Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс



Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан әр халықтың әдеби дәстүрі – бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып отыратын рухани игілік. Қашанда әдеби дәстүр мен әдеби даму - әдеби қозғалыстың өзара ажырамас, тығыз диалектикалық байланыстағы құрамдас қайнарлары.
Жаңашылдық ізденістерінің арнасы ең алдымен жүйелі дәстүрді игеруде жатыр, табанды қаламгер үйрену, үлгі алу, тәжірибе жинақтау кезеңдерінен өтіп алып барып, соныға тартады. Рас, Мұхтар Әуезов, Михаил Шолохов, Шыңғыс Айтматов сынды жиырманың ішінде классикалық туындылар берген, жаңа көркемдік игіліктермен әлем әдебиетін байытқан шеберлердің шығармашылық эволюциясында, тез толысуында құдіретті өнерпазға тән ерекше заңдылық бар.
Мәдени-көркем мұраны игеруде гуманизм, адамгершілік, прогресс талаптарының маңызы зор.
Революциялық төңкерістер дәуірінде ескі мен жаңа күресі әбден шиеленіседі, осы кезеңде әр түрлі әдеби ағым өкілдері “бұрынғының бәрін қиратып, жаңа өнер жасаймыз” деген әуре-сарсаңға түсіп, дәстүр атаулыны мансұқ етпек болады, түптің түбінде тығырыққа тіреген шиырларға барады.
Әдеби-мәдени ауыс-түйіс, өзара ықпал-әсер хақында оқымыстылар неше түрлі концепциялар ұсынады. Олардың ішінде реакцияшыл, нәсілшілдік, баптық идеологияның отына май құятын тұжырымдар да бар. Батыс пен Шығыс арасында көркемдік-рухани игіліктер алмасу мүмкіндіктерін жоққа шығаратын, оларды өзара қарсы қоятын әдеби шығармалық, ғылыми трактаттар жазылды. Р.Киплинг,
А.Фет белгілі туындыларында болмақ емес деген ойларды ашық айтты.
Неміс философы Освальд Шпенглер “Европаның құлдырауы”, ағылшын социологы Арнольд Тойнби “Тарихты зерттеу” деген еңбектерінде томаға-тұйық, тығырық шеңбер өркениеттер теориясының негіздерін салды. Бұлардың тұжырымы бойынша тектес, тағдырлас, нәсілдес елдер мәдениетінің тұйықталған (локальды) сипаты бар: мұндай цивилизациялар өз шеңберінің ішінде туып, өсіп, дамып барып құлдырайды: өзге мәдениеттерге терең әсер, зор ықпал жасай алмайды. Тіпті әр түрлі мәдениеттер қиысқан күннің өзінде дамыған мәдениет кенже мәдениетті жұтып қояды, оның ұлттық ерекшеліктерін ірітіп жібереді, ассимиляция жасайды.
Бұл пікірлердің түпкі төркінінде кейбір халықтардың биологиялық жаратылыс табиғатын кемсіту, кейбір ұлттардың сүйегінің асылдығын, қанының қасиеттілігін мойындауға апаратын нәсілшілдік, расалық кесепатты пікірлер жатыр.
Дәстүр мен жаңашылдық, ұлттық және интернационалдық сипаттардың тұтастығы туралы концепция қазіргі заман әдебиетінің тәжірибесінде сан тілдегі нақты көркем шығармалар арқылы іске асты. Әлеуметтік сипаты, тарихи мақсаты, негізгі қаһарманы тұрғысынан алғанда адамзат көркемдік дамуында жаңа құбылыс болып табылатын қазіргі әдебиет – көркемдік жүйелерінің байлығы жөнінен классикалық реализм, ілгерішіл романтизмнің жанды жалғасы - өмірді шыншылдықпен, реалистікпен, объективті бейнелейтін кең мүмкіндіктің, келешектің әдебиеті.
1. Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983.
2. Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989.
3. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – А.: Ғылым, 1973.
4. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. А., «Фолиант» баспасы, 2003..
5. Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929.
6. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы.-352 бет
7. Нұрғали Рымғали. Сөз өнерінің эстетикасы. Монография.-Астана. 2003.-424бет.
8. "Қазақстан энциклопедиясы"
9. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Аст.: Фолиант, 2002
10. C. Қирабаев, Қ.Мырзалиев Қазақ әдебиеті. Алматы-1998ж. – 270бет.
11. Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. А., 1974. 2-т. 19-б.
12. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 318 б.
13. Нуржекеева Л.Метонимияның тілдік табиғаты. - Алматы, 1992. -80 б

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс.

Орындаған:Жумаханов Б.,
ІІІ курс студенті, Фи-311 топ.

Тексерген:Құрманбаева Қ.С.,
ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті.

Семей 2015
Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан әр
халықтың әдеби дәстүрі – бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған,
ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып отыратын
рухани игілік. Қашанда әдеби дәстүр мен әдеби даму - әдеби қозғалыстың
өзара ажырамас, тығыз диалектикалық байланыстағы құрамдас қайнарлары.
Жаңашылдық ізденістерінің арнасы ең алдымен жүйелі дәстүрді игеруде
жатыр, табанды қаламгер үйрену, үлгі алу, тәжірибе жинақтау кезеңдерінен
өтіп алып барып, соныға тартады. Рас, Мұхтар Әуезов, Михаил Шолохов, Шыңғыс
Айтматов сынды жиырманың ішінде классикалық туындылар берген, жаңа
көркемдік игіліктермен әлем әдебиетін байытқан шеберлердің шығармашылық
эволюциясында, тез толысуында құдіретті өнерпазға тән ерекше заңдылық бар.
Мәдени-көркем мұраны игеруде гуманизм, адамгершілік, прогресс
талаптарының маңызы зор.
Революциялық төңкерістер дәуірінде ескі мен жаңа күресі әбден
шиеленіседі, осы кезеңде әр түрлі әдеби ағым өкілдері “бұрынғының бәрін
қиратып, жаңа өнер жасаймыз” деген әуре-сарсаңға түсіп, дәстүр атаулыны
мансұқ етпек болады, түптің түбінде тығырыққа тіреген шиырларға барады.
Әдеби-мәдени ауыс-түйіс, өзара ықпал-әсер хақында оқымыстылар неше
түрлі концепциялар ұсынады. Олардың ішінде реакцияшыл, нәсілшілдік, баптық
идеологияның отына май құятын тұжырымдар да бар. Батыс пен Шығыс арасында
көркемдік-рухани игіліктер алмасу мүмкіндіктерін жоққа шығаратын, оларды
өзара қарсы қоятын әдеби шығармалық, ғылыми трактаттар жазылды. Р.Киплинг,
А.Фет белгілі туындыларында болмақ емес деген ойларды ашық айтты.
Неміс философы Освальд Шпенглер “Европаның құлдырауы”, ағылшын социологы
Арнольд Тойнби “Тарихты зерттеу” деген еңбектерінде томаға-тұйық, тығырық
шеңбер өркениеттер теориясының негіздерін салды. Бұлардың тұжырымы бойынша
тектес, тағдырлас, нәсілдес елдер мәдениетінің тұйықталған (локальды)
сипаты бар: мұндай цивилизациялар өз шеңберінің ішінде туып, өсіп, дамып
барып құлдырайды: өзге мәдениеттерге терең әсер, зор ықпал жасай алмайды.
Тіпті әр түрлі мәдениеттер қиысқан күннің өзінде дамыған мәдениет кенже
мәдениетті жұтып қояды, оның ұлттық ерекшеліктерін ірітіп жібереді,
ассимиляция жасайды.
Бұл пікірлердің түпкі төркінінде кейбір халықтардың биологиялық
жаратылыс табиғатын кемсіту, кейбір ұлттардың сүйегінің асылдығын, қанының
қасиеттілігін мойындауға апаратын нәсілшілдік, расалық кесепатты пікірлер
жатыр.
Дәстүр мен жаңашылдық, ұлттық және интернационалдық сипаттардың
тұтастығы туралы концепция қазіргі заман әдебиетінің тәжірибесінде сан
тілдегі нақты көркем шығармалар арқылы іске асты. Әлеуметтік сипаты, тарихи
мақсаты, негізгі қаһарманы тұрғысынан алғанда адамзат көркемдік дамуында
жаңа құбылыс болып табылатын қазіргі әдебиет – көркемдік жүйелерінің
байлығы жөнінен классикалық реализм, ілгерішіл романтизмнің жанды жалғасы
- өмірді шыншылдықпен, реалистікпен, объективті бейнелейтін кең
мүмкіндіктің, келешектің әдебиеті.
Көп жанрлы, сан қырлы қазақ әдебиетінің төркіні, тарихы қазіргі
жағдайы өзара байланыстар, бағыттар, мектептер сабақтастығы жөнінде аса
қызықты, ерекше мәнді фактілер мен деректерге бай. Мұндай материалдарды
салыстыра зерттеу арқылы тарихи-төркіндестік (генетикалық), тарихи-
тектестік (типологиялық), тарихи-мәдени өзара байланыстар туралы ғылыми
жинақтаулар жасаған филологиялық іргелі еңбектер жазылып келеді.
Әдеби дамудағы жалғастық проблемаларының бірнеше аспектісін, көп
қырларын көрсете келіп, ұлт аралық әдеби байланыстардың сан алуан жолдарын
айта отырып, әдебиетші ғалымдар әр түрлі деңгейдегі дәстүрлер, мәдениеттер
тоғысуынан үздік үлгілер туатынын нақты мысалдармен дәлелдеп берді. Жаңа
дүние жүзілік тарихи кезең шындықтарын бейнелейтін, қаһарманның күнделікті
тірлігін көрсететін, әлем картинасын кеңейткен қазіргі әдебиет адамзатқа
ортақ дәстүрлерді байыта келе, көркемдік жинақтаулар жасап, жаңа
эстетикалық игіліктер тудырады.
Үздік үлгілерден үйренуге құмарлық, адамзат дәстүрлеріне ден қою,
туған топырақ байлығынан қол үзбеу - әлемдегі барша талантты қаламгерге
ортақ қасиет. Ұлттық дария, әлемдік телегей теңіз – осы телағыстың
тоғысуынан арналы қазына – көркем әдебиет жасалады.
Эстетикалық кіндік проблемалардың бірі – халықтық мәселесін
қарастырғанда, қазақтың ұлттық әдебиетіндегі көне нұсқаларға, бағзы
замандардағы мұраларға назар аударамыз, бүгінгі үлгілерге зер саламыз.
Әдебиеттегі халықтық мәселесін зерттеудің тамыры ғасырлар тереңінде
жатыр. Философ, жазушы һәм ағартушы Жан Жак Руссо бұл төңіректе кейін тұтас
мектептерге азық болған пікірлер айтқан. Қым-қиғаш әлеуметтік тартысты
қарым-қатынастар өнер мен халықтың арасындағы байланыстың соңғы
дәнекерлерін сындырды: халық бір төбе, өнер бір төбе болып кетті. Қоғам мен
адам арасы кереғар алшақтап, жатсыну басталды. Сондықтан Жан Жак Руссоның
қоятын талабы - өнердің халықтық формаларын, көне түрлерді іздеу. Тек солар
ғана халықтық идеологияға жақын болмақ. Руссо жалғыз өнер емес,
буржуазиялық қоғамның да ел үшін пайдасы жоқ деген тұжырым ұстанды.
Әлеуметтік күреске ХХ ғасырдың басында қазақ топырағында орыс
мектептерінен оқып шыққан бір үлкен буын қауырт араласты. Сол лектің өкілі
– М.Әуезов 1918 жылы жазған “Ғылым тілі” мақаласында өзінің білім
дәрежесіне, эрудициясына лайық шамада Руссоның “ғылымда мән жоқ, пайда жоқ”
деген пікірінің солақайлығын дәлелдеуге тырысады.
Немістің ұлы ақыны Шиллер халық пен өнерді табыстыру үшін қалың
қауымды биік эстетикалық өреге көтеру шарт дейді. Бұл ретте ол Руссо
концепциясына қосылмайды. Ғылымда диалектиканы қолданғанмен, идеализм
арнасында қалған Гегель көркем туындыны, шығармашылықты бағалауда басты
критерий – халықтық сипат деп біледі. Үркердей шағын, аз топтың мақсатын
күйттеген өнер - өнер емес.
ХІХ ғасырдағы орыстың революцияшыл демократтары зерттеген, тиянақтаған
мәселенің бірі - әдебиеттің азаттық күреспен байланысы.
Сыншы В.Белинский жазушы Н.Гоголь шығармаларын талдағанда Плюшкин,
Манилов, Чичиковтарды орыс халқының жарасы, дерті деп білді. Шынында да,
хас суреткер жеңісті шақтардың, салтанатты күндердің жыршысы ғана емес,
кінәраттардың сыншысы, аурудың емшісі.
Әдебиетке азаматтық үлкен талап қойған Добролюбов “Орыс әдебиетінің
дамуында халықтың қатыс дәрежесі жайлы” дейтін еңбегінде өмір ешқашан
теорияның сүрелері, қағидалары ізімен жүрмейтіндігін, керісінше, әдебиет
өмірге қарап бой түзейтіндігін дәлелдейді. Добролюбов жазушы мен оқырман
арасындағы байланысқа айрықша назар аударған. Асылы, әдебиет төңірегіндегі
дау-дамай, ұсақ таластарда қалың қауымның шаруасы жоқ. “Біз халықтық деп
ата мекен сұлулығын жыр етуде әсерлі, айшықты сөз қолдануды, тұрмыс
салтанатын дәл бейнелеуді ғана түсінбейміз, шын мәнінде халықтың – халықтық
рухын түсіну. Халық кешкен өмір азаптарын кешу. Кітаби оқымыстылықты
тастап, табаныңмен жер басып көру”, - дейді Добролюбов.
Буржуазиялық қарым-қатынастардың даму барысында романтиктердің бір
тобы бүгінгі күннен ат-тонды ала қашып, ескілікке табынды, бір тобы көне
грек әдебиетіндегі формаларға жармасты.
Әдебиеттің халықтық сипатын анықтағанда, бөліп айтатын бір арна –
елдің өз ішінен шыққан перзенттер қолынан туған, халықтық идеологияны
күйттейтін ұжымдық өнер туындылары. Бұған фольклорлық шығармаларды
жатқызуға болады. Ауыз әдебиеті сананың балаң кезінде жетекшілік қызмет
атқарса да, кейін қоғам тілегінің күрделі табалына ілесе алмай қалады. Бұл
ретте есімізге К.Маркстің грек эпосы туралы айтқан сөзі түседі.
Екінші арна – дара шығармашылық тұлғалардың шығуы. Әрқашан суреткер
ана тілі арқылы өз халқының өмірін, тұрмысын, психологиясын, рухын
бейнелемек. Әдебиеттің образдық табиғаты, дара сипаты тілмен кіндіктес,
өйткені тіл халықтың қоршаған ортаға, болмысқа қарым-қатынасын білдіреді.
Сондықтан халықтық сипат белгілі бір елдің әдеби тілі үшін күресінен
басталатын кездері болатындығын да айту шарт.
Түркі тілдес әдебиеттердің араб, парсы кітәби тілінен, шағатай тілінен
қашу себебі өнерді туған топыраққа жақындату, өмірді ана тілінде бейнелеу
үшін күрестен шыққан еді. Бұған ұқсас құбылысты Германиядағы және Ресейдегі
дворяндардың француз тілінің әсеріне түсіп кеткен шағынан көруге болады.
Суреткердің қай ұлттың ошағында туғаны бірден-бір фактор емес. Илья
Эренбург – еврей, ол барлық шығармаларын орыс тілінде жазды. Американың
белгілі жазушысы Ульям Сароян бір кезде ата-бабасы жер ауып кеткен,
Америкада тұрған армян.
Өнерпаз тағдыры қызық: Лермонтов жиырманың ішінде классикалық дүниелер
берді, жап-жас Шолохов – “Тынық Донның” авторы. Ал кейбір жандар маңдайын
тауға тасқа соғып, күрестің басқа түрлерінен қайтқан шақта ғана қалам
ұстайды. Осындай адамның бірі – Джозеф Конрад. Ұлты – поляк, дүниенің төрт
бұрышын аралаған кәрі тарлан, теңізші. Ағылшын тілін жігіт шағында үйреніп,
шығармаларын сол тілде жазды. Джозеф Конрад – ағылшын жазушысы. Татар Сабыр
Шәріпов өз шығармаларын үш тілде: қазақ, орыс, татар тілдерінде жазған
адам. Бірақ оның әдебиет тарихында қалған туындылары, оқушының назарын
аударатын еңбектері қазақ тілінде туған, ол – қазақ жазушысы.
Әдебиеттің халықтық сипаты – ана тілімен өзектес, ана тілі – ананың ақ
сүті. Өйткені көркем образ, оның әр түрлі сәулелері, бояуы, ырғағы ана
тілінде ғана айқын ашыла алады.
Шекспир туындыларына Ренессанс заманындағы ең қиын түйін проблемалар
арқау болған. Лев Толстой эпопеясындағы өзекті арна – орыс халқының
тағдыры. Халықтық шығарма күрделі, көкейкесті мәселе көтеріп қана қоймайды,
тартыстың барар жер, байсал табар орайын эстетикалық идеал, авторлық мұрат
тұрғысынан көркем, шебер шешіп береді.
Алдыңғы ұрпақтар басындағы қуаныш күйді, мұңлы сырды, қан қазаны
кейінгі толқындарға тапсыратын елші – жазушы.
Әр тілді, сан сенімдегі халықтар бір-бірімен байланысы жоқ қайықсыз
қалған аралдар сияқты әсер етуі мүмкін. Өркениет, әсіресе, ХХ ғасырдағы
әлеуметтік қозғалыс дүние жүзі елдерін өзара қат-қабат, сан-сала қарым-
қатынасқа түсірді. Бұрын бір мемлекетті бір мемлекет зеңбірек оғымен,
қарумен тізе бүктірсе, енді тұтас планеталарды шығарма жаулайтын болды.
Әдебиеттегі ықпал, әсер, байланыс мәселелері жадағай қарастырылмауы
шарт. Әуелгі кезде өрлеген, өскен әдебиет кенже әдебиетті көбіне еліктеу
арнасына түсіретіні рас. Бұдан кейін сыртқы пішін ғана емес, ішкі мазмұнды
игеру басталмақ. Халық жан-жағына қарайды, басқада бармен өзінде барды
салыстырады. Болашақ өткелдерін іздеу үшін өзінің өткеніне қарайды.
Сәкен Сейфуллин сынды революционердің “Советстан”, “Тар жол, тайғақ
кешуден” кейін “Көкшетау”, “Қызыл атты” жазуы, Ілияс Жансүгіровтің
“Даладан” кейін “Құлагерді” жазуы кездейсоқ нәрсе емес, бұлар туған халқы
тарихының көркем шежіресін жасауды, із-түзсіз ғайып болған беймезгіл
замандар перзенттерін қайта тірілтуді мақсат тұтқан. Коммунистік саясаттан
көңілдері қалған.
Әлихан, Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Сәкен, Бейімбет,
Ілиястардың, нар топтың қолынан ұшып түскен қаламды Әуезов көтеріп алып,
қыран қанаты ғана талмай жететін асқар шыңға самғады. Қазақ өмірінің
поэтикалық картинасын тудырып, тарихи ерлік жасады.
Қазіргі қазақ жазушыларының өткен күндерге, қадым замандарға ерекше
назар салуы - әлеуметтік ұлттық сананың кемелденгендігінің, азаматтық
марқаюдың белгісі.
Әдебиеттің халықтық сипаты және ұлттық тіл мәселесі төңірегінде
бүгінгі әдебиет тану ғылымында бірқатар талас пікірлер бар. Әлеуметтік,
қоғамдық жағдайлардың әсерінен Африка елдерінің кейбір өкілдері
шығармаларын француз тілінде жазып жүр. Бірқыдыру үнді жазушыларының
шығармалары ағылшын тілінде туған. Мұндай құбылыс біздің әдебиетте де төбе
көрсетті. Кезінде Әуезов Бауыржан Момышұлы, Әнуар Әлімжанов және кейбір
Кавказ жазушыларының осы ерекшелігін айтқан еді. Ешқашан ой мен тілді
ажыратып бөліп қарауға болмайды.
Қысқасы, суреткер – елінің үні, жұртының ары. Халық батырға, патшаға,
ойшылға сенбейтін сырларын тек жазушысына ғана сеніп тапсырады. Алыс өлке,
қиыр шетке шыққанда суреткер туған жердің атынан сөйлемек, рас, Дантестер,
Мартыновтар, Батыраштар хас талантты атқанда, қолдары дір етпес: ырысқа
орай, әрбір жаңа буын алдыңғылар жалауын жерге түсірмейді. ХХ ғасырда
азғантай авардан шыққан Расул Ғамзатов әлемдік поэзияға тау әуенін әкелді.
Кеше саны аз норвегтер дүние жүзілік драматургияға әсер еткен Ибсенді
тудырса, бүгін ақ қалпақ қырғыз прозаның күрделі формаларында алдына жан
салмай келе жатқан, әр шығармасында қоғамдық жаңа проблема көтеріп отырған
Шыңғыс Айтматовты берді.
Империализмнің асқындауынан туған шовинситік идеялар, фашистік
трактаттар халықтық категориясын мансұқ етеді. Эстетикада халықтық мәселесі
қоғамдағы қайшылықтармен диалектикалық байланыста қаралуға тиіс.
Рас, алғашқы қауымдық құрылыста өнерде таптық сипат болған жоқ.
Тенденция таптық қоғамдағы өнерге тән, жалпылық мәні бар категория. Бұл
мәселені алғаш теориялық жағынан тиянақтаған К.Маркс пен Ф.Энгельс.
Фридрих Энгельстің Каутскаяның “Көнелер мен жаңалар” атты романына
байланысты жазған хатында эстетиканың кейінгі тарихында үлкен мәнге ие
болған пікір бар. Жазушының саяси позициясы яғни тенденциясы жағдайдан,
әрекеттен табиғи тұрғыда шықсын деген ой айтылады. Мәселе тарихи аспектіде
қаралады. Ерте дәуірдегі Эсхил мен Аристофан, орта ғасырдағы Данте мен
Сервантес, ағартушылық замандағы Шиллер – осы сияқты әр кезеңдегі әр түрлі
жазушылардың шығармаларындағы негізгі сарын – тенденциялық екендігін
көрсетеді. Бұл пікір Лассальға, оның “Франц фон Зикиген” трагедиясы туралы
жазған хатында тереңдей түседі.
Маркс пен Энгельс өнердің бейнелілік табиғатына, даралық ерекшелігіне
айрықша мән беріп, қаһарман әлеуметтік идеялардың жалаң рупоры болып
кетпеуін ерекше қаузаған. Олар бірталай ақындар мен жазушыларға қамқоршы
болған, идеялық жағынан әсер еткен. Маркс Фрейгард дейтін ақынды теріс
бағытынан айырып, нәрлі шығармалар жаздыру арнасына түсірсе, жазушы Веерт
Энгельспен танысқаннан кейін пролетариат өмірін жырлайды. Вейдемейерге 1852
жылы 16 қаңтарда жолдаған хатында Карл Маркс: “Ақын кім екендігіне
қарамастан құптауды, еркелетуді сүйеді”, - деп жазды.
Әдебиеттегі таптық сипат – В.И.Ленин шығармаларында жаңа тұжырымға ие
болды. Партиялық ұғымы Ленин еңбектерінде бірнеше мағынада қолданылған:
1. Белгілі бір адамның партияға мүше болуы;
2. Дүниетанымдағы, философиядағы партиялық, яғни материализм мен
идеализм арасындағы күрес;
3. Жазушының, философтың, идеологтың әлеуметтік, қоғамдық қозғалысқа
өзінің шығармасымен саналы түрде қатысуы.
Әдебиеттің партиялық принципі Лениннің “Новая жизнь” газетінің 1905
жылғы 13 ноябрь күнгі 12 санында басылған “Партиялық ұйым және партиялық
әдебиет” атты мақаласында негізделген. Бұл туынды коммунистік партияның
әдебиет саласындағы саясатының арнасын жасаған еңбек.
Кейбір оқымыстылар “Партиялық ұйым және партиялық әдебиет” мақаласының
өткінші, кезеңдік қана мәні бар деген концепция ұсынды.
Щербина “Ленин және әдебиет мәселелері” дейтін зерттеуінде Махтың 1905
жылы Венада шыққан “Таным және адасу” кітабымен Лениннің айтысқа түскенін
дәлелдейді.
Лениннің бұл мақаласындағы пікірлер тек партия мүшелеріне, тек
партиялық публицистерге арналмаған, олар жалпы әдебиет, жалпы өнер
табиғатын қамтиды.
Ленин бір жағынан әдебиетті партияға бағындырады:
“Әдеби іс жалпы пролетарлық істің бір бөлігі, бүкіл жұмысшы табының
саналы авангардының бәрін қозғалысқа келтіретін біртұтас, ұлы социал-
демократиялық механизмнің “тегершігі мен винтігі” болуға тиіс. Әдеби іс –
ұйымдасқан, жоспарлы, біріккен социал-демократиялық партиялық жұмыстың
негізгі бөлімі болуға тиіс”. (В.И.Ленин. Шығармалар, 10-том, 31-бет).
Екіншіден басқа пікір айтады:
“Талас жоқ, әдеби іс жай ғана теңгермешілікке, тігісін жатқызушылыққа,
азшылыққа көпшіліктің үстемдік етуіне онша көп көне бермейді. Талас жоқ,
бұл істе жеке бастың ынта-жігеріне, жеке бастың әуестенушілігіне үлкен
кеңшілік болуын, пікір мен шарықтаған ойға, форма мен мазмұнға кеңшілік
болуын сөзсіз қамтамасыз ету керек”. Бірақ нақты өмірде бұл шарттар
орындалмады. Компартия әдебиетке, өнерге саяси талаптар қойды, оған
көнбегендерді қуғындады, тіпті асты, атты.
Бүгінгі таңда, әлем жақсылық пен жауыздық майдандарына бөлінген
дәуірде, күңгірт бояулар сөніп, ақ пен қара ғана қалған заманда, Хиросима
мен Нагасаки қас қағымда опат болған заманда, бір елдің сүйікті ұлын үй
төбесінен оп-оңай атып тастап жатқан заманда, тасжүректер Ауғанстанды аямай
бомбалап жатқан заманда, суреткер принципі біреу-ақ, ол – адамгершілік
принцип.
Бұл касталық, топтық ұғым емес, эстетиканың күретамыры, объективті
мәні бар ғылыми ұғым. Тұтас әдеби құбылысты, жеке шығармашылықты, күрделі
проблеманы қарастырғанда басшылыққа алар бірден-бір философиялық, көркемдік
таразы.
Әрқашан әдебиет пен өнердің жан-жақты дамып, қоғамдық жаңа талаптар,
өмір тілектеріне орайлас өркендеуі үшін нақты шаралар қолданып, үнемі
қамқорлық жасау керек.
Әдебиеттің қазіргі проблемаларын биік эстетика тұрғысынан талдап,
анализ жасаудың үлгісін көрсету, әдеби-көркем сынның негізгі, түбірлі
кемшіліктерін ашып, оларды жоюдың жолдарын белгілеу – зор мақсат.
Үлкен әдебиет қашанда халық өмірінің белді кезеңдерін, дәуір тудырған
әлеуметтік тартыстарды, қоғамдағы саяси ағымдарды, психологиялық
шытырмандарды айналып өтіп кете алмайды. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір ел
басынан өткен оқиғалар өнер тілімен сөйлеп, ұрпақтар талқысына түспек.
Тыйым салынған тақырып, суреткер аяғын баспас объекті, жазуға, айтуға
болмайтын дүние жоқтығы өнер тарихымен аз-кем хабардар адамға айдай анық.
Рухани дамудағы сабақтастық, кәмелет талабы күн өткен сайын бұрын ақтаңдақ
жатқан жерлерге зер салуға мәжбүр етеді. Әсіресе кезінде, заманында бар
тіршілігі қағаз бетіне, әуез ырғағына, мүсін пішініне, бояу жүзіне түспей
қалған халықтар енді-енді өз қолы өз аузына жеткен шақта өнердегі әр түрлі
ізденістер кең арналы тенденцияға айналуы – заңды құбылыс.
Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағдарына көз салғанда сан, сапа
жөнінен өсуді, жанрлық формалардың баюын, нақты адам бейнесінің жасалуын,
шеберлік мәдениетінің көтерілуін айту шарт. Халықтың рухани есеюінің айқын
көрсеткіші – ұлттық өнер эстетикалық жағынан марқайып, философиялық жағынан
салмақтанып, тамырын тереңге жайып келеді. Рас, өмір күресін, тірлік
тартысын, адам психологиясын, ғылыми-техникалық революция өтпелі заман,
тәуелсіздік нәтижесінде туған жаңа қарым-қатынастарды бейнелеуде қазақ
әдебиетінің алатын асулары әлі алда. Өмірлік шындық пен көркемдік шындық,
дүниетаным мен шығармашылық, факті мен қиял қарым-қатынасын ашу, өнердегі
әсер-ықпалдарды көрсету, даму заңдылықтарын өсу тенденцияларын айқындау –
бүгінгі таңдағы зерттеулердің берекелі ізденіс бағыттары.
Әлеуметтік мәнді тіршілік, қоғамдық қарым-қатынастар, адам мен адам,
адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы диалектикалық байланыс өнердің
қамтитын аясы деген тұжырымға көп оқымыстылар ден қояды.
Гегель өнердің дамуын үш үлкен кезеңге бөлген:
а) символикалық кезең. Ол шығыс халықтарының өнеріне тән сипат;
ә) классикалық кезең. Мұнда мазмұн мен форма бірлік табады. Мысал
ретінде ертедегі Греция өнері алынады;
б) романтикалық кезең. Мұнда әдебиет ерекше дамыған.
Тұтас алғанда, диалектикалық элементтер болғанымен, бұл саралауда
идеалистік көзқарас жатыр.
ӘДЕБИ БАЙЛАНЫС — белгілі бір ұлт әдебиетінің басқа да әлем  халықтары
әдебиетімен қарым-қатынасы. Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар — көркемдік
дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы. Бүтіндей алғанда, Ә. б-тың әлем
әдебиеті тарихында алатын орны зор. Ұлттық әдебиеттердің даму деңгейі сол
кезеңдегі Ә. б-тың да бағыты мен көркемдік рөлін анықтайды. Оның түрлері
мен жолдары көп және бұл процесте аударманың алатын орны өзгеше. Ә. б.
жалпы ұлттық әдеби процеске, онда жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына
ықпал етеді. Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының негізгі түрі
ретіндегі Ә. б-қа әдебиеттану ғылымы 18 ғ-дың ақыры мен 19 ғ-дың басында
назар аудара бастады. Сөз өнері ғылымының Ә. б-ты зерттейтін арнаулы саласы
— салыстырмалы әдебиеттану қалыптасты (қ. Салыстырмалы-тарихи
әдебиеттану). Бұл мәселеге И. Г. Гердер, И. В. Гете өз еңбектерінде назар
аударған. Ұлттық әдебиеттердің бір-біріне әсерін, ықпалын тарихи-әдеби
процестің бір бөлігі ретінде тарихи поэтикада қарастырылды (қ.
Поэтика). Ресейде А. Н. Веселовский, В. М. Жирмунский, М. П. Алексеев, Н.
И. Конрад еңбектерінде бұл құбылыс жан-жақты талданды. Ә. б. соңғы жылдары
қазақ әдебиеттану ғылымының да назар аударған, арнайы зерттей бастаған
саласы. Қазақ әдебиетінің басқа әлем халықтары әдебиеттерімен өзара
байланыс жасау процесінің кезеңдері, өзгешеліктері бар. Мыс.: адамзат
өркениетінің дамуына мол үлес қосқанӘбу Наср әл-Фараби Батыс пен Шығысты
жалғастыра білді. Ол көптеген шығыс халықтарына ортақ қазына қалдырды.
Қазақ әдебиеті көршілес шығыс, туысқан түркі халықтарының мәдениетімен,
әдебиетімен ежелден жақын, тығыз байланыста болды. Қырғыз, өзбек, тәжік,
түркімен, әзербайжан, татар халықтарының ортақ ежелгі жазба ескерткіштері
соның айғағы. Шығыстың классикалық поэзиясы, оның ірі өкілдері Фирдауси,
Низами, Науаи, Хұсрау, Физули, Жәми, Сағди, Хафиз, Омар һәйям туындылары,
араб халқының “Мың бір түн”, үнді елінің “Махабхарата”, “Рамаяна”, әсіресе
“Қалила мен Димна”, “Тотынама” сияқты әлемге әйгілі үлгілерінің кейбір
тараулары қазақ арасында кең тараған, олардың жекелеген сюжеттеріне өлең,
қисса, дастандар шығарылған. 18 ғ-дан бастап қазақ халқының тыныс-
тіршілігі, рухани өмірі орыс жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің назарына
іліге бастады. В. А. Ушаковтың “Қырғыз-қайсақ” (1830), В. И. Дальдың “Бикей
мен Мәулен” (1831) повестері жарық көрді. Е. И. Пугачев бастаған шаруалар
көтерілісі туралы материал жинау мақсатымен 1833 ж. Орал мен Орынборға 
сапар шеккен А. С. Пушкин “Қозы Көрпеш — Баян сұлудың” мазмұнын жазып алды,
ақынның “Пугачев оқиғасы” мен “Капитан қызы” атты шығармаларында қазақтар
жөнінде мәліметтер кездеседі. Пушкиннің ықпалымен Н.Н. Муравьевтің “Қырғыз
тұтқыны” атты романтикалық поэмасы жарыққа (1828) шықты. Қазақстанда саяси
қуғында Т.Г. Шевченко, Ф.М. Достоевский, С.Ф. Дуров т.б. болды, олар қазақ
халқы туралы жылы лебіздер қалдырды. Л.Н. Толстой Ш. Құдайбердиевпен және
қазақ мұғалімі Р.М. Елікбаевпен хат жазысқан. Мұндай әдеби құбылыстардың
қазақ әдебиеті байланыстарының тарихында мәні зор. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Ш.
Уәлиханов Омбы, Семей, Санкт-Петербург мекемелерінде, Орыс геогр. қоғамында
қызмет істеді, орыс зиялыларымен (П.П. Семенов-Тянь-Шанскиймен, Г.Н.
Потанинмен, Достоевскиймен, Дуровпен, А.Н. Бекетовпен, Я.П. Полонскиймен
т.б.) достық қарым-қатынаста болды. Уәлихановтың еңбектері орыс тілінде
жазылып, алғаш рет Санкт-Петербургте жарық көрді, кекйбір еңбектері Батыс
Еуропа елдерінде басылды. Уәлиханов әлемдік мәдениет пен ақыл-ой деңгейіне
көтерілген ғалым ретінде, қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен,
ұйғыр, сібір тайпалары, моңғол, қытай, орыс, украин, грек, неміс, француз,
ағылшын т.б. халықтардың тарихы, этнографиясы, мәдениеті, әдебиеті туралы
құнды ой-пікірлер қалдырды. Бұл тамаша дәстүрді мәдениетте, әдебиетте,
халық ағарту саласында А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев А.
Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т.б. жалғастырды. Абай
А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крылов, Ф. Шиллер, Дж. Г. Байрон, И.В.
Гете, А. Мицкеевичтің кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Шығыс
аңыздарының сюжеті негізінде “Ескендір”, “Масғұт”, “Әзім” дастандарын,
“Сократ” трактатын жазды, Аристотель, Платон, Гомер туралы пікірлер айтты.
Сондай-ақ,  Алтынсарин, Құдайбердиев т.б. ірі аудармалар жасады. Жалпы
қазақ даласының өзге алыс елдермен, оның ішінде Еуропа елдерімен, әдеби
және мәдени байланысының тарихы тереңде жатыр. ибн Фадлан (10 ғ.), ибн
Батута (14 ғ.), Марко Поло (13 ғ.), Р.Г. Клавихо (15 ғ.) т.б. шетелдік
саяхатшылар қазақ жері, халқы жөнінде түрлі әдеби шығармалар, ғыл. еңбектер
қалдырды. Г. Зелинский “Қазақ”, “Дала” поэмаларын, А. Янушкеевич “Қазақ
даласына саяхат кезіндегі күнделіктер мен хаттар”, суретші Б. Залесский
“Қазақ даласының көріністері” атты альбом жазды. Француз жазушысы Жюль Верн
“Клодиус Бомбарнак” романында қазақ жерін суреттейді. Американдық жазушы
Дж. Кеннанның “Сібір және сүргін” кітабында Ертіс маңайының кейбір тіршілік
жайы, Семей кітапханасының қоры туралы мәліметтер, деректер келтіреді. Ал,
кейінгі кеңес дәуірінде әдеби байланыс аса қарқынды дамып, әлем әдебиетінің
ең үздік шығармалары ана тілімізге, қазақ әдебиетінің үздік шығармалары
әлем тілдеріне аударылды. Аударма саласында қазақ сөз өнері шеберінің
барлығы еңбек етті. Аударма арқылы келген ірі туындылардың ұлттық әдебиетке
ықпалы мол болды. А. Құнанбаевтың шығармалары ағылшын, араб, болғар,
монғол, қытай, француз, орыс  т.б. әлем тілдеріне аударылды. Ж. Жабаевтың
шығармалары көптеген тілдерге аударылып, оның суырып салма өнері, айтулы
айтыстары туысқан елдерді аралағанда өшпес әсер қалдырғаны туралы жазылды.
М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы әлемінің 116 тіліне аударылып,
сондай-ақ “Әлем әдебиеті кітапханасында” (134, 135 томдары) ірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Проза, оның даму сатылары және дәстүрмен жаңашылдық
Пәндер