Адамзаттың табиғатты қорғау іс-әрекетінің болашағы. Әлемдегі халықтың төтенше жағдайлардан жаппай өлімге ұшырауына әкелетін жағдайлар



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Адам мен қоршаған орта арасындағы қатынас және адамның қоршаған ортаға зияны
2. Жасыл экономика
3. Әлемдегі халықтың төтенше жағдайлардан жаппай өлімге ұшырауына әкелетін жағдайлар
4. Жұқпалы аурулар
IV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық,СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.
Және де 2050 стратегиясы бойынша 2011 – жылдан бастап «Жасыл экономика» атты табиғи капиталды арттыратын және экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салаға біздің еліміз көшті.
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА
Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарғламасының (UNEP) анықтамасына сәйкес – бұл бір уақытта экологиялық ресурстардың тапшылығы мен қоршаған орта үшін тәуекелдерді төмендетіп, адамдардың ауқаттылығын жақсартатын және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін экономика.
Бұл көміртекті қоспалардың шашырандылары төмен, ресурстарды тиімді пайдаланушы және бүкіл қоғам мүдделеріне жауап беретін экономика. «Жасыл экономикада» табыстар мен жұмысбастылықтың артуы көміртек шашырандылары мен ластануды азайтатын, энергия мен ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылататын, және биотүрлілік пен экожүйелік қызметтерді жоғалтудың ал-дын алатын мемлекеттік инвестициялардың және жеке инвестициялардың көмегімен қамтамасыз етіледі.
Осылайша, «жасыл экономика» – бұл табиғи капиталды арттыратын және экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын сала-лар. Deutche Bank сарапшыларының ойынша: «Дәстүрлі экономика соңғы тұтыну тауарлары мен қалдықтарды өндіру үшін еңбекті, технологиялар мен ресурстарды біріктіретін болса, онда «жасыл экономика» табиғатқа минималды залал келтіріп, қалдықтарды өндірістік циклға қайта қайтаруы қажет».
1) С.В Белов и др. «Безопасность жизнедеятельности и защита окружаю-щей среды »
2) Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан оқу әдітемелік құрал» А.2000.
3) Интернет желісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Адамзаттың табиғатты қорғау іс-әрекетінің болашағы. Әлемдегі халықтың төтенше жағдайлардан жаппай өлімге ұшырауына әкелетін жағдайлар

Орындаған : Өтепбергенова Ұ. Ғ.
Тобы : БЖ-415
Тексерген : Бейсебаев Ш. Т.

Семей қаласы, 2015 жыл
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Адам мен қоршаған орта арасындағы қатынас және адамның қоршаған ортаға зияны
2. Жасыл экономика
3. Әлемдегі халықтың төтенше жағдайлардан жаппай өлімге ұшырауына әкелетін жағдайлар
4. Жұқпалы аурулар
IV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық,СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.
Және де 2050 стратегиясы бойынша 2011 - жылдан бастап Жасыл экономика атты табиғи капиталды арттыратын және экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салаға біздің еліміз көшті.
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА
Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарғламасының (UNEP) анықтамасына сәйкес - бұл бір уақытта экологиялық ресурстардың тапшылығы мен қоршаған орта үшін тәуекелдерді төмендетіп, адамдардың ауқаттылығын жақсартатын және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін экономика.
Бұл көміртекті қоспалардың шашырандылары төмен, ресурстарды тиімді пайдаланушы және бүкіл қоғам мүдделеріне жауап беретін экономика. Жасыл экономикада табыстар мен жұмысбастылықтың артуы көміртек шашырандылары мен ластануды азайтатын, энергия мен ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылататын, және биотүрлілік пен экожүйелік қызметтерді жоғалтудың ал-дын алатын мемлекеттік инвестициялардың және жеке инвестициялардың көмегімен қамтамасыз етіледі.
Осылайша, жасыл экономика - бұл табиғи капиталды арттыратын және экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын сала-лар. Deutche Bank сарапшыларының ойынша: Дәстүрлі экономика соңғы тұтыну тауарлары мен қалдықтарды өндіру үшін еңбекті, технологиялар мен ресурстарды біріктіретін болса, онда жасыл экономика табиғатқа минималды залал келтіріп, қалдықтарды өндірістік циклға қайта қайтаруы қажет.
Жасыл экономика түсінігі көп жағдайларда, кеңінен қолданылатын орнықты даму түсінігімен қарым-қатынаста болады, орнықты дамудың негізгі мәні заманауи даму қазіргі уақыттың қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, болашақ ұрпақтың өз қажеттікліктерін қанағат-тандыруға қабілеттерін қауіпке салмау тезисіне негізделеді. Энергияның қайта қалпына келетін көздерін, ресурстарды үнемдейтін технологияларды және қалдықтарды қайта өңдеуді кеңінен қолдануға негізделген жасыл экономика орнықты дамудың қажетті элементі болып табылатындығы сөзсіз.
Жасыл экономика саясаты 2012 ж. маусымда өткен БҰҰ Рио+20 конференциясынан кейін даму үшін үлкен импульс алғандығын атап өткен жөн.
Бүгінгі таңда жасыл экономиканың дамуы ерекше мәнге ие болды. Еуроодақта жасыл экономика секторы 2 трлн. евроға жуық іскерлік айналымға ие және 22 млн. астам адамды немесе ЕО-тың еңбекке жарамды халқының 9% жұмыспен қамтуда.
Аталған нарықта Германия мен Оңтүстік Корея кәсіпорындары көшбасшылар болып табылады, бұл негізінен, осы елдерде жасыл секторға көрсетілетін ауқымды мемлекеттік қолдаумен шарттастырылған.
Жасыл технологиялар нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып Германия табылады - қазіргі кезде, әлем бойынша патенттелетін бүкіл технологиялардың экология саласындағы 23%-ы және күн мен жел энергетикасы саласындағы 30%-дан астамы неміс компанияларына тиесілі болып келеді. Жасыл сектор кәсіпорындарында 2 млн-ға жуық адам немесе Германияның экономикалық белсенді бүкіл халқының 4,5%-ы жұмыс істейді және берілген көрсеткіш тұрақты өсу тенденциясына ие. Соңғы жылдар ішінде, тек қайта қалпына келетін энергетика саласында ғана 370 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылған.
Корея Республикасы ұлттық стратегия ретінде жасыл өсу тұжырымдамасын жүзеге асыруды жария еткен бірінші мемлекет бол-ды, тұжырымдама аясында бесжылдық жос-пар (2009-2013 жж.) қабылданды және президенттік арнайы комиссия құрылды.
Бесжылдық жоспарға сәйкес, үкімет жасыл бағдарламалар мен жобаларға жылдық ЖІӨ-нің 2%-ға жуығын бөледі. Негізгі көңіл жасыл өнеркәсіп, энергетика, таза технологиялар мен инвестициялар салаларының дамуына, сонымен қатар, транспорттың жасыл түрлерінің, тұщы судың балама көздерінің ауқымды енгізілуіне, қоқысөңдеу кешендерінің құрылысына, қала шегіндегі саябақтар мен өзендердің жайластырылуы-на бөлінеді. Стратегия 2020 ж. қарай Корея Республикасы жасыл экономикасы аса дамыған жеті елдің қатарына, ал 2050 ж. қарай бес елдің қатарына кіруді қарастыруда. Бұл ретте, тұрақты жасыл өсудің негізі болып технологиялық салаларға да, институцио-налды салаларға да инновацияларды енгізудің үздіксіз үрдісі табылады.
2013 ж. 30 мамырда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға өту тұжырымдамасы туралы Жарлығына қол қойылды. ҚР жасыл экономикаға өтуі бойынша тұжырымдамасы қоршаған ортаға ауыртпалықты және табиғат ресурстарының азғындаушылығын минималдау арқылы Қазақстан халқының ауқаттылығын арттыру, өмір сапасын жоғарылату және елдің барынша дамыған әлемнің 30 елінің қатарына кіруі негізінде жаңа формациядағы экономикаға өту мақсатында жүйелік терең қайтақұрылымдау үшін негіз қалайды.
Аталған тұжырымдама мен 2050-Страте-гиясының негізгі мақсатты көрсеткіштері:
- су және жер ресурстарын қайта қалпына келтіру, табиғат капиталын пайдалану тиімділігі бойынша ЭЫДҰ елдерімен тең келу;
- 2030 ж. қарай атмосфераға шығарындылар бойынша стандарттарды еуропалық деңгейге жеткізу;
- 2050 ж. қарай ЖІӨ-нің энергия сыйым-дылығын 50%-ға төмендеуіне қол жеткізу;
- 2050 ж. қарай энергияның балама және қайта қалпына келетін көздерінің жиынтық өнімділігінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу;
- тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату бойынша индустрияны құрастыру;
- тиімді инфрақұрылымы бар газ саласын құруды қамтамасыз ету.
Тұжырымдама 2050 ж. дейін үш кезеңде жүзеге асырылатын болады, осы жылдар ішінде ҚР экономикасының табиғат ресурстарын қайта қалпына келуі және тұрақтылығы шарттарында пайдалануға негізделген Үшінші өнеркәсіптік төңкеріс қағидаларына өтуі қамтамасыз етілуі тиіс.
Бағалаулар бойынша, 2050 ж. қарай жасыл экономика шегіндегі өзгерістер ЖІӨ-ді қосымша 3%-ға арттыруға, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетудің жаңа салаларын құрастыруға, халық үшін өмір сүру сапасының жоғары стандарттарын жаппай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚР жасыл экономиканың дамуына Астанада ЭКСПО-2017 Болашақ энергиясы әлемдік көрмесін өткізу әсер етеді.
Жасыл экономика саласындағы анықтамалар ішінде жасыл ұлттық есеп термині де қолданыс табады.
Ол жалпы ішкі өнім немесе табиғат ортасының сапасын сақтауға және ресурстардың сарқылуына жинақтар секілді параметрлерді үйлестіреді.
Түзетілген таза жинақтар өзіне білім беруге шығындарды және энергияның, пайдалы қазбалардың, ормандардың азуына шегерулер мен көміртегі диоксидінің және ластанулардың шығарылуларына залалдарды қосады. Бұл экономикадағы бүкіл капиталдың - қаржылық, физикалық, адами, экологиялық - жиынтық шамасы. Ол капиталдың алуан түрлері идеалды субститут болып табылатындығын ұйғарады, яғни қаржылық жинақтар табиғат ресурстарының шығындарының орнын толтыруға қабілетті.
Соғыс кезіндегі қауіптер
Соғыстардың бүкіл тарихы бойында соғысушы тараптар әртүрлі улы заттарды қолданған немесе қолдануға әрекеттенген. Ежелгі Қытайда қарсыласты зақымдауға кәдімгі әк пайдаланылған. Әк шаңы көзді зақымдаған, ал сумен қосылғанда улы газ шығарған. Ежелгі соғыстарда денсаулыққа зиянды басқа да заттар қолданылған. Снарядтарға әртүрлі шайырлар, өсімдік улары, күкіртті мышьяк қосқан. Бұлар көз бен теріні зақымдаған, кей жағдайда тыныстау не жүрек қан тамыры жүйесі органдарын кеселге ұшыратқан.

Ядролық реакциялар - энергияның көзі
Aтом ядросы протондар мен нейтрондардан (жалпы аты-нуклон) құралған. Кейбір ауыр элементтердің (мысалы, уран, плутоний) ядролары бөлінген кезде, ал жеңіл түрлері (сутегі изотоптары) қосылып аурырақ (гелий) элементтерді құрағанда ядролық реакциялар барысында едәуір энергия босайды екен. Бөліну реакцияларында атом ядросы сыртқы нейтрондардың әсерінен екі немесе одан көп бөлшектерге ыдырайды. Егер 1 кг I уранның барлық ядролары ыдыраса босалған энергияның шамасы тротилдың 20000 тоннасының жарылуынан шығатын энергиясына тең болады.h4 Салыстару үшін, тротилдың (тринитротолуол деген жарылғыш химиялық зат) 1 кг мөлшері жарылғанда кәдімгі жер қыртысында екі метрдей диаметрлық шұнқыр пайда болады. Ядролық бомбалардың қуатын тротил эквивалентімен өлшейді. Бөліну реакцияларына негізделген бомбалардың қуаты тротил баламасымен есептелгенде ондаған тоннадан бастап шамада 500000 тоннаға дейін жететіндей жасауға болады.
Қосылу реакцияларының өз ерекшелігі бар: бұл жағдайда нейтрондың қатысымен емес, жеңіл ядролар өздері электростатикалық керіс тебу күштерін жеңіп қосылуға тиіс (синтез реакциясы). Уранның бөліну реакциясымен салыстырғанда дейтерий және тритий, немесе дейтерий мен литий қоспаларының синтез реакциясында босану энергиясы төрт есе көп болады. Алайда, синтез реакциясы жүру үшін жоғары температуралар қажет, сондықтан оны термоядролық реакция деп атайды. Термоядролық бомбаларда температураны көтергіш ретінде 235-уран немесе 239-плутонийдің ядро бөліну реакциялары жарылыс қалпында пайдалынады; олар негізгі қоспаны қыздырады. Және жарылыс заттардың қабықшасының құрамына 238-уран кіргізіледі. Онда алдымен бөліну реакция жүріп, температура көтеріледі; онан соң синтез реакциялары іске қосылады - бұл жерде көптеген нейтрондар пайда болып, қабықшада бөліну реакция жүруіне себеп болады. Жырылыстың осы үш сатысы бәріне лезде өте шығады (микросекунд үлестерінің шамасында). Термоядролық жарылыстың қуатын 50 Мт-ға дейін көтеруге болады (елу миллион тонна).
Жарық сәуленің зақымдаушы кесірі
Жоғарыда айтылғандай жарылыс болған ортадағы температура бірнеше миллион градусқа көтеріліп жарқыл шар шұнайды. Осы кезде жан жаққа өте күшті ультра күлгін сәуле арайды. Бірте-бірте шардың шардың сууы барысында көрінетін сәуле күшейеді, аяғында инфрақызыл сәулесі энергияның шығуын жалғастырады.h4
Ультра күлгін, көрінетін және инфрақызыл сәулелер ядролық жарылыстың жарық сәулесін құрайды, табиғатында электромагниттік сәулелену болып табылады. Адам жанарының ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді қөру қабілеті жоқтығынан жжарқыл шардың өсу және сөну мерзімдерін көрмейді, аалйда ол адамның көзін осы кезде де зақымдауы мүмкін. Қысқаша айқанда, адам ядролық жарылыстың басталған алғашқы сәтін біле алмайды.
Жарық сәулесі жан-жаққа түзу бағытпен тарайды, мөлдір емес заттардан өтпейді. Жарқыл шардың жарық сәуле шашу уақыты (t, c) мен бомбаның қуаты (q,кт) арасында эмпирикалық байланысы байқалады . Әуедегі және жер үстіндегі жарлыстардың сәуле иашу уақыты сонда: q=l млн.т. - t=10 c; q=10 мың. т. - t=2,2 cоққы толқынымен және өткіш радиациямен салыстырғанда жарық сәулесі едәуір қашықтыққа әсер көрсетеді, оның негізгі көрсеткіші жолын жарық күші (жарық импульсі) саналады.
Жарық күші Джм2 бірлігімен өлшеніп, сәуле таралу бағытына қарама қарсы перпендикуляр күйінде жайғасқан бір шаршы метр (1м2) бетіне жарқырау уақытты бойынша түскен жарық энергиясының мөлшерін көрсетеді. Оның басқаша алынған бірлік өлшемі 1 калсм2, анықтау үшін 1калсм2=4,18 104 Джм2(1 калория-судың 1 г мөлшерін 19,5°С-тан 20,5°С-қа дейін көтеру үшін қажет энергиясы). Ауа райы ашық, ауасы мөлдір күндерде 1 млн. тонналық бомба жарылысында жарылыс орталығынан 17 км қашықтықта жарық күші шамада 240 кДжм2 тең (әуедегі жарылыс үшін). 100 мың т. бомба жарылысы үшін бұл көрсеткіштер 6 км қашықта болады.
Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және атмосфералық жағдайларға байланысты болады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыстар
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Экологиялық проблемалар жайлы
Сақтандыру туралы ақпарат
Экологиялық жағдайдың нашарлауы
Төтенше жағдайлардың топтастырылуы
Азаматтық қорғаныстың жалпы сипаттамасы
Пәндер