Субасудың түрлері. Негізгі себептері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Орындаған: Кусайнова Б. О
Топ: БЖ-315
Тексерген: Бакирова Л. С.
Семей 2015
Жоспар
- Кіріспе
- Субасудың түрлері. Негізгі себептері.
- Халықтың сутаскыны мен су басу кезіндегі іс-әрекеті. Сақтық шаралары.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Гидрологиялық сипаттағы табиғи құбылыстар:
- судың жоғары деңгейіндегі субасулар, ондай жағдайда қалалардың төменде орналасқан бөліктері мен басқа елді мекендері, ауылшаруашылық егістіктері және көлік пен өнеркәсіп нысандарынын су басып қалады.
- судың төменгі деңгейіндегі субасулары - кеме қатынастары, қалалар мен халық шаруашылық, жер суаратын нысандардың бұзылуы
- мұздың ерте қатуы және кеме қатынастарындағы су арықтарында мұздың қатуы болып тбөлінеді.
Бұған біз шартты түрде теңіз гидрологиялық құбылыстарын да жатқыза аламыз: цунами, теңіздер мен океандардағы қатты толқындар, тропикалық циклондар (тайфундар), мұздың қыртысы.
Су басу - 1) жер бетіндегі ағын сулардың немесе жер асты сулары деңгейінің көтерілуі; 2) өзен маңындағы жер аумағын су тасу немесе тасқын кезінде (табиғи cу басу), не өзен арнасы мен аңғарына жасанды түрде бөгет салу кезінде (жасанды су басу) судың қаптай жайылуы; 3) гидротех. ғимараттар салудан және жер беті суын тежеуден, сондай-ақ а. ш. жерлерін дұрыс суармаудан ыза деңгейінің көтерілуі. Негізінен белгілі бір алаптағы қар мен мұздың күрт еруінен және жауын-шашынның көп мөлшерде түсуінен болады.
Субасудың болу себептеріне қарай 4 топқа бөлінеді.
Субасудың түрлері. Негізгі себептері
Субасулар- жердің әлдеқандай бөлшегін су басып су деңгейінің мөлшерден жоғары көтерілуі, соның нәтижесінде материалдық шығындар пайда болып, тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін табиғи құбылыстың бір түрі.
Біздің облысымыздың территорясында 2000 өзен болып саналады. Жалпы қашықтығы 10 мың км құрайды. Су 1, 5 м 3, 0 метге дейін көтеріле алады. Субасу аймақтары 0, 3 тен 3, 4 ка. км қашықтықты құрайды. Субасу 2-3 жыл жыл мерзім аралығында, 10-15 күнде болады.
Қарағанды облысында аса қауіпті Қарқаралы аудандарының Нұра, Сарысу, Бұқар-Жырау ауданы мен Нұра ауданына қарасты Самарқанд су қоймасы субасуы ықтимал өзендері. Онда су 15 сантиметрден 3 метрге дейін көтеріліп, төменгі бөліктерде 0, 5 тен 3 километрге дейін жайылады.
Барынша су шығыны мен деңгейінің көлемін көктемгі су тасқыны жағдайына себепші болатын факторына төмендегілер жатады:
- көктемгі ерудің алдында қар жамылғыларындағы судың қоры, қардың еруі мен су тасқыны кезіндегі ауа райының жауын-шашыны
- көктемгі қар еруі алдындағы жер қыртысының көктемгі-қысқы ылғалдануы
- жер қыртысының қату тереңдігі
- жер қыртысындағы мұздың қабығы
- қар ерудің күштілігі
Субасудың болуына байланысты себептеріне қарай 4 топқа бөлінеді:
1-жазық даладағы қардың еруін тудыратын ең үлкен ағыс.
2- тау мұздақтары мен қарлары нан туындауын ескертетін ең үлкен ағыс. Су тасқыны бұл жерлерде бір жылдың шінде бірнеше рет бақылануы мүмкін.
3- Қатты жаңбыр жаууды ескертетін ең үлкен ағыс. Жауын-шашын мен қардың еруімен бірге туындайтын ең үлкн ағыс.
4- қатты желдің әсерінен көлдер мен су қоймаларына судың тұрып қалуы.
Олардың мерзімі қардың еруінен су басып, сонымен қатар күзгі жауын-шашынның әсерінен болады.
Субасудың 5-ші түрі де болады, бірақ олар ТЖ техногендік сипатына жатады.
Қазақстанда 1-ші, 2-ші типтегі су басулары басым болады. Мөлшері мен масштабына қарай олар тағы да 4-ке бөлінеді. Бірінші -төменгі субасулар. Көбінесе жайпақ өзендерде кездеседі, олар 5-10 жылда 1 рет қайталанып тұрады. Соның салдарынан төменгі бөлікте орналасқан ауылшаруашылық жерлерінің 10 пайызын су басады. Олар қатты әсер ететін шығындарға әкеліп соқпайды және тұрғындардың өміріне зиянын келтіре қоймайды.
Екіншісі - жоғары субасулар. Көптеген жерлердің аумақтарын қамтып, материалдық шығындары басым болып келеді, тұрғындардың өміріне зиянын келтіреді. Кей жағдайларда адамдарды көшіруге тура келеді. Рухани және материалдық шығындары өте маңызды болып келеді. 15-20 жылда 1 рет болып тұрады.
Үшіншісі - өте маңызды субасулар. Олар толық өзен су хауыздарын қамтиды. Шаруашылық кәсіпкерлікке зиянын тигізіп, рухани және материалдық шығынға әкеліп соқтырады. Өте жиі тұрғындарды жаппай көшіруге әкеліп соқтырады. 50-100 жылда 1 рет қайталануы мүмкін.
Тасқын суымен келген субасулары Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерінде кездеседі. Осындай субасулары Оңтүстік Қазақстанның өзендерінде ақпан- наурыз айларында болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыста және шығыс қазақстанда наурыз-шілде айларында, ал жайпақ өзендерде - наурыз-маусым айларында болуы ықтиамал.
Халықтың сутаскыны мен су басу кезіндегі іс-әрекеті.
Сақтық шаралары.
Көктем кезінде өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде елді мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім - жітіміне алып келеді. Көптеген су басудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, мұздқтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады. Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Өзеннің жоғарғы бөлігіндегі мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылу жағдайында су басу қаупіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, мұз жүрген кезде өзен жағалауына тақтамаған дұрыс. Қар еріген және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүру өте қауіпті. Судың қосымша көлемі батпақтардың өткізгіштігін азайтады, сондықтан тіпті тексерілген учаскенің өзі кедергіге толы және өте қауіпті болуы мүмкін.
Апатты су тасқыны кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, ең болмағанда, жер бедерінің ең биік нүктесіне дейін жету қажет.
Егер сіз суда қалсаңыз, төмен қарай тартатын аяқ киімді, ауыр киімді шешіп жүзгіш заттарды, ағашты, басқа да су бетінде қалқып жүрген заттарды іздеп, көмек күтпей-ақ оларды пайдалану керек. Егер жаға алыс болса онда ағысқа қарсы баяу қарқынмен қырындай жүзіп барған жөн. Жағаға жеткеннен кейін су киімді сығып, жағаның бойымен көтеріліп желден қорғайтын жәйлі жерді тауып алып көмек күту қажет.
Батқан адамға шалқылай жүзіп барған жақсы. Оған жақындаған кезде басынан, аяғынан, жағасынан ұстап, оның шалқылай жатқызып, бос қол мен аяқты сермей отырып жағаға қарай жылжу керек.
Су кеткеннен кейін үзілген және ілулі тұрған электротізгіштерін, зақымдалған газ құбырынан сақтану қажет. Үйге кірірде оның бөліктерінің су толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу керек. Судан табылған азық - түлікті, тасқыннан кейінгі іркілген суды пайдалануға болмайды. Әкелінетін су болмаған жағдайда жақын маңдағы құдықты түбіне дейін сарқып, ол топырақ сумен толғанша күткен жөн.
Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.
Көптеген субасудың негізгі себептері нөсер жаңбыр болуы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады. Сырғымалар, бөгеттердің, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті. Ол өз кезегінде нөсердің немесе ұзақ жаңбырдың салдары болып табылады.
Судың көтерілуінен болатын субасуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурызда, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде наурыз-маусымда болады.
Жаңбыр тасқындары Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегіндегі және ортасындағы өзендерде, сайларда, көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейінің өзендерінде байқалады. Олар көбінесе жойқын болып келеді. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынның ерекшелігі белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz