Ағынды суларды аэрациялау туралы ақпарат


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: «Ағынды суларды аэрациялау»

Орындаған: Ашкенова З. Н.

Тексерген: Кабденова А. Т

Семей қ. 2015 ж

Мазмұны

Кіріспе

  1. Негізгі бөлімАғынды суларды тазалау әдістері

1. 2 Ағынды суларды аэробты тазалау

1. 3 Ағынды суларды аэрациялау.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Ағынды су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы баска ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әркетінде пайдаланылғаннан кейін шыкқан су.

Ағынды су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға: шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.

Ағынды судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік (физиологиялық қоқыстармен ластанған) ластанған және шаруашылық (раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түсетін) ластанған болып ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериалар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялык қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су ластанған және нормативті таза (тазалаудан өткізіп қайта пайдалануға жататын) болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді [1] .

  1. Ағынды суларды тазалау әдістері

Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялық, химиялық, биологиялық және түйдектелген әдістер жатады (1-ші сурет) .

Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды, електерді, гидроциклондарды, т. б. ) қолданып, ал беттік ластағыштарды - мұнайұстағыш, май мен смола аулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды.

10-сурет. Өнеркәсіп ақаба суларын тазалайтын әдістердің топтастырылуы.

Сонғы кезде ақаба суды май тәрізді заттардан тазалауға жиі пайдаланылып жүрген материалға май сіңіргіштік қабілеті жоғары пенополиуретан жатады.

Ағынды судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар (алап немесе құйғын) пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ақаба сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде бөлінеді. Арналу мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады. Құрылымына байланысты олар горизонталдық, вертикалдық, радикалдық және диагоналдық болып сараланады. Вертикалдық және диагоналдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 10-15 мың текше метрге дейінгі, ал горизонталдық 10-15 мың текше метр, радиалдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады [1] .

Ағыны суды 0, 08-0, 3 м/с жылжу жылдамдықпен құмұстағыш арқылы өткізіп, оның құрамындағы ерімейтін құм, қақ тәріздіауыр қоспалардан ажыратуға болады. Кейбір құмұстағыш, үлгілерімен құм 80%-ке дейін ұсталып қалады. Құмұстағыштардың тиімділігін арттыру мақсатында оның құм құйылатын қорабына гидроциклонды қабыстырады.

Гидроциклондарды пайдаланып, сыртқа тепкіш күш көмегімен ақаба суларды өте ірі дисперсиялық қоспалардан тазалауға болады. Көбіне бұл қондырғылар тығыздығы 1, 2 г/см3 жоғары ағындыларды ірілігі 0, 15 мм үстіндегі бөлшектерден тазалауға бағытталған.

Коммуналдық шаруашылықтан шыққан сұйық қалдықтарды механикалық әдісті қолдану арқылы ерімейтін қоспалардың 60%-тей мөлшерінен тазалауға болады, ал кейбір өндірістік сулар бұл әдіспен 95%-ке дейін тазаланады.

Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялык қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агентгерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.

Нейтралдау процесін кұрамында қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мағынасын 6, 5 - 8, 5 аралыққа келтіру мақсатында қолданады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Бұл әдіспен, әдетте, құрамында әр түрлі минералды қышқылдары бар ақаба сулары тазаланады. Сілтілі суларды нейтралдау мақсатында құрамында СО2, SO2, NО2 оксидтері бар түтінді газдарды жіберу әдісі меңгерілуде, бұл жағдайдың қолайлылығы екінші жағынан газды тастандылардың құрамындағы зиянны заттардан құтылу мәселесі де шешіледі.

Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды (цианидтерді, мышьяктің еритін қосылыстарын және т. б. ) басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалау үшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйылтылған хлор, ауа оттегі, озон, гипохлорит, сутек тотығы, калий перманганаты және басқа реагенттер пайдаланылады.

Озондау ақаба суын мұнай өнімдерінен, фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары. Сонымен бірге суды озондағанда оның жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жойылып, залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар, біріншіден, озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегінен электр тоғын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады. Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің, соның ішінде мутагендер мен канцерогендер (мыс, диоксиннің) түзілуіне апарып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына озондау әдісінің қолданылғаны қолайлы [2] .

1. 2 Ағынды суларды аэробты тазалау

Тұрмыс және өнеркәсіп қалдықтарымен ластанған суларды тазартудың биологиялық әдістері 90 жылдан аса қолданылып келеді. Биологиялық әдістердің көптеген химиялық және физикалық-химиялық әдістердің алдындағы артықшылығы органикалық материалдың толықтай минералдануы болып табылады. Ағынды суларды тазартудың ең қарапайым тәсілі филтрация және суландыру алаңдарында тазартудың топырақ әдістерін пайдаланудан тұрады.

Ағынды суларды топырақпен тазарту қондырғыларын қуаты бойынша есептік өткізу қабілеті тиісінше 0, 5-25, 25-700, 1400-1, 17000-8 және 1-28 м 3 / тәу. Болатын жергілікті, шағын, кенттік, қалалық және аудандық деп бөледі.

Жергілікті қондырғылардың көптеген түр тармақтары бар: жерастынан суландыру алаңқайлары (ЖСА), жерастынан филтрациялау алаңқайлары (ЖФА), фиьтрациялайтын құдықтар (ФҚ), грунттың табиғи немесе жасанды қабаты бар фильтрациялайтын траншеялар (ФТ) және құмды- қиыршықтарсы филтрлер (КҚФ) . Шағын және кенттік қондырғылар (ЖСА), жерастынан суландырудың немесе жерсатынан фильтрациялаудың шағын алаңқайлары болуы мүмкін. Ең ірі қондырғылар болып коммуналды суландыру алаңдары (КСА) егін шаруашылығының суландыру алаңдары (ЕШСА) және жер үстіндегі филтрация алаңдары табылады.

Суландыру жүйелерінің бірнеше түрлері қолданылады: тұтастай суару, атыздаржәне жолақтар бойынша суару, жаңбырлату және топырақ астынан суландыру. Суландырудың барлық тәсілдерінің ішінен топырақ астынан суландыру эпидемиологиялық, санитарлық-гигиеналық, агроэкономикалық, эстетикалық талаптарды және су шаруашылығының талаптарын ең жақсы қанағаттандырады деп санайды.

Өткізу қабілеті бойынша өндірістік төгінді суларды тазарту үшін, сірә, кенттік (1, 4-10 мың м 3 /тәу) және қалалық (17-80 мың м 3 / тәу) типтегі қондырғылар бәрінен жақсы келеді. Сондықтан жер үстіндегі филтрация алаңдары, сонымен қатар комуналды және егін шаруашылығы суландыру алаңдары ең қызықты болып келеді.

Фильтрация алаңдары дұрысы жеңіл құмды топырақтары бар, жақсы дренаждалған учаскелер болып келеді. Осындай алаңдарға бұрылған төгінді сұйықтық грунт арқылы баяу сүзіледі. Бұл кезде судан асылып тұрған заттар бөлінеді және микробтардың тіршілік әрекеті есебінен органикалық қосылыстардың ыдырауы жүреді. Филтрация алаңдары тек төгінді суларды тазартуға ғана арналған.

Суландыру егістіктері жылдың белгілі бір бөлігінде ластанған суды сүзіп, тыңайтатын заттарды жинайтындығымен, ал одан кейін онда егістік, көкөніс және өзге дақылдар егілетіндігімен ерекшеленеді. Олардың өткізу қабілеті төгінді сұйықтық үшін төменірек, алайда осындай тыңайтылған учаскелерден жақсы түсім алу қолдан келіп отырады. Сапрофиттермен қатар, төгінді суларды тазарту кезінде топыраққа ауру тудыратын және факультативті патогенді формалар келіп түсуі мүмкін. Бұл тұрғыдан фильтрация алаңдары халық үшін эпидемиологиялық қатер болып табылады. Осы себеппен егістіктерде тамаққа шикідей пайдаланылатын ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге тыйым салынады. Тағы бір кемшілігі ақуыз заттарының микробтық ыдырауы кезіндегі тазарту қондырғылары аудандағы жағымсыз шіріген иіс болып табылады.

Филтрация және суландыру алаңдарында төгінділерді тазартуды топырақ биотасымен көрсетілген микрофлора мен микрофауна іске асырады. Төгінді сулармен фильтрация алаңдарына келіп түсетін бактериялардың бір бөлігін өзінің адсорбциялаушы және сүзетін қасиеттерінің арқасында топырақтың жоғары қабаты ұстап қалады. Топырақ кесектерінде түзілетін биоқабықтың қосынды беткейі 1 м 2 топыраққа 50 тыс м 2 жуық шаманы құрайды. Алайда ауадан оттегінің диффузиясының қиындығына байланысты, мұндай биоқабық шектеулі өнімділікке ие. Төгінді суларды фильтрация алаңдарында тазарту кезінде айтарлықтай рөлді осылардың саны әдеттегі топырақтағыға қарағанда 100 есе көп нитрификациялаушы бактериялар ойнайды. Суландыру алаңдарында биоценоздың құрамына бактериялар ойнайды. Суландыру алаңдарында биоценоздың құрамына сонымен қатар топырақтан биогенді элементтерді кетіретін, тамырлары ризосфералық микрофлораның дамуына ықпал ететін жоғары өсімдіктер де кіреді.

Тұнбаларды өңдеу метантенктерде жүзеге асырылады. Су алаңдардан дренаж жүйесі арқылы әкетіледі. Ағынды суару үшін тек белгілі кезеңде ғана пайдалануға болатындықтан, қазіргі таңда келешегінен көбірек үміт күттіретін болып биологиялық тазартылған суды ішінара суландыру үшін пайдаланатын жүйе саналады.

Биологиялық тоғандар-осыларды төгінді суларды тазарту үшін табиғи үдерістер пайдаланылатын, жасанды түрде жасалған су тоғандары. Биологиялық тоғандар биологиялық тазартудан өткен төгінділерді тазарту үшін де, тазартып біту үшін де қолданылуы мүмкін. Биологиялық тоғандардың осы соңғы міндеті басым таралып отыр.

Табиғи және жасанды аэрациясы бар тоғандарды айырып таниды. Шетел әдебиеттерінде тоғандардың осы екі түр тармағы тиісінше аэробты-анаэробты лагуналар, сондай-ақ факультативті және анаэробты лагуналар деп атайды.

Тоғандарда тотықтыру үдерістері жазғы уақытта ең тиімді өтеді, онымен қоймай, жазғы уақытта тоғннан шыққан суда патогенді микрофлора болмайды. Патогенді микрофлораға бактерицидтік әсерге бірқатар бір жасушалы балдырдардың және жоғарғы су өсімдіктерінің метаболиттері ие деп шамалайды. Осыған байланысты тоғандарда тазартылған су көбінесе жылдың қысқы мезгілінде қажет болады. Судың жақсырақ қызуы, оның жарықтануы және аэрациясы үшін табиғи аэрациясы бар тоғандарды терең емес қылып жасайды механикалық аэроаторлар бар болған кезде, тоғанның түбін шайылып кетуден сақтандыру үшін, тереңдікті үш метрге дейін көбейтеді. Жасанды аэрациясы бар тоғандарды бірнеше параллель каскадтардан жасайды; тоғандардың алдында тұндыру секцияларын бөлу және оларды тазартуды ойластыру ұсынылады.

1. 3 Ағынды суларды аэрациялау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағынды суларды аэрациялау жайлы
Ағынды суларды аэрациялау
Қызылорда қаласының төгінді суларын биологиялық жолмен тазартуды жақсарту
Суды тазалаудың жаңа технологиялары
Ақаба суларды тазалау əдістері
Ағынды сулар
Ағынды суларды алдын ала тазарту Араластыру реакторлары
Табиғи ресурстардың классификациясы.Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері
Тұрмыстық ақаба суларды тазарту
Алматы қаласының Есентай өзені суының химиялық құрамын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz