Құрылыс конструкциялары даму тарихы. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар. Бетонның класы мен маркасы. Деформация модулі мен серпімділік модулі



КІРІСПЕ
1. Құрылыс конструкциялары даму тарихы.
2. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар.
3. Бетонның класы мен маркасы.
4. Деформация модулі мен серпімділік модулі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан – жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өндірумен және олардың соны жаңалықтармен оқушы қауымды таныстырып өткен жөн. Үйді қандай материалдардан салу жайы ерте замандарда – ақ адамдарды көп толғандырған. Дегннмен, бұл мәселе қай заманда болсын белгілі бір елдің экономикалық, әлеуметтік, тарихи – қоғамдық және географиялық жағдайларына тығыз байланысты дамып, өріс алып отырды. Адам баласы кірпіш, бетон және құрылыс гипсін жасауды біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын бастаған. Бұған қазіргі уақытқа дейін сақталған архитектуралық ескерткіштерді зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын салынып, осы күнге дейін сақталған дүние жүзіндегі аса ірі архитектуралық ескерткіштер, қорғандар, храмдар, тағы сол сияқты күрделі және өте көрнекті құрылыстар қардай материалдардан және қалай жасалған, олардың қандай түрлері өндірілген. Өнеркәсіптік өндіріс даму тарихы қандай – бұл мәселелер туралы әркімдер – ақ бегілі бір мағлұмат алғысы келеді. Сонымен бірге қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өнеркәсіп жолымен өндірудің ғылыми – техникалық негіздері және бұл салалардағы ең соңғы жаңалықтар туралы да білгісі келетіндер аз емес. Құрылыс материалдарының ең маңызды және көп қолданылатын түрлері – силикат материалдары туралы мәліметтер кітабтан кең орын алған. Сол сияқты полимер материалдарының құрылыста көп пайдаланылатын жаңа түрлері жәйлі де әңгімеленген. Ерекше айта кететін бір мәселе – ол қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өндірудің ғылыми - техникалық негіздері туралы. Барлық техникалық ғылымдармен қатар құрылыс материалдары технологиясы, әсіресе, физика және химия ғылымдарының жетістіктеріне негізделген. Осыған сәйкес құрылыс материалдарының физмка – химиялық негіздері, сол сияқты бұл ғылымдарды кеңінен қолдану арқылы ғана өнеркәсіптік технологияны жетілдіруге, материалдардың сапасын көтеруге және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік туатыны кітапта талданған және тиісті мысалдар келтіріліп дәлелденген. Сонымен қатар Қазақстандағы құрылыс материалдар өнеркәсібінің өркендеу тарихы туралы да біраз мәліметтер осы еңбекте баяндалған.
1. Сетков В.И., Сербин Е.П. Строительные конструкции- М.: ИНФРА-М,2005 г.
2. Бубнович Н.В. и др. Строительные конструкции. Алматы, Изд-во «ЭВЕРО», 2005г.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №1
Тақырыбы: Құрылыс конструкциялары даму тарихы. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар. Бетонның класы мен маркасы. Деформация модулі мен серпімділік модулі.

Орындаған: Сулейменов Е.М.
Тексерген: Дюсембаев А.М.

Семей-2015
Жоспар
КІРІСПЕ
1. Құрылыс конструкциялары даму тарихы.
2. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар.
3. Бетонның класы мен маркасы.
4. Деформация модулі мен серпімділік модулі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан - жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өндірумен және олардың соны жаңалықтармен оқушы қауымды таныстырып өткен жөн. Үйді қандай материалдардан салу жайы ерте замандарда - ақ адамдарды көп толғандырған. Дегннмен, бұл мәселе қай заманда болсын белгілі бір елдің экономикалық, әлеуметтік, тарихи - қоғамдық және географиялық жағдайларына тығыз байланысты дамып, өріс алып отырды. Адам баласы кірпіш, бетон және құрылыс гипсін жасауды біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын бастаған. Бұған қазіргі уақытқа дейін сақталған архитектуралық ескерткіштерді зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын салынып, осы күнге дейін сақталған дүние жүзіндегі аса ірі архитектуралық ескерткіштер, қорғандар, храмдар, тағы сол сияқты күрделі және өте көрнекті құрылыстар қардай материалдардан және қалай жасалған, олардың қандай түрлері өндірілген. Өнеркәсіптік өндіріс даму тарихы қандай - бұл мәселелер туралы әркімдер - ақ бегілі бір мағлұмат алғысы келеді. Сонымен бірге қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өнеркәсіп жолымен өндірудің ғылыми - техникалық негіздері және бұл салалардағы ең соңғы жаңалықтар туралы да білгісі келетіндер аз емес. Құрылыс материалдарының ең маңызды және көп қолданылатын түрлері - силикат материалдары туралы мәліметтер кітабтан кең орын алған. Сол сияқты полимер материалдарының құрылыста көп пайдаланылатын жаңа түрлері жәйлі де әңгімеленген. Ерекше айта кететін бір мәселе - ол қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өндірудің ғылыми - техникалық негіздері туралы. Барлық техникалық ғылымдармен қатар құрылыс материалдары технологиясы, әсіресе, физика және химия ғылымдарының жетістіктеріне негізделген. Осыған сәйкес құрылыс материалдарының физмка - химиялық негіздері, сол сияқты бұл ғылымдарды кеңінен қолдану арқылы ғана өнеркәсіптік технологияны жетілдіруге, материалдардың сапасын көтеруге және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік туатыны кітапта талданған және тиісті мысалдар келтіріліп дәлелденген. Сонымен қатар Қазақстандағы құрылыс материалдар өнеркәсібінің өркендеу тарихы туралы да біраз мәліметтер осы еңбекте баяндалған.

Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты әр түрлі конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ал ол конструкциялар өзінің құрылыста қолданылу шартына, яғни оларға түсетін салмақты ауырлығына немесе жеңілдігіне байланысты алуан түрлі болып келетіні мәлім. Олай болса, сол конструкцияларды өз талабына сай етіп жасау үшін, оған пайдаланылатын құрылыс материалдарының құрамы да өзінің сапалық қасиеті жағынан әр түрлі болып келеді. Бұл талаптардың бәрі мемлекеттік стадарттар мен техникалық шарттарда еске алынып, нормаланады. Мақсаты жалпы Қазақстандағы құрылыс индустриясын зерттеу, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы құрылыс индустриясының негізгі бағыттарын айқындап, даму мен жетілдіру жолдарын зерттеу. Дипломдық жұмыстың маңыздылығына, қазіргі таңда өндіруші өнеркәсіпте және қызметтер көрсету саласында бәсекеге қабілетті ірі экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді өндіру, сондай - ақ өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандарттарын енгізу керек, және құрылыс саласын серпінді дамыту үшін жағдайлар жасау және халықтың қалың қауымы, соның ішінде - әлеуметтік қорғалатын жіктері үшін тұрғын үй құрылысы қарқынын арттыру болып табылады.

Құрылыс конструкциялары даму тарихы.
1931 жылы 7 қыркүйекте Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік Республикасының (ҚАКСР) Халық Комиссарлары Кеңесі техникалық бейіндегі алғашқы институтты - Құрылыс материалдары мен ғимараттар ғылыми-зерттеу институтын (ҚМҒҒЗИ) ұйымдастыру туралы № 46 қаулыны қабылдады. Кейіннен болған бірқатар өзгертулерден кейін ҚМҒҒЗИ құрылыс және сәулет бағытындағы бөлімшелері 1957 жылы КСРО Құрылыс және сәулет академиясының (ҚСА) Қазақ филиалының құрамына енді. КСРО ҚСА таратылуына байланысты 1964 жылы олар КСРО Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің ҚазөнеркәсіпқұрылысҒЗИжоба институты болып қайта аталған Қазөнеркәсіпқұрылысжоба институтына берілді және институттың ғылыми бөлігін академик Т.Ж.Жүнісов басқарды.
КСРО Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1989 жылдың 29 қарашасындағы № 154 қаулысымен, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1989 жылдың 14 желтоқсанындағы № 17-86-95 тапсырмасымен және Қазақ КСР Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1990 жылдың 25 қаңтарындағы № 9-ОС бұйрығымен Қазақ мемлекеттік жобалау және ғылыми-зерттеу институты (ҚазөнеркәсіпқұрылысҒЗИжоба) ғылыми бөлігінің негізінде 1990 жылдың қаңтар айында Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты (ҚазҒЗСТҚСИ) құрылды.
Кейіннен институт республикалық мемлекеттік кәсіпорын (РМК) болды.
Қазақ КСР Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетімен 1990 жылдың 23 ақпанында бекітілген Жарғыға сәйкес, ҚазҒЗСТҚСИ, инженерлік-геологиялық жағдайлары аса күрделі аудандар мен жер сілкіністері жиі болатын өңірлерді қоса алғанда, Қазақстанның құрылыс кешені проблемалары бойынша Республикада жалғыз мемлекеттік бас ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымы болып табылады.
ҚазҒЗСТҚСИ алғашқы директоры білімі бойынша инженер-құрылысшы, техника ғылымының докторы, профессор, академик, қазіргі уақытта ҚазҚСҒЗИ АҚ бас директоры М.Н.Алпысбаевтың кеңесшісі Төлеубай Жүнісұлы Жүнісов болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 30 шілдесіндегі №922 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2012 жылдың 29 қазанындағы №1147 бұйрығына сәйкес, Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты РМК (ҚазҒЗСТҚСИ РМК) Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты акционерлік қоғамы (ары қарай - ҚазҚСҒЗИ АҚ) болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен қауіпсіздігін, олардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ықтимал жер сілкіністері мен табиғи және техногендік сипаттағы басқа да дүлей апаттардан болатын әлеуметтік-экономикалық залалды азайтуға бағытталған ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-эксперименталдық, технологиялық және жобалау жұмыстарын жүргізу;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жаңа және инновациялық ғылыми-техникалық әзірленімдерді (материалдарды, конструкциялар мен технологияларды) енгізуге қатысу, сейсмикалық төзімді құрылыс саласында қолданылатын жаңа материалдар мен технологияларды сараптау, сондай-ақ оларды енгізу бойынша ұсынымдар беру;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілерді, соның ішінде мемлекетаралық және халықаралық нормативтерді әзірлеуге қатысу;
4) сейсмикалық төзімді құрылыс ғимараттары мен құрылыстарының сенімділігін қамтамасыз ету саласында сараптау жұмыстарын жүргізу және консультациялық қызмет көрсету; сондай-ақ сейсмикалық қауіпті аудандардағы жобалау, құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстар саласында маманданатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқыту мен аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;
5) сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы инновациялық және инвестициялық жобалардың, соның ішінде ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту бойынша жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;
6) құрылысы жүріп жатқан ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ эксперименталдық құрылыс конструкцияларының сейсмикалық төзімділігін анықтау жұмыстарын орындау;
7) жер сілкіністерінің ықпалына және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да дүлей апаттарға ұшыраған сейсмикалық аудандардағы ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларына зерттеулер жүргізу, сондай-ақ қайта құрылып жатқан немесе жер сілкіністеріне және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да дүлей апаттарға ұшыраған ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларын қалпына келтіру және күшейту бойынша ұсынымдар беру;
8) құрылыстағы баға белгілеу мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу;
9) Республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын және Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас схемасы жобасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеу;
10) сейсмикалығы 9 баллдан асатын аудандарда жәненемесе жер бетінде тектоникалық жарықшақтардың пайда болуы ықтимал аймақтарда орналасқан құрылысқа арналған алаңдарды пайдалану мүмкіндігі мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссия жұмысына қатысу;
11) түрлі климаттық аймақтардағы сейсмикалық және сейсмикалық емес аудандар үшін ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобаларын әзірлеуге қатысу;
12) сейсмикалық шағын аудандарға бөлу әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысу;
13) сейсмикалық төзімді құрылыс саласында отандық және шетелдік ұйымдармен ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыруға қатысу;
14) Техникалық реттеудің еуропалық жүйесіне - құрылыстағы Еурокодтарға негізделген техникалық реттеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
15) сейсмикалығы 9 баллдан асатын аудандарда жәненемесе жер бетінде тектоникалық жарықшақтардың пайда болуы ықтимал аймақтарда жобалау мен құрылыс салуға арналған техникалық шарттарды әзірлеу.
2011 жылы институт Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен ғылыми-зерттеу ұйымы ретінде аккредиттелді.
Бүгінгі таңда ҚазҚСҒЗИ АҚ құрылымында Астанадағы филиал, Оңтүстік Қазақстандық және Шығыс Қазақстандық филиалдар, сондай-ақ 7 орталық қызмет етеді:
Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет орталығы
Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігі орталығы
Типтік және индивидуалды жобалау орталығы
Біліктілік арттыру орталығы
Нормативтерді әзірлеу жөніндегі орталық
Құрылыстағы баға белгілеу орталығы
Жиынтықтау және шығару орталығы
Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар.
Құрылыс объектісінің салынуы құрылыс объектісінің бүкіл өмірлік циклі кезінде (кейіннен кәдеге жарату кезеңін қоспағанда) қауіпсіздікке қойылатын мынадай маңызды талаптардың орындалуы қамтамасыз етілетіндей етіп ұйымдастырылуы (құрылыс өнімін пайдалана отырып жобалануы және салынуы) тиіс:
1) механикалық беріктігі және орнықтылығы;
2) өрт қауіпсіздігі;
3) денсаулыққа (адамдар мен жануарлардың) және қоршаған ортаға қауіпсіздігі;
4) пайдалану (қолдану) процесіндегі қауіпсіздік;
5) шудан қорғау;
6) қуатты үнемдеу және жылуды сақтау.
Құрылыс өнімдері, олар пайдаланылуы тиіс құрылыс объектілерін тиісінше жобалау мен салу шартымен жоғарыда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын сипаттамаларға ие болуы тиіс.
Құрылыс объектісі механикалық беріктік пен орнықтылық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін оның салынуы мен пайдаланылуы кезеңінде құрылыс объектісіне қосылған жүктемелер мынадай салдарға:
1) құрылыс объектісінің немесе оның бір бөлігінің қирауына;
2) шекті рұқсат етілетін шамадан асатын құрылыс объектісінің немесе оның бөлігінің деформациясының пайда болуына;
3) құрылыс объектісінің салмақ салатын конструкцияларының елеулі деформациялануы нәтижесінде құрылыс объектісін салуда пайдаланылған құрылыс өнімінің зақымдануына;
4) әсер ету дәрежесі бойынша зақымдану көзі болған бастапқы жүктемеден аспайтын жүктеме нәтижесіндегі зақымдануға алып келмейтіндей етіп жобалануы және салынуы тиіс.
Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылыс объектісі өрт кезінде:
1) құрылыс нормаларымен (қағидалар жиынтығы) белгіленген уақыт бойына құрылыс конструкцияларының көтеруші қабілеті сақталатындай;
2) өрттің тігінен және көлденеңнен таралу жолдарын бөгеу мақсатында құрылыс кезінде және ғимараттар мен құрылыстарды әрлеуде материалдардың жанғыштығын ескере отырып қолдану, өрт сөндірудің тұрақты жүйелерін, лифт шахталарын және коммуникация жолдарын бұғаттау, өртке қарсы есіктерді пайдалану және өзге де шараларды қолдану жолымен құрылыс объектісіндегі жану және от пен түтіннің таралуы шектелетіндей;
3) өрттің көрші құрылыс объектілеріне таралуы, соның ішінде өртке қарсы ажырауларды қамтамасыз ету арқылы шектелетіндей;
4) құтқару қызметтері персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей;
5) өрттен қорғау сигнализациясы және өрт туралы хабарлау арқылы жану ошағының пайда болуы туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз ететіндей;
6) түтінді жою жүйелерін, түтін таралмайтын баспалдақтарды, бұғатталмайтын есіктер мен люктерді қолдану, эвакуация жолдарын өздігінен жарық беретін (электр қуатын қолданусыз) көрсеткіштермен белгілеу арқылы Өрттің қауіпті факторларының әсерінен олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілместен бұрын, халық топтарының ерекшеліктерін ескере отырып, адамдардың қауіпсіз аймаққа қауіпсіз эвакуациясы мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей;
7) ғимарат пен құрылыстың барлық үй-жайларына өртке қарсы бөлімшелер мен құтқарушылардың кіруін және өрт сөндіру құралдарын жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей;
8) ғимараттар мен құрылыстарға өрт техникасының еркін өтуін қамтамасыз ететіндей етіп, жоспарлануы және салынуы тиіс.
Адамдардың, жануарлардың денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылыс объектісі:
1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс конструкциялары және даму тарихы
Құрылыс конструкциялары
Құрылыс конструкциялары - пәнінен дәрістер конспектісі
Өнеркәсіптік ғимараттың темірбетондық және бетондық конструкциялық элементтері жайлы
Демалыс орнын жобалау
ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ЖОБАЛАУ
Құрылыс материалдары пәнінінен оқу құралы
“ІРГЕТАСТАР ЖӘНЕ НЕГІЗДЕР”
Кернеу түрлері және темірбетон конструкция элементтерін есептеу
Темірбетон құрылыс конструкциялары
Пәндер