Аграрлык реформа және ауыл шаруашылығындағы экономикалық тұрақтылық


ЖОСПАР
І. Кіріспе
1. 1. Аграрлык реформа және Ауыл шаруашылығындағы экономикалық тұрақтылық
1. 2 Ауыл шаруашылығын қаржыландыру тетіктері
1. 3. Агробизнесті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Ауыл шаруашылығының дамуының қазіргі жағдайы. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуын талдау
2. 3. Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудағы негізгі мәселелер
ІІІ. Қортынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
“ . . . Қазақстанда тарихи, әсіресе әміршіл экономика дәуірінде, адамдарды ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да, әлеуметтік және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді. Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды.
. . . Мемлекеттің күллі қаржы - экономикалық саясаты, соның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп бағытталуға тиіс “
Н. Ә. Назарбаев .
Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалары басымдық болып айқындалды. 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс - шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып, ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған тапсырыстардың қалыптасуына себеп болды. Осы бағыттар аясында ауылдың ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай, мына мәселелерге аса көңіл бөлінді.
- жергілікті әкімшілік нарықтық қатынастарға араласудан шеттету .
- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын, күмәнді жеке шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу .
- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыру .
- ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандату .
- азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының, басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту .
- 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіру . Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алу үшін, заңда тиым салынбаған кез - келген бизнеспен шұғылдануы үшін, өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдацда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз етуге .
- тікелей отандық және шетел инвестицияларын тарту.
- фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсету .
- сумен жабдықтау және иррегация проблемаларын шешу .
- барлық министрліктер мен қорлар желі бойынша ауыл проблемаларын басымдықпен қаржыландырылуының қадағалау .
Осы мәселелер қарастырылған. Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр. Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 миллиард теңге қаржы бөлінсе, соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып 57, 5 миллиард теңгені құрады .
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдарының құйылуына оң жағдай туғызды . Өткен жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 милиярд теңге құйды. Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып іріленген өндіріс құрылымдары қанат жаюда . Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайданың мөлшері 20 миллиярд теңгеге артты . Ауылдағы әлеуметтік саланың даму мәселелеріне де аса назар аударылуда . Ауылдық аймақтарды дамытудың 2004- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жылы әлеуметтік дамудың нормативтік негізі қалыптастырылып, оның мониторингін жүргізу жұмыстары жүзеге асты . Осы бағдарлама бойынша ауылдық әсерлердің әуеуметтік мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан бағытталған 51, 3 милиярд теңгенің игерілу жұмыстары қадағаланып сарапталды .
Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге бейімделе бастаған Республикамыздың ауыл шаруашылығы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты . Мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дмуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр . Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ауылға қолдау көрсету үшін қабылданған үш жылдық бағдарламаның алғашқы жылы 2003 жылы 534 миллиярд теңге болса, 2005 жылы 693 миллиярд теңгеге өсті . Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ доллорына өсті . Азық - түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2003 - 2005 жылдары 90 миллиярд теңге бөлінді .
Оң жетістіктермен қатар, ауыл шаруашылығында әлі де болса көптеген шешілмеген проблемалар да бар. олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өнімділік пен тиімділікті арттыруға, соған сәйкес селодағы табыстардың өсуіне кедергілер келтіруде. Осы және басқада проблемаларды шешу қарастырылған .
Ауыл шаруашылығын дамытудың зор әлеуеті бар Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады десек, қате айтпағанымыз . Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне жету біздің еліміздің қалпына келуі деп санаймын . Осы мақсатқа жету үшін Отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.
“ Ауылым - алтын бесігім “ деген сөз бәрімізге жарыса айтылатын қанатты сөзге айналғалы қашан . Шындығында ауыл - қазақ рухының, дәстүрлі шаруашылығының алтын бесігі . Ендеше ауылды түлетуді, ауыл шаруашылығын өркендетуді өнген халқымыз бен өскен Отанымызды түлету деп түсінген жөн . Сол ауыл мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған еңселі міндеттеріне сәл де болса өзімнің зерттеу жұмысымда талдап, үлесімді қоссам деймін . Ауылдың өркендеуі - халқымыздың өркендеуі . Олай болса мен елімнің ертеңі үшін сеніммен қараймын .
1. 1. Аграрлык реформа және Ауыл шаруашылығындағы экономикалық тұрақтылық. Біздің өміріміздің түбегейлі озгертіп Қазакстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың токсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісімен мен ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл біздің мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана бұрыс шешім еліміздің жүрер жолын бағыт‑бағдарын елеулі өзгеріске ұшыратар еді. Сондықтан мемлекетіміздің алдында нақты бағдарламалар қабылдап, оны іске асыру мақсаты тұрды. Ел басы өзінің халыққа жолдауында «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық. Біз жақсы өмір сүргіміз келеді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық» осы мақсатпен «Қазақстанның ‑2030жылға дейінгі даму стратигиясын» құрдық. Осы бағыт іске асу барысымен елдің экономикасын, әлеуметтік және саяси жедел жаңару әртүрлі бағытта бағдарламалар құрылды. Соның бір бағыты «2003-2005жылғы Ауылды қолдау» жылы болып жарияланды. Ауыл тағдыры- ел тағдыры. Тәуелсіздік тарихының белесіне аяқ басқан шақта Елбасымыз Н. Назарбаев өмірдің қай заманында да алтын арқауы бола беретін ауылға шындап бет бұру қажеттігін атап көрсетті. Ұлттың ұйтқысы да, берекесі де, деңгейі де -ауыл. Сондықтан ауылға бағытталған Елбасының жолдауы елімізде қолдау тапты. Президент Жолдауындағы ауылды қолдау өзінің тұжырымдылығымен, нақты ұсыныстарымен құнды. Ауылдық жерде, әсіресе суармалы өңірлермен халықтың кәсіп ететіндерге қолдау жасай отырып, күш- қуатын бірігіп пайдаланатын кооперациялау жүйесін енгізу қажет. Аграрлық қатынастар барлық экономикалық, әлеуметтік қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, тұтыну, айырбастау процесінде ауыл шаруашылық сферасында айналысатын адамдар арасындағы өзара қарым-катынастар жиынтығын білдіреді. Экономикалық өсуге аграрлық сектордың қосар үлесі зор. Республиканың аграрлық кешенінде экономикалық реформаға дейін 2100 кеңшар, 400 ұжымшар, 20-дан ірі ет комбинаттары, сүт зауыттары, көптеген элеваторлар мен астық комбинаттары, жүнді бастапқы өңдеуден өткізетін үш аса ірі фабрика, басқа да көптеген фабрика жұмыс істеді. Тек тамақ өнеркәсібінде үш мыңнан астам кәсіпорын болды.
Экономикалық реформадан бұрын ауыл шаруашылығында өнім шаруашылықтың екі санатында ғана өндірілетін. Бұл салада реформа экономиканың басқа салаларына қарағанда екпіндірек, қарқындырақ, шапшаңырақ жүргізілді. Бірақ бұл дұрыс жүргізілді деуге болмас. Реформаның мәнісі ондағы өндіріс құралдарына мемлекеттік және ұжымдық меншікті (ол кездегі ұжымшарлардағы меншікті мемлекеттік меншік десе де болады) жеке меншікке айналдыру болды. Кейбір шет елдердегідей, бізді де негізінен шаруа (фермерлер) қожалықтары осы саладағы меншіктің иесі, негізгі өнім өндірушілер болады деп саналды. Малды бұрынғы ұжымдар мүшелеріне бөліп беру оңай болғанымен, жерді және ауыл шаруашылық құралдарын (машина, трактор шеберханаларын, автопарктерді, тракторларды, комбайндарды т. б. ) жеке адамдардың меншігіне бөліп беру іс жүзінде оңай болмады, олар шартты түрде ғана бөліп берілді. Жер болса бүгінгі күнге дейін мемлекет меншігінде. Қысқарта айтсақ бұрын кеңшарлар мен ұжымшарларды шаруашылық жүргізудің тиімсіз пайымы деп санап, революциялық жолмен түбіріне балта шауып, бірер жыл ішінде күл- талқанын шығардық. Н. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде айтқанындай : «Нарық өзгерістерін бойына дарытпай келген кеңестік ұжымшарлар- кеңшар жүйесі келмеске кетті». Сөйтіп 2004 жылдың бірінші қаңтарында Республика мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан небары 82-сі ғана қалды, оның есебіне 105170 шаруа (фермер) қожалығы дүниеге келді, одан басқа 3342 әртүрлі серіктестіктер, 293 акционерлік қоғам, 1710 өндірістік кооператив, 1302 басқадай құрылымдар жиыны, 111899 ауыл шаруашылық кәсіпорын болды.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агентінің анықтамасы бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына бұрынғы колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік шаруашылықтар (ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер) базасында құрылған өндірістік құрылымдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қосалқы шаруашылықтары жатады.
Шаруа (фермер) қожалықтары адамдардың отбасылық еңбек бірліктері болып табылады, олардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдаланумен, сондай -ақ осы өнімдерді өңдеу және өткізумен тығыз байланысты.
2003жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен агроазық- түлік кешенінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көздейтін осы кезеңге арналған Мемлекеттік агроазық- түлік бағдарламасы бекітілді.
Сонымен қатар экономикалық өсу аясында қала және ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейіндегі алшақтық күшейе түсуде, табыстардың өңірлік айырмашылықтар да елеулі. Ауылдық жерде ел халқының 43%-ы тұрады, ресми статистикалық деректеріне қарағанда олардың үштен бірінің табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен. Бұл халдің одан әрі орнығуы ел халқының тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуін күшейтеді, қоғамның әлеуметтік саяси ахуалына кері әсерін тигізеді, елдің адамдық даму көрсеткіштерімен инвестициялық бет-бейнесінен көрініс береді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа салалардан айырмашылығы және оның ерекшелігі ауыл шаруашылығы - тек өндіріс саласы ғана емес, ел халқының ауқымды тобының өмір сүру аясында болып табылады. Ауыл экономикасы және ауылдық мекен ажырығысыз байланысты.
Агроөнеркәсіпті реформалау үрдісі, оны нарық соқпағына көшіру, ауыл шаруашылығы әлеуметінің өсуін бағалау үшін маркетингтік стратегияны қолдану ауыл халқының шамадан тыс көптігін проблемасының бетін ашты. Ішкі нарық сиымдылығы елде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін теңдестірілген тұтыну үшін жеткіліксіз. Оларды өндіруден алынатын табыстар ауыл тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудің ең төменгі стандарттарын қамтамасыз етпейді. Есептеулер көрсеткендей, ең төменгі өмір сүру мөлшеріне тең (4, 6 мың теңге) орташа жан басылық деңгейге жету үшін ауыл халқының саны 5, 6 млн. адамды құруға тиіс, яғни 900 мың адамды босатып шығару қажет, ал Қазақстан Республикасы бойынша жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстың 7, 7 мың теңгеге тең деңгейінде ауыл халқының саны екі есеге дерлік қысқарып 3, 5 млн. адамды құруға тиіс.
Елдің жалпы ішкі өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 85%ын құрайды және де таяудағы және ұзақ мерзімді келешекте елеулі өзгермейді, құның өзі мұнай өндіруші салалардағы көлемдердің өсуімен, тағам өнімдерінің ішкі нарығының шектеулі сыйымдылығымен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарықтарының тұрлаусыздығыменен, үлкен көлік шығыстары мен агротехнологиялардың төмен деңгейі салдарынан Қазақстан өнімдерінің әлсіз бәсекелестік қабілеттілігімен байланысты. Мемлекеттік агроазық- түлік бағдарламасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің болжамды өсімі 2006 жылдың соңында 10%- дан ғана жоғары болмақ. Республика ауыл шаруашылығының ЖӨ-дегі ең жоғарғы үлес Қостанай (14, 2%), Алматы (13, 6%), Оңтүстік Қазақстан (12, 3%), Солтүстік Қазақстан (12, 1%), Ақмола (11, 7%) және Шығыс Қазақстан (9, 9%) облыстарының еншісінде. Ең төменгі үлес салмағы Маңғыстау (0, 2%), Атырау (1%), Қызылорда (1, 9%) облыстарына келеді.
Ауыл шаруашылығының Республикалық ЖӨ-дегі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы ара қатынасы -58, 5% және 41, 5%. Негізінен өсімдік шаруашылығымен Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, мал шаруашылығымен Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында айналысады. Қалған облыстарда шамамен бірдей ара қатынас байқалады.
Бонитеттің жоғары балы Республиканың солтүстігіндегі астық беруші Ақмола (38), Қостанай (32), Солтүстік Қазақстан (34) және Шығыс Қазақстан (31) обылыстарындағы топырақ иеленеді. Нақ осы обылыстарда бір адамға шаққанда егістікпен өамтамасыз етілу тән.
Жайылымдармен Маңғыстау (1 шаршы мал басына шаққанда 102, 4 га) Қарағанды (54, 5га) және Атырау (33, 7 га) обылыстары Республиканың орталық және батыс бөліктері неғұрлым қамтамасыз етілген.
100 ауыл тұрғынына келетін кәсіпкерлік обьектілерінің саны республикада орташа алғанда 3, 1-ді құрайды. Ауылдық жерлерде 100 ауыл тұрғынына келетін кәсіпкерлік обьектілерінің неғұрлым көбірек саны Ақтөбе 4, 8, Оңтүстік Қазақстан 4, 8, Алматы 3, 9, Шығыс Қазақстан 3, 4 шоғырланған. Ең төменгі көрсеткіштер Атырау және Қызылорда обылыстарында.
Ауылдық жерде 1000 тұрғынға келетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындардың неғұрлым көбі Павлодар (2, 4) Солтүстік Қазақстан (2, 2) Қарағанды (1, 2) және Қостанай (1, 2) обылыстарында. Бәрінен аз Атырау, Қызылорда және Маңғыстау обылыстарында 0, 2-ден.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру құрылымында 38% жуығы үш Солтүстік астық себетін обылысқа (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан) және 32%- ға үш Оңтүстік обылысқа (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан) келеді.
2005 жылы мемлекетке пайыздық есептемемен 107, 9 % пайда түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0, 9 пайызға жоғары. Өнімді өткізуден жоғары көрсеткішке өсімдік шаруашылығы яғни, 91, 5%- ға жетіп отыр. Республика бойынша Қостанай, Алматы, Ақмола облыстары ең жоғарғы көрсеткішке ие.
Қазіргі уақытта ауылдық жерде үй шаруашылықтарының тұтынуға жұмсалған табыстары өте төмен. Мысалы, 2005 жылғы 3 желтоқсанда республика бойына орта есеппен бір жан басына шаққанда 5036 теңге құрады. Табыстардың орташа Республикалық деңгейден жоғары деңгейі Ақмола 6313 теңге, Ақтөбе 6660 теңге, Қостанай 6446 теңге, Солтүстік Қазақстан 6319 теңге обылыстарында қалыптасқан. Төменірек Қызылорда 3532 теңге және Маңғыстау 3459 таңге. Республика бойынша табыстардың жіктелуі елеулі. 2004 күнкөріс минимумына төмен табыс бар ауылдықтардың үлесі Республика бойынша 32, 6% ды құрады, мұның өзі қалалық деңгеймен салыстырғанда 16, 4% жоғары.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімін өндіру республика бойынша бір жан басына шаққанда айына 7168 теңге құрады (салыстыру үшін бұл көрсеткіш республика бойынша қала халқы үшін 22691теңгені құрайды) Маңғыстау обылысында 1284 теңге, Атырау 2515 теңге, мұның өзі азық- түлікке деген шығынын да жаппайды. Осы обылыстарда қалыптасқан ахуал ауыл экономикасы мен халықтың табысын көтеру үшін нақты көмек шараларын талап етеді. Елімізде аграрлық реформаны іске асыру барысында ауыл шаруашылығының тұрақты, келешекте бір қалыпты дамуы үшін біраз заңдар қабылдады. Осы заңдар негізінде мемлекеттің әртүрлі аумақтарында ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде бағдарламалар қабылданды. Бұл қабылданған бағдарламалар ауыл шаруашылығы құралдарын материалдық техникалық, қаржы және де басқа ресурстармен қамтамасыз ету, ауылдағы инфрақұрылымдарды қайта құру, оларды жетілдіру, тағыда басқа көптеген мәселелерді жүзеге асыру қаралған. Осы арқылы ауыл шаруашылығын экономикасын көтеру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту берілген.
Оның ішінде, әсіресе:
- Қор өндіруші өнеркәсіптердің өнімінің бағасының көтеруіне байланысты шаруа қожалықтары 50% дейінгі қосымша шығындарын компенсациялау;
- Республикадағы өнеркәсіпорындарды шаруаларға өте қажетті кіші көлемде ауыл шаруашылық техникамен, олардың бөлшектерін жеткілікті көлемде шығаруды ұйымдастыру;
- Мемлекет көлеміндегі «Агротехсервиз», өнеркәсіп құрылымдары ауыл шаруашылық тауарларды өндірушілердің қазіргі қоғамның дамуы жаңдайына бейімделген фермерлерге материалдық техникалық құралдарын шығару, оны тиімді қолдануға, жоғары тәртіпті пайдалануына ықпал жасау қаралған;
- Мемлекет кепілдік жолменен өндіріс құралдары мен техника құралдарын дайындайтын өндірістерден ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге, олардың тапшы түрін сатудың қатаң баға арқылы жүргізу, мемлекеттік азық- түлік қорларын қалыптастыруға, қажетті өнімдер түрлерін жеткізу және оны шартты түрде белгілеген.
Жоғарыда көрсетілген үкімет актілеріндегі ұсынысты іске асыру ауыл шаруашылық өз өнімдерін өткізуге, сатуға ауыл шаруашылық кәсіпорындарының материалдық техникалық базасын дамытуға оның келешекте тұрақты дамуына, еңбек өнімділігін арттыруға және кәсіпкерлік қызыметті ынталандыруға мүмкіндік берер еді.
1. 2 Ауыл шаруашылығын қаржыландыру тетіктері. Ауыл шаруашылығы салалары көп өнім беретін деңгейде жүргізу үшін қаржыландыру көздері қажет. Дайын өнімді өткізуден түсетін қаржы өндірістің қарқын алу үшін жеткіліксіз болатыны анық. Жалпы ауыл шаруашылығы саласында азық- түлік тізбегінің тұрақты қызмет атқаруы үшін қандайда бір қаржылық қолдау болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы өндірісшілерінің қаржылық қолдау жұмыс күшінің құнын көтеріп еңбегінің нәтижесіне қызығушылықты ояту, жоғарғы өнім техникамен технологияны қолдану үшін қажет, өйткені мардымсыз материалдық пайда әрқашанда өндіріс саласының елеулі тежегіші болады. Ауыл өндірушілерін қаржылық қолдаудың әртүрлі жолдары бар. Мысалы, қаржысы мол инвестордың азық- түлік өндірісіне келуі, ал кез келген кәсіпкердің көздейтіні барынша жоғары кіріске қол жеткізу болып табылады. Мұндай жағдайда өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен пайда инвестордың есеп шотына келіп түседі. Ол қатаң бақылауға ала отырып ағымдағы шығындарды да, сонымен қатар шаруашылықты дамытуға да тиісті қаржыны өзі бөліп отырады. Бір жағынан мұндай шаруашылықтар үлкен кәсіпорынның бір салалық филиялы ретінде құрылып, оның бригадасының немесе бөлімшесінің ғана құқығына ие болып қалуымен де олардың жағдайлары күрделенеді. Онда ауыл шаруашылығы өндірушілері ешқашан инвестордың қарызын қайтару үшін жеке қаражатқа қол жеткізе алмайды. Ендеше ондай шаруашылықтар инвестордың пайда табу құралы болып қалу қаупінен құтыла алмайды. Инвестор бақылауында мұндай шаруашылықтардың бір қатары несиелік және қаржылық жүйелермен өзара байланыста емес, жергілікті және республикалық бюджетке берер үлесі жоқ. Өз өнімін өткізу арналарын таңдаумен және алынған пайданы бөлу мен, сондай- ақ материалдық құндылықтарды сатып алумен айналыспайды.
Шаруашылықтың дербестіктен айыру, қатаң бақыланатын смена бойынша қаржыландыру, қатаң тәртіп - бұл шараларды жалпы экономикалық сауығу жағдайында жүргізу өзін- өзі ақтайтын себептерге негізделеді. Алайда мұндай тәжірибенің одан әрі жалғастырылуы күрделі процесстерге ұластырып жіберу қаупінен ада емес. Инвестор мен ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші арасындағы қарым- қатынасты мұқият зерделей келіп, нақты ынтымақтастықтың жоқ екенін, тек холдингтік агрофирмалық құрылымына немесе ірі кәсіпкердің қол астындағы ірі өндірістік салаға айналуы ғана болатыны анықтау қиын емес. Оның үстіне егер инвесторда артық қаражат болмай қалған кезде қаржылық дербестікке қол жеткізе алмаған шаруалар сол баяғы қалпынан да қиын жағдайға ұшырауы ықтимал.
Әлемдік көптеген елдерінде көтерме сауда базалары бар. Батыс пен Жапония сияқты елдерде мұндай базалар жұмыс істейді. Германияда азық- түлік көтерме сауда базалары функцисын сауда үйлері, ірі сауда компаниялары мен фирмалары атқарады. Мұндағы сауда фирмаларының жартысына жуығы аса ірі фирмалар мен компаниялар. Азық- түлік рыногындағы бұлардың үлесі 70 пайызға жуық, олар жылына 40 мыңға жуық мәміле жасайды. Көтерме сауда базалары тауар қозғалысы жолдарын ұйымдастырудың бастапқы сатысы ғана екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Олар одан әрі қарай мамандануларын тереңдету мен ірілену бағыттарында дамиды. Осымен бір мезгілде көтерме сауда базалары жүйесін айналып өтіп, азық- түлік бөлшек сауда жүйесіне (супермаркет) тікелей жеткізу жолдары қалыптаса бастайды. Бұлар АҚШ- та, ФРГ- да және Батыс Еуропаның басқа да елдерінде толық қалыптасқан. Құрылған көтерме сауда базалары кеңейтеді және азық-түлікті таратудың орталық жүйесінің басты буыны - азық-түлік орталықтарына арналып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz