ОҚО АҚ АТФБанк филиалының несиелік операциялардың есебі және бақылауы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
Ι. Несиелік операциялар есебін ұйымдастыру.
1. 1 Несиелеуді ұйымдастыру. . . . 5
1. 2 Несие беру және қайтару есебі. . . . 10
1. 3 Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі. . . . 13
1. 4 Несиелердің мониторингі. . . . 17
ΙΙ. ОҚО АҚ АТФБанк филиалының несиелік операциялардың
есебі және бақылауы.
2. 1 АТФБанктің клиенттерге ұсынылған несие түрлері. . . . 22
2. 2 АТФБанктің несиелендіру бойынша операциялардың есебі. . . . 28
2. 3 АТФБанктің клиенттерге несие беру және қайтару есебі. . . . 33
2. 4 АТФБанктің несиелік операциялардың бақылауы. . . . 39
Қорытынды . . . 49
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 51
КІРІСПЕ
Банктер несие жүйесінің негізгі буыны. Себебі банк мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамның және т. б. шаруашылық субъектілердің халықтың бос ақшасын шоғырландырып іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. операцияны жүргізеді.
Банк италян сөзінен Bank - орындық мағынада «Айырбас орнындағы -Айырбас орны» дегенді білдіреді. Егер тарихқа көңіл аударатын болсақ онда V - VІІІ ғасырда Вавилонда кездесті. XVI ғасырда капиталистік банкінің алғашқы өзара Флоренцияда және Венецияда пайда болды.
Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануда. Демек, нарықты қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістер мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизімін жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі банктік жүйесінің құрылуы 1990 жылдың желтоқсаннан басталды. Ол ҚР Жоғарғы Кеңесі қабылданған «Банк және оның қызметі» туралы заңынан бастау алады.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банктегі бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орын алды.
Шығынның, ұрлықтың, сенімді теріс пайдаланушылықтан
болатын тәуекелділіктердің алдын алу үшін, банктере тиісті ішкі банк құрылымын еңгізу қажет. Оның негізгі принципті бір аам немесе адамдар тобы барлық операцияны басынан аяғына дейін толық орындай алмайтындай етіп қызметтерді бөлуден тұрады. Сол сияқты бухгалтер де, құндылықтарға манипуляция жасайтын материялдық жауапты қызметкерлер де бухгалтерлік есепке кіріспеу керек.
Осындай және басқа себептерден, Қазақстанның көптеген банктерде ( ТұранӘлембанк, Қазкоммерцбанк және АТФБанк) банктің ішкі құрылымы шартты түре екі негізгі бөлімдерге жіктелген:
1. Фронт-офис - оның қызметінде клиенттермен және банк
серіктестіктермен келісімдерді, мәліметтерді жасау жатады.
2. Бэк-офис - оның қызметі жүзеге асырылған операцияларды
тіркеуден тұрады.
Фронт-офистің мақсаты - банкілік өнімдер мен қызметтерді сата отырып барынша көп пайда табу. Бэк-офистің мақсаты - жасалған мәмілелерді есепке алу, бақылау жасау, басшыларға мәліметтер беру. Фронт-офис пен бэк-офис бөлімшелерінің міндеттерін бөлуді әрбір банк өзі атқарады.
Қазақстан Республикасында банк жүйесі екіге бөлінген: бірінші деңгейлі банк - Қазақстан Ұлттық банкі, екінші деңгейлі банктерге - қалған коммерциялық банктер кіреді. Соның ішінде - АТФ Банк.
АТФБанктің жаңа міндеті- өз клиенттерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орната отырып, бизнестерінің сенімді өркендеуіне және жетістіктерге жетулеріне көмектесу.
Бүгінгі таңда, АТФБанк барық банктік салаларда үлкен жетістіктерге қол жеткізді және 2500 ден астам қызметкерлері бар, кең көлемде қызмет түрлерін ұсынатын және олардың саны мен ауқымын үнемі кеңейтіп отыратын қазіргі заманға сай компаниялардың ірі қаржылық тобына айналды. Соңғы екі жылдың ішінде Банк екі Қазақстандық банктің: «Казпромбанк» және «Апогей банк» акцияларының толық пакеике ие болды.
АТФБанкте 15 мыңнан астам кәсіпорын және 100 мыңнан астам жеке тұлғалар банктің қызметтерін қолдануда.
Ι. Несиелік операциялар есебін ұйымдастыру.
1. 1 Несиелеуді ұйымдастыру.
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейегі банктерінің орналастырылған қажаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келеді. Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алаы. Комерциялық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.
Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
1. Кредиторлар бойынша:
- орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;
2. Қарыз алушылар бойынша:
- қаржылық институттарға, үкіметке, бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға несиелер;
- экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т. б.
- жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру) ;
3. Банктік несиені қолдау мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға болады:
- қысқа мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;
5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:
- қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;
- сақтандырылған;
- қамтамасыз етілген: бланкті (сенімді) .
6. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.
7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті-рамбурсты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциалды, дебетті сальдоны жабу несесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, жеңілдікті, онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфейтинг.
8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айналым құралдарының жетіспеулігін толықтыру; материалдық қорлардың жиынтығын; экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-әрекетінің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат, материялдар, құралдар және басқа да мүліктер, ломбардтың кепілі-несиелік операциялары, театрлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер; күрделі салымдарды қаржыландыруға; еңбекақы төлеуге; тиімділігі жоғарғы және қайтымы тез шараларды несиелеу.
Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалды құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімі несиеге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген нисиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Қазіргі кезде осы уақытқа дейін қолданылып келген, кәсіпорындардың, ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өзі қызметін пайдаланғысы келетін несиелік ұйымды өзі таңдайды. Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банктерде ашуға құқылы.
Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақыиша ақша ресурстарында деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімдлігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттері мен несиелеріне және де банкаралық несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы «сауда» акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады.
Несиелік мәмілені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және туралы оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы қарыз алушының анкетасы қосылады. (қосымша 1) Несиелік келісімшартта (қосымша 2) міндетті түрде келесі жағдайлар анықталуы тиіс:
- несиенің мақсаты;
- берілетін несиенің жалпы сомасы;
- несиенің валютасы;
- несиені өтеу мерзімі;
- несиені өтеу әдісі;
- қамтамасыз ету;
- сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.
Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған құжат мерзімі
міндеттемелерден басқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күнделікті жауапты орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші жағында сәйкес белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер жазылады. Банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез келген несиені ұсынуда талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті. Негізгі құжаттар келесілер:
- қарыз алушы қол қойған, несиені пайдалану мақсаты көрсетілген және баланстық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш; (қосымша 3)
- егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттардың көшірмесі;
- қарыз алушы атынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны растайтын құжат;
- жасалған несиелік шарттың түпнұсқасы;
- клиенттің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық компанияның қорытындысы;
- егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы, жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы аңықтама;
- несиенің пайдалануы мақсатын растайтын құжат; (қосымша 4)
- заңды тұлғаның бизнес-жосапры;
- несие беру кезінде бюджеттік есем қорларға салық және аударымдар бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;
- басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер.
Егер ұсынылған несие жылжымайтын мүлік түрінде кепілмен қамтамасыз етілсе, онда несиелік құжаттама бойынша қосымша құжаттарға келесілер кіреді:
- мемлекеттік тіркеуден өткен ипотека және кепіл шартының түп-нұсқаны;
- кепілге қойылған мүліктік алу нарықтық құнын бекітетін және дәлелдейтін бағалау құжаты;
- егер несие осы мүлікті алу үшін берілсе, онда кепіл мүлікінің сатып алу бағасын бекітетін құжат.
Қарыз алушының анкетасы
1-Басшы:
Кәсіпорындағы меншік пайыздары (егер бар болса) :
Туылған күні және жері:
Төлқұжат №___сериясы: берілген күні мен орны:
Мекен-жайы: тіркелген жері:
Нақты түрде үй телефоны:
Бұрынғы жұмыс орны:
Мекен-жайы:
Білімі:
(оқу орны, факультет, қашан және қай жерде бітірген)
2-Басшы:
Кәсіпорындағы меншік пайыздары (егер бар болса) :
Туылған күні және жері:
Төлқұжат №___сериясы: берілген күні мен орны:
Мекен-жайы: тіркелген жері:
Нақты түрде үй телефоны:
Бұрынғы жұмыс орны:
Мекен-жайы:
Білімі:
(оқу орны, факультет, қашан және кай жерде бітірген)
Бас бухгалтер:
Кәсіпорындағы меншік пайыздары (егер бар болса) :
Туылған күні және жері:
Төлқұжат №___сериясы: берілген күні мен орны:
Мекен-жайы: тіркелген жері:
Нақты түрде үй телефоны:
Бұрынғы жұмыс орны:
Мекен-жайы:
Білімі:
(оку орны, факультет, қашан және қай жерде бітірген)
Меншік иелері (басшылардан басқа, аты-жөні, түратын жері) меншік
пайыздары.
1.
2.
3.
4.
Басқалар:
Қосымша 1
Несиелік келісімшарт №
Алматы қ.
Акционерлік банк «», ары қарай «Банк»
Жарғының, ереженің және «» № сенімхаттың
негізінде әрекет етуші басшы тұлғасында
бір жағынан және ары қарай «Қарыз алушы»,
Жарғының негізінде әрекет етуші тұлғасында
екінші жағынан төмендегі келісімшартты бекітті.
1. Келісімшарт мәні
1. 1. Банк Қарыз алушыға сомасы теңге, мерзімі
бастапдейін несие ұсынады.
1. 2. Несиені пайдаланғаны үшін Қарыз алушы банкке %
жылдық пайыз төлеуге міндеттеме алады.
1. 3. Несиелік ресурстарды қалыптастыру шарттары заң шығарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР Үлттық банк шешімдеріне байланысты өзгерген жағдайда, Банк пайыздық мөлшерлеме мен несиелік келісімшарт бойынша өсімді біржақты өзгертуге құқылы, ол туралы Қарыз алушыға хабар береді, қарыз алушы жаңа шарттарды қабылдауға немесе қарызды нақты пайдаланған уақытқа пайыз төлей отырып алдын ала өтеуге міндеттеме алады. Қарыз алушы хабар алғаннан кейін үш күн ішінде өзінің шешімі жөнінде Банкке хабарлайды.
1. 4. Несие келесідей мақсаттарға берілді:
1. 5. Қарыз алушы несиені мақсаты бойынша осы келісімнің барлық шарттарын орындай отырып, тиімді пайдалануға міндеттеме алады.
2. Несиелеу шарттары
2. 1. Банк несие беруді, тауар-материалдық құндылықтар мен көр-сетілген қызметтері үшін алынған есеп-айырысу құжаттарын, тиянақты түрде тексергеннен кейін төлемдерді аудару арқылы жүзеге асырады.
2. 2. Қарыз алушы несиені өтеуді келісімшарттың 1. 1. бөлімінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады.
2. 3. Несиені пайдаланғаны үшін пайыздарды төлеу келесідей мерзім-дерде жүзеге асырылады:
Қосымша 2
2. 4. Берілген несиені камтамасыз ету үшін, Қарыз алушы өзіне тиесілі, оның кепілдік берушісіне немесе кепілгеріне тиесілі мүлікті, осы келісімшартқа тіркелген кепілдік хатына болмаса ұйымның
(келісімшарттың және кепілдік хаттың нөмірі, күні) сәйкес Банкке ұсынады.
3. Екі жақтың құқықтары мен міндеттемелері
3. 1. Қарыз алушы несие мен төлентін пайызды өтеуді қамтамасыз ете алмаса, Банкке, Қарыз алушыдан кепілдікке алынған мүлікті өз бетімен сатып өткізуге, сол сияқты өтелмеген несие, оның пайдаланғаны үшін төленетін пайыз, несие мен пайызды өз уақытылы кайтармағаны үшін өсім сомаларын қарыз алушының немесе гаранттық есеп-айырысу шотынан сөзсіз аударып алуға кұқық береді.
3. 2. Қарыз алушы Банкке келесідей кұжаттарды ұсынуы керек:
- тоқсандық бухгалтерлік баланс және статистикалық есептілік;
- есептемелер және несиеге деген мұқтаждықты анықтау, несиені
қамтамасыз ету мен мақсатты пайдалануын тексеруі үшін
қажетті басқа да құжаттар;
- кепілдікке салынған мүлікке деген меншік құқығын, шаруа-шылық жүргізу және оперативті басқару құқықтарын растайтын құжаттардың түп нүсқасы.
3. 3. Егер де қарыз алушы есептілік өндіріс табыстар, несиені қамта-масыз ету жөнінде анық емес жалған мәліметтер берген болса, сол сияқты бухгалтерлік есебі дүрыс жүргізілмесе және несие алынған максатында пайдаланылмаса, Банк қарыз алушыны несиелеуді, есеп - айырысу кассалық қызмет көрсетуді тоқтатуға, одан несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
3. 4. Банк, кепілдікке салынған тауарлы - материалдық және басқа құндылықтардың түгелдігі мен сақталу шарттарын тұрған жеріне барып тексеруге, егер де ондай тексеруге рұқсат етілмесе келісімшартты бұзуға және несиені мерзімінен бұрын өндіріп алуға құқылы.
3. 5. Қарыз алушы төлемге қабілетсіз болса және қызметінен зиян шегетін болса, Банк Арбитражды соттын алдына оны банкрот деп танып, кредиторлардың мүдделерін белгіленген тәртіппен қамтамасыз ете отырып жою мәселесін қоюға құқылы.
4. Екі жақтың жауапкершілігі
4. 1. Қарыз алушы несиенің төлеу мерзімі өтіп кеткен әрбір күні үшін өтелмеген несиенің сомасынан % мөлшерінде Банкке өсім төлейді.
Қосымша 2-нің жалғасы
4. 2. Қарыз алушы несиені пайдаланғаны үшін төленетін бойынша төлеу мерзімі өтіп кеткен әрбір күн үшін, төлеі сомадан % мөлшерінде Банкке өсім төлейді .
4. 3. Осы келісімшартты орындау барысында пайда болатын кеі шіліктер мен дауларды, екі жақ өзара тиімді шешім қаб мақсатында алдын ала қарастырады.
4. 4. Реттелінбейтін даулар Арбитражды соттың қарауына жіберілді.
5. Басқа да жағдайлар
5. 1. Келісімшартты өзгерту, бұзу мерзімін ұзарту екі жақтың келісімі бойынша қосымша ресімделеді.
5. 2. Осы келісімшарттағы қарастырылған шарттармен қатар, орындау барысында, екі жақ іс жүзіндегі заңдылықтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық банк нұсқауларын б лыққа алады.
5. 3. Келісімшарттың әрекет ету мерзімі Банктің шотынан қаржы аударған күннен басталып, несиелік ресурстарды пайдала үшін төленетін пайыздар мен есептелген өсімді қоса есептег несиелік борыштарды өтеу сәтімен аяқталады.
Осы Келісімшарт әрқайсысының заңды күші бірдей екі данадан құрастырылған бірінші данасы Банкте қалады, екінші данасы алушыға беріледі.
6. Екі жақтың занды мекен-жайы
Банк Қарыз алушы
Қосымша 2-нің жалғасы
Қосымша 3
Сыртқы беті
Келесідей мерзімге
көлемінде қарыз беремін
МЕМОРИАЛДЫҚ
ОРДЕР №
Берілген несиеден аудару керек:
а) № несиелік шот бойынша берешектерді өтеу.
ә) мерзімі өтіп кеткен несиелерді өтеу
б) осы күнгі мерзімі өтіп кеткен несиелерді өтеу
в) №2 және 1 картотекадағы құжаттарды төлеу
г) есеп айырысу шоты
д)
«» 200ж.
Бөлім меңгерушісі
Банк өткізді
«» 200ж.
Қолы
Қосымша 3-тің жалғасы
(банк атауы)
БАНКІНІҢ БАСҚАРМА
ТӨРАҒАСЫ «»
ӨТІНІШ №
Қарыз алушының атауы
Ұйымдық мәртебесі
Заңды мекен-жайы
Құжаттарды қарастыруыңызды сұраймыз
(жаңа несие, кепілдік беруге)
Қажетті сома және мерзім
(валюта түрін санмен жане жазбаша көрсете отырып)
Мақсаты
Қамтамасыз ету үшін банкке ұсынамыз
(кепілдік, кепілзат)
Несиелеу жөніндегі іс жүзіндегі нұсқаулықтарға бағынуға және құжаттарды ресімдеу бойынша комиссиялық шығындарды төлеуге міндеттеме аламыз.
Кәсіпорын басшысы
Бас бухгалтер
Мөр орны
Банк толтырады
№несиелік іс
Қосымша 4
Несиелік құжаттамаға жылжымалы мүлік кепілінің нысанында қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жағдайында ұсынылғаннан басқа, кепіл шарты, кепіл заты туралы ақпарат және олардың құнын анықтау әдісі ұсынылады.
Егер қарыз алушы несиені құрылыс саласында қолданылатын болса, онда құжаттамаға жоспарланған жұмыс бойынша жобаланған сметалық құжат және тексеру есептері немесе жұмыстың орындалуын бекітетін қарыз алушының қабылдау - өткізу актісі қосылады.
Несие бойынша міндеттемелерді орынау кепілмен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етілген, несиелік құжаттамаға мынадай қосымша құжаттар тігіледі:
- кепіл және кепілгерлік шарты;
- кепіл берушінің немесе кепілгердің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық ұйымның қорытындысы;
- кепіл беруші атынан кепілдік шартқа немесе кепілгер атынан кепілдеме шартына қол қоюға құзыреті бар тұлғалар өкілеттігін дәлелдейтін құжаттар;
- несие беру алдындағы соңғы есепті кезеңнің қаржылық есебі.
Несиелеу үрдісіндегі маңызды кезең - ұсынылған несиеге кеткен
қаражат шығындарына бақылау жасау. Банктің кәсіпорынның қаржылық жағдайына бақылауды күшейтуі белгілі бір күдік туған кезде жүргізіледі.
Несиені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін қарыз сомасы қарыз алушының есеп айырысу шотынан сызылады. Несие мемориалды ордер ретінде қолданылатын мерзімі міндеттемелер негізінде өтіледі. Төлеушінің қаражаты болмаған кезде қарыз сомасы мерзімі өткен несие шотына жатқызылады. Кей жағдайларда несие шотына жатқызылады. Кей жағдайларда несиені өтеу фактісі келгенге дейін мерзімі ұзартылады.
Заңды және жеке тұлғаларға несие өндіріс тиімділігін жоғарылату, жаңа, тиімділігі жоғары өнім түрлерін шығаруды ынталандыру, халыққа әр түрлі қызмет көрсету және т. б. мақсаттарда беріледі.
Әрбір банктің ішкі несиелік саясаты туралы ережесі болады. Оның негізгі мақсаты жұмысшылардың банк белгілеген талаптарын және несиелеу тәртібін орындау арқылы несиелік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі тәуекелді төмендету болып табылады.
Несиелер мыналар есебінен беріледі:
- жеке және заңды тұлғалардың депозиттік және басқа шоттарында тарында тартылған қаражаттары және меншікті қаражаттары қосылатын банктің меншікті әлуеті;
- шетелдік несиелік желілерден, банкаралық несиелік нарықта алынатын несиелік қарыз ресурстары.
Несие мынадай несиеқабілеттіліктің негізгі критерийлеріне сай келетін
қарыз алушыларға ұсынылады:
- жоғары пайда нормасында қаржылығы тұрақты, барлық қаражаттың 30% көлемінде меншікті капиталмен қамтамасыз етілген, айналымдағы дебиторлық қарызы қысқа мерзімді;
- қарыз алушының беделі;
- шығарылатын өнімінің бағасы, өткізілуіне келіп жататын ұсыныстар, ұсынылатын қызмет сипаты;
- экономикалық конъюнктурасы (бизнестің даму перспективасы, капитал салу көздерінің, бизнес жоспарының болуы) .
1. 2 Несие беру және қайтару есебі.
Несие бөлу туралы несиелік комитеттің шешімі негізінде несие бөлімі заң бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімін дайындайды. Несиелік бөлім қажетті қолдарды жинап, оны мөрімен куәландырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz