Сертификаттаудың түрлі сұлбалары. Артыкшылыктары мен кемшіліктері

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Сәйкестікті растау сұлбасы
2.2. Өнімді сертификаттау сұлбасы және қолдану
2.3. Қызметті сертификаттау сұлбасы және қолдану
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Өнімді сертификаттау сұлбалары. Өнімді сертификаттаудың жалпы ережелері.
Қазақстан республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде өнімді міндетті және ерікті сертификаттау сертификаттаудың жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Міндетті сертификаттау сертификатталатын өнімнің техникалық регламенттің, стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың өмір қауіпсіздігін, адам денсаулығы мен дүние-мүлкін, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған міндетті талаптарға сәйкестігін растайды. Міндетті сертификаттауға жататын өнім тізімі бекітілген ретпен қабылданады.
Сертификаттау жұмыстарының кезеңдері:
Сертификаттауға өтінім.Бұл кезеңде мынадай жұмыстар жасалынады: өтінушінің өтінім беруі; сертификаттау органының шешім беруі; өнім мен көрсетілетін қызметті сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге келісім-шарт жасау. Өтінім берушінің, өзіне керек деген объектілерге сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізе алатын сертификаттау органын таңдауы, сертификаттау органының аккредиттеу саласымен анықталады. Егерде бұл жұмыстарды бірнеше сертфикаттау органдары атқара алатын болса, онда өтінім беруші олардың ішінен біреуін өзі таңдап алады. Өтінім сертификаттау жүйесінде бекітілген пішімде жіберіледі. Сертификаттау органы өтінімді қарап, жауабын өтінім берушіге хабарлайды.
Қойылған талаптарғасертификаттау объектісінің сәйкестігін бағалау.Өнімге байланысты бұл кезең бұйым үлгілерін таңдау мен ұқсастыру және оларды сынаудан тұрады. Үлгілер тұтынушыға жеткізілетіндей бұйымдар болуы керек. Таңдап алынатын үлгілердің саны, оларды таңдау әдістемесі, оларды ұқсастыру және сақтау өтінілген өнімнің нормативті құжаттарындағы қойылған талаптарға сай болуы керек. Үлгілерді таңдау ҚР СТ 3.4 және ПР РК 540.3.19 стандарттарына сәйкес акт жасалынынады. Сақтау, тасымалдау және үлгілерді сынауға дайындаған кезеңде, сонымен қатар сынақ үстінде де нормативті құжаттардағы талаптар орындалуы қажет. Үлгілердің сертификаттау жұмыстары кезіндегі барлық қозғалысы жорналда тіркеліп, жауапты қызметкердің қолымен бекітіледі.
Сертификаттау жұмыстары сертификаттау жүйесінде бекітілген сұлбалар бойынша жүргізіледі. Сертификаттау сұлбасы - өнімнің, көрсетілетін қызметтің, сапа жүйесінің сәйкестігін бағалау кезінде үшінші жақтың іс-әрекетінің құрамы мен реті.
Ерікті сертификаттау кезінде өтінім берішінің таңдауы бойынша алынған стандарт, немесе басқада нормативтік құжаттардың талаптарына өнімнің сәйкестігі расталады. Барлығы оншақты сертификаттау сұлбалары бар.
Өнімді сертификаттауда негізгі 8 сұлба және қосымша 9-шы мен 10-шы сұлбалар қолданылады. Қолданыста жиі кездесетіні 2, 3, 7, 9.
Сертификаттау сұлбаларын қолдануда келесі ұсынысты ескеру қажет:
1-6 және 10 сертификаттау сұлбалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде, 7, 8, 9-сұлбалар шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады.
1-сұлбаны өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады, өнімнің типтік үлгісін аккредиттелген сынақ зертханасында сынау қарастырылады, сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады.
2-сұлбаны ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде немесе жекелеген келісім-шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау, сатушыдан алынған үлгіге сынақ аккредиттелген зертханада жүргізіледі. Сертификат мерзімі − 1 жыл. Сертификат ұстаушы мен өнім өндіруші бөлек тұлғалар. Көбіне өнім өндіруші басқа мемлекеттікі, ал өтінім беруші отандық тұлға. Міндетті түрде сынақ хаттамасы негізінде беріледі. Өнім графасында келісім-шарт нөмірі көрсетіледі. Кейде партия көлемі жазылады. Инвойс (счет-фактура) нөмірі көрсетілмейді, онда ол 7 немесе 9 сұлбаға айналады. 2 сұлба сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ
Тақырыбы: : Сертификаттаудың түрлі сұлбаларының артыкшылыктары мен кемшіліктері

Орындаған: Тукенов А.Е.
Тобы : СМ-405
Тексерген: Толеубекова С.С.

Семей-2015

Жоспары :

3-сұлбаны өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн. 3 сұлба - сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау, өнім өндірушінің дайын тауар қамбасынан, тұтынушыға жіберер алдында алынған үлгіге сынақ аккредиттелген зертханада жүргізіледі. 3 сұлбаны - өндіріс тұрақтылығы еш күман туғызбайтын, өндіріс сапа басқару сертификаты ISO 9001 бар жағдайда сериялық өнімді сертификаттауда қолдану ұсынылады. Сертификат мерзімі -- 12 ай. Сертификат ұстаушы мен өнім өндіруші бір заңды тұлға. Міндетті түрде сынақ хаттамасы негізінде беріледі. 1 жыл өткен сайын сынақ қайталанып тұрады. Өтінім құжаттарын өндіруші береді, ең қымбат сертификаттау түрі, сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады.
4-сұлбаны өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады.
4 сұлба өнім үлгісіне сынақ жүргізуге (1-3 сұлбалардағыдай) негізделеді, сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сатушыдан да, өндірушіден де алынған үлгілерге сынақ жүргізу жолымен жасалынады. Сертификаттаудың 4 сұлбасы сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады.
5 сұлба өнім үлгісіне сынақ жүргізу мен өндірісті сертификаттауға, немесе өнім өндірушінің сапа жүйесін сертификаттауға, сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сатушыдан да, өндірушіден де алынған үлгілерге сынақ жүргізу жолымен және өндіріс жағдайының тұрақтылығы мен сапа жүйесінің қызмет жасауына негізделген. 5 сұлбаны өнімнің жарамдылық мерзімі сынақ жүргізуге қажет уақыттан аз болған; өнімнің түрлері жылдам өзгеріп отыратын жағдайда қолданады.
6 сұлба аккредиттелген орган өндірушінің сапа жүйесін сертификаттау қарастырылған жағдайда қолданады. Берілген өнім өндірісіне қатысты сапа жүйесіне сертификаты бар өнім өндірушіге, сертификат беруге негіз, өнімнің бекітілген талапқа сәйкестігі туралы өндірушінің өтінім-декларациясы. 6 сұлбаны өнімнің жарамдылық мерзімі сынақ жүргізуге қажет уақыттан аз болған; өнімнің түрлері жылдам өзгеріп отыратын жағдайда қолданады. 6-сұлбаны, егер сипаттаманы сертификаттаған кезде расталатын номенклатура мен олардың мәндері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін болса, өзінің сапа менеджменті жүйесіне сертификаты бар жеткізушінің (дайындаушының емес) импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады.
5 және 6-сұлбаларды:
* сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді объективті бағалау үшін жеткіліксіз;
* технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал;
* шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптар белгіленген;
* өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті уақыттан кем;
* өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;
* өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
6-сұлба түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекшеленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылған.
Қазіргі кезде 5 және 6 сұлбалар дамыған елдерде кеңінен таралған және сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады.
7 сұлба дайын өнім партиясынан таңдап алынған үлгіге, аккредителген сынақ зертханасында сынақ жүргізу қарастырады. 7 сұлба: келісім-шарт бойынша көлемді партияны сертификаттау.
8 сұлба әрбір өндірілген өнімді аккредиттелген сынақ зертханасында сынауды қарастырады. 7 және 8-сұлбаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану ұсынылады.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі -- өнімді сатып біткенше. Сертификат ұстаушы мен өнім өндіруші бөлек тұлғалар. Көбіне өтінім беруші - отандық, ал өнім өндіруші - шетел кәсіпорны. Міндетті түрде сынақ хаттамасы негізінде беріледі. Өнім графасында келісім-шарт, инвойс нөмірі, партия көлемі немесе келісім-шартқа сипаттізім бекітілген.
9 және 10-сұлбаларды мынадай біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін, дәрілік құралдарды сертификаттаған кезде пайдалануға рұқсат етілмейді.
9-сұлбаны импортталатын өнімдер үшін мынадай жағдайларда:
* шағын және орта бизнес және жеке кәсіпкерлер үшін;
* жеке мұқтажы және өндіріске арналған өнімдерді әкелген кезде (жинақтаушы, ілеспе өнім, өндіріске арналған шикізат және жартылай фабрикаттар, технологиялық жабдық, өндіріске арналған құралдар мен аспаптар, монтаждауға арналған жабдықтар және т.б.);
* өңірде сынақ зертханалары болмаған кезде өзге кәсіпорындардың өткізуі үшін өнімдерді әкелген кезде қолдану ұсынылады.
9 сұлба өндіруші жағынан ілеспе құжаттарға сәйкестігі туралы декларацияны қарастыруға және сертификатты өнімнің жарамдылық мерзіміне, бірақ 12 айдан артық емес мерзімге беруге негізделген. Бұл сұлба 7 сұлбадан айырмашылығы- сертификаттауда өнімге сынау жүргізілмейді.Үлкен көлемді партия, кіші көлемді партияны сертификат беруші сарапшы өзі мөлшерлейді.
10- сұлбаны отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
10 сұлбаны шағын кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды, сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады.
10 сұлба өндірушімен декларацияны ілеспе құжаттарға сәйкестігін қарастыруға негізделген және өндіріс жағдайын талдауды қарастырады.
Сәйкестік декларациясын пайдалану мынадай біртекті өнімдер топтарын сертификаттауда рұқсат етілмейді: балалар тағамы өнімдері; ойыншықтар; автомобиль бензиндері; қолданыста болған автомобильдер; дәрілік құралдар.
Сертификаттау сұлбасын таңдау кезінде өнімді нақты пайдалану, жеткізу, сынақ жіне өндіріс ерекшеліктерін, талап етілетін дәлелдеме деңгейін, өтінім берушінің шығынын ескеру қажет. Қазақстанда қабылданған сертификаттау сұлбалары 1 кестеде көрсетілген. Дәлелдеме әдістері ретінде сынау, сәйкестік декларациясын қарастыру, өндіріс жағдайын талдау, инспекциялық тексеру қолданылатынын 1 кестеден көреміз.
1 Кесте
Өнімді сертификаттау сұлбалары
Сұл
ба №
Қолдану ерекшеліктері
Сәйкестікті растау әдістері
Өндірісті тексеру
Сертификат мерзімі
(көп емес)
Инспекциялық тексеру
1
2
3
4
5
6
1
Импортталған, шақ-таулы, алдынала келі-сілген көлемдегі се-риялық тауарларды таратуда қолданы-лады
Типті сынау
Жүргізілмейді
6 ай
Жүргізілмейді
2
Ұзақ мерзімді келісім-шартпен келетін, не-месе жеке келісім-шартпен таратылуы тұрақты, импорт-талған сериялық бұйымдардың сәй-кестігін растауда қолданылады
Типті сынау
Өндіріс күйін талдау
12 ай
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау.
Өндіріс күйін талдау
3
Өндіріс тұрақтылығы күмән туғызбайтын сериялық өнімдердің сәйкестігін растауда қолданылады
Типті сынау
Өндіріс күйін талдау
12 ай
Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау.
Өндіріс күйін талдау
4
Өнім сипаттамала-рының тұрақтылығын жан-жақты және қатаң тексеру қажет болатын жағдайда қолданылады
Типті сынау
Өндіріс күйін талдау
18 ай
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау.
Өндіріс күйін талдау
5
Сериялық өнім сәйкестігін растауда қолданылады
Типті сынау
Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау
36 ай.
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау*. Дайындаушы-дан алынған үлгілерді сынау.
Өнідірісті (сапа жүйесін) бақылау**
6
Өнімді сериялық шығаруда жабдықтаушы бұйымдардың сәйкестігін бағалауда қолданылады
Типті сынау
Сапа жүйесін сертификаттау
36 ай
Сапа жүйесін бақылау **
7
Өнім партиясының сәйкестігін растауда қолданылады.
Партияны сынау
Жүргізілмейді
Партияны іске асыру мерзімі
Жүргізілмейді
8
Жеке өнім сәйкестігін растауда қолданылады
Әрбір бұйымды сынау
Әрбір бұйымды
Орнатылмайды
Орнатылмайды
9
Келесі жағдайларда импортталған өнім-дердің сәйкестігін растауда қолданы-лады:
-Кіші және орта бизнес және жеке кәсіпкерлер үшін;
- Өнімді өз қажеттері мен өндіріс үшін сырттан әкелгенде;
- Аймақта сынақ зертханалары бол-маған жағдайда өнім-ді басқа кәсіпорындар таратуда.
Қосымша құжаттармен сәйкестік туралы декларацияны қарастыру
Жүргізілмейді
Өнімнің жарамдылық мерзімі, бірақ 12 айдан артық емес
Жүргізілмейді
10
Ұзақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сертификаттаудың түрлі сұлбаларының артықшылықтары мен кемшіліктері
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Сертификаттау туралы түсінік
Электр қондырғыларындағы қысқа тұйықталулар
Нан өндірісіндегі бидай ұнының сапа көрсеткіштері
Республикасының сертификаттау жүйесі
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтағы жылу пунктін TIA Portal программалық қамтамасы негізінде сымды байланысы бар үлестірілген өндірістік желіні құрастыру және зерттеу мәселелері
Транзисторлар. Іске қосу сұлбалары
Пәндер