Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуы



Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процесстері басқаларының бәрінен басым болады деген ойымен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ ол даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр кекі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс — өзіндік ақыл-ойдын және өзіндік «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу — өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу - бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығуымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы «мен» әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да тандалуы пайда болып, оңаша болуды қалайды.
Үлкендермен қарым-қатынасы жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірақ әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды.
1. Абрамова Г.С. «Возрастная психология». - М., 1997ж
2. Крайг Г., Бокум Д. «Психология развития». 9-е издание. 2007ж
3. Голомшток А.Е. «Выбор профессии и воспитание личности школьника». М., 1979ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби
анықталуының психологиялық ерекшеліктері

Орындаған: Аманжолова Ж.Е

Тобы: ПХ-415

Тексерген: Тезекбаева М.Ж

Семей2015жыл

Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына
жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен
аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық,
екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың
күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ
өсудің биологиялық процесстері басқаларының бәрінен басым болады деген
ойымен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі
деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына,
ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады.
Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың
белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті
алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан
қарайды. Бірақ ол даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр кекі болып
өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен
социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес
те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге
тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына,
еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни
индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс — өзіндік ақыл-ойдын және
өзіндік Меннің бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың
психологиялық құндылығына ие болу — өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз.
Өзінің ішкі әлемін ашу - бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық
жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы
шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығуымен бірге өзінің
ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен
ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы мен әлі толық
анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай
әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп
басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста
болудың да тандалуы пайда болып, оңаша болуды қалайды.

Үлкендермен қарым-қатынасы жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып
табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс
жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірақ
әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы
айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және
өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды.

Қазіргі жоғары сыныптағылардың дене жетілуі мен психикалық дамуы
жағынан бұдан он жылдан бұрынғы қатар құрдастарынан айтарлықтай жоғары, бұл
жастағылар өздерін көп жағдайда ересектер санатындамыз деп есептейді.
Адамның әрбір жас шамасы айнала шындықпен тікелей қатынаста болады, сондай-
ақ әрбір жас шама адамның өмірінде өз ерекшелігімен маңызды орын алады.
Сондықтан әрбір жас кезеңнің өзіндік мәнін, сипаттамаларын зерттеу, білу
болашақ ұрпақты өмірге дайындау ғана емес, баланы әр жас шамасына сай, оның
талап-тілегімен санасып, нақтылы мақсатқа бағыттауымен байланысты.

Жастық шақ — жеке тұлғанын қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары
сыныптағылардын бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін
ұмытпауымыз керек.

Бұл кезенде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын тандауына
көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы
тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі
қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны
айқындалады. 

Жоғары сынып оқушыларының туындайтын қиындығы ол - кәсіптік
анықталуындағы мамандықты таңдау болып табылады. Жоғары сынып оқушылары бір
бірімен тек қана мінезі мен темперамент бойынша ғана ерекшеленбейді,
сонымен қатар өзіндің сана деңгейімен, қызығушылықтарымен, ұмтылысымен,
қажеттіліктері мен қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Индивидуалды
ерекшеліктері өмірлік жолды таңдау кезінде де көрінеді.

Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің
арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның оның ересектерге
тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны
мен бағытын белгілейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері
Кәсіби жоспарларды таңдауға негізделген ақпараттанудың сатысы
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары және кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері жайлы
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары (5-6 сынып ағылшын тілі сабағында)
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту
Математика сабақтарында дарынды балалар мен бастауыш сынып мұғалімі жұмысының ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының математика сабақтарында оқу есептерін талдау және түсіну біліктерін қалыптастыру жайлы
Пәндер