Несие операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу ( казкоммерцбанк материалдары негізінде )


«Инженерлі- экономикалық» факультеті

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Несие операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

(Казкоммерцбанк материалдары негізінде)

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

1 Несие операцияларын басқарудың АЖ-сін негіздеу . . . 4

1. 1 Қолдану саласын талдау . АЖ-нің экономикалық мағынасы . . . 4

1. 2 «Казкоммерцбанк» АҚ құрылымы . . . 9

1. 3 Несие операцияларын басқарудың АЖ-сін тұрғызу мақсаты . . . 13

1. 4 Несие операцияларын басқарудың АЖ-сіна қойылатын талаптар . . . 13

1. 5 Несие операцияларын басқарудың АЖ-сін тұрғызудың . . . 25

концептуалды схемасы

  1. Несие операцияларын басқарудың АЖ-сін жобалау . . . 28

2. 1 Несие операцияларын басқарудың АЖ-сіндегі тапсырма орны . . . 28.

2. 2 Несие операцияларын басқарудағы мәселе қойылымы . . . 29

2. 3 Кіріс ақпараттары . . . 31

2. 4 Шығыс ақпараттары . . . 34

2. 5 Ақпараттық база . . . 36

2. 6 Математикалық жабдықталуы . . . 39

2. 7 Программалық жабдықталуы . . . 40

2. 8 Программалық жабдықтаудың құрылымы . . . 42

  1. Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала

3. 1 АЖ-ні құруға кеткен шығындарды бағалау . . . 49

3. 2 Ақпараттық өнімді коммерциалық сатуға берілетін кеңестер және

нәтижесін талдау . . . 53

Қорытынды . . . 55

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56

Қосымшалар . . . 58

Кіріспе

Банк жүйесі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырады әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.

Несие жүйесінің институционалдық құрылымының оңтайлы формалары, капитал нарығында тиімді жұмыс істейтін тетіктер, коммерциялық құрылымдардың жаңаша қызмет көрсету әдістері ұдайы іздестіріледі. Тұрақты әрі тиімді банк жүйесін құру - Қазақстан экономикасын реформалауда маңызды міндеттердің бірі. Ішкі банк секторының барлық қатынас жүйесін, Ұлттық банк тарапынан басқарудың және қадағалаудың сипатын, банктердің өзара қарым-қатынасын және олардың клиенттерімен арадағы қатынасын, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуды түбегейлі өзгерту қажет. Банкирдің психологиясын өзгерту, жан-жақты білімі бар, жаңашылдыққа бейім, тәуекешіл банк қызметкерін тәрбиелеу - алда тұрған көп міндеттің бірі.

Жаңа банк тетігін халықаралық іс-тәжірибеде қабылданған әрі нарықтық қаржы құрылымының тәжірибесіне сүйенетін ұтымды принциптерді несие мекемелеріне енгізу жолымен ғана құруға болады. Бұл жағынан алғанда, халықаралық іс-тәжірибені, ақшалай ресурстарды шоғырландырудың, несиелеудің және есеп айырысудың тәсілдері мен формаларын терең оқып-білудің маңызы зор.

Банк ісінің осы заманғы әдістерін жақсы меңгерген банктер ғана қатаң бәсекелестік жағдайында жетістікке жете алады.

Банк жүйесінде ақпарат маңызды орын алады. Керекті және толық ақпарат ішкі (банк басқармасы) және сыртқы (тұтынушылар, бәсекелестер) қолданушылар үшін де баға жеткісіз қымбат. Сенімді ақпараттың қолда болуы әрқашан да банк мәселесін уақтылы шешуге және оны болдырмауға әсер етеді. Сондықтанда талданатын ақпараттың толық, айқын және сенімді болғаны өте маңызды.

Несие операциялары - қазіргі заманғы коммерциялық банк қызметтерінің негізгі аспектісі. Несие операциялары - бұл несие алушының несие берушінің уақытша ақшасын пайдаланып, төлемін кейінге қалдыруы. Осы жерден банк қызметкерлерінің жұмыстарының жиынтығы

Несиелік операцияларға байланысты коммерциялық банктердің негізгі мақсаттары:

  • Қызмет көрсетуді күшейту және оның тиімділігін арттыру;
  • Қағаз түріндегі документтердің санын азайту;
  • Тапсырыс берушілердің санын арттыру;

Несиелік процесс - сапалы және жоғары табысты, несиелік қаржыны құруда банк жұмысы.

Несиелік процестің дұрыс ұйымдастыру несиелік тәуекелділігінің минималдануына әкеп соқтырады.

Несиелік процесс 2 сатыдан тұрады. Бірінші сатыда несиелік арыз терең талдаудан өтеді. Несие берілгеннен кейін несие процесінің екінші сатысы - несие қоржының мониторингісі жалғасады. Оның мәні арыз берушінің қызметіне бақылау жасап отыру. Несие процесінің бірінші сатысының жауапкершілігі мол, өйткені осы сатыда несиелік тәукелділіктің алдын алуға болады. Қарыз алушыны талдауда банкир үшін ақпараттың негізгі көзі болып оның бухгалтерлік есебі саналады.

Осы тапсырмаларды тиімді шешу үшін негізгі операцияларды автоматтандыру қажет, яғни несие операцияларын басқарудың АЖ-сін тұрғызу қажет.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Казкоммерцбанк» АҚ болып табылады. «Казкоммерцбанк» АҚ негізгі ұстанымы - кәсіпорынның барлық түрлеріне және халыққа жоғары сапалы банк сервисін ұсыну.

Банктің несие саясаты несие ресурстарындағы тексерілген және сенімді қарыз алушылардың талаптарын орындау, кәсіпкерлікті дамыту, тиімді дамып жатқан нарық құрылымдарын ұйымдастыруға бағытталған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты үлкен көлемдегі ақпараттар ағымын өңдейтін, талдайтын және соның нәтижесінде бір дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін несие операцияларын басқарудың АЖ-сін тұрғызу.

Жүйенің тағайындалуы - қарыз алушының өтінішін, шартқа сәйкес несиені өтеу қабілетін талдау және қарыз алушының несие тарихын енгізу.

Қолданыс аймағы - несие мекемелері.

Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, АЖ-ң деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін салалары, қорытынды, қолданылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.

Теориялық бөлімде қолдану саласын талдау, АЖ-нің экономикалық мағынасы, «Казкоммерцбанк» АҚ құрылымы, несие операцияларын басқарудың АЖ-сін тұрғызу мақсаты, ақпараттық технологияларды талдау несие операцияларын басқарудың АЖ-сіна қойылатын талаптары анықталған.

Негізгі бөлімде несие операцияларын басқарудың АЖ-сін жобалау, несие операцияларын басқарудың АЖ-сіндегі тапсырма орны, мәселе қойылымы, математикалық жабдықталуы, тапсырманың алгоритмдік сипаттамасы, программалық жабдықталуы, программалық жабдықтаудың құрылымы жасалған.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде АЖ деңгейін бағалау және қолдану саласын талдау мүмкіндіктері, АЖ-ні құруға кеткен шығындарды бағалау, нәтижелерін талдау көрсетілген.

1 Несие операцияларын басқарудың АЖ-сін негіздеу

1. 1 Қолдану саласын талдау . АЖ-нің экономикалық мағынасы

Банктік мекемелерде ақпараттық жүйелер (АЖ) басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің, яғни шешімдер қабылдау және мәліметтерді өңдеу құралының, жоспарлаудың, басқарудың дербес бір бөлігі болып табылады. АЖ дегеніміз - бұл нақты бір маманға бағдарланған программалық қамсыздандыру, техникалық құралдар жиынтығы және мамандандырылған жүйе.

АЖ негізінен есептеуіш техникаларды қолдануда арнайы білімі жоқ қолданушыларға бағдарланған. Ақпараттық жүйелердің негізгі белгісі ретінде - ақпараттық жүйелер мен дербес компьютерлердің желілік жүйелерге бір мезгілде кіру мүмкіндігінде сәйкесінше «өзінің» мәліметтер қорын қолдануды, жұмыс орындарының орталықсыздандырылған ақпараттарын өңдеуді алуға болады. Ақпараттық жүйелерді қолданудың тиімділігі ақша ресурстарын қолдану барысында, кертартпалық операциялардан құтылу және талдау жұмыстары үшін уақытты үнемді қолдану мүмкіншілігі, қабылданатын шешімнің жарамдылығы мен тиімділігі сенімді бақылауға алынады.

Осы дипломдық жұмыс несие операцияларын басқарудың АЖ-сін автоматтандырады. Талдаулар жүргізу банктің пайда болған ішкі және сыртқы экономикалық жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.

Экономикалық тиімділік тек уақыттық шығындарды қысқарту, операциялардың соңғы нәтижелерінің жақсаруында ғана емес, сонымен қатар мәліметтерді автоматты өңдеу нәтижелері арқасында да үлкен жетістіктерге ие болады. Мұндай банк ішіндегі және банк сыртындағы өзара қарым - қатынастар жүйелерінде бүкіл банктік технологиялардың барлық спектрлері бір ақпараттық кеңістікте жүзеге асырылады.

ДЭЕМ-сын несиелік сарапшының жұмыстарына қолдану ақпараттарды жылдам қолдануға ыңғайлы жағдайда ұстауға мүмкіндік береді.

ДЭЕМ-ның ең негізгі артықшылықтары - мәліметтерді жылдам өңдеу және есептілікті құру, ақпараттарды енгізу, оны өңдеу, топтау және нәтижелерді баспаға беру жылдамдығының жоғарылығында.

Мәліметтерді өңдеудің құрамында құжаттарды алғашқы қалпынан баспаға беруге дейінгі бақылау және тексеру жүйесі бар.

Бұл ақпараттық жүйеде несие операцияларын басқарудың АЖ-сін тұрғызу түсінігі қарастырылады.

Банктердің басты экономикалық функциясы - кәсіпорын, мекеме, кәсіпкерлік фирмалар, жеке кәсіпкер және мемлекеттік мекемелердің қаржы салымы және оларды тұтынушылық қаржыландыру жұмыстарын жүзеге асыруды несиелеу болып табылады. Банктік несиелер жаңа кәсіпорындар жұмыс орындарының санының көбеюі және олардың экономикалық тіршілік қабілеттілігінің пайда болуына себепші болғандықтан, олардың несиелік функцияларды қаншалықты жақсы жүзеге асыратыны көбінесе олардың қызмет көрсететін клиенттерінің экономикалық жағдайынан тәуелді болады.

Банктік несиелер аймағындағы несиелік қатыныстардың субъектісі болып кәсіпорын, мекеме, халық, мемлекет және банктің өзі табылады. Несие беруші және несие алушылар несиелік келісімдерге қатысушылар болып табылады.

Несие беруші - бұл несие алушыға өзінің бос қаражатын уақытша пайдалануға беруші тұлғалар (заңды және жеке) .

Несие алушы - бұл пайдалануға (несиеге) қаражат алушы несиелік қатынас жағы және оны белгіленген уақытта қайтаруға міндетті.

Несие алушының несиені өтеу қабілеттілігі ол несиелік келісім шартында бекітілген несие алу мүмкіндігі мен шарттары жайындағы сұрақтарды шешуге қажетті сапалық сипаттамасы. Несиені өтеу қабілеттілігі - бұл несие алушының мерзімінде несиесін толық өтей алу мүмкіндігі анықталған соң, несие мен оның шекаралық соммасын алудың материалдық және қаржылық мүмкіндіктерінің жиынтығы. Несие алушының несиені өтеу қабілеттілігі клиенттің моральдық қасиеттері және оның несиені өтей алу мүмкіндігіне негізделеді. Клиенттің несиені өтеу қабілеттілігінің анықтамасына несие алушының кешендік міндері жатады және ол компоненттер бағасын, басшылықтың тәжірибесін, несие алушының несиелік тарихын, қаржылық қызметін және өзге де факторларды ескереді.

Несие операцияларын басқарудың негізгі мақсаты несие беру үшін қажетті ақпараттарды алу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің директорат мәжілісінде 1994 жылғы қазан айының 27 жұлдызындағы №26 хаттамасы бойынша бекітілген несие операцияларын басқарудың АЖ-сін тұрғызудың әдістемелік нұсқауларға сәйкес:

  • несие алушының өтінішін талдау;
  • несие алушының несиені өтей алу қабілеттілігі;
  • несие беру, кайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау.

Несие алушының өтінішін талдау -несие алушының жұмысының тиімділігін бағалауға, мүмкіндік беретін қаржылық-шаруашылық қызметін көрсетеді.

Несие алушының несиені өтеу қабілеттілігін талдау несиелерді төлеу дерек көздерін талдаудан басталады. Бұл талдау клиентке несие беруді ары қарай жалғастыру немесе оны тоқтату туралы алдын ала шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Оң шешімдер қабылданған жағдайда клиенттің несиені өтеу қабілеттілігі және қабылданған келісім шарттар болашақта да жалғасады. Несие алушының барлық қызметтері компания қызметтерінің даму беталысын анықтаумен талданады. Несие алушы бағасының негізі әртүрлі көрсеткіштер көмегімен жинақталады. Берілген бағалар өте маңызды бағыттауыш бағалар болып табылады, бірақ олар талдауларды алмастыра алмайды. Олардың ішінде «К» қосу бір «З» екі сипаттауышы арқылы: несиелік рейтинг, капитал, несиелік қуатты көрсетуге болады. Бұған қосымша бұл үш сипаттауышқа және сызықтарды жалғастыратын және оларды тоқтататын «К-К-З» екі сипаттауышты қосамыз, ал «К-К-З-Д-З» дегеніміз: несиелік рейтинг, капитал, несиелік қуат, қаржылық құралдардың қозғалысы, салық. Келесі көрсеткіштер жиыны басқаларынан маңыздырақ, оларды әдетте «несие сапасының бес тірегі» деп атайды, олар: аймақ жағдайының жалпы сипаттамасы, кәсіпорынның бәсекелестік жағдайы, қаржылық шарттары, басқару қасиеттері және салық сапасы. Сонымен қатар «бес си ережесі» қолданылады, мұнда клиенттерді жинау критериі «си» әріпінен басталатын сөздерімен белгіленген:

  • character (несие алушының сипаты) ;
  • capital (капитал) ;
  • capacity (қаржылық мүмкіндіктері) ;
  • collateral (қамсыздандыру) ;
  • conditions (жалпы экономикалық шарттар) .

«Несие алушының сипатына» оның беделі, жауапкершілік деңгейі, қарыздарын өтеуге даярлығы және ықыласы жатады. Банк несие алушымен жеке сұхбат жүргізу, өзге банктер және фирмалардан кеңестер алу арқылы және өзге де ақпараттарды пайдалана отырып несие алушының несиелік тарихын анықтауға, психологиялық бейнесін алуға тырысады.

Несие алушының қаржылық жағдайы, оның несиесін өтей алу мүмкіндігі оның шығындары мен кірістерін мұқият талдау көмегімен анықталады.

Қазіргі таңда несие берудің екі тәсілі қолданылады. Бірінші тәсіл әрбір жағдайды жеке қарастырады, тез берілетін несиелерде әрбір несиені нақты мақсатпен және белгіленген мерзімге дейін қолдануға беріледі. Бұл тәсіл жедел несие деп аталады.

Екінші тәсіл несиелерді айналымдық қаржыларға байланысты кәсіпорынға барлық борыштарын төлеу жолымен келісілген тауарлар шегін белгіленген кезеңге дейін беру қарастырады. Бұл тәсілді несиелік желілер деп атайды.

Несиелік желі - бұл банктің немесе несиелік мекемелердің несие алушыға белгіленген мерзімге келісілген сомманы беру үшін заңды ресімделген міндеттеме.

Ашық несиелік желілер әдетте несие беруші мен несие алушы арасындағы ұзақ мерзімді тығыз ынтымақтастықтың бар екенін көрсетеді. Несиелік желінің ерекшеліктері келесі белгілерден айқын көрінеді.

Несие беруші үшін:

  • берілген бағыттағы несиелік ұжымдар және банктердің қызметін болжау мүмкіндігін;
  • қауіпті төмендету үшін несие алушының қызметі туралы толық ақпарат алу.

Несие алушы үшін:

  • несие алушының өкімінде тұрған қаржының нақты соммасын анықтау мүмкіндігін береді
  • қаржылық ресурстар мен несиелік келісім шарттарға кететін уақытты үнемдеу.

Несие берудің алғашқы кезеңі - несиелік өтініштерді қарау және несие алушының оны өтей алу қабілетін зерттеу және несиелік келісім шартқа отыру. Несиелік өтініш несие алуға қажетті талаптар туралы мағлұматтан тұрады, яғни мақсаты, несиенің өлшемі, несиенің мерзімі және түрі.

Несиелік бөлімнің қызметкерінің несие алушымен алдын ала жүргізген сұхбаты өте маңызды болып келеді. Бұл сұхбат тек несиелік өтініштің кейбір бөліктерін анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар несие алушының психологиялық бейнесін де құрастырады, кәсіпорынның басқарушы бөлігінің кәсіптік дайындығын анықтайды, несие алушымен болашақтағы қызметтестіктерін жалғастыруға септігін тигізеді. Егер алдын ала жүргізілген сұхбаттан соң банк клиентпен болашақта жұмыс істеуді жалғастыруды ұйғарса онда келесі кезең болып кәсіпорынның несиені өтей алу қабілеттілігін талдау болып табылады.

Несие алушының оны өтей алу қабілеттілігіне мерзімінде өз қарыздарын заңды тұлға ретінде толық өтеу міндеттері жатады.

Несиені өтеу қабілеттілігін бағалау үшін күрделі көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Ол несие алушының санатынан тәуелді сараланған (үлкен компания, шағын кәсіпорын, қызмет түрі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, және т. б. ) . Әдетте банктер өтімділік коэффиценті, беделдік және тиімділік коэффиценттері, қаржылық тұтқа коэффиценттері (капитал, беделдік, материалдық айналым құралдарына қатысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие бойынша қарыздары), операциялық коэффиценттер немесе пайда коэффиценттері секілді қаржылық көрсеткіштерді қолданады. Несиелеудің бұл тәсілі коэффиценттік деп аталады.

Көбінесе өтімділік, өзіндік қаражаттармен қамтамасыз ету және орнын толтыру коэффиценттері секілді көрсеткіштер қолданылады.

Өтімділік коэффициенті несие алушының ақшаны шаруашалық айналамнан жедел шығару және қарыздарын өтеу мүмкіндіктерін бағалау үшін лайықталған. Ол жылдам өндірілетін айналымдар мен несиелік қаражаттардың байланысы ретінде анықталады. Жылдам өндірілетін айналымдар құрамына: ақшалай заттар (есептеуіш құралдар және банктегі өзге де есеп шоттар, кассадағы бар қаражат, кемінде жылына бір рет дивиденттері төленген акциялар, құнды қағаздар) ; жылдам өндірілетін талаптар (өтеу мерзімі әлі келмеген тиелген тауарлар, шағын мерзімді сипаттағы дебиторлар, шағын мерзімді сипаттағы кәсіпорындарға уақытша қаржылай көмек, қысқа мерзімді несиелер бойынша жұмысшылардың қарыздары) жатады.

Орнын толтыру коэффиценті клиенттің несие алу шегін бағалау үшін қолданылады. Ол барлық айналымдағы заттардың өтімділігінің несиелік қаражаттарға қатынасын ұсынады, яғни нарықта сұраныста қолданылатын (өндірістік қорлар, дайын өнімдер, аяқталмаған өндірістер) тауарлық-материалдық қорлардың жеке түрлері, болашақтағы шығындар және т. б тез өңделетін элементтер қосылады.

Өз өнімдерімен қамтамасыз ету көрсеткіштері несиені өтеу қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің қатарына енгізілген. Клиенттің өз қаражаттарының мөлшері шамасына байланысты ол өз қарыздарынан өз мерзімінде құтылу мүмкіндігі жоғары болады. Қамсыздандырылу көрсеткіші меншікті айналымдық қаражаттың жалпы өлшемінің балансы қорлар, шығындар, есептеулер мен ақшалай түрлері бойынша деректер қатынасы ретінде анықталады.

Кәсіпорын коэффиценттерінің шамасына байланысты несиені өтеу қабілетіні үш тапқа бөлінеді. Бұларды қолдану көрсеткіштері бірдей емес. Әрбір коммерциялық банк көптеген факторларды ескере отырып оларды өздігімен шешеді, ең алдымен кәсіпорынның салалық жабдықтарын ескереді.

Өтімділік коэффициенті: I тап үшін - 0, 40 кем емес;

II тап үшін -0, 20 кем емес;

III тап үшін - 0, 07 кем емес;

Орнын толтыру коэффиценті: I тап үшін - 1, 5 кем емес;

II тап үшін - 1, 2 кем емес;

III тап үшін - 1, 0 кем емес;

Көрсеткіш

Қамтамасыз етілуі ( % шаққанда) : I тап үшін -25 кем емес ;

II тап үшін - 18 кем емес;

III тап үшін - 10 кем емес;

Несиелерді өтеу қабілеттілігінің коэффиценті несие алу үшін банкке хабарласатын кәсіпорынның қаржылық - шаруашылығы туралы мағлұматтары негізінде анықталады. Мекеменің болашақтағы мүмкіндіктері туралы толық мағлұматтарды мекеменің тапсырыс берушілерімен келісім шарттары, кәсіпорында өндірілетін өнімдерге деген сұраныс және олардың баға деңгейі, бизнес жоспары арқылы алуға болады.

Әрбір тапқа жататын кәсіпорындардың несиені өтеу қабілеттілігіне байланысты банктер несиелік қарым - қатынасты әр түрлі ұйымдастырады. Өзге несие алушыларға қарағанда бірінші таптық несие алушыларға коммерциялық банктер несиелік желіні ашулары немесе кез келген жағдай үшін төмен пайыздық несие берілуі мүмкін. Екінші таптағы несие алушыларға несие алушылар міндетті түрде сақтандырылған жағдайда ғана несие беріледі. Ал үшінші тапқа жататын несие алушыларға несие бергенде банк өте сақ болуы қажет.

Банк клиенттердің несиені өтей алу қабілеттілігін анықтап алғаннан соң несиелік келісім шартты банк мүддесіне қарай талқылауға кіріседі. Бұл шарттар клиенттің өтінішіндегі шарттардан өзгеше болуы мүмкін. Келісімдер жүргізу нәтижесінде екі жақта өз шарттарына байланысты бір тұжырымға келеді. Содан кейін бекітілетін ережелер бойынша келесі бөлімдерден тұратын несиелік келісім шартқа отырады:

  1. Жалпы ережелер;
  2. Несие алушының құқықтары мен міндеттері;
  3. Банктің құқықтары мен міндеттері;
  4. Екі жақтың жауапкершіліктері;
  5. Дауларды шешу тәртібі,
  6. Келісім шарттың жарамдылық мерзімі;
  7. Екі жақтың заңды мекен жайлары.

Несиені өтеу қабілеттілігін анықтаудың өзге де әдістері бар, мысалы, банкке несие алу үшін келген кәсіпорынның айналымдағы қаражатын сипаттайтын нақты көрсеткіштерді қолдану арқылы ақша қаражатының ағынын талдау.

Қаражат ағынын талдау несиені қайтару мерзіміне сәйкес келетін мерзімдегі несие алушының қаражаттарының шығыстауы(отток) мен түсіміне(приток) сәйкестендірілуімен қорытындыланады. Несиені бір жылға бергенде қаражат ағынын талдау жылдық қимамен, ал 90 күнге берілгенде - тоқсандық бөлім аттарымен жасалады. Сәйкес мерзімдегі қаражаттар ағынынының элементтеріне мыналар жатады: осы мерзімдегі алынған пайда; мерзімінен бұрын есептелген өтелімдер; қаражаттарды қордан, дебиторлық қарыздардан, негізгі қордан босату; несиелік борыштардың көбеюі; өзге де пассивтердің өсуі; акционерлік капиталдың көбеюі; жаңа несиелер алу. Қаражаттар шығыстауының(отток) элементтері ретінде келесі элементтерді ерекше атап өтуге болады: салық, пайыз, дивидент, айыппұл, төлемақы өсімін төлеу; қаражаттарды қорға, дебиторлық борыштарына, негізгі қорға қосымша салу, несиелік борыштарды қысқарту; өзге де пассивтерді азайту; акционерлік капиталдарды шығыстау(отток), несиені өтеу.

Шығыс пен кірістің айырмашылығы жалпы ақшалай ағынның шамасымен анықталады. Кірістің шығыстан көп болуы кәсіпорынның қаржылық орнықтылығы мен несиені өтеу қабілеттілігінің жоғарылығын көрсетеді.

Жеке тұлғаның несиені өтеу қабілеттілігін балдық жүйе көмегімен бағалауға болады. Балдық жүйелерді қолдану бұл шешімдер қабылдаудың әділ және экономикалық дәлелденген процессі.

  1. «Казкоммерцбанк» АҚ құрылымы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Банктің қаржылық күйін талдаудың әдіснамасы
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
Іскерлік репутация
«Қазкоммерцбанк» АҚ-да іс-тәжірибеден өту есебі
Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
Коммерциялық банктер қызметінің құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz