Еңбек өнімділігін арттыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Еңбек өнімділігін арттыру
Дайындаған: Болысбеков М. Н
ЛД-211тобы
Тексерген: Тойкин С. Х
Семей 2015
Жоспар:
1. Еңбек ақының экономикалық мағынасы
2. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері
3. Тарифтік жүйе
4. Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі
5. Еңбек ақы формалары және жүйелері.
6. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
- Еңбек ақының экономикалық мағынасы
Еңбек ақы - жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы.
Еңбек ақы қажетті өнімнің негізгі формасы болып табылады. Қажетті өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор) ; жұмыс күші құны бойынша берілетін төлем (кооператив, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорын) ; акция дивидендтері; жеке еңбек қызметінен түсетін табыс; тұтынудың қоғамдық формалары, сақтық және мейірімділік қорлары ретінде қарастыруға болады.
Еңбек ақы тікелей еңбек нәтижелерімен байланысқан. Оңтайлы ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы әсер береді, яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді.
Еңбек ақы - тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді.
Еңбекті төлеу қорын қалыптастырудың әртүрлі әдістері бар, оның ішінде әсіресе қолайлы әдіс - нормативті әдіс болып табылады. Бірақ, оны қолданудың бірқатар шарттары бар: 1) нормативтер тұрақты, ұзақ мерзімді болу керек, өндіріс көлемінің өзгеруі ұжымның еңбек жағдайларымен байланысты болмайтын факторлар әсерінен ғана болады. 2) нормативтер жеке емес топтық болу керек.
Экономикасы дамыған елдерде еңбек ақыны ұйымдастырудың икемді тәсілдері қолданылады, яғни еңбек ақы мөлшері шаруашылық қызмет нәтижелеріне, өндіріс нәтижелігіне тәуелді болу керек. Оны ұжымды келісім шарт арқылы іске асыруға болады. Бұл келісім шартта еңбекті төлеу ережелері, еңбек ақы деңгейі мен еңбек нәтижелері арасында тура тәуелділікті белгілеу қажет.
Еңбекті төлеудә ұйымдастыру келісіні көздейді:
- кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу формаларын және жүйелерін анықтау;
- кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке жетістіктері үшін қосымша берілетін төлемдердің шарттарын және көлемін анықтау;
- қызметкерлердің лауазымдық жалақылар жүйесін құрастыру;
- жұмыскерлерге сый-ақы берудің көрсеткіштерін және жүйесін дәлелдеу.
Еңбекті төлеу қағидалары:
- шығындар және нәтижелер бойынша төлеу қағидасы;
- өндіріс нәтижелігінің өсуі негізінде еңбекті төлеу деңгейін көтеру қағидасы;
- қоғамдық еңбек өнімділігі өсімінің еңбек ақы өсімінен жоғары болу қағидасы;
- еңбек нәтижелегін өсіруге материалдық мүдделіктің болуы қағидасы.
Дұрыс ұйымдастырылған еңбек ақы жүйесі жұмыскерлерді еңбек өнімділігін өсіруге және біліктілікті көтеруге ынталандырады.
2. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері
Еңбек ақыны тарифтік және тарифсіз жүйелер бойынша ұйымдастыруға болады.
3. Тарифтік жүйеТарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:
- Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) -әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады.
- Тарифтік сетка -бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент -эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар.
- Тарифтік ставка -уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады.
- Аудандық коэффициент -жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады.
Бұл жүйе , көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді. Ол үшін эксперттер тобы берілген жұмыс орынға сипаттама және қойылатын талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына қарай жұмыс орындарды жеке класстарға бөледі. Кәсіпорынның жалпы балл сомасын тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын есептейді және өнім бірлігіне немесе тауар айналымы бірлігіне саналған еңбек ақы мөлшерін есебке алатын коэффициентті анықтайды.
Одан кейін әр жұмыс орны бойынша минимальды еңбек ақы мөлшерін анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды сомасын бір балл құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін жұмыс орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді.
Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі бір балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын бойынша қосылады да бір балға саналған пайда үлесін табады:
5. Еңбек ақы формалары және жүйелері.Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар:
- кесімді: еңбек ақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өңдіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы - бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбек ақы деңгейі.
Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:
- Тура кесімді:еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорцоналды.
- Кесімді-сыйлықты:қандай да бір шартқа байланысты қосымша сый-ақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.
- Кесімді-прогрессивті:еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады.
- Кесімді-жанама:бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі. Еңбек ақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады.
- Аккордты:келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады.
- мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады:
- Қарапайым мерзімді;
- Мерзімді -сыйлықты. Кесімді -сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады.
6. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері
Еңбек өнімділігі - тірі еңбектің нәтижелігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру - өндірісті кеңейтудің және ішкі жалпы өнімді өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады.
Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
өңдірумен (ПТ) - уақыт бірлігінде шығарылған өнім көлемі:
еңбек сіңіргіштікпен - өнім бірлігін шығаруға қажет уақыт:
Іс жүзінде еңбек өнімділігін келесі формула бойынша есептейді:
Еңбек өнімділігін келесі үш әдіспен есептейді:
Натуралдық: N t - өнім натуралдық өлшем бірліктермен анықталады. Артықшылығы - қарапайымдылығы, көрнекілігі. кемшілігі - бір түрлі өнімге ғана қолдануға болады.
Ақшалай: өнім ақшалай түрде анықталады.
N ч - таза өнім. артықшылығы - Есептеуі оңай, барлық өнім түрлерін және жағдайларды есебке алады. Кемшілігі - инфляцияның әсерінен еңбек өнімділігінің өзгеруін дәл анықтауға болмайды.
Еңбекті: орындалған жұмыстарды еңбек-сағаттармен есептейді.
Артықшылығы - барлық өндіріс түрлерінде қолданылады, өнім өңдіру нормасын есептеуге болады, бірақ көрнекі емес.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz