Көпоперациялы станоктар. Жоңғыш, жошылай – бұрғылайтын, жонатын топтағы станоктар базасындағы негізгі түзілімдердің орындалуы. Негізгі және қосымша жүріс


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Көпоперациялы станоктар. Жоңғыш, жошылай - бұрғылайтын, жонатын топтағы станоктар базасындағы негізгі түзілімдердің орындалуы. Негізгі және қосымша жүріс.

Орындаған: Серикбаев. C

Топ: ПО-411

Тексерген: Тлеуғали Е. Т

Семей 2015

Жоңғылауды бірнеше түрге бөледі: жазық беттерді (горизонталь, вертикаль, көлбеу және кемерлерді) жоңғылау; күрделі технология­лық беттерді (ойықтарды, бунақтарды, ойма кілтектерді және т. б. ) жоңғылау және фасондық жазықтықтарды жоңғылау.

Жазық беттерді жоңғылау сұлбалары 21. 51-суретте көрсетілген. Горизонталь беттерді горизонталь және вертикаль-жоңғылау станоктарында цилиндрлік және шет жақтық жонғыштармен (21. 51-сурет, а , б ) өңдейді. Тетіктерді пішіні мен өлшемдеріне байланысты үстелде машиналық қысқыштарда болттардың, тақтай­шалардың және төсемдердің көмегімен, сондай-ақ се­риялық өндіріс жағдайларында өңделетін дайындамалар үшін қолда­нылатын арнайы құрылғыларды пайдалану арқылы бекітеді.

http://mybiblioteka.su/mybibliotekasu/baza4/1683423651347.files/image151.jpg

а, б - горизонталь; в, г - вертикаль; д-ж - көлбеу; з - аралас; S пр - бойлық беріс

21. 51-сурет - Жазық беттерді жоңғылау сұлбалары

Вертикаль беттерді жонғыштардың шет жақтық (21. 51, в-сурет), шеттік (21. 51, г-сурет) және басқа түрлерімен өңдейді.

Көлбеу беттерді және қия кесіктерді шет жақтық (21. 51, д -сурет), шеттік (21. 51, е-сурет) және бұрыштық (21. 51, ж-сурет) жонғыштармен өңдейді. Жонғыш көлбеуінің қажетті бұрышын айналдырық бастиегі вертикаль жазықтықта айналатын станоктарда ғана орнатуға болады. Аралас беттерді аралас жонғыштармен өңдейді (21. 51, з-сурет) .

Күрделі беттердің, мысалы, ойықтардың (21. 52, а , в , г -сурет), кемерлердің (21. 52, б-сурет) пішін құруы үшін дискілік (21. 52, а-сурет), шеттік ( б ), фасондық ( в ) және бұрыштық ( г ) жонғыштарды қолдана­ды. «Қарлығаштың құйрығы» типті және Т тәрізді ашық ойықтарды шеттік жонғыштармен (21. 52, д, е -сурет) өңдейді.

Тік бұрышты қималы кілтек ойықтар мен бунақтарды жоңғылау кезінде шеттік (21. 52, ж-сурет) және арнайы кілтекті жонғыштарды ( з ) пайдаланады. Оларды вертикаль-жонғыш станоктарда өңдейді. Кейде кілтек бунақтарды горизонталь-жоңғылау станоктарында дискілік үш жақты жонғыштармен (21. 52, и -сурет) жоңғылайды. Ойма кілтектерді горизонталь-жоңғылау станоктарында кертікті дискілік жонғыштар­мен өңдейді.

Шағын өлшемді дайындамаларда фасондық беттерді жоңғылау үшін горизонталь немесе вертикаль-жоңғылау станоктарында фасон­дық жонғыштарды қолданады, олардың пішіні дайындалатын тетіктің пішініне сәйкес келеді (21. 52, к-сурет) . Аса күрделі пішінде фасондық дайындамаларды не жеке жонғыштар жинағымен, не арнайы көшіргіштердің көмегімен өңдейді.

Дайындамалардың көлемді фа­сондық беттерін (баспақ-қалыптар, қалыптар және т. б. ) жоңғылауды арнайы көшіргіш-жоңғылау станоктарында жүргізеді. Конструкция­сына байланысты жонғыштарды станоктар айналдырықтарында әр түрлі бекітеді. Бекіту тәсілі бойынша жонғыштарды орталық тесігі бар саптама және конустық немесе цилиндрлік пішінді сағасы бар сағалық деп бөледі.

Цилиндрлік және дискілік жонғыштарды көбінесе горизонталь-жоңғылау станоктарында өңдеу кезінде қолданады, сондықтан олар екі тіректі центрлік құрал біліктерде бекітіледі.

Бұрғылау машиналарының бас параметрі - қазу тереңдігі (h, м) былай ажыратылады: 1-жеңіл бұрғылау машиналары 5 м дейін; 2-орташа бұрғылау машиналары -20м дейін; 3-бұрғылау тереңдігі 20м асатын ауыр бұрғылау. Бұрғылау машиналарының жұмысшы органы мыналардан тұрады: 1-базалық автокөлік; 2-ішінде гидроцилиндрі бар жазық бұрғылау штангасы; 3-қозғалтқыштың механикалық трансмиссиясы арқылы айналдырғыш ; 4-қырлы штанга; 5-жұмысшы құрал - қалқанды (шнекті) бұрғы; 6-шығару тірегі. Бұрғылау үшін бұрғылау машиналарын шығару тіректеріне бекітеді, бұрғыны жер бетіне түсіреді және айналдырғышты қоса отырып, гидроцилиндр арынымен бұрғылау жұмыстарын жүзеге асырады. Бұрғының топыраққа тереңдеп, оның қалқандарында топырақтың жиналуына қарай бұрғыны скважинадан шығарып алады да өте жоғары айналдыру жылдамдығы арқылы оны артық топырақтың күйреу өнімдерінен ажыратып алады. Содан кейін, бұрғыны қайтадан скважинаға түсіреді және процесті керекті тереңдікке жеткенше жалғастырады. Берік топырақтарды жару арқылы өңдеу кезінде шпур бұрғылау машиналарының жұмысшы органы ретінде шетінде кескіштері мен шарлы долоталары бар бір немесе екі бұрғылау штангалары алынады. Бұл бір немесе екі шпиндельді бұрғылау машиналары. Ол мыналардан тұрады: 1-айналу векторлары; 2-жетекті гидроқозғалтқыштар; 3-жылжымалы күйме; 4-рама және олардың бағыттаушылары; 5-орталық гидроцилиндр; 6-шығару тіректері. Шосселік және темір жолдар астына тұрбалар, байланыс және электр желілерін өткізуге арналған горизонталь скважиналар ашық орлардан бұрғылайды. Скважиналарды отырғызу тұрбаларымен тұрақтандырады. Скважина ұзындығы - 60м, диаметрі 1720мм-ге дейін - скважинаның өту жылдамдығы 1, 4м/сағ; диаметрі 630мм-ге дейін - скважинаның өту жылдамдығы 15 м/сағ. Жеткізу күші 480-ден 7200 кН-ға дейін.

Дереккөздер

  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тегістеп кесетін станоктар
Асинхронды қозғалтқыш
Көшіру сызғыш көмегімен конустық беттерді өңдеу
Мыстың касиеттері мен қолданылуы
АҒАШТАН ЖАСАЛАТЫН ЖИНАЛМАЛЫ БАҚША ОРЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ
Металл кескіш станокпен жұмыс
Слесарь мамандығы бойынша практика есебі
Тістерді өңдеуге арналған аспаптар
Беріліс күші
Кері беріліс қозғалысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz