Жылуэнергетикалық қондырғылардың атқарушы механизмдері мен реттеу құралдары



Кіріспе 3
1 Автоматты жүйе элементтері мен жіктелуі 5
2 Бу қысымын реттеудің автоматтандыру жүйесі 6
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13
Барлық технологиялық объектілер басқарушы құрылғысымен бірге қайсыбір автоматты жүйені құрады,ал ол өз кезегінде автоматты басқару теориясы заңдарымен талданып,синтезделеді.
Автоматты басқару және реттеу теориясы – автоматты реттеу жүйесін талдау,синтездеу тәсілдерін және құру принциптерін зерттейтін ғылым.
Автоматты басқару жүйесін құру үшін маман ең алдымен басқарылатын обьектінің математикалық моделін тұрғыза білу керек. Ал бұл есепті экспериментті және аналитикалық жолдармен шешуге болады.
Басқару обьектісіне басқару алгоритміне сәйкес әсер ететін кез–келген техникалық құрылғы автоматты басқару құрылғысы деп аталады.
Бір – бірімен байланысты және басқару алгоритміне сәйкес өзара әрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару құрылғысы мен басқару обьектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі деп аталады.Жұмыс барысында автоматты басқару жүйесіне әртүрлі ішкі және сыртқы әсерлер ықпал жасайды. Автоматты жүйенің бір бөлігінен келесі бөлігіне технологиялық процестің бірқалыпты өтуін қамтамасыз ететін әрекеттің тізбекті желісін қүрайтын әсерді ішкі әсер деп атайды. Оларды басқарушы әсер дейді. Ал сыртқы әсер екіге белінеді. Технологиялық процестің тиянақты етуіне қажет бірінші әсер қызмет алгоритміне сәйкес жүйе кірісіне беріледі де, жоспарланған немесе тапсырыстық әсер деп аталады. Ал, екінші әсер жүйеге немесе басқару объектісіне сыртқы ортадан беріледі. Ол жүйе жұмысында алдын ала еске алынбайды да, кездейсоқ сипатта болып, басқару процесін қиындатады. Сол себепті оларды қобалжытқыш әсер деп атайды.
Технологиялық процестің дұрыс етуіне сәйкес басқарылатын шаманың берілген уақыт аралығында ұстап отыруға керекті мәнін алдын ала берілген мән деп, ал фактілі, яғни процестің өлшенген мәнін нақты (қазіргі) деп атайды. Реттелетін шаманың алдын ала жоспарланған және нақты мәндерінің арасындағы айырмасын келісілмеген (айырымдық) шама дейді.
Сол себепті ендірістік жабдықтарды (басқару объектісін) басқарып отыру қажет, яғни басқарылатын шама қоздырушы әсердің ықпалына қарамастан берілген ереже (программа) бойынша езгеретіндей дел есеппен басқарушы әсерді қалыптастыру керек.
1 Плетнев Г.П. Автоматизированное управление объектами тепловых электростанций: Учеб. пособие. – М.: Энергоиздат, 1981. – 362 с.
2 Наладка и эксплуатация водяных тепловых сетей: Справочник/Манюк В.И., Каплинский Я.И., Хиж Э.Б. и.др. – М.: Стройиздат, 1988. – 432 с.
3 Беляев Г.В., Кузишин В., Смирнов Н.И. Технические средства автоматизации в теплоэнергетике: Учеб. пособие. – М.: Энергоатомиздат, 1982. – 320 с.
4 А.А. Копесбаева. Программно- технические комплексы управления. Методические указания к выполнению лабороторных работ для студентов всех форм обучения специальностей 050702 – Автоматизация и управление – Алматы: АИЭС, 2009.
5 А.А. Копесбаева. Программно- технические комплексы управления. Методические указания к курсовой работе для студентов всех форм обучения специальностей 5В0702 – Автоматизация и управление – Алматы: АИЭС, 2010.
6 А.А. Копесбаева. Басқару жүйесіндегі микропроцессорлық құралдар. 050702 –автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша оқитын барлық оқу түрінің студенттері үшін оқу құралы. – Алматы: АЭжБИ, 2010.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
56ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

"Техникалық физика және жылуэнергетика" кафедрасы

" Электрстанцияны автоматты басқару жүйелері" пәнінен
ОӨЖ
Тақырыбы: Жылуэнергетикалық қондырғылардың атқарушы механизмдері және реттеу құралдары

Орындаған: Тұрсынғалиев Қуаныш
Оқу тобы: ТЭ-215
Тексерген: аға оқытушы Сейсенбаева М.К.

Семей 2015 ж.
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Автоматты жүйе элементтері мен жіктелуі 5
2 Бу қысымын реттеудің автоматтандыру жүйесі 6
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13

Кіріспе

Барлық технологиялық объектілер басқарушы құрылғысымен бірге қайсыбір автоматты жүйені құрады,ал ол өз кезегінде автоматты басқару теориясы заңдарымен талданып,синтезделеді.
Автоматты басқару және реттеу теориясы - автоматты реттеу жүйесін талдау,синтездеу тәсілдерін және құру принциптерін зерттейтін ғылым.
Автоматты басқару жүйесін құру үшін маман ең алдымен басқарылатын обьектінің математикалық моделін тұрғыза білу керек. Ал бұл есепті экспериментті және аналитикалық жолдармен шешуге болады.
Басқару обьектісіне басқару алгоритміне сәйкес әсер ететін кез - келген техникалық құрылғы автоматты басқару құрылғысы деп аталады.
Бір - бірімен байланысты және басқару алгоритміне сәйкес өзара әрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару құрылғысы мен басқару обьектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі деп аталады.Жұмыс барысында автоматты басқару жүйесіне әртүрлі ішкі және сыртқы әсерлер ықпал жасайды. Автоматты жүйенің бір бөлігінен келесі бөлігіне технологиялық процестің бірқалыпты өтуін қамтамасыз ететін әрекеттің тізбекті желісін қүрайтын әсерді ішкі әсер деп атайды. Оларды басқарушы әсер дейді. Ал сыртқы әсер екіге белінеді. Технологиялық процестің тиянақты етуіне қажет бірінші әсер қызмет алгоритміне сәйкес жүйе кірісіне беріледі де, жоспарланған немесе тапсырыстық әсер деп аталады. Ал, екінші әсер жүйеге немесе басқару объектісіне сыртқы ортадан беріледі. Ол жүйе жұмысында алдын ала еске алынбайды да, кездейсоқ сипатта болып, басқару процесін қиындатады. Сол себепті оларды қобалжытқыш әсер деп атайды.
Технологиялық процестің дұрыс етуіне сәйкес басқарылатын шаманың берілген уақыт аралығында ұстап отыруға керекті мәнін алдын ала берілген мән деп, ал фактілі, яғни процестің өлшенген мәнін нақты (қазіргі) деп атайды. Реттелетін шаманың алдын ала жоспарланған және нақты мәндерінің арасындағы айырмасын келісілмеген (айырымдық) шама дейді.
Сол себепті ендірістік жабдықтарды (басқару объектісін) басқарып отыру қажет, яғни басқарылатын шама қоздырушы әсердің ықпалына қарамастан берілген ереже (программа) бойынша езгеретіндей дел есеппен басқарушы әсерді қалыптастыру керек.

1 Автоматты жүйе элементтері мен жіктелуі

Автоматты жүйе өзара байланысқан және белгілі бір қызмет атқаратын дербес конструкциялық элементтерден тұрады, оларды автоматика элементтері не құралдары деп атайды. Элементтерді жүйеде атқаратын қызметіне қарай салыстырушы, түзетуші, қабылдаушы, жоспарлаушы, түрлендіруші және атқарушы деп ажыратады.
Қабылдаушы элементтер не бастапқы түрлендіріп бергіштер (датчиктер) технологиялық процестердің басқарылатын шамаларын өлшейді де, оларды бір физикалық түрден екінші бір физикалық шамаға түрлендіреді (мысалы, термоэлектрлік термометр температура айырымын термоЭҚК-не түрлендіреді).
Жоспарлаушы элементтер (баптау элементтері) арқылы жүйеге реттелетін шаманың Х0 қажет мәні беріледі; оның нақты мәні осы берілген мәнге сәйкес келуі тиіс.
Салыстырушы элементтер реттелетін шаманың берілген мәнін Х{) нақты мәнімен X салыстырады. Бүл элементтің шығысында алынатын айырымдық сигнал X - Ха -- Х атқарушы элементке тікелей не күшейткіш арқылы беріледі.
Түрлендіруші элементтер сигналдың пайдалануға ыңғайлы түрге түрлендірілуін және оның қуатын магниттік, электрондық және т. б. күшейткіштер арқылы үдетуін жүзеге асырады.
Атқарушы элементтер басқару объектісіне берілетін басқару әсерін тудырады. Олар басқару объектісіне берілетін не одан алынатын энергия немесе заттар санын өзгерту арқылы басқарылатын шаманы берілген мәніне сәйкес етіп ұстап отырады.
Түзетуші элементтер басқару процесінің сапасын жақсарту үшін қажет.
Автоматты басқару жүйесін жіктеу жүйенің тағайындалуы мен конструкциясын сипаттайтын және басқа да принциптер мен белгілер бойынша жүргізіледі. Алдымен автоматты жүйенің басқару алгоритмі мен жүмыс істеу алгоритмін сипаттайтын, басқару теориясы үшін өте маңызды белгілер арқылы жіктеуді қарастырайық. Ол белгілер ретінде автоматты басқару жүйесінің жүмыс істеу сыйпатын, реттеу яғни әсер ету тізбегінің түрін және басқарушы әсерді алу әдісін жатқызуға болады.
Автоматты басқару жүйесін басқару әдісі және қызмет белгісі бойынша жіктеуге болады. Басқару әдісіне қарай жүйелер: кәдімгі - өздігінен бапталмайтын және адаптивті - өздігінен бапталатын болып үлкен екі класқа жіктеледі. Кәдімгі жүйелер қарапайым категориясына жатады да, басқару процесінде өз құрылымын өзгертпейді. Олар - ажыратылған немесе тұйықталмаған, туйықталған және аралас басқару жүйелері болып қосалқы үш класқа ажыратылады. Ал түйықталмаған АБЖ автоматты нық басқару жүйесіне (АНБЖ) және қобалжыту бойынша басқару жүйесіне бөлінеді.
Ажыратылған жүйелерде басқарылатын шама бақыланбайды, яғни басқарушы құрылғының кірісіне тек сыртқы әсер ғана беріледі. Өз кезегінде ажыратылған жүйелерді тек берілген әсердің өзгеруіне сәйкес басқаруды қамтамасыз ететін жүйелер және қобалжыту әсері өзгергенде басқаратын жүйелер деп екі класқа бөлуге болады.
2 Бу қысымын реттеудің автоматтандыру жүйесі

Қазандықтарға қойылатын негізгі талаптар сапалы көрсеткіштермен орнатылған будың берілген мөлшерін өндіру болып табылады.
Өндірілетін будың қысымының тұрақтылығы турбинаның үнемді жұмысын қамтамасыз етеді. Қабылданған нормалар бойынша будың орнатылған режимдегі ауытқу қысымы номиналдының +-2 % - нан аспуы қажет. Сонымен бірге будың өндірілуі отынды жағу кезіндегі оттықта бөлінетін жылуға тәуелді болады. Отынның мөлшерінің жетіспеуі будың қысымының төмендеуіне алып келеді. Оттық келіп түсетін отын толық жылуды алғанша жануы қажет, ол үшін оттыққа үрлемелі желдеткішпен анықталған ауа мөлшері жіберіледі. Отын және ауаның дұрыс қатынасы отынның жануының үнемділік режимін қамтамасыз етеді.
Қазандықтың жүктемесін және будың қысымын автоматты реттеудің сұлбасы мен әдістері қазандықтың жұмысы және қыздырылған будың бу өткізгішін турбинаға жалғау сұлбасымен анықталады.
Қазандық ұзақ уақыт ішінде тұрақты жүктемені ұстап қалса, базалық режимде жұмыс жасай алады. Қазандықтың реттеуші режимі тербелмелі жүктемеге байланысты болады, яғни қазандық тербеліс жетпеген жағдайда буды қосымша өндіру керек және турбинаның қажеттіліктері артық болған жағдайда оның өндірілуін азайту қажет. Қазандықтағы бу бір турбинаға берілгенде немесе турбинаға бу барлық қазандықтар жұмыс жасайтын жалпы бу өткізгішке берген жағдайда қазандық турбинаға жалпы магистраль арқылы жалғанады(блоктық компонент). Қазандықтар жалпы магистральда параллель жұмыс жасаған жағдайда турбина Рм қысымын ұстап қалады. Осы қысымды қамтамасыз ететін реттеуіш бас реттеуіш деп аталады. Ол жалпы магистральда жұмыс істейтін барлық қазандықтарды жүктемемен басқарады.
2.1 суретте көрсетілген бу қысымының турбина алдында реттеудің сұлбасын қарастырайық. Отын берілісі кезіндегі ретеуіштегі 1 формаланған сигнал турбина алдындағы будың қысымы Рпп бойынша сигнал болып табылады.
Сұлба агреттар блоктық үйлескен кезде жұмыс жасай алады. Реттеу режимі кезінде отынның берілісіндегі реттеуішке 1 деген әсер қысымның Рпп сигналы бойынша(желі а ) оттықтағы отынның шығынын өзгертеді, ал демек қазандықтың жылулық жүктемесін де өзгертеді. Турбинаның айналу жиілігі кірісі турбинаның айналым санына бойынша сигнал болып табылатын реттеуішпен 5 тұрақтандырылады. Агрегаттардың блоктық үйлесуі кезіндегі қысымды реттеуде әдетте реттеудің ПИ - заңы бойынша жұмыс жасайтын реттеуіш қолданылады.
Базалық режимде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылуэнергетикалық қондырғылардың атқарушы механизмдері және реттеу құралдары
Бу қондырғысын автоматтандыру
Жылуэнергетикалық қондырғылардың атқарушы механизмдері және реттеу құралдары жайлы
Жылуэнергетикалық қондырғылардың атқарушы механизмдері мен реттеу құралдары жайлы ақпарат
Қазандық қондырғыларынан шығатын шуды есептеу
Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт
Турбодетандерлік агрегаттарды сығылған газ энергиясы үшін пайдалану
Өндірістік желдету
Турбодетандерлік агрегаттарды сығылған газ энергиясы үшін пайдалану жайлы ақпарат
Жылуэнергетикалық қондырғылардың автоматты қорғанысы
Пәндер