Психологиялық эксперименттің процедурасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ №3

Тақырыбы: «Психологиялық эксперименттің процедурасы»

Орындаған: Рапикова С. А. (магистрант,

6М010300 -Педагогика және психология)

Тексерген: Кулмышева Н. А. (п. ғ. к., доцент м. а. )

Семей 2015

Жоспары:

  1. Экспериментті ұйымдастыру өткізудің ең алғашқы шарты-оның жоспарлануы
  2. Эксперименттегі психологиялық фактор

Экспериментті ұйымдастыру өткізудің ең алғашқы шарты-оның жоспарлануы. Экспериментті жоспарлау сатысы оның ары қарайғы тағдырын анықтайды, себебі экспериманттің логикалық және хронологиялық схемасын құруға, зерттелінушілердің құрамы мен санын немесе өлшеудің керекті мәнін анықтауға, математикалық өңдеудің жоспарын жасауға, көрсеткіштерді және өңдеу аппаратын, шешім қабылдаудың бағдарын таңдауға қолқабыс етеді. Егер біз әртүрлі жоспарлар мен схемалардың негіздерін білмесек, бізге эксперименттің сапасын бағалау кезінде қиын болады. Бірақ, кез-келген жоспар сәтті бола бермейді. Мәселен, бірінші тарауда қарастырылған эксперименттер басқаша, келесі түрдегі жоспарлар бойынша өткізілді делік:

1) Бірінші экспериментте тігінші басында наушникті 13апта киіп, соңынан 13апта ештеңесіз жұмыс істесін.

2) Йоко өзінің экспериментінде әрбір шырын сортынан 2 банкіні қолдануды шешіп, барлық эксперимент 36 күннін орнына 4 күнге ғана созылды делік.

3) Джек жаттаудың жарым-жарты әдісін алғашқы 2 пьесаға, ал тұтас әдісті келесі екіге қолдансын.

Бізге бұл жоспарлардың барлығы сәтсіз екені көрініп тұр. Ал егер бізде салыстыру үшін үлгі болса, онда біз неге алғашқы жоспарлар сәтті болғандығын нақты айтып бере алар едік. Мінсіз эксперимент осы үшін қызмет атқарады. Экспериментті абсолютті мінсіз етуге болады ма? Кез-келген экспериментті шексіздікке дейін жақсартуға болады немесе оның мүлдем өткізуге болмайды. Реалды эксперименттер мінсіз экспериментке жақындатылып жүзеге асырылады.

Сондай-ақ идеал эксперимент түсінігі арқылы эксперименттің мінсіздігін анықтауға болады. Идеал экспериментте тек қана тәуелсіз айнымалының өзгеруіне жол беріледі. Қалғанының бәрі өзгеріссіз қалады, сондықтан тәуелді айнымалыға тек тәуелсіз айнымалы ықпал етеді. Жақын арада біз идеалды экспериментті өткізу мүмкін емес екендігіне көзімізді жеткіземіз. Дегенмен, идеяның өзі пайдалы болып табылады, біз реалды экспериментті өткізгенде оны басшылыққа аламыз. Идеалды экспериментте тігінші наушникпен не ештеңесіз бір уақытта жұмыс істеуі керек еді. Джек Моцарт бір уақытта сол жалғыз пьесаны жарым-жарты немесе тұтас әдіспен жаттау керек еді!

Эксперименттің жалпы мазмұны шектелген мөлшердегі мәліметтер негізінде кең қолданыс табатын қорытындылар шығару. Дегенмен, мінсіз эксперимент идеал эксперимент тәрізді бізге басшылық етуші идея ретінде қызмет етеді.

Идеал да, шексіз эксперимент те мәнсіз бола алмайды. Оларда әртүрлі кемшіліктер ғана емес, сондай-ақ артықшылықтары да бар және реалды эксперименттерді бағалауда қызмет етуі мүмкін.

Идеал да, шексіз де эксперименттер сәтсіз зерттеу нұсқасының кемшіліктерін жоя алмайды. Мұндай кемшіліктерді мүлдем жою үшін толық сәйкестік эксперименті қажет. Бұл эксперимент сондай-ақ мағынасыз болып табылады, дегенмен іс-жүзінде оны жүзеге асыруға болады. Джек өзінің зерттеуінде одан кейін де жаттайдын пьессаларды жаттауы керек болатын. Мұндай эксперименттен, шексіз эксперименттен сияқты пайда жоқ.

Мінсіз эксперименттін үш түрі де реалды емес. Идеал эксперимент мүмкін емес, толық сәйкес эксперимент - мағынасыз, ал шексіз-мағынасыз және мүмкін емес. Олар «ой» эксперименттері ретінде пайдалы. Олар бізге эффективті экспериментті құруда керек. Идеал және шексіз эксперименттер бізге қалайша сыртқы әсерлерден қашу керек екндігін немесе сол арқылы эксперимент нәтижесіндегі шын мәніндегі тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың байланысын бейнелейтіндігін көрсетеді. Толық сәйкестік эксперименті біз өзгеріссіз қалтыратын эксперименттін айнымалыларын бақылау керек екендігін ескертеді.

Кез-келген эксперименталды зерттеудің мақсаты шектелген мөлшердегі берілгендерге негізделген қорытындылар эксперименттен тыс болғанда да шынайы болуы. Бұл жалпылау деп аталады. Біздің мінсіз экспериментке жасаған анализіміз эксперименталды қорытындылардың шынайылығы екі талаппен анықталатынын көрсетеді. Оларға мүмкін болатын жалпылаулардың заңдылығы тәуелді. Бірінші талап, экспериментте табылған тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арсындағы қатыс басқа айнымалылардың әсерінен еркін болу керек. Екінші талап-эксперименттегі қосымша айнымалының тұрақты деңгейі практиканың кең аумағындағы деңгейге сәйкес келуі керек.

Біз мінсіз эксперименттін мүмкін емес екендігін, бірақ реалды эксперименттерді дұрыс жоспарлаудың бастамашыл принциптерін беретіндігін білеміз. Енді біз оларды қолдану туралы сұрақ қоямыз. Жауабы қарапайым, шынайы жүргізілген эксперименттін қаншалықты мінсіз экспериментті көрсете алатынын анықтау керек. Ең алдымен біздің экспериментімізде тәуелді айнымалыға сыртқы әсерлердің мүмкіндігі қаншалықты екенін білу керек.

Өзінің алғашқы экспериментінде Джек Моцарт пьессаларды келесі ретпен жаттады:тұтас-жеке-жеке-тұтас. “Сәтсіз” экспериментте рет басқаша болды: тұтас-тұтас-жеке-жеке. Бірінші жағдайда тұтас және жеке әдістердің орташа позициялары бірдей. Екі жағдайдың бір уақытта көрінуі үшін едәуір репрезентативті болып оригиналды эксперимент болып шықты. Йоко өзінің алғашқы нұсқасында ол екі шырынды да (“Риттенхауз” бен «Баддин-Били») 36 күн бойы кездейсоқ ретте ішіп жүрді. Ал, «сәтсіз» өзгертілген нұсқада ол тек 4 күнмен ғана шектелді. Шексіздікке төрттен гөрі 36 жақын екені анық. Алғашқы жоспар өзгертілген жоспарға қарағанда шексіз экспериментте жақсы көрсете алады.

Тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы қатыс туралы неғұрлым сенімді информацияны идеал және шексіз эксперименттерді жақсы көрсететін эксперименттер береді. Неғұрлым, өткізілген эксперименттегі маңызды қосымша айнымалының деңгейі толық сәйкестік эксперименттегі деңгейіне жақын болса, зерттелетін реалды ситуация соғұрлым жақсы көрсетілген. Реалды эксперименттердің мінсіз экспериментті қаншалықты көрсететініне байланысты. Олар жоғары немесе төмен валидті болады. Валидтіліктің екі түрі бар екендігі белгілі. Біріншісі-ішкі валидтілік деп аталады. Мұнда идеал немесе шексіз эксперименттегі сияқты тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы қатыс алынатындай жоспар құру туралы айтылады, яғни жанама әсерлерді шеттету туралы.

Эксперименттегі психологиялық фактор

Бірде бір эксперимент абсолютті нақты орындалмайды, оның себептері көп: құралдар мен жабдықтарда белгілі бір ақау орын алуы, эксперимент әдістері толық жетілдірілмеуі, эксперимент жүргізуде тиянақсыздық пен немқұрайлылықтың орын алуы, көп ескерілмеген факторлардың әсері, эксперимент жүргізушілердің субъективті ерекшеліктері. Эксперимент деректерін алу және оны өңдеу көп назар аударуды және дағдыны талап етеді.

Ақаулар жүйелі және кездейсоқ деп бөлінеді. Кездейсоқ ақаулардың түріне көбіне эксперимент жүргізушінің қателігінен болатын сынулар мен үлкен ақаулар жатады. Эксперимент жүргізушінің қателігінен орын алған көп кездейсоқ ақаулармен өлшеуді есептемейді. Өлшемнің негізгі міндеті - өлшеуді барынша аз қателіктермен орындау, жүйелі және кездейсоқ қателіктерді жоюдың барлық әдістерін пайдалану.

Адамның дербес физиологиялық, психофизиологиялық, антропологиялық ерекшеліктерінің салдарынан туындайтын субъективті қателіктер, сондай-ақ өлшеу әдісінің жеткіліксіз негізделуі және құралдар мен жабдықтарды таңдаудағы кемшіліктерден туындайтын эксперимент әдісіндегі қателіктер - бұлардың барлығы эксперименттің психологиялық факторы және қателіктерді азайту мәселесін шешу дұрыс жолмен жүргізілуі керек. мәселен, эксперимент жүргізуші көзінің дұрыс көрмеуінен құрал көрсеткіші дұрыс есептелмеуі мүмкін. Сәйкесінше, мұндай қателіктерді жою үшін жақсы жарықтандырылуды қамтамасыз етіп және құрал шкаласының лайықты градус көрсеткішін таңдап алу керек.

Қателіктердің психологиялық себептеріне психикалық шектеулер мен ойлаудың инерциялығы да жатады. Мысалы, эксперименттің жаңа кездейсоқ нәтижелерін эксперимент жүргізуші ескі түсінік шегінде түсінуге тырысады, егер олар ескі түсінікке сай келмесе, қателік деп танып, ескермей жатады. Мұнда ойлаудағы инерциялық, ескі түсініктің жетік және өзгеріссіз екендігіне сенім, кейде жаңалықтан қорқақтық орын алуы мүмкін.

Кейде зерттеуші эксперимент деректерін өңдеу үрдісінде нәтижені еріксіз гипотезалық нәтижеге айналдыратын жағдайлар да болады. Бұндай жағдай, әсіресе, нәтижесіне өлшеу қателігі мен ескерілмейтін факторлар қателігі орын алатын болса, жағымсыз болып саналады. Осы жағдайда қабылданған гипотезаны растайтын деректің қажетті санын іріктеу, көзге көрінетін ауытқушылықты қателікпен түсіндіру оңай, бірақ ол шындық болмайды. Зерттеуде мұндай жағымсыз жағдайды болдырмас үшін, мүмкіндігінше зерттеудің түрлі кезеңін әртүрлі орындаушыларға тапсырған жөн: мысалы, құралдың көрсеткішін жазуды бір орындаушыға (мәселенің мәнін білмейтін орындаушыға), осы деректер бойынша графикалық тәуелділікті құруды екінші орындаушыға, оларды жинақтауды үшінші орындаушыға тапсыру керек.

Эксперимент кезінде көбінесе оны жүргізуші эксперимент нысанын, эксперимент нәтижесінде не алуы керектігін білмейтіндіктен, зерттеу дағдысын, ғылыми интуиция сезімін меңгермегендіктен қателіктер орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай зерттеушілер зерттеу нысанының маңызды факторларын ескермегендіктен өрескел қателіктерге бой алдырады.

Эксперименттің кез келген нәтижесіне сын тұрғысынан қарап, бірнеше мәрте тексеру керек. Тексеріс ереже бойынша бірнеше уақыт өткен соң және әртүрлі зерттеушілермен жүргізілуі керек.

Зерттеу нәтижесінің дұрыстығына оны жүргізуші адамның жағдайы, оның эмоциясы да әсер етеді. Эксперименталды жұмыстар жетекшісі ең алдымен осыны ескеріп, ғылыми топта дұрыс психологиялық жағдай қалыптастыруы керек.

Сонымен бірге ғылыми ұжымдағы адамдардың психологиялық үйлесуіне де баса назар аударған жөн.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бурлачук Л. Ф. Словарь-справочник по психодиагностике. - Санкт-Петербург. Питер, 2000. - 517 с.
  2. 7. 1. 2 Вудвортс Р. Экспериментальная психология. - М. : Изд-во иностр. лит., 2005. - С. 736-738

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ №4

Тақырыбы: «Тәуелді және тәуелсіз өзгергіштіктер»

Орындаған: Рапикова С. А. (магистрант,

6М010300 -Педагогика және психология)

Тексерген: Кулмышева Н. А. (п. ғ. к., доцент м. а. )

Семей 2015

Жоспары

  1. Тәуелсіз және тәуелдіайнымалылар
  2. Кездейсоқ оқиғаларға қолданатын амалдар

Тәуелсіз және тәуелді

Зерттелетін мәселелерде бірден артық айнымалылар болса тәуелсіз және тәуелді айнымалыларға ажыратылады. Тәуелді айнымалылар тәуелсіз айнымалылардың(аргументтердің) функциясы ретінде қарастырылады. Жоғарыда мысалға келтірілген қозғалыста, егер h биіктіктің t уақытқа тәуелділігі зерттелетін болса, онда тәуелсіз айнымалы - t уақыт болып есептеледі, ал тәуелді айнымалы t-ның функциясы - h биіктік болады; егер жылдамдықтың биіктікке тәуелділігі зерттелетін болса, онда биіктік тәуелсіз айнымалы, ал жылдамдық h-тың функциясы болады. Сонымен, айнымалы тек бір-біріне ғана қатысты тәуелді немесе тәуелсіз болады, бұлардың айырмашылығы есептің шарттарында анықталады

Тәуелді айнымалылар - тәуелсіз айнымалылардың әсер ету мөлшері. Осылайша, экспериментте немесе мәліметтерді талдауда тәуелсіз айнымалы (мысалы, мектептегі жылдар саны) басқарылады, немесе, басқаша айтқанда, бақыланады, ал мұның тиімділігі тәуелді айнымалының өзгеруінен (мысалы, оқудағы айла) көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық эксперименттің тазалығы
“Психология бойынша практикум” пәні бойынша дәрістің тезистік мазмұны
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Эксперименталды психология пәні бойынша лекциялар жинағы
Эксперименттің негізгі сипаттамасын және оның классификациясы
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылымитеориялық негіздері
Эксперимент құбылыстардың себепті салдарлы байланыстары жайлы гипотезаны тексеру процедурасы ретінде. Зерттеудің гипотезасын белгілеу
Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Эксперименталды психология курсының пәні мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz