Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ...5
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1991 ж. БЕРГІ БАНКТІК РЕФОРМА.
2.1 1995 ж. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКТІК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ
БАҒДАРЛАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Банктік жүйенің әрі қарай реформалануы ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
БАНКТЕРДІҢ ТИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ІІІ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ТОҚТАТЫЛУЫ.
3.1 БАНКТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ БАНКПЕН ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСЫ ... ... ... ... .18
3.2 БАНКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЛИЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ҚАРЫМ.ҚАТЫНАС. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ БАҚЫЛАУ МЕН
ҚАДАҒАЛАУ. БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДІК ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдін банктік жүйесіне: Мемле-кеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекелелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағындағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, ?сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кенсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 ж. шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі - мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 ж. Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.

Мазмұны
І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ
РОЛІ ... ... ... ... ... ... ...5
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1991 ж. БЕРГІ БАНКТІК РЕФОРМА.
2.1 1995 ж. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКТІК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ
БАҒДАРЛАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Банктік жүйенің әрі қарай
реформалануы ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3 БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
БАНКТЕРДІҢ
ТИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...16
ІІІ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ТОҚТАТЫЛУЫ.
3.1 БАНКТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ БАНКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ... ... ... ... .18
3.2 БАНКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЛИЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ БАҚЫЛАУ МЕН
ҚАДАҒАЛАУ. БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ
ТӘУЕКЕЛДІК ... ... ... ... ... ... . ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді.
Патшалық Ресейдін банктік жүйесіне: Мемле-кеттік банк, акционерлік банктер,
қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекелелер
кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық
несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша
шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің
Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің
салымдары мен ағындағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық
операциялардың 13 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық
эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді
ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, ?сауданы, қор жинаушыларды да
несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кенсе, 124 бөлім мен
мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз
капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 ж. шоғырланудың жоғары
дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік
мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық
банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі - мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен
мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті
адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз-
жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 ж. Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік
монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен
жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі
бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік
жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.
І ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекетгік банктермен бірге:
кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел
капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922
ж. деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген
несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы
ұйымдастырыла бастады. 1924 ж. ауыл шаруашылық копперацияларына салым
қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік
операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір қарсаңынды КСРО-да 16
185 серіктестіктер кұрылған еді, бұллардың ішінде 2426 - несиелік және
қарыздық жинак, сондай-ақ 12424 - ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара
несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттік-капиталистік
акционерлік банк және шетел капиталынын қатысуымен Ресейлік коммерциялық
банк құрылды.
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және
жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты, Ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы
таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара
несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар
қызметтері мемлекеттік салалык банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всеком-банк,
Орталық ауыл шаруашылық, банк және 1922-1925 жж құрылған басқа да банктерге
көшеді.
КСРО-да 1930-1932 жж. жүргізілген несиелік реформанын нәтиежесінде
жана қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды
қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі - өнеркәсіп
және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк)
болып қайта құрылды. Ол 1959 ж. КСРО Құрылыс банкі болып қайта
ұйымдастырылды.
Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық
банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық
банктердің орнына (1959 ж. оның кызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк
арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы
Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын
токтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 ж. таратылған КСРО Сауда
банкіне берілді) құрылған.
Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк)
1959 ж. таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында
үлестірілді.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді
несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкінде халық шаруашылығының барлық
салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО Мембанкінің
барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары
арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық
шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды.
Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық
банктердің республикалык мекемелсрі ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк
ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына
бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу
сақталды.
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО
Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәеіп
құрылыс банкі (Пром-Стройбанк), Агроөнеркасіп банкі және Тұрғын үй-
әлеуметтік (Жилсоцбанк); КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары
жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде:
Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен
ұйымдарға кассалық және иесиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол
елдін Орталық банкі деп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкіне (Промстройбанк) несиелік саясатты
жүргізу, несиелендіру жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс,
көлік пен байланыстағы, КСРО Мембанкі жүйесіндегі есеп айырысу сияқты
міндеттер жүктеледі. Банк - шаруашылықтың осы салаларындағы кәсіп-орындар
мен бірлестіктердің есеп айырысу, қарыздық және басқа да шоттарын жүргізді.
Осындай кешенді несиелік есеп айырысулар қызметін агроөнеркәсіптік
кешеніндегі кәсіпорындарға - КСРО Агроөнеркәсіп банкі; әлеуметтік аямен
және сауда саласының кәсіпорындары мең ұйымдарына - КСРО Тұрғын үй-
әлеуметтік банкі; халыққа қызметті - КСРО Жинақ банкі көрсетті. КСРО Сыртқы
экономбанкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды
ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етті.
Мамандандырылған банктердін құрылымы әкімшілік-аумақтық принцип
бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер және
облыстарда банктерді басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе
қала деңгейінде өз мекемелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша
құрылды: ауданда клиенттері басымырақ болса, онда мамандандырылған
банктердің, осы ауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана
ерекшеленеді, себебі оның мекемелері әр ауданда, колхозда және совхозда
болды. Мамандандырылған банктердің төменгі буыны (Жинақ банкінен басқалары)
өзінің мамандануына қарамастан, ауданның барлық клиенттеріне кқызмет
көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару деңгейінде ғана
көрінді, ал төменгі мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге айналды.
Олардың ауданның, яғни барлық саланың кәсіпорындарына қызмет көрсетулеріне
тура келді.
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген
банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің эмбебаптығымен қарсы
келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты
бірқатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардын өзара аймақаралық есеп
айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банке тасқындай құйылуымен
күрделене түсті. Әрбір банк өз ресурстары шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО
Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп
айырысуға көшу қажет болды.
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерцйялық банктер негізінен
мамандандырылғандар ретіңде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада
(өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды.
Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбіне осы
кәсіпорындардың өміршеңділігін, пайдалылығын, негізделгенін ескермей төмен
пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің активтерінде залалды мемлекеттік
кәсіпорындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болады.
Жалпы алғанда банктердің мамандандырылуы банк жүйесінін жұмысын
шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге
түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп бөлімді,
шығынды сипатқа ие болды, алғашқы белімнің әлсіреу кезінде бюро-краттық
аппараттық жоғары деңгейлерінің осуі көрініс тапты. KCPО Мембанкінің ролі
әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ықпал ете
алмады.
70-жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, онын ішінде Қазақстанда қатаң
орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде
әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық
органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан
ақша-несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық
қатынастар шарттарына сай келмеді.
Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар бойы
қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен құралдары мақсатты түрде
жойылып отырды. Утопиялық идеологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз
КСРО Мембанкі түріндегі бір деңгейлі банктік пирамида құрылды, ол өз астына
несиелік жүйені түгелдей басып алды және бәсекелестіктің элементтерін,
жарыс пен тәуекелдікті толығымен жойды.
1989 ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік,
жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк
сияқты және т.б. коммерциялық банктер құрылды.
Банктік жүйе - нарықтык экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылык делдал ретінде шаруашылық органдардын капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген
қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық
өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық,
ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметін атқарады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық
құрылымдардың дамуында манызды роль атқарады.
Нарыктық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен
шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе
"ертегідей күшке" ие бола отырып "нақты өндіріске ең қауіпті түрде
араласуы" мумкін. К.Маркс келесіде "Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда
мен өнеркәсіпке билік етуше" назар аударады. Шанктер шаруашылық өмірдің
орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екеңі ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін
орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда
көрініс табады.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді)
Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз
клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің
экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсетін меншік
түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық
органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық
қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне
әрбір банкті тандайтын ирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа
жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін
операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар
болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі
туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем
жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті
емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің
күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотка ақшаның келіп түсуі
жабдықтаушыны, тиеген тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің
мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын
қызметтерінін көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін
алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын
білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға
мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша
қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз
байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті
халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жи-ынтығын, ал олар
арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің
300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы %-дық
мөлшерлеменің 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем - сұраныс
пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Тенгенің ресми және
бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда
қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарылауда. Инфляция
төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді
беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін
ғана сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады.
Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердін ролі маңызды.
Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет
көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты. Осы орайда банктік
реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек
жүргізілмеуі керек. Сондықтан, банктік реформаның негізгі мақсатының бірі -
экономикалық жеке секторын құру және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік
көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны - банктік реформа мемлекеттік
меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығынды
несиелерден арыла алмайды, бұл қазіргі кезде көптеген мемлекеттік
кәсіпорындардын несие портфелі сапасының төмендігіне қатысты.
Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта құруға және көп
шығын шығаратын кәсіпорындарды тарату немесе қайта құруда өз үлесін
алуы керек. Бұл шығынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды
несиелеуді шектеумен катар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін
кеңейтеді. Көп шығынды кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан бөлініп және
олардың жаңадан құрылған даму банкіне берілуі арқылы қызмет көрсетілуі
қалған банктердегі нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырлануын болдырмауы
тиіс.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарылату
және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта
құруға қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру
бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және
көп шығынды кәсіпорындарға корпоративті жетек-шілікті күшейтуге қатысты
арта түсед. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың
саудасына қатысып, олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы
мүмкін, яғни жеке меншік құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын
қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді Осы мерзімде ол
шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.

2.1 1995 ж. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКТІК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі
Қазақстан Республикасының экономикасы нарыктық қатынастарға көшу
кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік
қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне
жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері,
сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекеленген буындарының
арасындағы өзара қарым-қатынаста) жүйесін қайта құру, яғни, жана құбылыстар
мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігіне
манызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың
қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, кысқа
мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және
оларды өз кезегінде макроэкономикалық реформасын жүргізуде кедергі
етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияға (қаржылық)
орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік
тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен
келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі; екінші
категория мәселелеріне банктердің "сапасыз" (мерзімі өткен) қарыздары
мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер өміршең
(несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық
ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық ресурстардың
өміршең емес кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол береді.
Бұдан басқа, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем
төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі
байқалады. 1992 жылдың I тоқсанында несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің -
11,3%-ын құраса, ал IV тоқсанда - 29,8% құрады. Бұл негізінен қайта
қаржыландыру және Ұлттық банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз
кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокоррентгік несиесімен
қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992
жылдың I тоқсанында ¥лттық банктің коммерциялық банктерге берген
несиелерінің сомасы - 6,7%-ды құраса, IV тоқсанда - 17,8%-ды
құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы
орталықтанды-рылған әкімшілдік үлестіру - өміршең емес шығынды мемлекеттік
кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын
несиелердің ягни банктердің несиелік портфелінің нащар
несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады.
Ұлттық валютаның енгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық
банктің қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі
жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін
қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың
әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпан
айында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы
жасалынды.
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған
жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі бол жанған:
- Ұлттық банктің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық
және ақшалай-несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді
аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді акқшалай-
несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық
банктің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік
береді;
- экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді
жетілдіру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық
коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың
капиталдандыру денгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын
банктер тобын қалыптастыру;
- банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету
жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы
тұрақтылығына кол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және
жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;
- республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банктің тарапынан тікелей
несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда
инфляциялық емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу;
- шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында төлемдердің қауіпсіз,
уақтылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің
сапалы қызмет ететін жаңа денгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық
төлем жүйесін дамыту;
- орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялық
емес несиелеу жүйесінің негізін қалау.
Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан, істің нақты жағдайын ескере
отырып, оны жүзеге асырды.
Ең алдымен ақша-несиелік реттеудің құралдары және әдістері дами түсті.
Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер
болды. 1995 ж. қаңтар айынан бастап директиве несиелерді беру тоқтатылды.
Орталықтандырылған көздер, есебінен берілетін несиелердің көлемі және
мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен
екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы
несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың
жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен
қамтамасыз етуге бейімделеді. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән
қызметтерге көбірек ден қойды, оларға: банктердің өтімділігін қолдап отыру
мақсатында екінші деңгейлі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы
ақша-несиелік және валюталық реттеу жатады.
1995 ж. ел экономикасын сауықтыру мақсатында макро-экономикалық реттеу
мен ақшалай-несиелік және салық бюджеттік саясатты үйлестіру ісінде
¥лттық банк пен қаржы министрлігі арасындағы қатынастары беки түсті.
Соның нәтижесінде, Қаржы кинистрлігінің өзара байланыс
практикасы жаксарды, каржылық қарым-қатынастар тәжірибесі келтірілді,
мемлекеттік қазынашылық міңдеттемелердің аукциондарын өткізу бойынша Қаржы
министрлігі агенті функцияларының атқарылуы жақсарды, бюджеттерге
кассалық қызмет көрсетуді Ұлттык банктен - Қаржы министрлігі
қазынашылығына беру жөнінде дайындық жұмыстар жүргізілді.
Экономика талаптарына сай келетін жалпы қабылданған халықаралық қағидалар
стандарттарды - тәжірибелік қызметке ендіруге көмек беретін шаралар
жиынтығын көрсететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есеп жүйесінің реформасы
бойынша күрделі жұмыс жүргізді.
1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан
Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік
қызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.
2.2 БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ РЕФОРМАЛАНУЫ
1995 жылы Қазақстан банктік жүйесін реформалау бағдарламасын жүзеге
асыру орта мерзімді бағдарламаны жасауға мүмкіндік туғызды.
Оның мақсаты мен міндеттері тұтастай алғанда, 1995 жылғы жасалған
бағдарламамен бірдей. Бірақ еліміздін орталық банк ретінде атқарған қызметі
кезінде жинақталған тәжірибесі оған экономикасы дамыған елдерге тән,
нарықтық экономикаға сай келетін ақша-несиелік саясатының құралдарын
пайдалануға көшу міндеттерін жүктеді.
Екінші денгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің
дамуы барысында мынадай қызметтер атқарады:
1. Ақша-несиелік реттеуді тереңдету. Ол үшін: банк беретін қайта
қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін
анықтау, міндетті резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы
интервенцияларды, сонымен қатар, Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы
қағаздармен де, бағалы қағаздармен де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz