Стресс туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
БӨЖ
Тақырыбы: Стресс
Орындаған: Махметов Н. М
Тобы: ВС-303
Тексерген: Нуркенова М. К.
Семей 2015ж
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Стресстің жіктелуі.
2. 2 Стресстың кезеңдері.
2. 3 Адаптациялық синдром.
2. 4 Эмоциялық стресс.
2. 5 Хроникалық стресс.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Стресс - организмның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Ол сондай-ақ денеге және ақыл-ойға тез және жауапты шешімді талап ететін көп салмақ түскенде, дау-жанжал т. б кезінде туындайды. Стресс кезінде орын алатын денедегі өзгерістер мен уайым диапазоны өте үлкен. Әлсіз стресс немесе оның бастапқы көрінісі кезінде адам жинақылынады, оның психологиялық процесстері жұмылып, деңгейі жоғарлайды. Ұзақ немесе қатты стресс ағза жұмысын қамтамасыз ететін қызметтердің ұйымдасуын бұзады немесе олар азып-тозып, қызмет етуден қалады.
Бұл ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы. Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз. Болмашы стресстің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс ағза тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стресстің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.
Стрессорлық жағдай бірқатар клиникалық, морфологиялық, гематологиялық өзгерістермен сипатталады. Онда болатын негізгі өзгерістер: малдың халінің нашарлауы, әлсіреуі, тершеңдік, дене қызуының төмендеуі, қан қысымының жоғарлауы, бұлшық еттерінің жирылуының нашарлауы; жүрек, ми, қан тамырлары, ас қорыту жүйелерінің қызметтерінің бұзылуы; тимус, көкбауыр, лимфа бездерінің өлі еттенуі; асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарының қанталауы; қандағы эозинофилдер мен лимфоциттердің, бүйрек бездері мен гипоталамустың гормондарының азаюы байқалады. Аса бір ерекше, күшті тітіркендіргіштің әсерінен организмдегі гомеостаз - тұрақтылық процесі өзгереді. Ол өзгерістің ұзақтығы мен тереңдігі стрессордың күшіне байланысты. Стресс туралы ілім - Ганс Сельемен негізі құралған қазіргі медицинаның ең басты бөлімдерінің бірі. Ганс Селье 1926 жылы әр түрлі өзін нашар сезінумен зардап шегетін аурулар туралы алғашқы бақылауын жазды. Бұндай аурулардың бәрінде тәбеттің болмауы, бұлшық ет әлсіздігі, артериялық қысымның жоғарлауы, жетістікке талпынудың жоғалуы сияқты өзгерістер байқалады. Ол оны «жай ауру синдромы» сияқты белгіледі. Ол көптеген ағзасында ауырған кезде біртекті байқалатынын көрсетті: бүйрек үсті безінің қыртысындағы өзгеріс (гипертрофия), лимфоидты тіннің құлдырауы (лимфатикалық түйіндер және айырша без), асқазанның жаралануы. Ағза ішіндегі барлық мұндай өзгерістердің жиынтығын сипаттау үшін ол «күйзеліс» түсінігін енгізді. Осыдан кейін ол ұзақ жылдар бойы зерттеу медициналық және хирургия институтында және кейіннен стресстің халықаралық институты болған Монреальда жұмыс істеді. 1936 жылы Г. Селье өзінің стерсс туралы түсінігін құрастырған кішене стаьясын жазды және бір мезгілде (Әр түрлі зақымдаушы себеппен шақырылатын стресс» және «Жалпы бейімделу синдромы» және «биологиялық стресс синдромы» деген жаңа ұғымдарын енгізді. Шамамен Г. Селье бүкіл ағзаға қатысты стресс концепциясын құрған кездері, 1934 жылы ҚССР-да Насосов Д. Н. бірінші рет тірі клетканың құрамы айналадағы қоршаған ортаның кез келген өзгерістеріне біртекті сезімтал екендігін көрсетті. Өзгеріс ең басты келесе түрде өтті: цитоплазманың тұтқырлығы өсті, оның диперсиясы азайды, сутегі иондарының концентрациясы жоғарлады. Бұл көрініс «паранекроз» деп аталады. Д. Н. Насосовтың жолын қуушы, Александров В. Я. 1965 жылы зақымданудың денатурациялық теориясын ұсынды. Одан кейінірек Тагеева С. В. кез келген клетканың органелласы сыртқы орта әсерлеріне біркелкі морфологиялық және қызметтік өзгерістер комплексімен жауап беретінін көрсетті. Сондықтан стресстің организм деңгейіндегі концепциясы Г. Сельенікі болса, клеткалық деңгейдегі (клеткалық бейімделу) бейспецификалық жауап теориясы Кеңес Одағында дамыды деп айтсақ шындық болып саналады. Г. Селье бойынша стресс анықтамасы былай: стресс бұл кез келген сыртқы талаптарға ағзаның бейспецификалық реакциясы.
Стресстің жіктелуі
Жалпы стресстің біртұтас алынған жіктелуі жоқ. Малдәрігерлерінің тәжірибесінде оның себептеріне байланысты жіктеуді қолданған дұрыс сияқты. Ол бойынша:
- транспортты-тасымалдау;
- технологиялық - малды күтіп-бағу; ауырсынғандық; ауа райына байланысты;
- вакцина жасауға байланысты;
- температураға байланысты;
- малдың қозғалмай, бір орнында тұрып қалуына байланысты; жылқы, ит, маймылдарда көңіл-күйге (эмоционалды) байланысты т. б. түрлерін ажыратуға болады.
1. Транспорттық-тасымалдау стрессі . Малдарды тасымалдау кезіндегі ережелерді бұзудан болатын стресс. Бірнеше стрессорлар әсер етеді: мал таситын көлікті дұрыс дайындамау; жаңадан әкелінген малдарды бірінші күндері дұрыс күтпеу; ауа райының, температураның өзгеруі; т. б. қосымша әсерлер ретінде көп малды тығыз күйінде тасымалдау. Мұндай стресс асыл тұқымды, буаз малдарда, бұзауларда кездеседі. Малдарды ыстық күні, ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда тасымалдағанда жиі кездеседі. Су уақытында берілмей, рацион дұрыс болмағанда, әсіресе онда: кальций, магний аз, калий көп болғанда; арық малдарды тасымалдағанда; бұзауларды стресске қарсы дәрі беріп дайындамағанда да пайда болады.
Организмнің резистенттілігі нашарлап бұзаулар өкпе, ас қорыту жүйесінің ауруларына шалдыққыш келеді.
Емі. Шаруашылықта ұйымдастыру, санитарлық мәселелерді дұрыстап шешу керек.
Организмнің табиғи резистенттілігін арттыратын, қозу процесін төмендететін дәрілерді қолданады (димедрол, хлоралгидрат, валериана тұнбасы) . Нейролептиктер ретінде аминазин, стресснил жақсы әсер етеді. Бұзауларға еттің ішіне тасымалдауға дейін 30-40 минут қалғанда, тасымалдау қашықтығына байланысты, аминазинді 0, 5-2 мг/кг; стресснилді 1-2 мг/кг мөлшерінде жібереді. Егер бұл дәрілерді ауыз қуысы арқылы берсе, онда мөлшерін 2-2, 5 есе өсіреді.
Малдың резистенттілік қабілетін жоғарлату үшін элеутерококктың сығындысын тасымалдауға дейін және одан кейін сүтке араластырып күніне 1 рет 10-14 күндей, 0, 1 мл/кг мөлшерінде беруге болады.
Энергияны толықтыру үшін бұзауларға 2, 5 г/кг мөлшерінде глюкоза ертіндісін ішкізеді. А, Д2, Е витаминдерін жіберуге болады. Стресске қарсы ТВАГ (транквизин, витамин, аминазин, глюкоза) және АнВАГ (антибиотик, витамин, аминазин, глюкоза) препараттары бар. Бұл препараттарды ауруды емдеу және олардан сақтандыру ретінде арнайы нұсқаулар бойынша қолданады.
Стресстің белгілеріне қарсы күрес: венаға кальций хлоридін, күкірт қышқыл магнийді, глюкозаға кофеин қосып, оймақ гүл, кордиамин, лобелин препараттарын жібереді. Өкпе ісінгенде қан ағызып, венаға хлорлы кальций ертіндісін құяды.
2. Технологиялық стресс . Малдарды күтіп-бағуда жіберілетін кемшіліктерден туындайтын стресс. Оған жататындар:
- малдардың жиі-жиі орнын ауыстырып, жиі-жиі жаңа топтарға бөлу;
- төлдерді енелерінен ерте айыру;
- малдарды байлап, қозғалыссыз ұстау - адинамия;
- кенеттен жаңа күту әдістеріне ауыстыру.
Көбінесе стресс бірнеше факторлар қатарынан әсер еткенде пайда болады. Ауру малдардың өнімі азаяды, өнімінің сапасы төмендейді. Өсіп-өнуден қалады. Клиникалық белгілері, әсіресе шошқаларда, қамдану сатысында-ақ біліне бастайды. Ауруды емдеу әдістері алдыңғы ауруды емдеу әдістеріндей. Әсіресе сақтандыру шараларына көп көңіл бөлген жөн.
3. Эмоционалды стресс. Малдарға қатты ауырту арқылы әсер еткенде, олардың көңіл-күйінің өзгеруімен сипатталатын стресс. Нерв жүйесі тез қозатын спорт аттарының, декоративті иттердің, зоопарк және цирк малдарының арасында кездеседі. Дайындықсыз, дұрыс ұйымдастырылмаған малдәрігерлік істер: қан алу, мүйізсіздендіру, пішу, өлшеу, косметикалық операциялар (құлаққа, құйрыққа т. б. ) жасау стресс жағдайын туғызуы мүмкін.
Стрессті тудыратын әсерлерге қарай:
- физиологиялық стресс
- психологиялық стресс деп екіге бөледі.
Стресстің кезеңдері
Стресс үш кезеңнен тұрады:
- үрейлену- жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
- төзімділік- жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
- әлсіреу- бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стресстің көпке созылған ауыр түрі ағзаны жүдетіп, қайғыға батырады.
Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стресстің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стрессті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стрессті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стресстің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стресстің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стресске қарсы тұру төзімділігін арттырады.
Бұл биологиялық жағдайлардың барлығын жеңу үшін айналаны қоршаған ортаның жаңа жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің деңгейін (резистенттігін) жоғары деңгейге жеткізу керек. Күйзелістік (стресстік) әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды, сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін арттырады. Бұлардың неше түрлі үрдістерін туғызатын гормондар бар. Олар адреналин мен норадреналин. Бұған ағзадағы (мидағы) гипофиз қосылады да өте үлкен физиологиялық-биохимиялық үрдістердің жүруіне әкеп соғады. Бүйрек бездерінің глюкокортикоидты гормондарының бөлінуін арттырып ағзаға күйзеліс (стресс) тудырады. Жанды әсер созылып кетсе, ағза әлсіреп кетеді. Адреналиннің концентрациясы мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұл ағзаны әбден әлсіретеді. Ұзақ уақытқа стресс созылса ағзаға тіпті жаман өзгерістер әкеледі. Адамның көңіл-күйі тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы биологиялық көрсеткіш емес. Егер күйзеліс жиі-жиі болып тұрса, онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық үрдістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.
1950 - 970 жылдары өсімдіктер физиологиясын да стресс, жануар физиологиясында психиологиялық стресс деген биологиялық терминдер пайда бола бастады. Өмірге, тұрмыс игілігіне, стресс әлеуметтік қоғамдағы орнына, адамгершілігіне, өзіне деген биологиялық ерекшелігіне күмәндік сезім тудыратын оқиғалар пеихологиялық стресстің себепкері болып саналады. Адамзат баласы өзін-өзі тәрбиелеудің, танымдық сезімін күшейтудің нәтижесінде танымдық қызығушылығы артып, ауыр стресс тудыратын факторларды болдырмай, ал ол бола қалған жағдайларда олардан тез арада шығып кетіп отырады.
Адаптациялық синдром
Организмге стресстер әсер еткенде онда жалпы адаптациялық синдром пайда болады (ЖАС) . Оны 3 сатыға бөлуге болады:
- Қамдану сатысы2 күнге созылуы мүмкін. Ол үшін организмдегі глюкоза мен гликогеннің ыдырауынан туындайтын энергия қоры пайдаланылады. Орталық нерв жүйесі, эндокрин механизмі, симпатикалық жүйе белсенді түрде болып, жүректің, қан тамырларының, бүйрек бездерінің (катехоламиндер, адреналин, норадреналин босап гликогенді пайдаланады) жұмыстарын жақсартады. Гипофиздің гормондары бөлініп, қандағы глюкозаның деңгейін арттырады. Бұл сатыда организмдегі өзгерістерді физиологиялық қалыптылыққа келтіруге болады.
- Резистенттік-адаптациялық сатысыбірнеше жұмаға созылады. Жүйке жүйесі мен гуморалды реакция; клиникалық, биохимиялық көрсеткіштер қалыптасады. Организмнің стрессорға қарсы тұру қабілеті қалыпты жағдайдағыдан жоғары. Ол организмнің резистенттілігіне байланысты.
- Әлсіреу, қалжырау, жүдеу сатысыкүшті стрессор ұзақ уақыт әсер еткенде болады. Стресстің негізгі белгілері анық білінеді. Мал өлім-жітімге ұшырауы да мүмкін.
Стресстің бұл келтірілген сатыларын тек үлгі ретінде пайдалануға болады. Ал нақтылы организмнің резистенттілігіне, стрессордың күшіне байланысты, әрбір шаруашылықтарда әртүрлі болып кездесуі сөзсіз.
Эмоциялық стресс
Эмоциялық стресстің жалпы даму заңдылықтары физикалық, химиялық ауыртпалықтармен ұқсас болып келеді. Шамалы жан-дүниелік ауыртпалықтар ағзаның кейбір жағдайларға адаптациясын (икемделуін, бейімделуін) туындатса, шектен тыс ауыртпалықтар көптеген дерттердің дамуына себепкер болады. Сондықтан да қазіргі уақытта тым ауырлап бара жатқан жан-дүниелік ауыртпалықтардың ауру туындататын ықпалы адаптациялық бейімділіктен басым болып отыр. Бірақ, ол кезде дерттердің аңғарымдық мүмкіншіліктері қазіргіден төмен болғандықтан, жан-дүниелік ауыртпалықтардан дамитын дерттердің көріністерін тек соңғы сатыларында, адамның ақыл-есінен айырылғанда ғана байқағанын зерттеушінің мына сөйлемінен түсінеміз: «Серейлік ықпалдар ұшықтық тек адамзатты сезгір ой, сезімтал көңіл, теңіздей толғамдық естік жалғамның тоғалылығының бұзылуына ғана көз көргелік бермек». Бұл сөйлемнен біз жан дүниелік ауыртпалықтарға әр адам әр түрлі жауап қайтаратынын түсінеміз. Ол ойы олқы, көңілі жарым, көңіл-күйі қатты толқып тұратын адамдарда ақыл-есінің бұзылуына дейін әкелетін дерттер болуы ықтимал дейді. Бұл туралы қазіргі ғылым не дейді?
Эмоциялық ауыртпалықтың әсері адам организмінің дене бітімі мен мінез-құлқының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктеріне қарай адам организмінің бірнеше конституциялық түрлерін ажыратады. Солардың ішінде бүгінгі күні адамның орталық жүйке жүйесінде (миында) өтетін физиологиялық қозу мен тежелу процестерінің күшіне, олардың өзара бірімен-бірі теңгерілу және ауысу жылдамдығына қарай И. П. Павловтың жіктеуі кең тараған. Осы жіктеу бойынша жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлері:
1-түрі күшті, ұстамды, жігерлі түрімен көрінетін адамдардың еті тірі, қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарын икемділікпен шеше білетін болады. Мұндай адамдарды Гиппократтың жіктеуі бойынша сангвиниктер деп атайды.
2 түрі күшті, ұстамды, салмақты түрімен сипатталатын адамдардың мінез-құлқы сабырлы, тым салмақты, байсалды, мінезі ауыр болады. Бұндай адамдар ойына келген істі бітірмей, басқа іске кіріспейді. Олардың миында қозу мен тежелу үрдістерінің орын ауыстыруы баяу болады. бұл адамдарды Гиппократ флегматиктер деп атаған.
3-түрі күшті, ұстамсыз адамдар көп жағдайда алды-артын байқамайтын, тіпті шамасын білмей, артық кетіп қалатын, ашушаң, күйгелек болады. бұл түр Гиппократта хоелриктер делінеді.
4-түрі әлсіз, қиындықтарға төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, енжар, уайымшыл адамдар. Мұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша меланхоликтерге жатады. Осыған байланысты эмоциялық ауыртпашылықтарға жоғарылығы 1 және 2-түрлеріндегі адамдар жеңіл түрде икемделсе, 3 және 4- түрлеріндегі адамдар оларға дұрыс икемделе алмайтындықтан артынан дене мүшелерінің көптеген ауруларына ұшырайды.
Хроникалық стресс
Ал хроникалық, яғни созылмалы стресс - ұзаққа созылған келеңсіз жағдайлар, күн сайын еңсені езетін нәрселер - адам денсаулығы үшін өте зиянды. Өйткені, бұл жағдайда, ең алдымен, артериалды гипертония, бронхиалды астма, жүректің коронарлы аурулары, қант диабеті сияқты психосоматикалық аурулар пайда болады. Стресс бізге алдымен ағзаның спецификалық емесм қорғаныс құралы ретінде белгілі болады. Бірақ ол ұзақ мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды. Стресс түрлі жағдайда болады. кейде жағымды жайлардың өзі адамға қосымша стресс әкелуі мүмкін. Мысалы, екі адам кездесіп, ғашық болып, үйленсін делік. Адам өміріндегі осындай оқиғалардың өзі - екі адамның бас қосуы, бір-біріне үйренуі, жаңа жағдайға бейімделуі де стрессорлық фактор болып табылады.
Жағымсыз ойсоққы
Ойсоққыға ұшыраған кезде мидың кейбір бөліктерінде белсенділігі көтерілген нерв жасушаларының тобы пайда болады. ол мида ұдайы қозу ошағын туындатады. Бұл қозу ошағы бастапқы кезеңдерде шектеліп, сыртынан тежелу үрдістерімен қоршалады. Артынан қозу үрдісі өз бетінше, ешқандай сырттан әсер болмай-ақ күшейе түсіп, айналасындағы ми орталықтарына тарайды. Осылай белсенділігі көтерілген нерв жасушалары дерттік қозу ошағын туындатып, мидың басқа құрылымдарын жұмылдырып, оларды бір функциялық дерттік жүйеге біріктіреді. Ішкі ағзалар мен дене мүшелерін нервтік реттеу бұзылады. Ары қарай ешбір сыртқы әсерсіз-ақ организмде дерттік үрдістер туындап немесе ойда бар дерттері өрши түседі. Жан мидың қызметі болғандықтан, жан жараларынан дамитын дене мүшелерінің аурулары психосоматикалық аурулар деп аталады. Оларға жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, тері, нерв, буын аурулары, жандүниелік дерттер, т. б. жатады. Кейде алдында тұрған мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден кейбір адамдар өздеріне-өздері қол жұмсайды. Соңғы кездері психосоматикалық аурулардың жиілеп бара жатқаны байқалады. Ресей ғалымдарының зерттеуінше, 1941-1945 жылдары екінші әлем соғысында қоршауда қалған Ленинград қаласы тұрғындарының арасында ауыр эмоциялық стресстен аурушаңдық кең етек алғандығы көпшілікке мәлім. Ал соңғы қайта құру жылдарында халық арасында аурушаңдық одан да көбейгені анықталып отыр. Оның себебі неде? Бұл сұраққа ғалымдар қазіргі адамдардың нарық заңдылықтары алдында дәрменсіздігінен, бейшаралығынан, амалсыздығынан, болашаққа сенімі жоғалуынан, ауыр мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден деп жауап қайтарады.
Осы көзқараспен әбден келісуге болады. шынында, соғыс кезіндегі оның жеңіспен аяқталатынына адамдарда үміт болды, олар ертеңгі күнге белгілі бір сеніммен қарады. Қазіргі заманда адамдарды үмітсіздік билеп алған.
Сонымен, жағымсыз ойсоққының әсері: 1. Адамның жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлерінен, 2. өмірден алған тәжірибелерінен, 3. организмнің стрессті шектейтін жүйесінің туа біткен жағдайларына байланысты бүліністерге тұрақтылығынан немесе бейімділігінен және 4. ауыртпалық туындатқан ықпалдың күші мен қарқынына байланысты болады. Осы себепті өмірлік тәжірибесі аз жастар жандүниелік ауыртпалықтарға төзімсіз келеді.
Қазіргі өмірде стресстен қашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер . . . Кей адамдар мұндай стресстерге бейімделген, қандай проблеманы болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл-күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема.
Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез-келген стресс те осылай басталады. Ол алдымен мидың елегінен өтеді. Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды. Осымен бір мезетте вегетативті нерв жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стресстегі жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Қатты стресс дені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді. Ал денсаулығы нашар адамдар үшін оның психофизиологиялық әсері қатты сезіледі: көңіл-күй бұзылады, ұйқы нашарлайды, эмоционалды қозу байқалады, жүрек қағысы және дем алу нашарлайды. Әйтсе де, бірақ уақыттан кейін бәрі де қалпына келеді.
Қорытынды
Сонымен, әрбір ағза стресстік күймен таныс, өйткені уақыт сайын біз оны басымыздан өткіземіз. «Барлық аурулар стресстен» деген мәтел бар. Бұл шынында да солай ма және келеңсіз жағдаймен күресу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz