Жылытқыш, іштік және аралық материалдар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өнімдері және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Жылытқыш, іштік және аралық материалдар
Орындаған:Бекбаева М
Тобы: ТК -321
Тексерген:Бауыржанова А. З.
Семей
2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жылытқыш материалдар
1. 1 Үлбір
1. 2 Мақта
1. 3 Ватилин
1. 4 Күспе
1. 5 Поролон
2. Іштік материалдар
3. Астарлық материалдар
Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі уақыттағы тігін өнеркәсіптері автоматтандырылған жоғарғы жиілікті тігін машиналары және жартылай автоматты әсерлі құрылғылар, механикаландырылған престер және құрал- жабдықтар ұйымдастырылған өндірісті көрсетеді. Сонымен қатар тігін бұйымдарын дайындауда және автоматтандырылған технология қолданылады, бұл тігін бұйымдарының және ассортиментінің сапасына қойылатын талап- тарды жоғарылатады. Тігін бұйымдарының сапасының бәсекелік қабілеті ассортименттің жаңаруына, материалдардың өңделуінің және бояуының үдерісінің жақсаруы бұйымның құрастырылуын жетілдіруге және жаңа модельдерді енгізуге қамтамасыз етеді. Тоқыма материалдардың қасиеттері және құрылымы бойынша дайындалған жаңа бұйымдар, қазіргі заманғы химиялық талшықтар мен жіптерді, жоғары сапалы бояуларды және әрлеуіш химиялық материалдарды қолдану арқасында жасалынады. Тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау және оларды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан материалдардың қасиеттерін, құрылысын, олардың ассортиментін және сапасын терең оқып білу қажет. Тігін өнеркәсібінің мамандары ең алдымен тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарына қойылатан талаптарды, қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек.
1. 1Үлбір
Үлбір, теріні - киім ретінде қолдану алғашқы материал бо- лып
есептелінеді. Өзінің жылусақтағыш қасиеттері, жоғары тозуға төзімділігі және сыртқы келбетінің әдемілігіне қарап, табиғи үлбір қазіргі кезде түрлі әрлеулерге, өңдеуге және тігін бүйымдарын сәндеу үшін кең қолданылады. Қазақстан Республикасының әлемде ең бай мамық-үлбірлі база- сы бар: елде 100 астам үлбірлі өндірісте өңделетін түбітті аңдар мен жануарлардың түрлері кездеседі. Аң өсірушілік, қаракөл шаруашылығы, қоян өсіру, бағалы түбітті аңдарды жерсіндіру және қоныстандыруға үлкен көңіл бөлінеді. Табиғи үлбір ерте кездерден ең жақсы жылусақтағыш материал болып есептеледі, бірақ жылусақтағыш іштік ретінде сирек қолданылады. Көптеген табиғи үлбірлер түрлері жоғары жылу сақтағыш қасиетімен қоса әдемі түр келбетімен де ерекшеленеді. Сондықтан, киімде көбінесе сырт мата ретінде қолданылады. Тек, табиғи үлбірдің кейбір түрлері, мысалы, қоян, үй қоянының терісі, күзеннің және кейбір басқа жануарлардың терісін жылуды өткізбейтін іштік немесе астарды дай- ындауда пайдаланылады.
1. 2Мақта
Тағайындалуына байланысты мақта матасы төрт түрге бөлінеді ол: киімдік, жиһаздық, медициналық және техникалық. Киімдік мақтаны төменгі сүрыптарынан және (ІУ-УІ сүрып), мақта мамығынан, мақта иіру және тоқымашылықтан шыққан қалдықтардан өңдейді. Мақтаның жоғары сүрыптары (люкс, прима) қысқа талшықты мақтаның мамық қалдықтардың кішкене мөлшерінің қоспасынан дай- ындалады. «Тігін» мақтасы негізінен мамықтан, қалдықтардан, ескі талшықтардан және төменгі сүрып мақтаның кішкене мөлшерінен өңделеді. Түсі бойынша мақта маталы мақта ақ (люкс), дөрекі (прима) және меланжды (тігін) болып өңделеді. Жылу шығармайтын іштікті жоғары серпімді және талшықтардың жақсы ілінуімен ерекшеленетін қысқа талшықты «түкті»мақтадан жасайды. «Түкті» маталар бүйымдарының жылу шығармайтын жақсы қасиеттері болады.
1. 3 Ватилин
Бүл бір жағын немесе екі жағын желімді эмульсиямен өңделген белгілі бір қалыңдықты киімдік мақтаның қабаты. Ватилин өндірісіне шикізат ретінде мақтаның төменгі сүрыптары, ал желімді жапсыр- ма мақтаны жылжып кетуден сақтайды. 1м2 шығарылатын ватилин салмағы 200-225г, 400-440г және 700-750г болады. Желімдік заттардың саны қалың ватилин салмағынан 1, 5 %, жіңішке ватилин 3%-тен аспа- уы қажет. Ватилин көбінесе қыстық бас киімдерді дайындауда қолданылады.
1. 4 Күспе
Трикотажды, тоқыма тігісті және тығызды күспе түрлерін бөледі. Трикотажды күспе желі тоқушы арқау жіпті трико өрімді рашель- машинасында шығады. Трикотажды күспе бір жақты немесе екі жақты дөрекі немесе боялған түкті болып өңделеді. Күспенің сапасын бағалауда техникалық шартта көрсетілген қасиет көрсеткіштерінің нормаға сәйкестігін белгілейді және баллмен бағаланатын сыртқы түрінің ақауларын анықтайды. I сүрыпқа 15 балл, II сүрыпқа- 30 балл рүқсат етіледі. Тоқыма-тігісті күспе тоқыма-тігісті машиналарда 25текс *2(№40/2) қалыңдықты мақта маталы иірімді белгілі қалыңдықты талшықты қабатты тігу жолымен алады. Күспе ені 135-150см, салмағы 1м2-250- 400г, тігістер ара-қашықтығы 10мм болып шығарылады. Бүл күспенің стандартты ылғалдылығы 11% болады. Тығыз енгізілген күспені жүннің қыл-қыбырынан, мақтаның төменгі сүрыптарынан және (10см-80 жіп) негіз және арқау бойынша аз тығыздықты штапель талшықтарынан, сиректілген мақта матасынан жартылай жүнді мақта тарамын қарау арқылы алады. Өндіріс бір жақты немесе екі жақты қақпалы күспені шығарады. Тігін өндірісінде көп қолданылатыны салмағы 1м2 300г болатын, 30% қақпалы күспе. Мата қүрамында әлсіз бекітілгендіктен енгізбелі күспені қосымша дәкемен жауып тігеді.
1. 5 Поролон
Пенополиуретан - жеңіл, жүмсақ, қатты кеуек, серпімді матери- ал, жылу сақтау қасиеті жоғары. Киімге салу үшін поролон үзындығы 15-17м, ені 100 см, қалыңдығы 3-4 мм болып шығарылады. Керектіөлшем қажет болғанда бірнеше қабаттап бүктейді. Жылу сақтау қасиеті жағынан поролон мақта мен күспеден кем болмайды. Ол мақта мен күспеге қарағанда ауа өткізгіштігі, гигроскопиялық көрсеткіші төмен болады. Бірақ, кеуек болғандықтан ылғалды тез сіңіреді, жеңіл сығылады, тез кебеді. Поролон төсемнің серпімділігінің арқасында киімнің пішіні жақсы сақталады, мыжылған киім қалпына тез келеді. Поролон қолданып тігілетін бүйымдарға деген үсыныстарды IІНИИІІІП жасайды. Поролон бөліктерді бір-бірімен жай тігін маши- насында тігіп дайындайды. Поролон үйкеліске мықты, көп қайтара бүктегенде, қысымға, суыққа шыдамды, кигенде үгілмейді. Поролон 150 С да жүмсарады, ал, 180 С-да балқиды. Қыздырғанда, әсіресе балқығанда, улы заттар бөледі, сондықтан қауіпсіздік сақтау және арнайы еңбек қорғау ережелерін қатаң сақтау қажет. Поролонның кемшілігі- ескіргенде серпімділігін жоғалтады, қүрғақтай химиялық тазарту жүргізуге жарамайды. Трихлорэтилен, перхлорэтилен және уайт- спиртпен өңдегенде поролон бүлінеді. Сондықтан, поролон қасиеті бойынша мақта және күспеден артық, ал киімде жылу шығармайтын аралық ретінде кең қолданылады. Түрлі киімдерге қолданылатын поролонмен негізделген беймата материалдар, трикотаж маталар шығарады.
2. Іштік материалдар
Іштік маталар сырт киімдерде өңірге, алдыңғы бойға, жағаларға, жеңдерге және басқа киім бөлшектерін бүйымның (пальто, пиджак, жакет) пішінін жақсы сақтау үшін қолданылады. Іштік маталарды негізгі мата мен астар арасына салады. Бүл материалдар ылғалды жы- лумен өңдеуге жақсы пластикалы және форма бергенде түрақты болуы керек, сондықтан олар берік, аз созылатын, қатты және сырт матаның отыруымен сәйкес болады. Классикалық іштік матаға коленкор, мақта матасы, зығыр және жартылай зығыр қатырғылар, желімді және ара- лас әдіспен дайындалған беймата материал: - флизелин, прокламелин, фильц, жартылай жүнді арқаулы немесе синтетикалық талшықтар қосылған қатырғы маталар, жағалық маталар түкті табиғи және жасанды маталар. Көбінесе іштік маталар ақ, қара, сүр және қою сары болады, түсті түрлері көбінесе сирек кездеседі. Іштік маталар желімді және желімсіз болып келеді. Желімді түрінде бір жағы арнайы жабынды жағылады, ол үтік әсерінен балқиды және матаны іштікке бекітеді. Желімсіз іштікті машина немесе қол тігісімен тігеді. Іштікті матаның қасиеттеріне қарай таңдайды. Үтікпен ыстық өңдеуге келмейтін маталарды тек қана желімсіз іштікпен бекітеді. Трикотаждық іштік - трикотажды, матаны бекіту үшін қолдана- ды. Іштік арқасында мата қалыңдайды және аз мыжылады, бірақ жүмсақболып келеді. Трикотажды іштікті бүтін бөлшекке және олардың кейбір керек тұсына желімдеуге болады. Арқау жібі қалың іштіктер - көлденең бағытта ғана созыла- ды, серпімділігі жоғары болады және өзінің бастапқы қалпына қайта келеді. Мұндай іштікке бекітілген мата шынайы күлтеленеді. Матаны тұрақтандыру үшін іштікті негіз бойымен, жұмсақ, еркін қынамалық үшін - көлденең бағытта пішіледі. Арқау жібі қалың іштіктерді жіңішке және орташа тығыздықты маталарда қолдану керек. Мөлдір беймата іштік - ең жіңішке, нәзік, жіңішке маталар үшін арналған. Мұндай іштіктер түрлі-түсті, сонымен қатар дене түстес бо- лып келеді, бұл іштікті оң бетінен білінбейтін болады. Маталы іштік - жай маталар сияқты негіз және көлденең жіптерден тұратындықтан, оларды сырт матамен бірдей бағытта пішеді. Егер іштікті қиғаш пішсе, мата жұмсақ күлтеленеді. Жайғақ - орташа тығызды және тығыз маталар үшін маталы желімді іштік-пиджак және пальтоға арналған стандартты материал болады. Жайғақ қатты, дөңес форманы жақсы сақтайды. Созылмалы беймата іштіктер кез келген бағытта пішіледі. Олар түрлі тығыздықты, жұмсақ және қатты қырлы болады. Көлденең бағытта қатты созылатын желімді беймата іштіктер кездеседі. Созы- лып кететін қасиетті олар жабыстырылғаннан кейін сақтайды. Мұндай іштіктер арнайы трикотаж үшін арналған. Жиекті беймата іштік - майда бөлшектердің жиектерін қатырмалау үшін - белдіктерде, қаттамада, өңіржиекті түймеліктерде және етек қиықтарды бүгуде қолданылады. Іштіктегі тесулерді тігістермен және матадағы бүгілулерде теңестіреді. Іштік беймата материалдардың ассортименті әр түрлі және үнемі кеңейіп отырады. 10. 1-кестеде флизелинді іштіктердің негізгі түрлері мен оларды үтіктеу тәсілдері көрсетілген.
Кесте 10. 1- Флизелинді іштіктердің негізгі түрлері
Ақ, Н 180 қара, ені
60см
Жіңішке, төгілмелі мата
лар, мысалы жібек, ви-
скоза
«жібек»; әр бөлімде
қысыммен баяу сырғытпалы
қозғалыспен 5-6 рет; құрғақ
әдіс, 8 с
Ақ, Н 200 қара, ені
60см
Жеңіл маталар, мысалы
мақта, полиэстер, ви-
скоза
«Жүн»; әр бөлімде қысыммен
баяу сырғытпалы қозғалыспен
5-6 рет; құрғақ әдіс, 8 с
Ақ, С405
Графит, ені 90см
Жеңілден жеңілдетілген
маталарға дейін, мыса-
лы жүн, тусса жібегі,
габардин, джерси
«Жүн/мақта»; үтікті қатты
қысыммен кезекпен қою;
ылғалды әдіс 10-12с
Ақ, Н410 графит,
көлденең түрақты
жіптермен, ені 60см
Жеңілден ауыр
маталарға дейін, мыса-
лы жүн, жібек, тусса
«Жүн/мақта»; үтікті қатты
қысыммен кезекпен қою;
ылғалды әдіс 10-12с
Ақ, графит, бойлық
және Н415 көлденең
түрақты жіптермен,
ені 60см
Жеңілдетілген және ауыр
маталар, мысалы жүн
«Жүн/мақта»; үтікті қатты қы-
сыммен кезекпен қою;
ылғалды әдіс 10-12с
Ақ, Ғ220 графит, ені.
60см
Жеңіл маталар, мысалы
мақта
«Жүн»; әр бөлімде қысыммен
баяу сырғытпалы қозғалыспен
5-6 рет; қүрғақ әдіс, 8с
Ақ, Н 250 графит,
ені 60см
Жеңілден жеңілдетілген
маталарға дейін, мыса-
лы мақта, тревира, по-
лиэстер, вискоза
«Жүн»; әр бөлімде қысыммен
баяу сырғытпалы қозғалыспен
5-6 рет; қүрғақ әдіс, 8 с
Дене ^Е420түстес,
ені. 90см
Наппа терісі, мақпалды
және жасанды,
термосезімтал матери-
алдар (лакты)
«Жібек»; үтікті жеңіл
қысыммен кезекпен қою;
қүрғақ әдіс, 8-10 с
Ақ, Н 630 ені. 90см
Желімді волюменфлиз,
жеңілден жеңілдетілген
маталарға дейін.
«Жүн/мақта»; үтікті қатты
қысыммен кезекпен қою;
ылғалды әдіс 15 с
Ақ, Х50 ені.
90см Кез-келген материал-
дарда тігістерді орындау
үшін желімді қүрамды
ромб сызығы бойымен
жағылған көлемді іштік
материал
«Жібек/жүн»; үтікті жеңіл
қысыммен кезекпен қою;
қүрғақ әдіс, 10-12с
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz