олай болса оның ақшалай құны болмайды. Сондықтан, бухгалтерлік баланста өндіріс құралдары есебінде жер көрсетілмейді. Дегенмен, табиғи құнарлығы жағынан жердің сапасы әр түрлі болғандықтан жер кадастрнда ол сапалық тұрғысынан бағаланады.

2. Басты өндіріс құралы есебінде жерді пайдалану нәтидесінде ол өзінің құнарлылық сапасын төмендетуі мүмкін. Ал жердің сапасын жақсарту мақсатында түрлі агротехникалық шараларды жүзеге асыцру үшін белгілі мөлшерде түрлі қаржыландыру көздерінің есебінен шығындар жұмсалады. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының бухгалтерлік есебінде бұл сипаттағы шығындар мен олардың тиімділігінің есебі жүргізілуі тиіс.

3. Ауылшаруашылық өндірісі тікелей тірі организмнің даму заңдылықтарына байланысты. Демек, өндіріс процестерінің едәуір бөлігі адам еңбегінің катысуынсыз-ақ биологиялық факторлардың ықпалымен өтеді. Олай болса жалпы өндіріс мерзімінен жұмыс мерзімі әлдеқайда аз болады. Осыған орай ауылшаруашылық кәсіпорындарының бухгалтерлік есебінің өндіріс және жұмыс мерзімдерінің есебінен жүргізудің өзіндік тәсілдері болады.

4. Басқа өндірістерге қарағанда ауылшаруашылық өндірісі жер жағдайына байланысты бытыраңқы орналасқан. Демек, ауылшаруашылық мекемелерінің жылжымалы өндіріс құралдары (трактор, комбайн ) барлық өндіріс аудандарында пайдаланады. Бұдан олардың көрсеткен қызметтері мен есептелген амортизациясының құндарына белгілі бір ортақ негізге сәйкес үлестіру қажеттілігі туады.

5. Ауылшаруашылық өндірісі тірі организімдердің биологиялық даму заңдылықтарына байланысты болғандықтан, негізгі

ауылшаруашылық өнімдерін жылына бір-ақ рет алады (әсіресе егін шаруашылығында) . Кейбір өнімдердің өндірістік процестері бір календарлық жылдық шеңберінен шығатын кездері де болады (Көпжылдық жемістік ағаштары, көпжылдық беде, жоңышқа т. с. с ) . КЕлесі жылы өндірілетін өнімдердің ағымдағы жылда дайындық жұмыстары жүргізіледі (зяб айдау, күздік егістерін егу, қар тоқтату, т. с. с) . Демек бухгалтерлік есептің алдында өндіріс шығындарының жыл көлеміне қарай межелеу қажеттігі пайда болады. Осыған сәйкес өндіріс шығындарын үлкен үш бөлікке бөледі, ағымдағы жылдың өнімдері үшін жұмсалған өткен жылдардың шығындары, ағымдағы жылдың шығындары, келесі жылдың өнімдері үшін жұмсалған ағымдағы жылдыың шығындары.

6. Ауылшаруашылық егістері мен малдарының биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олардың әрқайсысынан ауылшаруашылық өнімдерінің бірнеше түрлері алынады. Осыған сәйкес бухгалтерлік есептің алдында өндіріс шығындарының өнімдерінің түрлеріне қарай межелеу міндеті туады.

7. Ауылшаруашылық егістері мен малдарының биологиялық даму заңдылықтарына сәйкес олардың өсіп жетілуі жылдың белгілі маусымдарына сәйкес болады. Сонымен қатар оларды ауа-райы мен жер жағдайына байланысты орналастыру аймақтары да әртүрлі. Осыған орай ауылшаруашылық өндірісі маусымдық сипат алады. Оларды өндіруге жұмсалатын шығындар жыл бойына біркелкі жұмсалмайды. Демек бухгалтерлік есеп өндіріс шығындарының жұмсалуының есебін маусым ерекшеліктеріне сәйкес дұрыс ұйымдастыруы керек. Сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерінің нақты өзіндік құндарын анықтаудың да мүмкіндігі жылдың соңында ғана болады.

8. Ауылшаруашылығы кәсіпорының негізгі құралдарының едәуір бөлігі (түрлі мақсаттағы комбайндар мен ауылшаруашылық машиналары ) маусымдық қысқа мерзімдерде ғана пайдаланылады да, басқа уақытта пайдаланылмайды. Дегенмен оларға жыл бойы амортизац есептелінуі керек. Бұл жағдайда бухгалтерлік есеп есептелген амортизация сомаларын, ағымдағы және күрделі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыстар мен шығыстар: ұғымы және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы
Ауыл шаруашылығы бухгалтерлік есепінің ерекшеліктері және өсімдік шаруашылығындағы астықты бастапқы есепке алу әдістері
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және өнімнің өзіндік құнын есептеу
Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін нарықтық механизмдер арқылы арттыру
Бухгалтерлік есептің мәні және көпшілік тамақтандыру мен кәсіпорынды стандарттау есебінің ерекшеліктері
Қазақстандағы ауыл шаруашылығы қатынастары мен кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық негіздері: нарықтық даму, инвестициялық тарту және ДСҰ мен ХҚЕС талаптары
Кәсіпорынның негізгі құралдары есебінің теориялық негіздері мен ұйымдастырылуы
Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі: ерекшеліктері және ұйымдастыру принциптері
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп: басқару есебі, капитал қозғалысы және мал шаруашылығы есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz