«Зиянды әдеттерден аулақ бол!». Тәрбие сағаты


Мақсаты:
Оқушыларға темекі , ішімдік, есірткінің зиянын, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу. Қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- темекі, ішімдік, есірткі туралы білім алады.
- ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейнематериалдар
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады. Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың барлық Қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан – 2050 » стратегиялық бағдарламасында «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» деп атап көрсеткен.
Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» атты ашық тәрбие сағатымызда ой бөліспекшіміз. Қош келіпсіздер! Тәрбие сағатымызды аш үшін сөз кезегін
Жүргізуші: Зияны көп темекі
Ақылсыздың қорегі дегендей темекі жайында қысқаша бейнематериалға назар аударсақ
(бейнематериал көрсетіледі)
1-оқушы: Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез. Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің басқа зиянын келесі көріністе айтатын боламыз.
Көрініс «Темекі шегудің пайдасы»

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 7 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Тақырыбы: Зиянды әдеттерден аулақ бол!
Мақсаты:
Оқушыларға темекі , ішімдік, есірткінің зиянын, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу. Қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- темекі, ішімдік, есірткі туралы білім алады.
- ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейнематериалдар
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Өмір - адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі - оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі - адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады. Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың барлық Қазақстандықтарға жолдаған Қазақстан - 2050 стратегиялық бағдарламасында Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі деп атап көрсеткен.
Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін Зиянды әдеттерден аулақ бол! атты ашық тәрбие сағатымызда ой бөліспекшіміз. Қош келіпсіздер! Тәрбие сағатымызды аш үшін сөз кезегін
Жүргізуші: Зияны көп темекі
Ақылсыздың қорегі дегендей темекі жайында қысқаша бейнематериалға назар аударсақ
(бейнематериал көрсетіледі)
1-оқушы: Темекінің шығу тарихы - темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл - Петр І патшалық еткен кез. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің басқа зиянын келесі көріністе айтатын боламыз.
Көрініс Темекі шегудің пайдасы
( Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады )
Ата , мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсау-лыққа пайдалы ма?
Шылым шегудің үш түрлі пайдасы бар, балам. Біріншіден , шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.
Қалайша?
Себебі, олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді , балам. Екіншіден , олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.
Қалайша?
Себебі, шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды да күндіз-түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп , үйге жақындай да алмайды. Үшіншіден , шылым шегетін адамды ешқашанда ит қаппайды.
Қалайша?
Себебі , олар өте ерте мүгедек болып қалады да , таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма ,айналайын?
(Ақсақал қулана жымияды. Ал бала ойланып қалады )
Жүргізуші: Темекіні шегеді
Ақылсызға олда жетпеді
Қолына ұстады енді ол,
Арақ деген бәлені
Назарымызды тағыда бейнематериалға аударсақ
(Бейнематериал көрсетіледі)
Көрініс: Есірткі - жас өмірді улайды
Автор
Ерте, ерте, ертеде,
Дәл қазіргідей заманда
Айбек деген баланы,
Еркелетіп өсірді.
Сұрағанын әперді,
Оқу деген ойда жоқ.
Өсе келе ол бала,
Жамандыққа бойлады.
Өз бойына жолатты,
Есірткі деген пәлені.
Оқушы
Керек емес үйретпе,
Оқымаймын ереже.
Еркесімін әкемнің,
Кенжесімін атамның.
Қалтам толы ақшаға,
Ауырмайды басым басқаға.
Тыныш еді өмірім,
Көріп сені өзгердім.
Сүйіп сені көңілім,
Жұлдыздарға тең келдім.
Сөз таппаймын айтуға,
Сені ойға алғанда.
Түсімде де жүрсің ғой,
Темекі мен есірткіні ұсынып.
(Музыка қосылып би биленеді. Ысқырықпен балалар дискотекаға шығады, Айбек билеп жүріп құлайды.)
(Дәрігер)
Тамырын умен суарып,
Инемен таза денеңді.
Тесуге неге келістің ?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің ?
Төсекке асыл азамат,
Аурумын деп құлайсың.
Дәрігерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың ?
Достары
Бұл тірлікте не тындырдың, не көрдің ?
Құрбанысың СПИД деген кеселдің.
Ақталмай-ақ кетіп барады арманы,
Жалғыз бала деп өсірген әкенің,
Кім кінәлі аялаған анаң ба ?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Анасы
Мен еркелетіп өсірдім сені, балам,
Сен ешқашан таршылық көрмедің.
Сен еркелеп менің жанымды жұбатқан,
Сен жалғанның жырларын,
Жаттатқан жалықпай , балам,
Сен ботақаным, сол өмірді ұнаттың.
Өмірімнің гүлі едің,
Сағынып сені жүрегім,
Жолыңа қарап жүремін.
Қатемді білемін , сеземін, балам.
(Әкесі баласын көтеріп сахнадан шығып кетеді )
Жас жеткіншек!
Өздеріңе айтып кету - борышым.
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын,
Жат әдет пен темекіге,
Жоламаңдар сол үшін!
Оқушы: Кәне есептейікші бәріміз Күніне 1қорап темекіні өте арзан бағада - 60 теңгемен есептеп көрелік
60 теңге - 7 күн - аптасына 420 теңге
420 теңге-4 апта - айына 1680 теңге
420 теңге -52 апта - жылына 21840 теңге міне қазіргі кездегі темекінің бағасы біз көрсеткен бағадан үш есе қымбат. Ақша дегендей келесі көрінісімізді осыған берсек
Көрініс Ажалыңмен ойнама, айналайын
(Қайғылы, ауыр музыка ойнайды. Сахнаға ана мен бала шығады. Бала-нашақор. Қолында-шприц. Азған. Жүдеген. Қиналған. Нашақорлық ауруынан жанын қояярға жер таба алмай тұр.)
Бала: Апа, кешір мені. Кешір. Мен осындай күйге ұшырадым. Білесіз бе, мен... мен- нашақормын. Мен үшін бұл дүниенің қызығы жоқ. Атып келе жатқан таңға қарап қуана алмаймын. Адамша сөйлесіп, адамша күле алмаймын, апа-а!
...Мен үшін өмірдің... бар қызығы-наша... наша, наша, анаша!
Наша тауып берші, апа. Наша тапшы. Жанымды қоярға жер таба алмай өліп барам.Өліп барам, апа. Наша, наша... Мені аясаң, мені балам десең, наша тауып берші, апа...(жылайды)
Анасы: Құлыным-ай, құлыным... Қалай тап болдың бұл бәлеге. Анаша дегенің көрініп келген ажал еді ғой .Соны біле тұра... сорлы балам... ажалмен ойнағаның не болғаның. Өміріңнің бар қызығынан - қуанышынан айырып ,сені қасіреттің қара құрдымына батырған қаныпезер кім? Сені осыншама сорлатқан қай тасжүрек? (Осы кезде шатыр-шұтыр, құлақ тұндырар үні естілді. Сахнаға есірткі таратушы шығады. Үстінде - қара киім. Бетінде-адамның бас сүйегінің маскасы)
Есірткі таратушы: Ол қаныпезер кім еді?-деймісің. Ол мен... мен. Мына менмін. Не істейсің маған, байғұс.
Ана: Сен бе едің? Сен бе едің, жүзіқара. Құлынымды адамдық жолдан тайдыратындай не істеп еді ол саған? Не жазығы бар еді?
Есірткі таратушы: Рас, оның маған еш жазығы жоқ. Сенің балаңда ұзында -өшім, қысқада кегім жоқ. Бірақ ... Қазір дүниені ақша билеген заман ... Оны өзің де жақсы білесің. Ақша, ақша, ақша!.. Егер сенің балаң сияқтылар ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Зиянды дағдылардан аулақ болу
Дос болайық бәріміз тақырыбына тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: «Салауатты өмір салты»
Салауатты өмір салты тақырыбына тәрбие сағаты
"Төтенше жадайлар" тәрбие сағаты
Әдепті болам десең, арлы бол!
Тәрбие сағаты мәдениеттілік
"Көктем келді" тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты «елбасы еңселеткен елорда»
Ана - біздің күніміз (тәрбие сағаты)
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь