Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұны


Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұны .
1. 1. Экологиялық білім мазмұны мен тәрбие берудің принциптері мен міндеттері.
1. 2. Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы.
1. 3. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын анықтаушы факторлар.
1. 4. Экологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті іскерліктер мен дағдылар.
ІІ тарау. Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің әдіс-тәсілдері.
2. 1. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейлері.
2. 2. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары.
2. 3 Пән мұғалімдерінің экологиялық жұмыстарды ұйымдастыруы
2. 4 Эксперименттік - тәжірибелік зерттеу жұмыстары
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі ХХІ ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің өзіне қауіп төніп отыр. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.
Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық жүйесі жасалуда.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім беру туралы» заңдарына (3 бап ( негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды /1, 2, 3/.
Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар - «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары», «ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және т. б. әзірленді.
Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.
Экологиялық мәдениет дегеніміз - бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.
Экологиялық тәрбие үш жақты міндет түрінде қарастырылуы тиіс:
- Адамның табиғатпен қарым-қатынасын анықтау;
- Қазіргі және болашақ ұрпақ алдына табиғаттың сақталуы үшін азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
- Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешуге үйрету.
Экологиялық тәрбие беру жаңа адамды тәрбиелеудің бөлінбес құрамды бөлігі болуы қажет. Халыққа экологиялық білім беру орталықтары ретінде мәдениет орындары, кітапханалар, ботаникалық бақтар, зообақтар, ерекше қорғауға алынған территорияларды тиімді пайдаланудың комплексті іс-шараларын жасау қажеттілігі туып отыр.
Экологиялық білім беру базалық білім берудің бөлінбес бөлігі екендігін түсіну қажет. Экологиялық білім беру процесі адамның бүкіл өмірі барысында, мектепте және одан тыс барлық азаматтарға білім берудің барлық түрлері мен деңгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс.
Мына сызба бойынша нақты координацияны жүзеге асыру керек: отбасы - бала бақша - мектеп - жоғары білім беру - мамандарды қайта дайындау - халыққа жаппай экологиялық білім беру.
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жасаудың мақсаты - экологиялық білімдердің біртұтастығы, табиғатқа оң эмоционалды - бағалық қатынас және қоршаған табиғи ортадағы нақты қызметінің негізінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздіксіз білім беру жүйесіне жаңа экологиялық ойлауды, өмір сүрудің жаңа стилін қалыптастырудың негізінде қарап, әлеуметтік және экологиялық тұрақты даму, сондай-ақ түбегейлі жаңа технологиялық саясатты қалыптастырудың негізі ретінде қоғамның интеллектуалды потенциалын арттыру құралы ретінде қарау қажет .
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» отандық білім саласында соңғы жылдары қордаланып қалған басқа да көптеген мәселелерді түбегейлі шешуге бағытталған, олардың нақты ұстанымдары мен бағыттарын анықтап беруші құжат болып отыр.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» жолдауында халықтың денсаулығын көтеру стратегиясын міндетті түрде - таза (сау) қоршаған табиғи ортамен байланыстырады. Ұлттың болашағы болып табылатын спортпен айналысатын, есірткі заттар, ішімдік, темекі өнімдерін пайдаланбайтын, салауатты өмір сүруді жақтайтын және сау табиғи ортада өмір сүретін жас ұрпаққа үміт артады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивті технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айқындалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда.
Сондықтан, ең көп халықты қамтитын білім беру сатысы - жалпы білім беретін мектептің міндеті-дүниеде қауіпсіз және бақытты өмір сүріп, жержегі барлық тіршілік түрлері үшін жауапты физикалық және адамгершілік тұрғысынан сау адамды, Республиканың, планетаның толық қанды азаматын тәрбиелеу болып табылады. Аталған проблемаларға байланысты біз дипломдық жұмыс тақырыбын төмендегіше таңдадық:
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларын экологиялық мәдениетін қалыптастырушы фактор ретінде қала жағдайындағы экологиялық білім мен тәрбие мазмұнына сараптама жасау.
Зерттеу міндеттері: Экологиялық тәрбиенің қазіргі кездегі тәрбиелік мәні мен мүмкіндіктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қала мектептеріндегі экологиялық білім мен тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері: а) Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқып танысу, талдау;
ә) Озат іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау;
б) Бақылау, анкета, әңгіме.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсат-міндеттері айқындалды, зерттеу әдістері таңдап алынып, оқыту объектісі, пәні көрсетілді.
Бірінші тарауда экологиялық білім мен тәрбие берудің принциптері мен міндеттері, педагогикалық тұрғыдан жан-жақты сипатталды.
Екінші тарауда Шымкент қаласының мектептеріндегі экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырудың әдістемелік жолдары көрсетілді, мектептерден мысалдар келтірілді.
І ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ МАЗМҰНЫ
1. 1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің принциптері мен міндеттері
Қазіргі кезеңде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы қайшылықтар бастауыш мектеп пен педогогиканың алдына бірқатар жаңа міндеттерді қойып отыр. Оларды шешу қазір мектепте оқып жүрген ұрпаққа, табиғатқа деген теріс әсерлерді жоюға және болашақта бұл қатынасты тиімді ортаға бұруда нақты талап бере алады.
Классикалық педагогика табиғат туралы ғылыми білімдердің мазмұны, оларды ашу әдістері, табиғатты тану процесінде көзқарасты қалыптастыру, бастауыш мектеп оқушысын табиғаттың әсерімен адамгершілік-эстетикалық дамыту, баланың табиғатпен өзара қарым-қатынасының оған білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы туралы қағидалар тұжырымдалған. Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, Ф. А. Дистерверг ерекше атап көрсеткен /5, 6, 7/.
Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писарев, Н. Г. Чернышевский қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдерді енгізуді талап етті. Олар аталған білімдердің жеке адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап көрсетті.
Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский баланың табиғатпен ара қатынасын кеңейтіп, табиғаттың тәрбиелеушілік әсерінің педагогикада төмен бағаланып отырғанына таңданыс білдірді.
Қазіргі кезеңдегі экологиялық білім беру табиғат пен қоғамның біртұтастығы туралы, олардың тарихи өзара байланысы, адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік себептілігі туралы ілім әдістемесі негізінде құрылған.
Қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің көпжақтылығы экологиялық білімнің комплекстілігін анықтайды. Жалпы әдістемелік және теориялық қағидалар экологиялық білім берудің төменгі принциптерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
- Бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық тұрғыдан қарау, әр пәннің жалпы экологиялық білім беру жүйесіндегі қызметін, пәнаралық байланыстарды анықтау мен оларды қамтамасыз етуді талап етеді. Экологиялық білім берудегі пәнаралық байланыстарды анықтау әр түрлі оқу пәндерінде оқытылатын, экологиялық білімдердің әр түрлі деңгейлеріндегі қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің тиімді әдістері мен принциптерін, заңдарын ашу әдістері мен олардың мазмұнының өзара үйлесімділігін қажет етеді. Сонымен қатар қандай да бір оқу пәнінің мазмұнына кіретін идеялар мен ұғымдардың даму логикасын, экологикалық идеялар мен ұғымдарды тұжырымдау мен тереңдетуге пайдалану керек.
- Кіші мектеп жасындағы оқушыларға экологиялық материалды оқытудың жүйелілігі мен үздіксіздігі.
Қоршаған орта мәселелері бойынша білім берудің мақсаты мен міндеттерін орындау мазмұн жүйесін, оқу-тәрбие процесінің әдістерімен ұйымдастыру түрлерін жасауды талап етеді. Осы тұрғыдан қарау кіші мектеп жасындағы оқушылардың экологиялық білімдерінде ақтаңдақтарды болдырмауға экологиялық өзара қарым-қатынастардың әр алуан түрлерінің белгілі бір уақыттың және кеңістік шекараларында бірқалыпты оқытуға, аталған байланыстардың биологиялық жүйелердің әр түрлі деңгейлеріндегі динамикасын оқушыға көрсету мүмкіндік береді. Жүйелеу принципі экологиялық білім беруді алуан түрлі білім беру көздері мен ақпараттық құралдардың үйлесімділігінің негізінде құруды талап етеді.
- Қоршаған табиғи ортаны зерттеу мен сауықтыруға бағытталған оқушының әрекетіндегі интеллектуалды және сезімдік-қаржылық негіздердің бірлігі.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің бұл принципі табиғатпен тікелей қатынасы есепке ала отырып рационалды танымды көркемдік-образдық таныммен үйлестіруді талап етеді. Бұл принципті бағаламау не таза интеллектуализмге, не есепке негізделген практизмге әкелуі мүмкін.
Практикалық қызметтегі, рационалдық пен эмоционалдықтың арасындағы байланыс динамикалық және көпжақты болып табылады. Егер оқушы тірі және өлі табиғаттағы объектілердің арасындағы заңды байланыстыра білсе, экологиялық жүйелердегі үйлесімдіктің әсемдігін сезіне білсе, онда оның әрекеті де табиғатты сақтау, оны бұзылудан қорғауға бағытталады.
- Оқу процесінде экологиялық мәселелердің ғаламдық, ұлттық және өлкетану байланыстарының ашылуы.
Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында ортаны қорғауда жергілікті (өлкетану), аймақтық, ұлттық және ғаламдық байланыстар мәселелерінің ашылып көрсетілуіне ерекше назар аударылған. Бұл дегеніміз, мысалы, белгілі бір жердегі адамның табиғатқа әсерінің нақты фактісі, оң және теріс болса да, осы әсердің нәтижелерін бағалау жалпы мемлекеттік тұрғыдан бірлікте қарастырылады. Нәтижеде оқушылардың көзқарасының жүйесінде қоршаған орта мәселелерінің мемлекеттік шекарасы болмайтындығы және қандай-да бір әкімшілік - территориялық бөлуге келмейтіндігі себепті ғаламдық сипат алатыны туралы ұғым қалыптасады. Сондықтан қоршаған ортаның көптеген мәселелерін тек халықаралық бірлескен іс-әрекеттер жолымен ғана тиімді шешуге болады .
Экологиялық білім беру принциптері мектептердің практикасында төменгі міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады:
- Адамның табиғатқа әсерінің оның заңдарына сәйкестігін анықтайтын ілімдер, негізгі ұғымдар мен фактілер туралы білімдерді меңгеру;
- Қоғам мен әрбір адамның материалдық және рухани күшінің көзі ретінде табиғаттың көпжақты бағалылығын түсіну:
- Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудағы қолданбалы білімдер мен практикалық іскерліктерді меңгеру. Оның жағдайын жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдай білу, өзінің іс-әрекетінің мүмкін болатын салдарын болжау және еңбек қызметінде табиғатқа теріс әсерлерді болдырмау:
- Табиғат пен қарым-қатынасқа деген қажеттілікті дамыту, дүниені тануды адамгершілік - эстетикалық сезімдермен бірлікте қарастыруға талпыну;
- Табиғатта өзін ұстау ережелерін саналы түрде сақтау арқылы табиғатқа зиян келтірмеу, ластамау не қоршаған ортаны бұзбау;
- Қоршаған табиғи және өзгертілген ортаны сауықтыруға бағытталған іс-әрекетті активтендіру, қазіргі заманғы табиғат қорғау идеяларын насихаттауға қатысу.
ҚР экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында тұжырымдалған мақсат, принцип пен міндеттер оқушыларға білім мен тәрбие беру процесімен байланысты процестерді ұйымдастыру, формаларын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын жасауда маңызды рөл атқарады .
1. 2. Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары жүргізіледі.
Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.
Бұл екі ұғым бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін әңгімелер;
- мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (кітаптарды және т. б. жөндеу) іс-әрекеті;
- табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау - бақылау, оларды зерттеу, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;
- тәжірибе жасау - бақылау нәтижесндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
- сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, сурет салу, хат жазу;
- табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;
- бақылау - өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
- табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.
Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланысты руға болады.
Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелілігінң деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.
«Тіршілік иелерінің өміріне қажетті түғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау - өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету - осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылаулаларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.
Табиғатты бейнелеу әдісі - экологиылқ тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады.
Тіл дамыту іс-әрекетінде үлкен ерекшелік үлесіне қарай «табиғатты бейнелеу әдісінен» «сөздік әдеби әдісін» өз бетінше бөліп қарауға болады. Сөз белгілі бір формада және деңгейде кез келген іс-әрекетті қолдайды және ол экологиялық тәрбиеде үш маңызды қызмет атқарады. Мәселен, «диалог» түрінде (әңгіме де, пікір алмасуда) үлкен мен баланың қарым-қатынасында табиғат туралы және ондағы адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктердің көрініс табуымен нақтыланады. «Монолог» арқылы (мұғалім әңгімесі, кітап оқуы) балалар білімінің жаңа саласына енеді.
Жоғарыдағы әдістерді саралай келіп, балалардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейі мен тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамыту мақсатында жүргізілетін мынадай жұмыс түрін ұсынамын:
- мектептің, туған қаласының орнын картаға белгілеп, ұстаздың көмегімен желімдеу;
- теңіздер мен мұхиттар жөнінде түсініктер беру;
- өздеріне таныс қалаларды үлкен жалаушалармен белгілеу;
- экологиялық таза емес аймақтарды белгілеп, желімдеу.
Картамен жүргізілетін мұндай жұмыс түрлері балалардың алғашқы географиялық танымдарын қалыптастырып және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын игере білуге, өз елінің кейбір экологиялық жағдайларын танып білуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар үлкен құлшыныспен, қызығумен ынталы атқарады және ересектердің түсіндіргенін, құрдастарының жауаптарын тыңдап, ұжымдық әңгімеде, қорытынды жасауға белсенді түрде қатыса алады.
Өнер туындыларынан көрмелер ұйымдастыру, ондағы табиғаттың әсем көрінісін балалардың әңгімелеп жеткізе білуі олардың сезімдік талғамын, әдемілікке ұмтылу қабілеттерін дамытады. Кішігірім көрмелерді көру, мұражайларға саяхат жасау, мәдени байлықтарды бағалай білу баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Үлкендердің басшылығымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылатын жақын жердегі орманға, жорықтарға шығу, көргендерін шамаларына қарай қағаз бетіне түсіру - экологиялық сауықтыру мәні бар өте маңызды жұмыстар. Бұдан балалар таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алады, өсімдіктер мен жануарлардың бірлестігі туралы біледі, олардың қимыл қозғалыстарын бақылайды. Тіпті тірі табиғатпен осылаша өзара қарым-қатынас жасау балалардың табиғат аясында тәртіп нормаларын сақтап, мәдениетті демалу.
1. 3 Экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын анықтаушы факторлар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz