Еліміздің елордасы – Астана



І. Кіріспе
1.1. Еліміздің елордасы . Астана.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. 2008 жыл .Астанаға 10 жыл
2.2. Астана қаласының 10 жылда жеткен жетістіктері
ІІІ. Қортынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады.
Сондай кезең – біз үшін астанамыздың Сарыарқа төріне көшірілуі екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Көптеген тарихи кітаптар, киношежірелер осыдан он жыл бұрын ел өмірінде болған ұлы оқиғалардың айқын куәсі деп айтуға болады.
Өткен күнде белгі жоқ, ол кезде жағдай мүлде басқаша болатын.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі реформаларды анықтау, оларды тиянақты түрде жүзеге асыру мәселелері, біріншіден, қапысыз біліктілікті, екіншіден, нартәуекелді қажет етті.
Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, Қазақстан үшін жаңа тарихтың басталғаны, ал ол ескі тарихтың сылбыр жалғасы бола алмайтыны белгілі еді.
Батыл ой, батыл әрекет қажет болды. Міне, осы тұста көп күткен арманымыз орындалғандай еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев Астана қаласын құрды.
1.1. Еліміздің елордасы – Астана. Міне Астанамызғада 10 жыл.
Он жылдың ішінде Астана әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты деп айта аламыз. Астананың көркіне не бір өркениетті елдерден келген шетелдіктер таңғалуда.
Астана – ең алдымен азаттығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі. Астана елімізге қайырлы да құтты қала болды.
Ендеше Астананың он жылдығы біз үшін жалпыұлттық мереке!
Жаңа астана тұрғызу идеясы менде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап пайда болған.
Астаналарды көшіру кез келген мемлекеттің өмірінде әрдайым айрықша тарихи кезең болған.
Астанаға алғаш келген Испания королі Хуан Карлос Испания үшін тәуір дерлік емес кезеңде король Екінші Филипп астананы орныққан елорда Толедодан елдің орталығына – Мадридке қалай көшіргенін айтқаны бар. Ол елде де қызу дауларсыз болмаған екен.
Жаңа астана салудың жарқын мысалы – АҚШ-тың бірінші президенті Джордж Вашингтонның нұсқауы бойынша жан баласы тұрмаған жерде салынған Вашингтон. Құрама Штаттар үшін британ тәжінен азат болудың символы ретінде астананың зор саяси мәні болды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
І. Кіріспе
1.1. Еліміздің елордасы - Астана.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. 2008 жыл - Астанаға 10 жыл
2.2. Астана қаласының 10 жылда жеткен жетістіктері
ІІІ. Қортынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады.
Сондай кезең - біз үшін астанамыздың Сарыарқа төріне көшірілуі екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Көптеген тарихи кітаптар, киношежірелер осыдан он жыл бұрын ел өмірінде болған ұлы оқиғалардың айқын куәсі деп айтуға болады.
Өткен күнде белгі жоқ, ол кезде жағдай мүлде басқаша болатын.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі реформаларды анықтау, оларды тиянақты түрде жүзеге асыру мәселелері, біріншіден, қапысыз біліктілікті, екіншіден, нартәуекелді қажет етті.
Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, Қазақстан үшін жаңа тарихтың басталғаны, ал ол ескі тарихтың сылбыр жалғасы бола алмайтыны белгілі еді.
Батыл ой, батыл әрекет қажет болды. Міне, осы тұста көп күткен арманымыз орындалғандай еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев Астана қаласын құрды.
1.1. Еліміздің елордасы - Астана. Міне Астанамызғада 10 жыл.
Он жылдың ішінде Астана әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты деп айта аламыз. Астананың көркіне не бір өркениетті елдерден келген шетелдіктер таңғалуда.
Астана - ең алдымен азаттығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі. Астана елімізге қайырлы да құтты қала болды.
Ендеше Астананың он жылдығы біз үшін жалпыұлттық мереке!
Жаңа астана тұрғызу идеясы менде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап пайда болған.
Астаналарды көшіру кез келген мемлекеттің өмірінде әрдайым айрықша тарихи кезең болған.
Астанаға алғаш келген Испания королі Хуан Карлос Испания үшін тәуір дерлік емес кезеңде король Екінші Филипп астананы орныққан елорда Толедодан елдің орталығына - Мадридке қалай көшіргенін айтқаны бар. Ол елде де қызу дауларсыз болмаған екен.
Жаңа астана салудың жарқын мысалы - АҚШ-тың бірінші президенті Джордж Вашингтонның нұсқауы бойынша жан баласы тұрмаған жерде салынған Вашингтон. Құрама Штаттар үшін британ тәжінен азат болудың символы ретінде астананың зор саяси мәні болды.
Финляндия 19-шы ғасырдың басында астаналарын Туркуден Хельсинкиге, Норвегия - Тронхеймнен Ослоға, Үндістан Калькуттадан Делиге көшірді.
Ресейде астана ауысуының екі ретінде де зор тарихи мәні бар еді.
Біздің басқа көршіміз Қытай өз тарихында астанасын алты рет көшірген.
1923 жылы Түркия астананы Ыстамбұлдан Анкараға көшірді. Ал Бразилияда 1960 жылы жаңа астана - Бразилиа салына бастады, мен онда жуырда ресми сапармен болдым. Бразилияның серпінді дамуының басталуы шамамен осы жылдарға келеді.
Немістер Германия біріккеннен кейін алғашқы атқарғандары - астаналарын Берлинге көшірді, мұның өзі герман мемлекеттілігінің сабақтастығын бейнелейді.
Біздің жас та тәуелсіз мемлекетіміздің түбегейлі мүдделері де астананы көшіруді талап етті. Осылайша 1994 жылғы шілдеде 13-ші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің отырысында Президентіміз ұсыныс жасады.
Парламентте қызу пікірталастар, бір депутаттар Президентіміздің идеясын сөзсіз қолдауды ұсынса, енді біреулері сол тұстағы онсыз да жүдеу қаражатты төгіп-шашатын уақыт емес екенін мәлімдеп, тас қорғанысқа көшті.
Бұған президентіміз Н. Ә. Назарбаев былай деп жауап берген болатын: "Астананы көшіруге арналған қайтарымсыз шығындар тікелей көшіп баруға жұмсалатыны ғана, ал қалаға жұмсалатынның бәрі - бұл болашаққа салынған инвестициялар".
Жалаңаш жер - бұл әлі елдің байлығы емес. Ол жер қойнауынан әлі өндірілмеген нәрсе секілді. Жер бетінде тұрғызылған нәрселер ғана елдің активі болып табылады. Олай болса біз өз Отанымызды орасан зор тұтас бір қалаға байыттық. Және оның болашағы - әлі алда.
Біз бүгінде бүкіл еліміздің игілігі болып табылатын жаңа астанаға ие болдық.
2.1. 2008 жыл - Астанаға 10 жыл. Астананы көшірген сәттен бар-жоғы 10 жыл өткенде қаланың халқы үш есе көбейді. 2010 жылдың өзінде-ақ халық санының 1 миллион адамға дейін көбеюі күтіліп отыр және солай болдыда. Осынау ақиқат көрсеткіш біздің әлемдегі ең жас елордамыздың табысын бәрінен де артық қуаттайды.
Астана арқылы біз жаһандық әлемге жаңа Қазақстанды аштық. Алайда, бәрінен бұрын бұл қаланы өзіміз үшін, өз Атамекеніміз үшін жаңаша аштық.
Астананың құрылысы осынау жылдары біздің еліміздің әлеуетін танытып, бүкіл посткеңестік кеңістіктегі ең орасан мегажобаға айналды.
Бүгінде Астана - бұл Қазақстанның жаңа тарихы жинақталған орын. Астананың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Президентінің Қаулысымен Ақмола қаласы Астана қаласы боп өзгертілді
Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі
Астана – еліміздің жүрегі
АСТАНА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ ТУРАЛЫ
1993, 1995 жж. Конституциялар
Қазақтардың 1 Дүниежүзілік құрылтайы
Елдің рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар. Театр мен кино. Спорт
Астананың тарихы
Астана - асыл мұраттар мекені (Астананың 20 жылдығына орай)
Астана - тәуелсіздік символы
Пәндер