Қазақстандағы қола дәуірі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы қола дәуірі.

Жоспар

1. Қазақстанның қола дәуіріндегі шаруашылық.

2. Мекендеген тайпалар

Қола дәуірі -мал шаруашылығының үздіксіз дамыған кезі. Сірә, ол кезде Қазақстанның кеңбайтақ аумағындағы халықтың бәрі бірдей шаруашылықтың осы жаңа шаруашылығына көше қоймаған еді. Тайпалар қола дәуірі тұсында үй маңында мал өсіруден жайлауда мал бағуға, одан кейін көшпелі мал шаруашылығына көшті. Нақ осы жағдай материялдық мәдениеттегі өзгерістерді туғызды, дегенмен, бұл өзгерістер барлық жерде біркелкі болмады. Географиялық және басқа факторларға байланысты кейбір аудандарда әуелі жабайы хайуандарды қолға үйрету басталды.

Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуы қоғамның азық -түлік пен және тұтыну бұйымдарымен көбірек қамтамасыз етілуіне, артық өнім пайда болуына, өндіргіш күштердің дамуына орай кейбір отбасыларда ірі табын малдар шоғырланды. Олардың иелері үнемі жайылымдарды ауыстырып отыруға мәжбүр болды. Біртіндеп, тек өзен сағалары емес, далалар мен жартылай шөлейт аймақтар, Тянь-Шань тауының бөктерлері де игеріле бастады. Адамдар жылқыны мініске үйретіп, ауыздық жасауды игерді, сөйтіп ол көлік ретінде пайдаланылды. Ал, тұрақты баспанаға киіз үй пайдаланылды, ол жеңіл әрі көшіп- қонуға өте қолайлы.

Еңбек құралдар мен қару-жарақтар жетілдірілді. Алысқа ататын садақ, ұшы металдан жасалған ұш қырлы найза, қылыш- қорғаныс және шабул жасаудың сұсты қаруларына айналды. Мал мен жайылымдар үшін жүргізілген соғыстар тайпа басшылырын байыта түсті. Осылайша қуатты одақ пайда болды. Осылайша қуатты одақтар пайда болды. Мысалы, б. з. б. III ғасырда Қазақсьанның оңтүстігінде тайпалар одақтары құрылады, олардың ішінде қаңлылыр мен жетекші орын алады. Олар осы өңірді мекендеген сақтардың ұрпағы болатын. Үйсіндер Жетісуды, қаңлылар Қазақстанның оңтүстігін мекендеді. Бұлардан басқа үге, юс жи, аландар да осы өңірдің халқы.

Үсіндер жері Шу өзенінен Тянь- Шань тауының шығыс сілемдеріне және Балқаш көлінен Ыстық көлдің жағалауына дейінгі кеңістікті алып жатыр. Үйсіндердің батыс шекарасы Талас өзені. Қытайлық деректерге қарағанда үйсіндердің саны 120 түтін немесе 620 мың ер және әйел болған.

Үйсіндерден батысқа қарай қаңлы мекендеген, олардың басым көпшілігі Қаратау бөктері мен Сырдарияның орта ағысы маңын алып жатыр. Қаңлылардың да саны 120 мың түтін. Жан басы шамамен 600 мың.

Тайпалардың өз орталықтары болған. Мәселен, үйсіндердің ордасы Ыстық көл жағасындағы Чигу чен, ал қолбасшылырын гуньмо деп атаған. Олар негізінен мал асыраған, егіншілікпен айналысқан. Үйсіндер әсіресе жылқыны бағалаған. Сонымен бірге қой, түйе, ірі қара өсірген, тары сепкен. Үйсіндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия, Сібір халықтарымен саяси және экономикалық байланыс жасап отырған.

Бұл кездегі адамдарға табиғатқа табыну, ата бабаларының аруағына табыну тән еді: табиғат күштерін киелі рух деп ұғынып, оларға құрбан шалатын, сондай ақ күнге, отқа, айға, жұлдыздарға табынатын. Аспан шырақтары жыл қайырудың негізі саналған, көшіп -қону кезінде соларға қарап жолдарды, егін салу мерзімін білген, діни құрыптарды реттеп отырған.

Үйсіндер менқаңлы тайпаларында алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы байқалды, қоғам байлар мен кедейлерге, еркін адамдар мен құлдарға бөлінді. Байыған көсемдер ең таңдаулы жайылымдарды иеленді, оларды өздерінің меншігі санады.

Қауымдық жерді тартып алу алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және феодалдық таптық қатынастардың қалыптасу процестерін жеделдетті. Гуньмо атануды мақсат тұтқан ақсүйектердің өзара қырқысуы және алтайлық түркілердің үйсіндердің жеріне килігуі үйсін тайпалар одағының ыдырауына әкеліп соқты. Соңында үйсіннің жері Түрік қағанатының құрамына енеді.

Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола дәуірінде мәдениеттің бастапқы түрін жасады, соның негізінде темір дәуірінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты. Көне замандағы үйсіндердің материялдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толық зерттелген. Талас, Іле және Шу аңғарларындағы мекендер мен қорғандарды қазғанда олардан алынған материялдар үйсіндердің баспаналарының, үй іші жиһаздарының, еңбек құралдары мен қаруларының қандай болғаны, қышан ыдыс-аяқ жасаудың тәсілдері, сондай -ақ жерлеу рәсімдері жан -жақты мәліметтер береді.

Б. з. б. І мың жылдықтың екінші жартысында далалықтырдың мәдениеті жаңа сатыға көтеріледі түрік жазуы пайда болады, түрік әдебиеті дүниеге келеді; түркі тайпалары тұңғыш рет сол кездегі будда, христиан, ислам секілді ұлы діндермен таныс боллады. Басқа да өрениет жетістіктерін игереді.

Бұл кезең сонымен бірге мемлекеттің тууының да алғашқы сатысы болады. Сайланып қойылатын көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланады, олардың басшыларымен жасақтар құрылды. Рулық қатынастар бірте бірте тез ыдырап, әлеуметтік құрылымның жаңа формалары қалыптаса бастады.

Пайдаланған әдебиет:

Көкіш Рыспай ұлы «Қазақстан Республикасының тарихы» -Алматы:

«Санат», 2001. -312 бет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуiрі ескерткіштері
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Қола дәуірінің тарихнамасы
Қазақстандағы ежелгі қола және тас дәуірі
Қола дәуір мәдениеті
Орталық Қазақстанда Нұра кезеңі
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz