Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар. «Әліппе» оқулығының негізгі ерекшеліктері. «Әліппенің» құрылысы мен мазмұны


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы «Білім және Ғылым министрлігі»

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті

СРО

Тақырыбы : 1. Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар. 2. «Әліппе» оқулығының негізгі ерекшеліктері. «Әліппенің» құрылысы мен мазмұны.

Тексерген: Таттимбетова С. Ж

Тобы: П-305

Орындаған: Табылғазы Н. С.

Семей 2015жыл

"Сауат ашу" пәні оқу бағдарламасының мазмұны:

1. Әліппеге дейінгі кезең: сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу: саусақтарын жазуға даярлау (әр түрлі сызықтар өрнектер мен таңбалар сыздыру) ; сөздік қорын молайту; бай-ланыстырып сөйлеуге үйрету.

2. Әліппе кезеңі: әріптердің баспа және жазба түрлері, бас әріп пен кіші әріп; сөздің дыбыстық-буындық құрылымын модельдеу; сөзді буындап оқу және тұтас сөзбен оқу; сөйлемдерді, мәтіндерді оқу; әріптерді жазу, сөз ішіндегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу; сөз, сөйлем жазу; мәтінмен жұмыс жүргізу (сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау, мәтін құрастыру) .

3. Әліппеден кейінгі кезең: сөз, сөйлем, мәтін оқу және жазу: дауысты және дауыссыз дыбыстар, сөз таптары туралы алғашқы грамматикалық маглұматтарды меңгерту (заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер) ; сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазу, кісі аттары, жер-су атаулары және үй жануарларына қойылатын аттарды бас әріппен жазу.

"Сауат ашу" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі.

'Сауат ашу" пәні аптасына 7 сағаттан және оқу жылында 238 сағат оқытылады.

I жартыжылдықта - 1 12 сағат;

II жартыжылдықта - 126 сағат.

"Сауат ашу" пәні интеграцияланған мазмұндағы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады:

I жартыжылдықта - "Әліппе" оқулығы;

II жартыжылдықта - "Ана тілі" оқулығы.

"Сауат ашу" пәнінің базалық білім мазмұны

Әліппеге дейінгі кезеңде. Сөйлеу. Сөйлем. Сөз. Буын. Дауысты жоне дауыссыз дыбыстар. Сөзді дыбыстық талдау.

Әліппе кезеңінде. Әріптердің баспа, жазба түрлері. Бас әріп және кіші әріп. Сөз. Буын. Сөйлем. Мәтін. Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері. Сөзді дыбыстық-буындық талдау. Орфографиялық және пунктуациялық ережелер (бас әріппен жазылатын сөздер; сөйлемнің соңына нүкте қою) .

Әліппеден кейінгі кезең. Сөйлеу. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу. Қазақ алфавиті. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Жуан және жіңішке. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Буын. Тасымал. Заттың атын білдіретін сөздер. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Заттың сынын білдіретін сөздер. Заттың санын білдіретін сөздер. Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін. Әңгімелер, өлеңдер. ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер.

қазақ алфавитіндегі әріптердің аталуын және олардың дыбысталуын білу;

-- дыбыс түрлерін; дауысты және дауыссыз дыбыстарды, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды білу;

-- жуан және жіңішке айтылатын сөздерді білу;

- жуан және жіңішке жұп дауыстыларды білу;

- сөздерді буынға дұрыс бөле білу және тасымалдай білу;

- заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді және оларға қойылатын сұрақтарды білу;

~ сөйлемді, сөйлемдегі сөздердің байланысын білу;

- кісі аттары мен үй жануарларына қойылған аттарды және жер-су аталуын бас әріппен жаза білу;

- сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен бастап, ондағы әрбір сөзді бөлек жаза білу; сөйлем соңына нүкте қоя білу;

-- қысқа өлеңдерді жатқа айта білу (мұғалімнің таңдауы бойынша) .

.

Оқуға қойылатын талаптар:

Дұрыс оқу: әріптерді тастамай түгел оқу; артық әріп қоспау, орындарын ауыстырмау, басқа әріппен алмастырмау.

Саналы оқу : оқыған мәтіннің мағынасын түсіну; сұрақтарға жауап бере білу, мәтінге ат қою.

Мәнерлеп оқу: сөзді дауыстап және анық оқу; мәтін түріне байланысты сөйлеу мәнерін сақтау; логикалық екпінді қоя білу; кідіріс жасау; дауыс ырғағын сақтап оқу.

Жазуға қойылатын талаптар:

Әліппеге дейінгі кезең:

- жазу дәптерінің жолын сақтап әр түрлі сызықтар, өрнектер, таңбалар сыза білу;

- дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлай білу (жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта, ортасында) ;

- әріп элеметтерін жаза білу.

Әліппе кезеңі:

- дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерін (бас әріп және кіші әріп) жаза білу;

- әріп, буын, сөз, қысқа сөйлемдер жазу; сөз ішінде әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу;

- баспа түрдегі мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Әліппеден кейінгі кезең:

- мұғалімнің айтуымен және мәтіннен сөздерді сөйлемдерді көшіріп жазу:

- сұрақтарға жазбаша жауап беру:

- диктант жазу:

- мазмұндама, шығарма жазу (II жартыжылдықта) . Әліппеге дейінгі кезеңде жүргізілетін негізгі тексеру жұмыстары.

«Әліппе» оқулығының негізгі ерекшеліктері. «Әліппенің» құрылысы мен мазмүны. .

C:\Users\пользователь\Desktop\afb0c2dad1ecf65b2cfa6c2f2735d505.jpg

ӘЛІППЕ - алғашқы білім мен дағдыны меңгертуге арналған сауат ашу оқулығы (араб әліпбиінің “алиф” және “ба” деген екі әріпінен құралған) . Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілді. 19 - 20 ғ-ларда оқу-ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына байланысты (медреселер, орыс-қазақ мектептері) Ә-лер де араб және орыс әліпбиімен жазылды. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог Ы. Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” (Орынбор, 1864), “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (Орынбор, 1871) оқулықтары тұңғыш рет орыс әліпбиімен жарық көрді. Алайда “Қазақ хрестоматиясы” сауат ашуға арналған Ә. емес, оқу мен жазуды меңгерген балалардың алған білімі мен дүниетанымын дамытуды көздейтін оқулық етеді. Бұдан кейін А. Е. Алекторовтың “К мудрости ступенька. Азбука для учеников начальных русско-казахских школ” (1891), А. В. Васильевтің “Букварь для киргизских школ” (1912) сияқты т. б. Ә-лер жарық көрді. Олар екі бөлімнен (қазақша және орысша) тұрды. Оның авторлары К. Д. Ушинскийдің басқа ұлт балалары орыс тілін саналы меңгеру үшін өзінің ана тілінде сауат ашуы қажет деген қағидасын ұстанды. Бірақ қолданылған Ә-лер қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін түгел бере алмады.

20 ғ. басында халқының сол кездегі тағдырына ой жіберіп, болашағын парасатпен бағдарлай алатын қазақ зиялылар қауымы өсіп-жетілді. Олар халықты сауаттандырып, өркениетті ел қатарына қосуға күш салды. Түркі зиялыларын біріктірген “Жәдитшілер ұйымының” бір топ мүшелері қазақ мектептері үшін жаңа оқулықтар жазды. Қазақ балаларын оқу мен жазуға төте жолмен үйретуді көздеді. М. Нұрбаевтың “Әліппесі” (Уфа, 1910), З. Ерғалиұлының “Қазақ әліппесі” (Қазан, 1910), М. Малдыбаев пен Ж. Аңдамасовтың “Қазақша ең жаңа әліппесі” (Қазан, 1912), К. Сырғалиннің “Қазақша әліппе кітабы” (Қазан, 1913) т. б. осындай серпелістен туған алғашқы оқулықтар еді. Алайда бұл аталған оқулықтар кең қолданыс таба алмады. Ал ғұлама ғалым А. Байтұрсыновтың жаңа әліпби (төте жазу) үлгісімен жазылған. “Оқу құралы” (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің Ә-ге деген сұранысына толық жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздің мағынасын нақтылау, қолдану дағдысы қалыптастырылды. Ана тіліміздің бай сөздік қоры, сөздердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. 1925 ж. А. Байтұрсынов әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш мектептеріне арналған “Жаңа Әліп-биді” (Қызылорда 1927) ұсынды. Оқулық өз заманына лайық “Әліппе” жасау ісінің озық үлгісі болды. Әліппеде сауат ашумен бірге балалардың ойы мен тілін дамыту, байланыстырылып сөйлеу дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру мәселелері дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан жетік шешімін тапты. “Жаңа Әліп-биге”: а) баланың өз атынан баяндалатын мектеп өмірі жайлы әңгімелер, ә) балаларды адамгершілікке, ізгілікке, тазалыққа тәрбиелейтін әңгімелер мол енгізілді. Жалпы А. Байтұрсынов отандық білім беру ісі тарихында оқушылардың ойы мен байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына зор мән берген, осы мақсатқа жетудің жолын нақты тәжірибе жүзінде дәлелдеген алғашқы қазақ ғалымы болды. Саяси себептердің салдарынан “Жаңа әліп-би” 20-жылдардың аяғына дейін ғана қолданылды. Мұнан кейін Т. Шонановтың “Жаңалық” (Әліппе, Қызылорда, 1929) және Т. Шонанов пен М. Жолдыбаевтың “Жаңа арна” (Қызылорда, 1927) Ә-лері жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Әліппеден кейінгі кезең
Сауат ашудың міндеттері
Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
Әріптерден сөз жасау
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Сауат ашу мәселесі бастауыш сынып окушыларын оқыту
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Әліппеден кейінгі кезең мен сауат ашу кезеңіндегі жасалатын жұмыстар, сабақ жүйесі
Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz