Ассимиляция құбылысы және диссимиляция.Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Қазақ жазуы және орфографиясы. Пунктуация мәселелері



1.Ассимиляция құбылысы және диссимиляция 2.Қазақ орфоэпиясының жай.күйі.
3.Қазақ жазуы және орфографиясы 4.Пунктуация мәселелері
Ассимиляция(лат.assimilativ-ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы,бейімделуі,өзара тіл табысуы.Бұлар да бірін-бірі дауыстың қатысы(ат-ты,ат-қа,қа-ғаз-ға,қар-ға)және артикуляциялық жақтан игеріп тұрады.Соңғыға мысал:қаңға(қаң-ға)башшы(бас-шы)жамбады(жан-бады).
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын үшке бөліп қараған-жөн.
1.Прогрессивті ассимиляция.
2.Регрессивті ассимиляция.
3.Тоғыспалы ассимиляция.

 Прогрессивті Ассимиляция

Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті.Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп,игеріп тұрады.Бұл әсіресе түбір сөз бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады,яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына толық тәуелді болып тұрады.Мұның өзі сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыздарға да тікелей байланысты.Дауыссыздардың әр түріне байланысты прогрессивті ассимиляция мынадай болады:
а)Үнді дауыссыздар сөзді аяқтап тұра алады және бұлар дауыстылар сияқты өзінен кейінгі морфеманың(қосымша,сөз)тек ұяң,үндіден басталуын талап етеді:мал-дың,мал-ға,мал-мен,ем-ді.Қатаң дауыссыздардың ерме с және ш ғана бұл заңға көнбейді:мал-шы,мал-сыз,мал-сақ,ал-сын,ал-шы,ем-ші,жан-са,жан-сын, т.б.Өзгелік етістің қатаң т жұранағы да соңы л,н,р,й үнділеріне аяқталған туынды етістіктерге жалғана алады:жөнел-т,айнал-т,кенел-т,қызар-т т.б.
ә)Қазақ тілінде ұяң дауыссыздардан тек ж,з дыбыстары ғана сөз соңында келеді.Оның өзінде ж дыбысына аяқталатын сөздер санаулы-ақ(лаж,мұқтаж,таж,уәж).Әдетте орыс тілінде сөз соңында ұяң дауыссыздар айтылмайды.Ал орыс тілі арқылы қазақ тіліне енген сөздердің сонында ж,з әріптері жазылса,олар дыбыс болып айтыла береді:гараж,тираж,фиксаж,экипаж.
б)Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады.Сөз соңындағы қатаңдар өзінен кейінгі морфемалардың тек қатаң дауыссыздардан басталуын талап етеді:тас-қа,тас-ты,тас-пен,тас-тай.
1)Б.А.Қалиев « Қазақ тілінің фонетикасы»Алматы:Эверо,2014-168бет.
2) Ф.Мұсабекова «Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы» Алматы, 1991ж.
3) М.Балақаев, Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Алматы, 1971ж.
4) К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы, 2003ж.
5) Орфографиялық сөздік. Алматы, 1988, 2003, 2007

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: 1.Ассимиляция құбылысы және диссимиляция 2.Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. 3.Қазақ жазуы және орфографиясы .4.Пунктуация мәселелері



Орындаған: Заманбеков Д.Д Тексерген: Қалиева Самал Ерболқызы
Топ: Фи503

Семей 2015ж

1.Ассимиляция құбылысы және диссимиляция.

Ассимиляция(лат.assimilativ-ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы,бейімделуі,өзара тіл табысуы.Бұлар да бірін-бірі дауыстың қатысы(ат-ты,ат-қа,қа-ғаз-ға,қар-ға )және артикуляциялық жақтан игеріп тұрады.Соңғыға мысал:қаңға(қаң-ға)башшы(бас-шы)жам бады(жан-бады).
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын үшке бөліп қараған-жөн.
1.Прогрессивті ассимиляция.
2.Регрессивті ассимиляция.
3.Тоғыспалы ассимиляция.

Прогрессивті Ассимиляция

Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті.Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп,игеріп тұрады.Бұл әсіресе түбір сөз бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады,яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына толық тәуелді болып тұрады.Мұның өзі сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыздарға да тікелей байланысты.Дауыссыздардың әр түріне байланысты прогрессивті ассимиляция мынадай болады:
а)Үнді дауыссыздар сөзді аяқтап тұра алады және бұлар дауыстылар сияқты өзінен кейінгі морфеманың(қосымша,сөз)тек ұяң,үндіден басталуын талап етеді:мал-дың,мал-ға,мал-мен,ем-ді. Қатаң дауыссыздардың ерме с және ш ғана бұл заңға көнбейді:мал-шы,мал-сыз,мал-сақ,ал- сын,ал-шы,ем-ші,жан-са,жан-сын, т.б.Өзгелік етістің қатаң т жұранағы да соңы л,н,р,й үнділеріне аяқталған туынды етістіктерге жалғана алады:жөнел-т,айнал-т,кенел-т,қызар -т т.б.
ә)Қазақ тілінде ұяң дауыссыздардан тек ж,з дыбыстары ғана сөз соңында келеді.Оның өзінде ж дыбысына аяқталатын сөздер санаулы-ақ(лаж,мұқтаж,таж,уәж).Әдет те орыс тілінде сөз соңында ұяң дауыссыздар айтылмайды.Ал орыс тілі арқылы қазақ тіліне енген сөздердің сонында ж,з әріптері жазылса,олар дыбыс болып айтыла береді:гараж,тираж,фиксаж,экипаж.
б)Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады.Сөз соңындағы қатаңдар өзінен кейінгі морфемалардың тек қатаң дауыссыздардан басталуын талап етеді:тас-қа,тас-ты,тас-пен,тас-тай .
Регрессивті Ассимиляция

Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляцияның күшті екендігі айтылды.Бұл заң бойынша алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссызды дауыстың қатысы(акустика)жағынан өзіне сәйкестендіріп,толық тәуелді етіп тұрады.Алайда бұл заңға кейбір қосымшалардың басында кездесетін с,ш қатандары көне бермейтіні ескертілді.Сондай-ақ прогрессивті ассимиляция кезінде артикуляциялық жақтан да игерілей қалатын дыбыстар бар.Әсіресе мұндай оралымсыздықтар сөз бен сөздің аралығында көбірек ұшырайды.

а )Үнді дауыссыздар дауыстылар сияқты басқа дауыссыздарға күштілік жасайды да,оларға ықпал етіп тұрады.Прогрессивті ассимиляция кезінде үнділер алмасуға ұшырамайды.Ал регрессивті ассимиляция кезінде алмасатын бір-ақ дыбыс бар.Ол тіл алды н.Бұл дыбыстың тіл арты ғ,г үнсіздернің(қ,к қатаңдары үнділердің кейін ұяндайтыны белгілі)алдынан келіп айтылу мүмкіндігі мүлде жоқ.Сондықтан да тілімізде ертеректе енген кейбір орыс сөздерінің құрамында кездесетін нк,нг тіркесіндегі н дыбысы біржола ң дыбысна айналып кеткен:бәтеңке(ботанка),кәрзеңке(ко рзинка).Сондай-ақ қос ерін б,м,п дыбыстарының алдында да н айтылмайды.Орыс сөзі кәмпіске(көркем шығармада,ауызша айтуда)болып н дыбысы қос ерін м дыбысына алмасады.Қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында нғ,нг,нб,нм,нп дыбыстары тіркесі айтуда ұшырамайды.Алдыңғы сөз н дыбысына аяқталып,кейінгі сөз п дыбысынан басталса,тіл алды н дыбысы қос ерін м дыбысына алмасады:омпарақ,жампайда,жампида,Ж ампейіс.

ә )Ұяңдардың қазақ тілінде з және ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады.Оның өзінде ж санаулы ғана түбір морфеманың құрамында ұшырайды.Орыс тілінде араб,клуб,архив,актив,газ түрінде жазылғанымен,сөз соңында ұяңдар айтылмайды.
Тоғыспалы Ассимиляция
Морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан,ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимиляция дейміз.Яғни тоғыспалы ассимиляция кезінде көрші дауыссыздар әрі прогрессивті,әрі регрессивті ассимиляция бірдей ұшырайды.Бұл екі түрлі жағдайда ғана,оның өзінде сөзбен сөздің арасында кездеседі.Мысалға:1:Амаңгелді(аман келді),қаңғызыл(қан қызыл),күңгөрді(күн көрді),қайраңғалды(қайран қалды)2:ташшол(тас жол),бешшыл(бес жыл),қошшарға(қос жорға),ешшоқ(ес жоқ).Халық тілінде қос ш қысқарып та айтылады:Қошан(Қосжан),Ешан(Есжан).
Диссимиляция
Диссимиляция(лат.dissimilatio-ұқсау )дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады.Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп,ұқсап тұратын болса,диссимиляцияда керісінше,сөз ішіндегі бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орнын ұқсастығы жоқ дыбысқа береді.Яғни диссимиляция-бір сөз ішіндегі артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.Олар бір-бірімен қатар және араға басқа дыбыстар салып тұруы мүмкін.
Бұл-әдеби тілде сирек құбылыс,көбіне нормаланбаған тілде(диалект,қарапайым тілде және балалар тілінде)кездеседі.Ассимиляция сияқты бұл да прогрессивті және регрессивті болады.Орыс тілінде қарапайым сөйлеуде бомба,трамвай сөзін бонба,транвай түрінде айту ұшырамайды.Яғни б-мен ерін қатысы жағынан жарасым тауып тұрған м дыбысы аласталып ,оның орнын тіл алды н алады.Сондай-ақ коридорды,колидор түрде айту бар.Бұлақ-регрессивті диссимиляция.
Ал февральды февраль түрде айту-прогрессивті диссимиляция.Қазақ тілінде дыбыс үндестігін ескермей сөзді жазу бойнша айту осы диссимиляциға мысал бола алады.

2.Қазақ орфоэпиясының жай-күйі.

Орфоэпия (гр. 'orthos' - дұрыс, epos - сөз, сөйлеу) - сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы:құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты

Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі.Олар жетіліп,кемелденіп әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет.Норма-белгілі бір жүйе,заңдылықта негізделген бірізділік.Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдердегі сөздердің айтылуында болсын,жазылуында болсын жалпыға бірдей ортақ,қалыптасқан бірыңғай нормалар болады деген сөз.Нормалар неғұрлым бірізді,қалыптасқан болса,қатынас құралы да соғұрлым жетіліп,кемелдене түсері ақиқат.
Тілдің ауызша формасын нормалауды орфоэпия,ал жазбаша формасын-орфография қарастырады.Дұрысы,орфоэпия-сөздер мен сөз тіркестерінің бірізді,дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.
Сөздердің бірізді айтылуы(сондай-ақ бірізді жазылуы)тілдік қатынасты жеңілдетеді.Керісінше,белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің дыбыстық құрамының бірдей болмауы түсінікті ауырлатып,көңілді аландатады. Жазылуы: Айтылуы:
Өлен-өлөң
қонбады-қомбады
көзсіз-көссүз
тазша-ташша
басшы-башшы
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі-проф.М.Балақаев.Ол өзінің Қазақ тілі мәдениетінің мәселелерідеп аталатын еңбегінің алғы сөзінде былай дейді:Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей,елеусіз қалып келеді.Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады.
М.Дүйсебаеваның Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері-аты айтып тұрғандай,осы мәселеге арналған зерттеу.
Автор дұрыс сөйлеудің нормасы тіліміздегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп,тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды.
Қазақ тілі орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған,осы саладағы ізденістерге үлгі-өнеге боларлық-Р.Сыздықованың Сөз сазы.1983жылы жарық көрген бұл кітапшада қазақ тілінде тұңғыш Орфоэпия қағидаларыжүйеге түсіріліп,36 параграфқа топтастырылған. Және мұның өзі құрғақ,жай қағида болып қалмаған;мысалдар берілген,жаттығуы және бар.Еңбектің және бір артықшылығы сөйлеу үстінде сөздердің ритмикалық топ құрап айтылатынын және ондай топтардың түрлерін(он бес түрлі)анықтайды.
Ә.Жүнісбековтің еңбектері тіліміздегі дыбыстардың акустика-атикуляциялық, қасиеттерін дұрыс танытып қана қоймай,орфоэпияға қатысты да құнды фактілер бере алады.
Сөздермізді айтудағы ала-құлалық,орфоэпия жөніндегі пікілер,мақала,зерттеулер,орфоэпиял ық сөздіктердің жасалуына түрткі болды.Олар:Қ.Неталиеваның Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігіжәне М.Дүйсебаевның Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі.
Оның үстіне сөздің дұрыс айтылуын анықтауда,орфоэпиялық норманы тануда ұстанатын негізгі критерийдің де басы ашылып болған жоқ.Бұл мәселеге байланысты көзқарастар мынадай болып бөледі:
1)көпшілік қалай айтса-сол норма;
2)неғұрлым жазылуына жуық дыбыстау:
3)жастардың айтуын норма деп тану(өйткені болашақ жастардікі ғой);
4)астананың айту машығын негізге алу;
5)сахна шеберлерінің сөйлеуін үлгі ету;
6)говорлардың көпшілігіне тән машығын ескеру;
7)мәдени-тарихи дәстүрді басшылыққа алу;
8)тілдің ішкі даму заңдары қуаттайтын форманы мойындау.

Орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшін тілдегі әрбір дыбыстың акустика-артикуляциялық белгі-қасиеттерін,қолданылуындағы(а йтылу,жазылуындағы)ерекшеліктерді жақсы білу керек болады.

Қазақ жазуы және орфографиясы:
Қазіргі жазу графикасындағы әріптердің нобайының негізінде пайда болған.
Жазу-адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай,өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал.Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері Қ.Ахановтың Тіл білімінң негіздеріоқулығында жақсы айтылған.
Қазіргі әлемде үш түрлі жазу жүйесі кең тараған:латын,кириллица және араб жазулары.Алайда бұл жазулардың қай-қайсысы да дыбыс пен әріптің,әріп пен дыбыстың сәйкестігін қамтамасыз ететіндей мінсіз графикалар емес.Қазақ тілі жазудың осы үш түрлі жүйесін басынан өткізді.Қазақ жазуы 30-жылдарға дейін араб графикасын пайдаланып келді де,1929жылы шілденің 25-інде Қазақстан Орталық Атқару КомитетініңҚазақтың жаңа емлесі туралы декретіжарияланғаннан кейін латын графикасына көшті.
ОРФОГРАФИЯ
Сөздің жазылу жағдайының бәрін графика тұрғысынан түсіндіре беруге келмейді.Графика бойынша өлөң,құлұн,түлкү,жамбады,жасса түрде жазуға әбден болады және мұның өзі сөздің айтылуына да дәл келер еді.Алайда қазіргі қазақ жазба тілі тілдің тек дыбыстық жағын ғана қамтып қоймайды:сонымен бірге морфология,сөзжасам,лексикология және фонетикалық құрамның тарихи дамуымен де тығыз астасып жатады.
Графика дыбысты нақты сөзден,морфемадан тыс берудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады.Сондықтан оны жазудың тым жалпы да дерексіз ережесі десе де болады,ал орфография-көптеген себептерге байланысты графикадан туындайтын бұрмалар,ерекшеліктер.
Орфография сөздің графикалық бейнесінің олай емес,былай болуы әлдеқайда қолайлы,әрі қонымды екендігінің жалпы принциптері мен жеке ережелерін жасайды.Қысқасы,графика жеке дыбысты,әйтеуір жазуды қарастырса,орфография сөзді жазудағы графикалық мүмкіндіктердің таңдаулысын ғана алады.
Орфография(грек.orthos-дұрыс,grapho жазамын)-1)жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі;2)біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы,Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге де болады.
Қазіргі орфографияларда негізінен морфологиялық,фонетикалық және дәстүрлік принциптер қолданылады.Сондай-ақ дифференциялаушы принцип те болуы мүмкін.
Морфологиялық принцип-сөздің морфологиялық,құрамын ескеріп,морфемалар құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей,бастапқы қалпын сақтап жазу.Мысалы:жан,жамбады,жаңғанда түрде айтылатын сөзформаларға ортақ түбір-жан,сондықтан жан,жанбады,жанғанда деп жазылады.
Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады,яғни әрбір әріп фонеманы емес дыбысты білдіреді.Сонда жаз,жасса,жашшы,жан,жамбады,жаңғанд а түрде жазылады.
Дәстүрлік принцип-сөздің бір кезде жазылып қалыптасқан,дәстүрге айналған түрін сақтап,жазу.Бұған қазақ тіліндегі хат,хабар,халық,қаһар,жаһан сияқты сөздерде х,һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады.
Дифференциялаушы(лат.differentia-ай ырым)принцип-дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірімен орфографияның көмегімен айыру,Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді,Дұрыс дәстүрлік принцип бойынша хабар,хал,халық,хан,хат түрінде жазып жүргендеріміз,о баста тіліміздегі омонимдерді орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну керек.Қазақ орфографиясының негізгі принципі-морфологиялық принцип.Орыс орфографиясында да солай.

Пунктуация мәселелері

Пунктуацияның қолданылу тарихы
Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация - латынның пунктум деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы - нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл - екі бөлек категория.
Әріп сөздің және оның формасының жеке дыбыстарын таңбалайды. Сондықтан ол - сөздің бір бөлшегі, жеке бір элементі болып есептеледі, де лексика мен морфологияға байланысты болады, яғни әрбір жеке сөзде қолданылады. Ал тыныс белгісі олай емес. Ол жеке дыбыс түгіл, тұтас сөзбен де беруге болмайтын күрделі ұғымды білдіреді. Мағыналарының күрделілігі жағынан алғанда, тыныс белгілері жазу тілінің көнерек заманында қолданылған пиктографиялық немесе идеографиялық белгілер тәріздес. Қолдану орны жағынан алғанда,тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде емес, сөйлеуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады. Сондықтан пунктуация сөйлеуге, сөйлемге, яғни синтаксиске, байланысты қолданылатын категория болып табылады.
Пунктуация, емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы.
Пунктуация жазылған мәтіннің мазмұнын, негізгі ойды дұрыс түсінуге, оны мәнерлеп оқуға мүмкіндік жасайды. Пунктуацияның негізгі қызметі - сөйлемді жазуда ойды беруге қатысты бөліктерге бөлуді нұсқау, - дейді С.И.Абакумов. Яғни пунктуация тілдің басқа элементтері сияқты жазуда ойды дұрыс беруге қызмет етеді. Пунктуацияны игеру - адамның сауаттылық мәдениетін арттырады. Мектеп оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту оқыту әдістемесі қарастырады.
Пунктуация - адамдар арасында қатынас құралы қызметін атқаратын жазу тілінің маңызды бір саласы. Сондықтан жалпы тіл, қала берді жазу тілі сияқты, пунктуация да жалпы халықтық болып табылады. Оны қолдануда болсын, оқып тануда болсын жалпы халық таныған заң, ережелер басшылыққа алынуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, пунктуацияның әрбір белгісінің мәнін, атқаратын қызметтері мен қолданылатын орындарын тануда, білуде жазушылар мен оқушылар арасында бірлік болмаған жағдайда, тыныс белгілері өзінің қатынас құралылық қызметін атқара алмайды. Егер ол жазу практикасында орныққан, көпшілікке танылған заң, ережелерге сай болмай, теріс қолданылса, оқуды, түсінуді жеңілдету былай тұрсын, қайта оны қиындатады, теріс ұғымның, теріс түсініктің тууына себепші болады.
Жазғанды, айтқан ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн.
Сөздерді дұрыс орналастырып айтпасақ, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасақ, айтайын деген ойың теріс беріледі.
Пунктуация жазу тілінің дамуымен, әсіресе баспа ісінің дамуымен тығыз байланысты. Бірақ ол жазу тілімен бірге туып, әрдайым оны қатар жасап келе жатқан категория емес. Тыныс белгісінсіз де жазу болған. Жазудың пикторграфиялық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция. Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Қазақ жазуы және орфографиясы Пунктуация мәселелері туралы ақпарат
Қазақ жазуы және орфографиясы
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы жайлы
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция; қазақ орфоэпиясы; қазақ жазуы және орфографиясы; пунктуация мәселелері
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Қазақ фонетикасының құрылымы
Дыбыстық өзгерістерінің теориялық сипаттамасы
Дыбыс өзгерістері әдістемесін жасау
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосқан ғалымдар
Пәндер