ҚР Еңбек кодексі, Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қ. Р. «Еңбек кодексі», Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі. /Е Қ С Ж/, Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
Орындаған: Елубек Қарлығаш
Тобы :АГ-413
Тексерген : Бейсебаев Шәріп Төлежанович
Семей, 2015 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Қ. Р. «Еңбек кодексі»
Негізгі бөлім
Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі. /Е Қ С Ж/
Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары.
Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен өндіріс санита-риясымен, техника қауіпсіздігімен және өрт қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді.
Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: «Еңбек қорғау» туралы нормативті-провалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне әсері, оларды қалыпты мөлшерге келтіру әдістерін, еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру, өндіріс ортасының әр саласында еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т. б.
Істей білулері керек:
Өндіріс қауіпсіздігін бағалай отырып, өз бетімен шара қабылдай білу, әр түрлі технологиялық процестерді орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбекке оқыта, үйрете білу, қауіпті-қатерлі жұмыстарды ажырата білу, өндірістегі жазатайым жағдайларды тіркеу және тексеру жолдарын, жарақат алғандарға алғашқы көмекті көрсету жолдарын.
2 . «Еңбек қорғау» сабағы негізгі пән ретінде мынандай сұрақтарды қамтиды:
а/ еңбек қорғау, нормативті-праволық және ұйымдастыру жұмыстарының негізгі, олар мына құжаттармен шектеледі-Қазақстан Республикасының конститутциясы, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» және басқа мемлекеттік құжаттар.
б/ Өндіріс санитариясы мен еңбек гигенасы, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі /ССБТ/, санитарлық нормамен /СН/, санитарлық норма және құрылыс ережелерімен /СНиП/ т. б. құжаттармен.
в/ Қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау стандарттарының жүйесімен.
г/ Өрт қауіпсіздігі- СНиП, ССБТ т. б. құжаттармен.
Қауіпсіз еңбек дегеніміз - еңбекшіге қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты.
Еңбек жағдайы - еңбек ортасының, өндіріс факторларының жұмысшының еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсері.
Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз - жұмыс кесінде ойламаған жағдайда еңбекшінің жарақаттануына және денсаулығының нашарлауына апарып соқтыратын фактор.
Зиянды өндіріс факторы дегеніміз - жұмыс кезінде еңбекшінің ауруына және еңбек қабілетінің төмендеуіне соқтыратын фактор. т. б. терминдер мен анықтамалар тақырыптарға байланысты беріліп отырады. Студенттер-болашақ мамандар жоғарыдағы анықтамалардың мағынасына ойлы, саналы сезіммен қабылдайды деп ойлаймын.
3 . Еңбек қорғау жұмыстары Қазақстан Республикасының 15 қаңтар 2007ж. қабылдаған «ҚР Еңбек кодексі»-не байланысты жүргізіледі. Бұл заң 7 тарау-дан және 341 баптан тұрады. Заңды іске асырушы Қазақстан Республи-касының Минстрлер кабинеті, ол «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасы Заңын практикалық іске асыру механизмін қамтамасыз ететін тиісті бағдар-ламалар мен шаралар кешенін әзірлеуді қамтамасыз етуі керек.
Еңбек қорғау жұмысының заңдылық негіздері төмендегідей:
1 . Қазақстан Республикасының КОНСТИТУЦИЯСЫ Алматы «Қазақ-стан»1995
2. Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», Астана, 2007”, 15 қаңтар
3. Еңбек қауіпсіздігіне байланысты мемлекеттік стандарттар-МЕСТ және ЕҚСЖ .
- Еңбек қауіпсіздігіне байланысты салалық стандарттар.
- Мекеме басшысының бұйрығы, мекеме мамандарының жолнұсқа-лары, т. б. технологиялық құжаттары.
Осы заңда «Еңбекті қорғау» саласындағы ұлттық саясаттың негізгі принциптері берілген, солардың кейбіреулері мыналар:
- меншік иесінің қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғау құралдарымен, емдеу-алдын алу, әлеу-меттік шаралармен қамтамасыз етуге;
- өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;
- жоғары және арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға . . .
Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:
1. Бағдарлау- дегеніміз негізгі идеялар жиынтығы бола тұра қауіпсіз еңбектің басты бағыттарын айқындайды және методологиялық, хабарлау негізгі болады. Техникалық-физикалық ережелер мен заң-дарға сүйене отырып қауіпті факторларды жоюға негізделген.
2. Басқару -жұмыстың жекелеген сатысында немесе кезеңінде еңбек қауіптілігін азайтуға негізделген.
3. Ұйымдастыру- еңбекті ұйымдастыруды ғылыми жолмен басқаруға негізделген.
Осы принциптерді басшылыққа алып еңбек ұйымдастырылса оның қауіптілігі азаяды.
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
1, 2, 3, 6, 7.
Д -2. Еңбекті қорғаудың теориялық негіздері (1сағ) .
Негізгі қаралатын сұрақтар:
1. «Адам - техника - материал - өндіріс ортасы» жүйесіне түсініктеме.
«А» «Т» «М» «Ө о »
2. Қауіпті, зиянды өндіріс факторларын топтастыру және олармен күресу жолдары.
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
Д-1 дегі 2, 3, 4 және Балинт И., Мурани М. «Психология безопасности труда»М. . 1998г.
1. Жүйе деген түсінік ертеден белгілі. Жалпы алғанда ж ү й е (система) дегеніміз - жеке бөліктердің қосындысы және олардың өзара байланысы.
Ж ү й е деп тірі организмдер мен машиналарды да айтуға болады. Жүйе деп кезкелген өндіріс объектісін де айтады. Осындай жүйелердің бірі - «А»- «Т»- «М»-«Ө о ».
Еңбек қорғаудың негізгі мақсаты осы жүйені еңбекшіге қолайлы жағдайға келтіру (оптимизация) . Халық шаруашылығындағы кез келген жұмысты, технологияны биоэкотехникалық жүйе дей отырып, төрт элементке бөлеміз, олар: Адам - техника -материал -өндіріс орны.
Әр элементтің бір-біріне әсері - көрсетілген.
Бұл элементтер бір-біріне әсер етеді және бәрі адамға (жұмысшыға) әсер етеді. Жеке элементтердің жұмысы көп факторлардан (себептерден) тұрады.
Жүйе теориясына сүйене отырып осы элементтердің белгісіз байланысы - Н (күйі) мына формуламен шешіледі Н = 2 И мұндағы, И = п(п - і) ең көп байланыс саны - И, п - факторлар саны. Мысалы жоғарғыдағы жүйеде адамға үш фактор әсер етеді, олар: Т, М, Ө о демек п=3 болса, Н = 2 п (п-і) = 2 3*2 = 2 6 =64. Яғни, жалпы жүйе өз міндетін ойдағыдай атқарып, жақсы жұмыс істеп, сонымен қатар адамға зиянды әсері болмас үшін 64 сұрақты шешу қажет деген сөз.
Жеке факторлардың саны көбейген сайын жүйенің күйі (Н) көбейеді.
Егер жүйедегі байланыстың біреуі бұзылса қауіпті жағдай пайда болады да, кейін жазатайым жағдайға ұшыратуы мүмкін.
Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті жүйенің адам үшін дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Егер осы жүйені бөлшектеп, оларға жеке-жеке қарасақ қауіп-қатерді азайтуға болады.
Егер жүйенің қауіпсіздік деңгейін уақыт мөлшерімен қарасақ жоғарыдағы жүйені мынадай түрге бөлуге болады:
Б і р і н ш і - іске қосу уақыты - жүйені жөнге келтіру кезеңі.
Е к і н ш і - негізгі пайдалану кезеңі, пайдалы өнім алу уақыты.
Ү ш і н ш і - қайта құру кезеңі (реконструкция) қауіпті жағдайлардың көбеюімен байланысты, себебі жүйенің бөліктері әртүрлі жағдайда жұмыс істейді.
Сондықтан жүйенің қауіптілігін азайту үшін, оны уақытында жөндеу, реттеу керек.
Жүйелік көзқараспен алғанда Еңбек қорғау ғылымы төмендегідей тармақтарға бөлінеді:
1. Е ң б е к г и г и е н а с ы - медицина ғылымының бір бөлігі бола тұра, жеке еңбекші мен ұжымның өз ара байланысын сыртқы ортамен бірыңғай қарап, өндіріс жағдайын сауықтырудың мөлшері мен шараларын жетілдіреді
2. Еңбек физиологиясы мен психологиясы
Кез- келген адамға еңбек психологиясы мен физиологиясы аймағында білім қоры, орындайтын қызметі мен мамандығынан тәуелсіз, өзін қоршаған адамдармен, өзінің физиологиялық мүмкіндігін, өз мінезінің нашар және жақсы жақтарын, минимальды рухани және физикалық жоғалымдарымен өндірістік стресстік жағдайлары мен өмірдің қиын кезінде, құрылымдық қобалжуы мүмкіндігінің нәтижелі бір бірімен әрекетін білдіреді.
3. Өндіріс санитариясы ғылымының негізгі зерттеу бағыттары: технологиялық процестердегі қауіпті - зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасын т. б. қамтиды.
4. Э р г о н о м и к а дегеніміз - ғылыми пән бола тұра, техникалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық ғылымдардың жиынтығынан туған.
Эргономика - жұмысшының машинамен және өндіріс қатынасын байланыстыра отырып еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
5. И н ж и н е р л і к п с и х о л о г и я эргономикамен тығыз байланысты бола отырып, өндіріс эстетикасының, машиналардың көркемдеудің (дизайн) негізін түсіндіреді, оқытады, үйретеді.
Инженерлік психология - жұмысшы мен технологиялық процесс және сыртқы қоршаған орта жайлы мағлұмат береді.
Осыдан, қауіпті жағдай қайдан пайда болады деген сұрақ туады. Оған қауіпсіз еңбектің психологиясы былай жауап береді:
қауіпті жағдай (ҚЖ) қауіптің уақыты (ҚУ) мен себебі (БС) дәл келгенде пайда болады:
немесе ҚЖ = ҚУ + ҚС осыдан қауіпті жағдайды болдырмас үшін қауіптің себебі мен уақыты дәл келмесе болғаны.
жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.
Еңбек қауіпсіздігі туралы стандарттар (ЕҚС) . Еңбек қауіпсіздігі жүйесін жасап оны енгізу арқылы өндірісте жарақат алуды және кәсіптік ауыруларды азайтуға, адам денсаулығын сақтап, оның еңбекке қабілетін жақсартуға болады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі бірнеше стандарттардан тұрады. Машиналар, приборлар, құрал-жабдықтар, материалдар, заттар жөніндегі көптеген стандарттар мен техникалық шарттарда қауіпсіздік туралы талаптар белгіленген. Мұндай стандарттарды жасауға Денсаулық сақтау министрлігі, мемлекеттік қадағалау органдары, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері қатысады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі мынадай іс-шараларды белгілейді: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарының талаптары;
өндірістің қауіпті және зиянды факторларына койылатын талаптар мен нормалар;
өндіріс құрал-жабдықтары қауіпсіздігінің талаптары;
өндіріс процесі қауіпсіздігінің талаптары;
жұмысшылардың қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар; өндіріс ғимараттары мен құрылыстарына койылатын талаптар.
Стандарттарда өндірістің қауіпті және зиянды факторларының рұқсат етілген шекті параметрлері мен сипаттамалары белгіленеді, олардың түрлері, қорғану және бақылау әдістері көрсетіледі.
Қауіпсіздік сақтау тәртіптері стандарттар мен техникалық шарттардың "Техникалық талаптар" бөліміне кіргізілген. Пайдалану, тасымалдау, сақтау қауіпсіздігінің талаптары, сондай-ақ, сол талаптардың орындалуын бақылау тәсілдері стандарттар мен техникалық шарттардың тиісті бөлімдеріне кіргізілген.
Шикізаттар, материалдар және химиялық заттардың стандарттарында бұл заттардың токсикологиялық (улы) қасиеттері, адам ағзасына әсері, жұмыс орнының ауасы мен суындағы руқсат етілген мөлшерлері, мұндай мөлшерлерді анықтау әдістері белгіленеді. Заттардың қауіпті және зиянды әсерінен жұмыскерлерді қорғаудың шаралары мен құралдары да стандарттармен беріледі.
Өрт техникасына және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар да стандартта белгіленеді.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттары ылғида жетілдіріліп, әрекеттегі стандарттар қайта қаралып, жаңа стандарттар жасалынып отырады. Еңбек қауіпсіздігінің қызметі әсіресе жаңа техниканы енгізумен байланысты кеңейе түседі. Мысалы, лазер қауіпсіздігі, робот қауіпсіздігі, роботтанған технология қауіпсіздігі, ионданған және инфрақызыл сәулелерден, гидравликадан, жоғары температура және жоғары қысым құралдарынан сақтану қауіпсіздігінің стандарттары.
Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесі. Табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесінің негізгі мақсаты - адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның тиімді байланысын белгілеу. Адам мен табиғат арасында дұрыс әрекеттесу болған жағдайда ғана табиғат байлығын ұтымды пайдалануға, өндірістің дамуы мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдікті сақтауға болады. Стандарттаудың бұл жүйесінде бір-бірімен өзара байланысқан мемлекеттік стандарттардың жиыны бар. Бұл стандарттар қоғамның іс-әрекетінің табиғатқа, адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Табиғат қорғаудың стандарттарына суды қорғау және пайдалану стандарты, атмосфераны қорғау стандарты, топырақты қорғау және пайдалану стандарты, жерді пайдалануды жақсарту стандарты, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау стандарты, жер беті көрінісін өзгертуді қорғау стандарты, жер қойнауын қорғау және пайдалану стандарттары жатады.
Стандарттарда табиғи объектілердің күй-жайын анықтаудың, ластаушы заттардың рұқсат етілген мөлшерін есептеудің тәсілдері, сондай-ақ, табиғи ортаны ластанудан сақтауға арналған қондырғылар мен құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар белгіленеді.
Сөйтіп, табиғатты қорғау мәселелері стандарттау жүйесінде маңызды орын алады. Табиғат қорғау жөніндегі стандарттарды әрі қарай жетілдіру кешенді стандарттау бағдарламасына сай жүргізіледі. Елді жерлердің ауасының, суының сапасын, көмір қышқыл газының және автокөліктерден бөлінетін көмірсутектердің мөлшерін тексеру әдістерінің стандарттары жүйелі түрде кайта қарастырылып отыруы тиіс. Стандарттауды жетілдіру жүйесіндегі тағы бір мәселе ауадағы, судағы, топырақтағы зиянды заттарды анықтаудың өте дәл инструменталдық әдістерін жасау болып табылады, сол арқылы табиғат байлығын сақтауға, қалпына келтіруге және үнемді пайдалануға тиімді жол ашылады.
Стандарттарды жасау және енгізу туралы қазақша реферат
Стандарттау - бұл тұтынушылардың орынды бағаға алынған затының сапа құқығын міндетті түрде қамтамасыз ететін, не ұсынылған норма, ереже, мінездеменің орындалуы үшін, сонымен қатар еңбектің жағдай жасалуы және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды талдауға бағыттаған қызмет.
Стандарттау мақсаты - дұрыс және экономикалық нұсқаны іздеу, яғни дұрыс шешім табу. Табылған шешім белгілі бір стандарттау саласында орынды тізбектеуге жетуге мүмкіндік береді. Стандарттау мақсатын қамтамасыз етуіне сәйкес жалпы және одан да кіші бөлімдерге бөлуге болады.
Стандарттаудың нақты мақсаты белгілі бір қызмет аумағы, зат өндірісі, қызмет саласы және басқа да өнім түрлері, өндіріс және тағы басқаға қатысты.
Стандарттаудағы негізгі міндеттері :
- Техникалық деңгей және өнім сапасына, материалдарға, жартылай
фабрикаттарға және кешенді бұйымдар талаптарын орнатады, сонымен қатар жоғары сапалы өнім өндірісі әдісін жүйелі өндіру және көптүрлі марка, өлшемдерді жоюға жағдай жасайтын өнім өндірісі және жоба жасау саласындағы әдіспен талаптарды орнатады.
- өндірісті мамандандыру ең маңызды, жағдай ретінде өнім өнеркәсібін
агрегаттау және унификациялау; өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтау кешені, бір-бірімен байланыс деңгейі, бұйымды жөндеуі және таралымын дамыту.
- Мемлекеттік өлшем бірлігі және толықтығын, мемлекеттік
эталонның физикалық бірлік көлемін жасау және жетілдіру, сонымен қатар өлшемнің жоғары дәлдік әдісін және құралын қамтамасыз ету.
- Құжат жүйесін жетілдіру, техника-экономикалық ақпаратты кодтау және
біліктеу жүйесін талдау.
- Маңызды ғылыми, техникалық салада, халық шаруашылығы саласындағы
терминдермен белгілерді қабылдау.
- Еңбек қауіпсіздігі стандарттау жүйесі, табиғатты қорғау және табиғи
ресурстарды қолдануды жақсарту жүйесінің стандарттарын қалыптастыру.
- Ішкі сауда, мәдени және ғылыми-техникалық байланыс үшін жақсы
жағдай жасау.
Стандарттарды жасау процессі төмендегі сатылардан тұрады:
1. стандарт жасауды ұйымдастыру, стандарт жасауға қажетті техникалық тапсырмаларды бекіту;
2. стандарттың жобасын жасау және оны пікір таласына беру;
3. әртүрлі пікірлерді талқылау, стандарттың жобасын жасап, оны бекітуге беру;
4. Стандарттың жобасын талқылау, бекіту және тіркеу;
Ең жауапты саты -техникалық тапсырмаларды жасап анықтау;
Техникалық тапсырмалар стандарттың негізгі мазмұнын, прогресін көрсетеді.
Техникалық тапсырмаларда стандартты жасаудың мақсаты, стандарттың мазмұны, талаптары (көрсеткіштер, нормалар, ережелер), басқа стандарттармен байланысы беріледі. Стандартты жасау жұмысының көлемі анықталады, қажет болған жағдайда жобадағы көрсеткіштерді техникалық - экономикалық негіздеу үшін ғылыми - зерттеу, конструкторлық немесе эксперименталдық жұмыстар жүргізіледі.
Стандарттау тәсілі - стандарттау мақсатына жететін әдіс немесе әдістер жиынтығы.
Стандарттау жалпы ғылымдық және өзіндік тәсілдерде негізделеді:
1) стандарттау объектілерін реттеу;
2) параметрлік стандарттау;
3) өнімді бір ізге салу;
4) агрегаттау;
5) комплекстік стандарттау;
6) озық стандарттау.
Стандарттау объектілерін реттеу - қызмет, үрдістер және өнімдерді стандарттау облысындағы әмбебап тәсілі. Реттеу жұмысының қорытындысы ретінде, мысалы, қосалқы бөлшектерге қойылатын шектеулер. Реттеуді әмбебап тәсілі деп айтсақ, ол бөлек тәсілдерден тұрады: жүйелеу, селекциялау, симплификациялау, типтеу және оптимизациялау.
Стандарттау объектілерін жүйелеу стандарттаудың обектілер жиынтығын ранжирлеу және ғылыми дәйекті тізбектелген классификациялаудың тұжырымдауы.
Стандарттау объектісін селекциялау қоғамдық өндірісте қолданылатын және керекті деп мойындалған нақты объектілерді реттеу.
Симплификаттау - қоғамдық өндірісте қолданылатын және керекті емес деп мойындатылған объектілерді реттеу. Селекциялау және симплификациялау үрдісі қатарлас жүргізіледі .
Стандарттау объектілерін типтеу -типтік (нұсқа) объектілерді жасау қызметі.
Стандарттау объектілерін тиімділеу -тиімді бастапқы параметрлерді табу сонымен қатар сапа және үнемділік көрсеткіштерінің мағынасын табу.
Өнімді бір ізге салу.
Бөлшек түрлері санын орынды қысқарту қызметін, бір қызметтік агрегаттар атауын өнім унификациясы деп атайды. Ол дайын өнімнді жіктеу, ражирлеу, типтендіру, оптимизациялау элементтеріне негізделген.
Бір ізге салудың негізгі бағыттары:
- Бұйым, машина, жабдық құрал және бөлшектердің параметрлік және өлшемдік қатарын жасау;
- Бір ізге салынған бірыңғай өнім тобын жасау мақсатында типтік өнім жасау;
- Бір ізге салу технологиялық процесстерді сала аралық қолданыстағы арнайы өнім өндірісі үшін технологиялық үрдістерді жасау;
- Бұйымдар мен материалдарға қолдануға рұқсат етілген орынды номенклатураға минимум шектеу.
Кешенді стандарттау .
Өнімге қарасты - дайын бұйым сапасына, сонымен қатар оларды шығару кезінде керекті комплектілер, бөлшектер, материалдар және шикізатқа қойылатын өз ара байланысты талаптар.
Озықты стандарттау.
Практикада жетілген деңгейге қойылатын болашақ талаптарды озықты стандарттау деп атаймыз.
Стандарттарды мемлекеттік қадағалау өнеркәсіпте, өндірістік және ғылыми өндірістік бірлестіктерде, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық мекемелерде, транспорт және сауда мекемелерінде, білім беру және медицина салаларында, тағы да басқа қоғамдық ұйымдарда жүргізіледі.
Стандарттау бюросында кәсіпорынның қызметіне сай мемлекеттік стандарттардың болуы, оларға өзгертулердің уақтылы енгізілуі, кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің тиісті стандарттармен, нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі тексеріледі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер ұйымдық техникалық, технологиялық, санитарлық - гигиеналық, биологиялық, физикалық және қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығы сақтауға бағыттталған өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында салалық нормативтерді әзірлеуді және бекітуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілетін тәртіппен жүзеге асырады. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жұмыс беруші жүзеге асырады.
Өндірістік обьектілер мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалу кезінде қойылатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар.
1. Мемлекеттік стандарттардың еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың, санитарлық, құрылыс ережелері мен нормаларының талаптарына жауап бермейтін өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалуға, салуға және қайта жаңғартуға, технологияларды әзірлеу мен пайдалануға, машиналарды, тетіктерді, жабдықтардыжәне басқа да ұйымдарды құрастыру мен жасап шығаруға жол берілмейді.
2. Егер жаңадан салынған немесе қайта жаңғартылатын өндірістік обьектілер, өндіріс құралдары немесе өнімнің басқа да түрлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына, сондай - ақ санитарлық және құрылыс ережелері мен нормаларының талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берілмейді.
3. Өндірістік обьектілер уәкілетті орган белгіленген тәртіпке сәйкес еңбек жағдайлары бойынша міндетті түрде мезгіл-мезгіл аттестаттаудан өтуге тиіс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz