ОҚО шардара ауданына тарихи- географиялық және әлеуметтік, экономикалық сипаттама


ОҚО ШАРДАРА АУДАНЫНА ТАРИХИ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМА.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

ТАРАУ 1. ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТАРИХИ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУЛЕРІ

1. 1 Ауданның құрылуы . . . 7

1. 2 Ауданның тарихы . . . 12

а) Ауылдық окруктарының аталу тарихы . . . 16

ТАРАУ 2. ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ.

2. 1 Географиялық құрылысы мен тектоникасы . . . 29

2. 2 Геоморфологиялық құрылысы . . . 32

2. 3 Климаттық жағдайы . . . 35

2. 4 Топырақ жамылғысы . . . 37

2. 5 Өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесі . . . 39

ТАРАУ 3. ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ.

3. 1 Су ресурстары . . . 42

3. 2 Орман ресурстары . . . 48

3. 3 Жер ресурстары . . . 49

3. 4 Шардара ауданының экологиялық мәселелері . . . 51

ТАРАУ 4. ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70

ҚОСЫМШАЛАР . . . 73

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә Назарбаевтың 2006 жылдың 18 қаңтарында парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде, атап айтқанда, "Қазақстанды таяудағы 10 жыл ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу стратегиясында " білім беру мәселесіне де баса назар аударылды /1, 2-3 бет/.

Сонымен бірге, Елбасының "Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын" ерекше атап көрсетуінде де үлкен маңыз бар. Өйткені кез келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік- экономикалық дәрежесі сонда өмір сүретін халықтың білім деңнейіне қатысты бағаланады /2, 2-3 бет/.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір аймағы оның дамуындағы негізгі тіректері болып саналады. Солардың бірі Шардара . . .

Адамзат жаратылғаннан бері қаншама дүние жаңарып, қаншама су ақты десеңізші . . . Ежелден малға да, жанға да, аң-кұс атаулының баршасына құтты қоныс болып, сарқылмас несібе сыйлап, келе жатқан сыршыл Сейхундарияның орта ағысы . . . Еңсесі биік таулардан екпіндеп кұлап, етекке жетіп, жазық даланы бауырына қысып, балбырап ағып . . . Бұйрат-бұйрат шағыл төбелерге сұғына бергенде су аяғы құрдымға кететін шексіз, шетсіз шөлейтті, кұмды өлкеден секем алғандай дүр сілкініп, жарқырап ағып, теріскейге қарай жалт бұрылатын тұсы ескі замандардан Шардара деп аталды. Көне парсы тілінен аударғанда "төрт қақпа" дегенді білдіреді екен.

Шардара ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстан Республикасымен шекаралас шығыс бөлігінде орналасқан. Ресми түрде 1969 жылы құрылғанымен, Шардара су қоймасы мен су электр станциясын салуға кеткен 9 жылды одан бөліп тастауға тағы болмайды. Өйткені Қызылқұм өңірін суландыру жолындағы Ұлы жорық 1958 жылдың тамыз айынан басталады. Қазіргі Шардара су қоймасының ауданы 400 шаршы метр, су көлемі 520 млн. текше метр.

Аудан аумағының географиялық орнына және жер бедерінің сипатына байланысты климаты айқын континентті қысы біршама жұмсақ, каңтардың жылдық орташа температурасы 4-6 ° с. Жаз айларында ыстық, аңызақты, шілденің орташа температурасы 28-29° с. Жауын-шашынның орташа мөлшері 150-200 мм. Аудан аумағында кұрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды сор, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Мұнда жусан, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, Сырдария бойында қамыс, кұрақ, тал, жиде өседі. Жылдық ылғал түсімі 165-200 мм аралығында, аязсыз кезеңнің орта ұзақтығы 170 күннен 190 күнге дейін созылады. Жануарлардан қасқыр, түлкі, карсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырмен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді. Климаты жағынан Орта Азиялық шөл аймаққа жататын Қызылкұм даласы 400 миллион гектардан астам алқапты алып жатыр. Бұл алқаптың Оңтүстік өңірі Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын бойлай орналасқан.

Ғылыми мәліметтерде осы Оңтүстік өңірде дария мен жер асты суларын пайдалану арқылы 790 мың гектар жерді суларын пайдалану болатыны жайлы қызықты болжамдар бар. Көктемгі жауын- шашынмен сексеуілі мен жыңғылы, баялышы мен жантағы, жусаны мен раң шөптері тез бел алатындықтан бұл өлке республикамыздағы аса қолайлы мал жайылымдарының қатарына қосылады.

Болашағы зор осынау алқапты суландыру ісі көптеген жылдар бойы мамандардың назарында болып келеді.

Шардара ауданының соңғы төрт жылдағы көрсеткіштері ауданда өтпелі кезеңнің өткір қиындықтары артта қалғандығын дәлелдей түседі. Аудан экономикасының жетекші саласы- ауыл шаруашылығы, оның ішінде егін шаруашылығы. Өткен жылғы өндірілген шитті мақта көлемі, көкеніс, бақша өнімдері, бидай, күріш, жеміс- жидек, жүгері, шөп, ет, сүт, жүн екі есеге өскенін байқаймыз.

Осындай жағдайларды сараптай келгенде, соңғы төрт жыл бедерінде экономикасын дағдарыстан алып шыға алған ауданда мал бағуға да, жан бағуға да қолайлы жағдай орныға бастағанын, жер, су табиғи мүмкіндіктердің тиімді пайдаланылуына қол жеткізіле бастағанын көресіз.

Елбасының қайта- қайта, қадағалай айтатын "Жері бар, малы бар адам неге жұмыссыз атанып, мемлекеттен жәрдем ақы күтуі керек?" деген әрі ақылды, әрі орынды сөзінің жауабын Шардарадан табасыз. Ішінара ауру- сырқауы болмаса, елдің бар назары "Үкіметке не бередіге емес, жерге, малға ауған".

Жоғарыда айтып кеткендей, экономикамыздың дамуында болсын, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда болсын, өткен жылдағыларға қарағанда бірқатар ілгерілеушілікке қол жеткіздік. Халық Елбасымыз Н. Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының, экономикалық реформалардың оң ықпалын сезініп отыр.

Бұл тақырыпты таңдау себебім, Шардара ауданының ауылдық окруктарының аталу тарихына жеке- жеке тоқталып, ондағы тарихи орындар туралы тың мәліметтер беріп және ауданның қазіргі таңдағы әлеуметтік экономикалық жағдайын ашып көрсету.

Зерттеудің мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты тақырыптың өзектілігімен және шешілетін мәселенің маңыздылығынан туындап отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның бір өркениетті өлкесі болған Шардара өңірінің тарихи- мәдени даму тарихын жаңа деректермен зерттеу.

Зерттеудің міндеттері.

  • Зерттелетін ауданда далалық зерттеулер жүргізу, фотоға түсіру, аудан туралы қажетті мәліметтерді, материалдарды жинау.
  • Жарық көрген әдебиеттерге, мақалаларға сүйене отырып алға қойған мақсатқа жету.
  • Шардара өңірінің тарихи орындары туралы тың мәліметтер жинау.
  • Ауданның әлеуметтік- экономикалық жағдайы туралы статистикалық мағлұматтарға шолу.

Зерттеу обьектісі. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Шардара ауданы.

Зерттеу пәні. Шардара ауданына тарихи- гоеграфиялық және әлеуметтік экономикалық сипаттама болғандықтан, олардың мақсаты, қызметі, мазмұны, мазмұны тарих, география пәнінде қарастырылады.

Зерттеу әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты салыстырмалы, жүйелілік, тарихи талдау жасау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. жұмыста Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара ауданын жүйелі түрде зерттей келе және кешенді талдаулар негізінде төмендегідей нақты ғылыми нәтижелер алынды:

  • алғашқы рет Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы Шардара өңірінің ауылдық окруктерінің шығу тарихи қарастырылды.
  • Әр окруктың аталу тарихынан, бүтіндей ауданның тарихы жүйеленді.
  • Бүтіндей Шардара ауданының тарихи- географиялық жағдайын қалыптастырудың субьективтік көрсеткіштері жинақталып берілді.
  • Соңғы жылдардағы ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайына талдау жасалды.

Зертеудің қолданыстық маңызы. Зерттеудің тәжірибелік мәні аудандағы тарихи орындардың қазіргі жағдайы, жалпы ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыруы жағдайында ұйымдардың тәжірибесін талдау және оны қолдану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар пайдаланылған.

Жоғары оқу орындарында кейбір тарауларын тарих, өлкетану, аймақтану, география мамандығы бойынша оқитын студенттерге арнайы курс оқытуда және оларға дәріс беруде пайдалануға болады.

құрылымы. жұмысының алдына қойылған мақсат пен міндеттері анықталынған. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі төрт тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

ТАРАУ I

Шардара ауданың тарихи- географиялық зерттелулері.

  1. Ауданның құрылуы.

Бұл аймақта (Шардара) 1930-шы жылдары Қызылқұм ауданы құрылған. (орталығы қазіргі Шардара ауылы. Қарамағында "Шымқорған", "Қызылқұм", "Тимириязев" атындағы колхоздар бар. Бұлар қазір Өзбекстан Респуликасының құрамында) . "Шардара", "Көксу" мал совхоздары, оншақты мақта егісімен айналысатын колхоздат болған. Тағы да Киров ауданының бірнеше колхоздарының мал фермалары осы аймақта орналасқан еді.

Мырзашөл тыңының бірінші кезеңі (Ильич ауданы) игеріліп, тыңның екінші кезеңін игнру үшін 1940 жылы Киров ауданы құрылды. Ал, 1956 жылдары Қызылқұм ауданы таратылып, шаруашылықтары Киров ауданының құрамына берілді. Негізгі міндеттері- ауданды ірілендірумен қатар мақта егісінің бұл аймақта болашағының болмауында, өйткені, су мен кішкентай канал көп жерді игеруге мүмкіндік бермеді- ау деймін. Мақта егетін колхоздардың тұрғындары түгелдей Киров ауданындағы инженерлік жүйеге негізделіп дайындалған суармалы жерлерге көшірілді.

Себебі, мұнда суармалы жерді игеріп, мақта егу ісін адамдар жетік білетін. 1963 жылдың қаңтарында Қазақ КСР жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Шардара ауылдық Кеңесі қала іргесіндегі құрылысшылар поселкесі Қызылқұм ауданына берілді. Бұрынғы Шәуілдір ауданы кезінде Қызылқұм ауданы болып аталатын. Бұл өзгерістер сол кездегі Орқалықтың (Москва) солақай саясатына байланысты болды. Өйткені Қазақстанның Оңтүстіктегі мақта егетін үш ауданы (Мақтаарал, Ильич, Киров) Өзбекстан Республикасына 1963 жылы қаңтарда беріліп жіберілген. Ол үш аудан 1971 жылы Қазақстанға қайтарылды /40, 202 бет/.

1965 жылы Қызылқұмның алқабы, Шардара құрылысшылар поселкесінің төңірегі мен совхоздары ("Шардара", "Көксу", "Сүткент", "Байырқұм") Келес ауданының құрамына берілді.

Ал, Шардара ауданын құруға қандай негіздер болды, қандай жұмыстың атқарылғандығы туралы тоқталып кетейік.

СОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Советі 1956 жылдың тамыз айында "Мақта өндіруді арттыру үшін Өзбек КСР- і мен Қазақ КСР- інде Бетпақдаланың тың жерлерін суландыру және игеру туралы" қаулы қабылдады. Қаулыда Бетпақдаланың 300 мың гектар жерін суландыру мақсатында Шардара су қоймасының және су электр станциясының жобасын жасау қажет екендігі айқындалды /39-40, 203 бет/.

Осының ізінше Орта Азиядағы ең ірі Шардара су қоймасын шөл даламен жалғастыратын күретамыр іспетті Қызылқұм магистральды каналының жобасы бекітілді.

Шардара су қоймасы мен су электр станциясының құрылысы 1958 жылдың қазан айында басталды. Аудан облыстың оңтүстігінде, Сырдарияның өзенінің бойында орналасқан. Ол 1965 жылы Қызылқұм алқабын суландыру кезінде құрылған. Әкімшілік орталығы- Шардара қаласы. Құрамында 1 қалалық 10 ауылдық әкімшілік бар олар: Жаушықұм, Шардара, Қоссейіт, Көксу, Сырдария, Ұзыната, Қазақстан, Қызылқұм, Сүткент, Ақшеңгелді, Достық.

Облыс орталығына дейінгі қашықтық- 300 километр. Көлемі- 13 мың шаршы шақырым. Халқы- 68. 3 мың адам. Ұлттық құрамы: қазақтар- 93. 9 %, орыстар- 4 %.

Ауданның әкімшілік орталығы- Шардара қаласы, ол 1966 жылы құрылған. Агроклиматтық жағынан аудан кұрғақ, ыстық құмды аймақта орналасқан. Аумағында 27 елді мекен 1 қалалык және 10 ауылдық округке біріктірілген. Аудан жері негізінен Сырдария өзенінің сол жағалауын, Қызылқұм құмының Оңтүстік Шығысына ала, аллювилік жазықта (Шардара қаласы) орналасқан. Қызылкұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру аркылы ел қоныстандыру үшін 1958 жылы "Шардара кұрылысы" басқармасы құрылды. Кеңестер одағының әр түпкірінен келген мыңдаған комсомол жастар жоғары білімді мамандар, осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1987 жылы 15 қазанда мемлекеттік комиссия сыйымдылығы 5 млрд 700 млн метр Шардара бөгені мен су электр станциясының құрылысының аяқталған жөнінде актіге қол қойылды. Сырдария өзенінің бойлай ұзындығы 130 шаршы Қызылкұм магистральды каналы іске қосылды /4, 264 бет/.

Құмдары баршаға мәлім Шардара өлкесі небір қасиетті әулие ата-бабаларымыздың кесене күмбездері тарихи мәдени ескерткіштері неғұрлым көбірек сақталған аймақ.

Олардың әркайсысы өз кесенесі өзгеше сыр шертеді, шежіре тартады.

Географиялық орны.

Аудан аумағының географиялық орнына және жер бедерінің сипатына байланысты климаты айқын континенттік қысы біршама жұмсақ, каңтардың жылдық орташа температурасы 4-6 ° с. Жаз айларында ыстық, аңызақты, шілденің орташа температурасы 28-29° с. Жауын-шашынның орташа мөлшері 150-200 миллиметр Аудан аумағында кұрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды сор, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Мұнда жусан, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, Сырдария бойында қамыс, кұрақ, тал, жиде өседі.

Шардара- бекіністі мекен. Шардара каласының Оңтүстік батысынан 2 шаршы жерде. Ол аумағы Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 240 метр, Батыстан Шығысқа қарай 310 метр, биіктігі 1-3 метр тік бұрышты алаң. Батыс жағында аудан 140-120 метр биіктігі 15 метр қорғанның қалдығы сақталған. Қорған іргесінен 15 метр ор қазылған. Оның ішкі жағы дуалмен қоршалған. Қазбадан табылған заттарға карағанда Шардара 1-12 ғұламалардағы мекен орны болған.

Шардара, Мақтарал, Сарыағаш аудандары жеріндегі ірі жасанды су ауданы. Сырдария өзенінің арнасына салынған. 1968 жылы бөген шарасы суға толтырылды. Бөгеттің биіктігі 24 метр, ұзындығы 5, 8 шаршы. Бөгеннің ауданы 900 шаршы, ұзындығы 80-100 шаршы, ені 20-25 шаршы, ең терең жері 25-26 метр, орташа тереңдігі 6, 3 метр. Суының мөлшері 5200 млн метр, су жиналатын алабы 174 мың шаршы шақырым. Бөген Сырдария өзенінің ағынымен және қар, жауын-шашын суымен толығады. Шардара бөгені арқылы жалпы 394, 0 мың гектар жер суарылады (оның ішінде 105 мың гектар күріш егістігі) . Шардара даласы- Сырдария өзенінің сол жағасын бойлай Шардара бөгенінен Көксарай (арна) аралығына дейін солтүстікке қарай бойлық бағытта 175 километрге созылып жатқан өңір, ені 50 километрге дейін. Шардара, Отырар аудандары, Арыс калалық әкімдігі аумағы жерінде. Жер беті тегіс, биіктігі 200 метрдей, құмды, сазды аллювийлік шөгінділерден түзілген. Жер асты суы ащылау, 15 метр тереңдікте кездеседі. Климаты тым континентгі. Қаңтарда орташа жылдық температура 4°С, шілдеде 29°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 миллиметр. Топырағы Солтүстігінде коңыр, Оңтүстігінде сұр, сортаңдар. Эфермерлер, жусан, жыңғыл, баялыш, күйреуік, т. б. өседі. Суармалы жерлері мақта, күріш егуге өте қолайлы / 12, 121 бет/.

Жылдық ылғал түсімі 165-200 миллиметр аралығында, аязсыз кезеңнің орта ұзақтығы 170 күннен 190 кунге дейін созылады.

Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырмен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді.

Климаты жағынан Орта Азиялық шөл аймаққа жататын Қызылкұм даласы 400 миллион гектардан астам алқапты алып жатыр. Бұл алқаптың Оңтүстік өңірі Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын бойлай орналасқан.

Ғылыми мәліметтерде осы Оңтүстік өңірде дария мен жер асты суларын пайдалану арқылы 790 мың гектар жерді суларын пайдалану болатыны жайлы қызықты болжамдар бар. Көктемгі жауын-шашынмен сексеуілі мен жыңғылы, баялышы мен жантағы, жусаны мен раң шөптері тез бел алатындықтан бұл өлке республикамыздағы аса қолайлы мал жайылымдарының қатарына қосылады.

Болашағы зор осынау алқапты суландыру ісі көптеген жылдар бойы мамандардың назарында болып келеді.

Шардара ауданының жаңа тарихы Кеңес Одағы тұсында 50-жылдарда басталды. Қызылқұм өңірін суландыру Шардара су қоймасын салу мен Шардара ГЭС-і құрылысы 1958 жылы басталды. Сол жылы Шардара кұрылыс басқармасы құрылып, оның бастығы Ә. К. Қасымов бастаған 26-адам қазіргі Шардара қаласы орналасқан Жаушықұмға келіп қоныс тепкен еді. 1967 жылдың 15-қазанында Мемлекеттік комиссия сиымдылығы 5-миллиард 700 миллион текше метрлік Шардара жасанды теңізі мен су электр стансасы кұрылысының аяқталғаны жөнінде Актіге қол қойылды /17, 63-64 бет/.

Қызылқұм өңірін игерудің алғашқы кезеңі аяқталған 1967 жылы мұнда 60-мың гектарға жуық суармалы жер, үзындығы 130 шақырымдық магистральды канал, ішкі шаруашылық аралық инженерлік су жүйелері және қазіргі заман тлабына сай кешенді әлеуметтік мәдени обьектілері бар, 2 жаңа поселке салынып, пайдалануға берілді. Аудан негізінен еліміздің халық шаруашылығында шешуші маңызы бар дақылдың бірі күріш өсіруге мамандырылып, 1969 жылы қазан айында құрылды. Сол жылдары ауданда 13-кеңшар ұйымдастырылып күріш дақылын өсірумен қатар бау-бақша өсірумен шұғылданатын кеңшар мен қаракөл шаруашылықтары кұрылды.

Шардарамен бірге ірге көтерген су электр станциясынмен катар, кұрылыс материалдары комбинаты, жөндеу механикалық зауыты, астық қабылдау мекемесі сияқты ірі өндіріс орындары Одақ тұсында бүкіл елімізге танымал болды. Еліміз Тәуелсіздік алып өз алдына шаңырақ көтергелі бері, Шардаралықтар нарық қыспағынан өтіп, шаруашылық пен өндірістің жаңа заманның талабына өте бастады. Қазір аудан негізінен мақта дақылын өсірумен айналысады. Аудандағы мыңдаған шаруа қожалықтары, осында орналасқан мақта қабылдау пункттеріне өз өнімдерін өткізу арқылы еңбегінің жемісін көруде. Мақта өсіру өркендеген сайын ірі шаруашылық өндіріс орындары салынып жұмыс істеуде. Қазір мұнда Шардара мақта зауыты мен НИМЕКС-корпорациясы зауыты жұмыс істеуде. Ауданда 10-ауыл округі мен Шардара қаласында 74-мыңға жуық халық тұрады.

Аудан 1969 жылы Қызылқұм алқабын суландыру кезінде құрылды. Шардара өңірін игеру 1958 жылы басталды. 1961 жылы Шардара су қоймасы мен электр станциясының құрылысы толық аяқталды. Сыйымдылығы 5 млрд 700 млн текше метрлік жасанды теңіз дүниеге келді. Тәулігіне 2 млн 100 мың квт сағатына 7 қуатын өндіретін станция іске қосылды. Қысқа мерзімде ішінде ұзындығы 107 шақырым қызылқұм магистралы каналы пайдалануға беріліп 700 мың гектардан астам суармалы жер пайдалануға берілді. 5 күріш, 3 мақта, 1 жеміс-жидек кеңшар ұйымдастырылды. Бұдан тыс ауданда қаракөл, қой өсірумен шұғылданатын 3 шаруақожалық, 1 күріш тәжірибе учаскесі бар /26, 71-72 бет/.

Ондаған құрылыс ұйымдары транспорт кәсіпорындары құрылыс материалдар комбинаты жұмыс істейді.

Аудандағы тұңғыш күріш өсіретін шаруашылық- "Восход" совхозы 1965 жылы құрылған болатын. 1968 жылы "Октябрьдің 50- жылдығы" атындағы совхоз құрылды. Одан кейін "Комсомол", "Қызылқұм", "Қазақстан" күріш совхоздары, ал, 1977 жылы "Достық", одан кейінгі жылдары "Ақ алтын", 1980 жылдары "Қазақ КСР- нің 60- жылдығы" мақта совхоздары құрылды.

Ежелгі шежірелі Шардараның атақ-абыройын шартарапқа танытқан жаңа тарихы-ХХ ғасырдың 50-60 жылдары кең канатты құрылыс жүмыстары өріс алған Қызылқұм мен Жаушықұм алқаптарының аясындағы тың жерлерді игеруден бастау алады. Бүкілодақтың екпінді құрылыс атанған Шардараға сол жылдары кең байтақ еліміздің түпкір-түпкірінен білікті мамандар, құрылысшылар, механизаторлар, агрономдар, мұғалімдер басқа да сан-салалы мамандық иелері жинала бастады.

Олардың арасында Ұлы Отан соғысында от кешкен, тілі басқа-тілегі бір, жеңі басқа-жүрегі бар ондаған ұлттар мен ұлыстардың өкілдері, ардақты ардагерлер де көптеп саналатын.

1969 жылы Шардара ауданы өз алдына шаңырақ көтергенде құрылыс ұйымдары мен алаңдарында, ауыл шаруашылық салаларында, кеңшарлар мен фермаларда, өндірістік бөлімшелер мен бригадаларда, білім жүйелері мен денсаулық сақтау орындарында 500 ден астам ардагер ауданымыздың тыныс-тіршілігіне белсенділікпен араласып, қалтқысыз кызметтер атқарған, өнегелі өмірімен, өміршең мақсат-мүдделерімен үрпақ үрдесінде ұлағатты үлгілер калдырған Олардың көпшілігі қолдарынан қайла-қамағы, кетпені мен күрегі түспеген, қатардағы еңбек адамдары, қарапайым жұмысшылар, диқандар мен шаруалар еді.

Шардараның бүгінгі келбетінде-құла түзде бой көтерген әсем жасанды теңіз жағасындағы ақшаңқан қаламыз бен ауылдарымыз, кең көлемді суармалы жерлер мен егістік алқаптар, бірнеше жүздеген шақырымдарға созылатын үлкенді-кішілі каналдар мен қашыртқылар, жолдар мен көшелер, ғимарат жайлар мен жағажайлар, бір сөзбен айтқанда, ауыз толтырып айтуға тұрарлық ұлан ғайып жанқиярлык жұмыстарда кас майданның майталмандарының, құрыштан құйылған құдіретті тұлғалардың да мәңгілік қолтаңбалары қалды.

Шардарада еңбек майданының батыры атанған азаматтар да көптеп саналады. Социалистік Еңбек Ері Қадырбек Маханов ерен еңбектің ғана емес, мол адамгершілігі мен қарапайымдылық қасиеттердің де үлгісін көрсете білді. Үш бірдей «Даңқ» орденінің иегері озат күрішші Феруза Өтемісованың есімі Шардарадан шарықтап одақ көлеміне танылды /14, 325-326 бет/.

1. 2 Ауданның тарихы.

Адамзат жаралғаннан бері қаншама дүние жаңарып, қаншама су ақты десеңізші . . . Ежелден малға да, жанға да, аң- құс атаулысының баршасана құтты қоныс болып, сарқылмас несібе сыйлап келе жатқан сыршыл Сейхундарияның орта ағысы . . . Еңсесі биік таулардан екпіндеп құлап, етекке жетіп, жазық даланы бауырына қысып, балбырап ағып, теріскейге қарай жалт бұрылатын тұсы ескі замандардан Шардара деп аталады. Шардара атауы "шар"- төрт және "дара"- қақпа сөздерінің тіркесінен пайда болған деседі. Парсы тілінен аударғанда "төрт қақпа" деген ұғымды білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ұлы тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы
ОҚО физикалық – географиялық сипаттама
Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
Жер ресурстары туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы физикалық - географиялық сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Арыс ауданының физика - географиялық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz