Жобалаудың жалпы сұрақтары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырып: Жобалаудың жалпы сұрақтары

Орындаған : Баймұханбетова А. Е.

Топ : ТК-223

Тексерген : Бауыржанова А. З.

Семей қ. 2015 жыл

Жоспар:

1. Курстық және дипломдық жобалау

2. Жалпы жағдай, КЖ және ДЖ орындау және рәсімдеу

3. AutoCAD және КОМПАС-3D бағдарламаларымен жұмыс жасауды үйрену

Курстық және дипломдық жобалау

Курстық және дипломдық жобалау - инженер-технологты дайындауда оқу процессінің маңызды бөлігі. Бұл жұмыстар студенттің өзіндік жұмысы болып табылады, онда олар техникалық тапсырмалардың бір-бірімен байланысты кешенін шешеді.

Жобамен жұмыс істеу жүйеленуге, негізгі дисциплиналар бойынша теориялық білім мен тәжірибелік жұмытарды тереңдетіп жақсартуға, техникалық кругозорды дамытады, жалпы білім беретін сабақтар, базалық және профилдеуші дисциплина білімдерді қолдану арқылы өндірістік-техникалық тапырмаларды өздік жұмысында дамытады, шығармашылық ойлауға үйретеді және т. б.

Өңдеу өндірісінің негізгі мақсаты шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту болып табылады, себебі өңдеу өндірісі жоғары сапалы өнімге сұранысы көп азық-түлік тағамдарын шығаруға негізделген. Осыған байланыты курстық және дипломдық жобалардың тарауларында жобада жоспарланған өнімнің сапасын арттыруға арналған жағдайларды қарастыру қажет. Диплом алдындағы тәжірибеде өндірісті оқу барысында, студент өндірітік процесстің кейбір этаптары өнім сапасына әсер ететініне назар аудару қажет, яғни өндіріті оқып және өндірітің барлық этаптырының жұмысын бақылау қажет.

Берілген методикалық нұсқауда курстық және дипломдық жобаны орындау кезінде керек теоретикалық материалдар жүйеленген. Оқулық студентке өзіндік жұмы барысында әдістемелік және техникалық көмек көрсете алады.

Оқу құралы курстық және дипломдық жобаның орындауына бойынша нұсқау сияқты жасалған және студенттермен жобаның үстiнде жұмыс iстегенде кездесе алған теориялық және жаттығу сипатының барлық сұрақтарын қамти алмайды.

Оқулық әрбір тарау бойынша керекті материалдар көлемін дұрыс анықтауға және жобаны ғимараттың шарттарына сәйкес дұрыс орындауға мүмкіндік береді.

Курстық және дипломдық жобаға тапсырма кафедрада беріледі. Студент өзінің тақырыбын да ұсына алады. Сырттай оқитын студентер студенттің жұмыс істеу орнына байланысты тақырыптарда курстық жобаны орындайды.

Курстық және дипломдық жобаның тақырыптары цехтарды қайта құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның техникалық жаңарту болуы мүмкін. Шығарылатын өнімнің ассортименті 3-тен кем болмау керек.

Курстық жобалардың тақырыптары кафедра отырысында, ал дипломдық жобаның тақырыптары жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Жалпы жағдай, КЖ және ДЖ орындау және рәсімдеу

Былғары және үлбір зауыттарын жобалау мәселесі халық шаруашылығының және өндірістің дамуына байланысты шешіледі.

Оларды құрылыс бойынша негізгі белгіл шарттар бойынша жобалайды, монтаж, қауіпсіздік және санитарлық техникасы, өртке қарсы шаралар және т. б. бойынша жобалайды. Типтік және жекелендірілген жобалар болып бөлінеді.

Курстық және дипломдық жобалаудың негізгі шартты былғары және үлбір зауыттарынының қуаттылығы және орны белгілі ғимараттар немесе тек қуаттылығы не тек орны белгілі ғимараттар болып табылады.

Дипломдық жобаларға жаңа кәсіпорынның құрылыс жобасы, сондай-ақ екі кәсіпорындардың жобаларын қайта құру жобалары жатады.

Дипломдық жұмыстың түсіндірме хаттамасында тақырыптың негізі, оның өзектілігі баяндалуы керек. Түсіндірме хаттамада өндірісті құру мәселесі туралы тарау болу керек.

Курстық және дипломдық жобалар үшін материалдар тәжірибе кезінде жинаған материалдар бола алады.

Студенттерге курстық және дипломдық жобалар орындау кезіндегі ұсынылатын әдебиеттердің барлығын келесі топтарға бөлуге болады:

- мемлекеттік стандарттар;

- құрылыстық нормалар мен ережелер (СНиП) ;

- «технологиялық жабалаудың»;

- Жоғары оқу орнындағы дипломдық жұмысқа (жобаға) қойылатын талаптар;

- инструкциялар мен нұсқаулар, сондай-ақ техникалық ережелер;

- оқулықтар;

- жабдықтар мен машиналардың альбомдары;

- анықтама әдебиеттер;

- ақпаратттық әдебиеттер;

Дипломдық және курстық жобалар түсіндірмелік хаттамадан және графикалық бөлімнен тұруы керек. Түсіндірме хаттаманың көлемі тапсырмаға байланысты және келесідегідей болуы керек:

- курстық жоба - 25 бет және одан көп;

- дипломдық жоба - 60 бет және одан көп;

Оқу жоспары бойынша дипломдық жұмысты орындау 4 курста 15 аптаның ішінде орындау қарастырылған. Уақыттың бөлінуі мен дипломдық жобаның әрбір бөлімін орындаудың кезектілігі келесідей:

Технологиялық бөлім (есептеу) - жалпы көлемнен 22 %.

Компоновтық шешімнің таңдалуы - жалпы көлемнен 18-22 %.

Архитектурлық-құрылыстық бөлім - 4 %.

Өндірістік санитария - 10 %.

Жылутехникалық бөлімі - 4 %.

Технологиялық үрдісті автоматтау - 2%.

Электротехникалық бөлім - 4 %.

Өмір қауіпсіздігі - 3%.

Экономикалық бөлім - 8 %.

  1. Жобаны безендіру - 10 %.
  2. Графикалық бөлімді безендіру - 11-15 %

Бітірілген дипломдық жобаны студент кеңесшілер мен жетекшілерге қол қойғызады, жетекшіден дипломдық жобамен жұмыс істегені туралы пікір алады, кафедраға көрсетіп қорғау үшін рұқсат алады, жобаны рецензирлеу үшін бағыт және оны МЕК қорғауға жіберіледі.

Түсіндірме хаттама келесіден тұру керек:

  1. Кіріспе.
  2. Кәсіпорын құрылысының негізі және ауданның мінездемесі.
  3. Технологиялық бөлім:

- өңдеуге кететін дәннің сапалы мінездемесі;

- ұн тарту париясының құрамын анықтау;

- дәнді ұнға тарту схемасының негізі мен таңдауы;

- дайындау бөлімінің жабдықтарын таңдау және есептеу;

- қалдықтарды бақылау схемасын таңдау, жабдықтарды таңдау және есептеу;

- дәнді тарту схемасының негізі және оны таңдау;

- ұн тарту бөлімінің жабдықтарын таңдау және есептеу;

- дайын өнім цехының жабдықтарын таңдау және оны есептеу, дайын өнімге мінездеме;

  1. Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және қоршаған ортаны қорғау.
  2. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін есептеу.
  3. Қорытындылар.
  4. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
  5. Қосымшалар.

Жобаның графикалық бөлімінің мазмұны:

  1. Бас жоба.
  2. Өңдеудің технологиялық схемалары.
  3. Бөлімдердің компоновкалары: дайындау, ұн тарту, дайын өнім цехы.
  4. Қиықтар: тігінен А-А, көлденең Б-Б.

Түсіндірме хаттамада және сызбаларда стандартты шарттар сақталмаса, онда жобаның бағасы төмендеуі мүмкін. Жобаның графикалық бөлімі «контрукторлық документацияның бірыңғай жүйесінің» шарттарына сәйкес орындалуы керек.

Курстық және дипломдық жобаның түсіндірме хаттамасы А4 форматтағы ақ қағаздың бір жағында бір немесе екі интервалда кез келген баспа тәсілімен жазылуы керек. Шрифт -Times New Roman, кегль 14.

Курстық және дипломдық жобаның түсіндірме хаттамасы рамкада баспа түрде, келесі жолақ размерлерін сақтай отыра жазылуы керек:

- сол жақ - 2, 5см;

- оң жақ - 1, 5см;

- жоғарғы жақ - 2, 5см;

- төменгі жақ - 2, 5см.

Түсіндірме хаттаманың әрбір тарауын жаңа беттен бастау керек.

AutoCAD және КОМПАС-3D бағдарламаларымен жұмыс жасауды үйрену

Бүгінгі күнде AutoCAD 2002 - автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.

AutoCAD курсында - сызбаларды нақты өлшемде сызуды және дизайн -макеттерін құруды үйретеді. Бағдарламада - сызбаларды құру, қабаттармен жұмыс, өңдеу құралдары, блоктарды құру және оларды қолдану, өлшемдерін қою, масштабтау жүзеге асады.

AutoCAD бағдарламасы сызбаларды құруға, оларды дәлдеп түзетуге, бұрынғыларын жинақтауға мүмкіндік береді. Ол үш негізгі компоненттен: графикалық редактордан, AutoLISP жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілінен және қолданушының графикалық интерфейсін құрудың аспаптық құралынан тұрады. Бағдарламаның басты компоненті графикалық редактор болып табылады

AutoCAD-ң бірінші версиясы 1982ж. Жарық көрді және ол DOS жүйесінде жұмыс істеген болатын. Бұл шынында дербес компьютерде жақсы жұмыс істей алатын алғаш автоматты проекциялау бағдарламасы еді. Ол кездерде бұл сияқты жүйелерді мықты жұмыс станциялары ғана қолданған. Бірінші версияның басты ерекшелігі, файлдардың көбісі, ASCII форматындағы жай мәтіннен құрылған еді. Жоғарыда айтылып өткендей, AutoCAD АПРЖ(САПР) -гі қолданымда ең көп болған программа, түрлі техникалық проекциялау облыстарында эффектілі түрде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар графикалық программалық жүйе. Латын емес тілдерді қолданғандар да бұл программаға тез арада үйрене алады. Сол себебті AutoCAD дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып, ол дүниенің 150 мемлекетінде қолданылады және 2 миллионнан астам регистрацияланған қолданушыға ие.

AutoCAD 2002 түрлі техника облыстарында, ерекшеленген АПРЖ-де қолданылады:

Архитектуралық АПРЖ-де;

Машина жасау АПРЖ-де;

Географиялық ақпараттық жүйелерде;

Ресурстарды бақылау автоматты жүйелерде;

Электротехника және электроникада;

Мультимедиа жүйелерінде;

AutoCAD жеңіл көрінуі мүмкін, бірақ бұл программаның да қиын жерлері бар. AutoCAD өте үлкен программа болғандықтан, оны 20-30 бетте толығымен ашу мүмкін емес. Бұл программаға жүздеген, мыңдаған бетті кітаптар шығарылып жатыр.

КОМПАС-3D - график деген сызу редакторы өндірістің түрлі салаларында жобалау-конструкторлық жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ол машина жасау жобалауда, жобалау-құрылыс жұмыстарда, алуан жоспарлар мен жобалар құрағанда тиімді пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Автоматтандырылған жүйелерді жобалау мен олардың сатылары туралы негізгі түсініктерді анықтау
Жерге орналастыруды жобалау және ауылшаруашылық жерлерін пайдалану саласы бойынша
Қосымшалар серверлерін жасау
Қоймалардың жобалау негіздері
Жобаны басқару. Лекция тезистері
Бағдарламаларды әзірлеудің құрал-саймандары пәнінен дәрістер
Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу
Талшықты оптикалық тарату жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz