Файлдарды архивтеу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Файлдарды архивтеу.
Ақпаратты қорғау құралдарының бірі-резервтік көшір-мелерді магниттік тасушыларда сақтау болып табылады, яғни файлдарды дискеттерге көшірудің дұрыс болатыны. Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса не істеу керек?Мұндай жағдайларда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Мұндай сығылған файлдарды тек дискетте сақтап қана қоймай, компьютерлік желілерде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады.
Ақпаратты сығу -файлда жадтың сақтау көлемін кіші-рейтетің ақпаратты түрлендіру процесі.
Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады.
Архивтеу файл алып тұратын кеңістік көлемін едәуір кішірейтуге мүмкіндік береді, оларды бір компьютерден басқа компьютерге ауыстыруды айтарлықтай жеңңілдетеді,
файлдарды дискілерге көшіру уақытын қысқартады, ақпа-ратқа бөгде адамдардың рұқсатсыз шығуын парольмен қорғайды және бұдан басқа файлдарды компьютерлік вирустардың бұзуынан жартылай қорғайды.
Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналас-тырудан тұрады.
Архивтік файл- арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл,
оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т. б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.
Архивторлардың (немесе архивтеушілер) жұмысының принципі файлда "артық" ("асып төгілген") ақпарат іздеуге және содан кейін ең кіші (минимал) көлемге келтіру үшін
оны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі -бірдей символдар тізбегін сығу. Мысалы, файлдардың ішінде жиі қайталанатын байттар тізбегі бар делік. Әрбір байтты сақтаудың орнына қайталанатын символдардың саны және олардың орны бел-гіленеді. Көрнекілік үшін келесі мысалды келтірейік.
Қаттайтын файл 15 байт орын алады және символдардың келесі тізбегінен тұрады:
Оналтылық жүйеде
42 42 42 42 42 4С 4С 4С 4С 4С 41 41 41 41 41
Архивтеуші бұл файлды мына түрде ұсына алады(онал-тылық) :
01 05 42 06 05 4С ОА О5 41
Бұл тізбектерді былай түсіндіруге болады: бірінші пози-циядан бастап В белгісі 6 рет қайталанады алтыншы пози-циядан бастап L белгісі 5 рет қайталанады және он бірінші позициядан бастап А белгісі 4 рет қайталанады.
Шынында, бұл архивтеу алгоритмін көрсетудің ең қара-пайым жолы. Бұл файлды соңғы түрде сақтау үшін тек 9 байт керек, бірінші түріне қарағанда 6 байт кем.
Сипатталған әдіс файлдарды сығудың қарапайым және ең тиімді жолы болып табылады. Дегенмен, егер өңделетін мә-тінде қайталанатын символдар тізбектерінің саны аз болса,
бұл әдіс көп көлем үнемдеуді қамтамасыз етпейді. Іс жүзінде кез келген архивтеуші, қандай түрінде болсын, пайдаланатын деректерді сығудың жетілген әдісі-бұл тиімді префкстік код деп аталатын, және атап айтқанда Хаффманның алгоритмі немесе ұзындығы айнымалы символдармен кодтау. Ұзын-дығы айнымалы код жиі кездесетін кодтау. Ұзындығы айнымалы код жиі кездесетін символдар мен сөйлемдерді (сөз тіркестерің) тек бірнеше биттермен ғана жазуға мүмкіндік береді, ал бұл кезде сирек кездесетің символдар мен сөйлемдер ұзынырақ бит жолымен жазылатын болады.
Мысалы, кез келген ағылшын тіліндегі мәтінді талдай отырып, Е әрпі Z әрпіне қарағанда, жиірек кездесетінін,
ал X пен Q әріптері сирек кездесетін әріптерге жататынын анықтауға болады. Сонымен, әдеттегі кодтауларда кез келген символға ұзындығы бекітілген биттік тізбек (ережедегідей байтқа еселі) сәйкес болса да, арнайы сәйкестік кестесін пайдалана отырып, сиректеу кездесетің әріптер үшін ұзынырақ кодты пайдаланып, әрбір Е әрпін биттері аз санымен кодтауға болады.
Кең тараған ARJ, RAR, PKPAK, PAK, WINZIP архивтеу-шілері Лемпел-Зивтің алгоритмінің негізінде жұмыс істейді.
Бұл архивтеушілер адаптивті сөздік кодтаушылар ретіңде жіктеледі, олар ұқсас жолдарға нұсқаушымен ауыстыры-лады. Мысалы, осы кітаптың барлық сөздері қандай да бір сөздік беттерінің нөмірі мен жолдарының нөмірі түрінде көрсетілуі мүмкін. Бұл алгоритмнің маңызды ерекшелік белгісі алдыңғы мәтіңді сөздікке жазылатын сөйлемдерге бөлетің грамматикалық талдауды қолдану болып табылады.
Нұсқаушы ағымдағы сөйлемнің алдында болған кез келген өлшемі белгіленген терезедегі сөйлемге сілтеме жасауға мүмкіндік береді. Бұл өлшем сәйкестікті іздеу шекарасын анықтайды: ол үлкейген жағдайда қаттау тығыздығы артады, бірақ программаның жұмыс істеу жылдамдығы төмендейді.
Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дис-кілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көптомды деп аталады. Том-бұл көптомды архивтін құрау-шы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден құрастыра отырып,
оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.
Біз архивтеу немесе қаттаудын-алғашқы файлдарды сығылған түрде архивтік файлға орналастыру екенің айтқан болатынбыз. Егер қаттау процесі болса, онда кері архивтік файлдарды шешу (архивтен алу) процесі де болуы керек.
Архивтен алу-бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.
Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналастырылады.
Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.
Архивтік файлдарды жасауға арналған ондаған арнайы архивтеуші -программалар бар. Олардын көбі негізінде орындайтын міндеттері бойынша аса ерекшеленбейді, тек бір программалар жылдамырақ жұмыс істейді, басқасы файлдарды сығуды жақсы қамтамасыз етеді, сондықтан пайдаланушылар, әдетте өзіне ыңғайла архивтеушіні қолданады.
Кең тараған программалардын ішінен ARJ, RAR, PKZIP, PKPAK, PAK, LHA, ICE, HYPER, WINZIP, ZOO, EXPAND дегендерін атауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz