Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер



І КІРІСПЕ
1.1 Көркем шығарма
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары
2.1.1. Көркем шығарманың тілі
2.2. Өлең сөздің теориясы
2.2.1. Өлең айшығы
2.2.2. Өлеңдегі ырғақ пен тармақ
2.2.3. Өлеңдегі шумақ
2.3. Шығармашылық әлемі
2.3.1. Әдеби жанр
2.3.2. Әдеби жанрдың түрлері
2.4. Әдеби үрдіс
2.4.1. Әдеби әдіс
2.4.2. Әдеби бағыт
2.4.3. Көркемдік тәжірибелер
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
«Көркем шығарма — әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.
Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер; өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құлаы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері.
Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.
Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері нақты, затты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебит кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылтып, құлпыртып көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін-бас өнердің бас, «өнер атаулының ең қиыны және күрделілісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, халқымыздың «өнер алды-қызыл тіл» деген қағидасы да соны растайды.
Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.
Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген
Кітап және симфония, сурет немесе, мүсін не туралы деген сұрақтың жауабы бір-ақ: адам туралы, адамның әсемдігі мен асыл қасиеттері туралы адам рухының керемет күші мен қасиеті жайлы… Өнер дүниесінің (туындысының) бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты; өнер туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын паш етеді.
Адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді тунадың өзгеше тәсілі.
Болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстіндегі жанды бейнелеу-тек сөз өнерүінің ғана еншісі. Бейнелеу құралы-тіл. Тіл арқылы сөзбен сурет жасалады, яғнио кез келген көркем шығарманың тілсіз өрілуі мүмкін емес.
Көркем әдебиеті тілі-әдеби тілдің ауқымында жасалғанымен, ұғымдық аясы одан әлдеқайда кең. Бұл-оның шығармашылық қызметінен, образды бейнелеуші, кейіпкерді мінездеуші сипатынан туындайды. Өзінің осы ерекшелігіне орай көркем әдебиет тілі екінші және басты ерекшелікке-жалпы халықтық тілдің барлық қабаттарын (диалектілерді, жаргондарды, кәсіби сөздерді) керегінде қамтитын синтетикалық тұрпатқа ие болады.
Көркем әдебиеттің тілі-тіл мәдениетінің, тілдік талғамның ғана тарихы емес, қоғамдық өзгерістердің, әлеуметтік психологияның да тарихы. Өйткені жалпы ұлттық тіл мәдениеті аясында жасалған әр кезең әдебиетінде сол әдебиетті тудырған уақыт ерекшеліктері өзіне тән сөз саптау стилі арқылы таңбаланады.
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл
2. "Қазақ Энциклопедиясы"
3. Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991. Қосымша
4. З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995
5. М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969
6. М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; Өлең
сөздің теориясы; Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың
түрлері; Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік
тәжірибелер

ОРЫНДАҒАН: СӘКЕН Б.Қ.

ТЕКСЕРГЕН:ҚҰРМАМБАЕВА Қ.С.

СЕМЕЙ 2015

ЖОСПАР:

І КІРІСПЕ

1. Көркем шығарма

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары

2.1.1. Көркем шығарманың тілі

2.2. Өлең сөздің теориясы

2.2.1. Өлең айшығы

2.2.2. Өлеңдегі ырғақ пен тармақ

2.2.3. Өлеңдегі шумақ

2.3. Шығармашылық әлемі

2.3.1. Әдеби жанр

2.3.2. Әдеби жанрдың түрлері

2.4. Әдеби үрдіс

2.4.1. Әдеби әдіс

2.4.2. Әдеби бағыт

2.4.3. Көркемдік тәжірибелер

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Көркем шығарма — әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту –
оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін
байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін
қалыптастыру. — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы,
ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.
Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер; өнердің жалпы адамзат мәдениетінен
алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан.
Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл
болса, әдебиетішінің құлаы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері.
          Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.
          Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері нақты, затты болғанымен жансыз,
қимылсыз, ал әдебит кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылтып,
құлпыртып көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін-бас өнердің
бас, өнер атаулының ең қиыны және күрделілісі (Бальзак), ең жоғары түрі
(Белинский) десек, халқымыздың өнер алды-қызыл тіл деген қағидасы да соны
растайды.
          Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге
көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.
          Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел
баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады,
күлдіреді...Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із
қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері,
оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген
          Кітап және симфония, сурет немесе, мүсін не туралы деген сұрақтың
жауабы бір-ақ: адам туралы, адамның әсемдігі мен асыл қасиеттері туралы
адам рухының керемет күші мен қасиеті жайлы... Өнер дүниесінің (туындысының)
бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты; өнер
туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам
тіршілігінің мәні мен мағынасын паш етеді.
          Адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді тунадың
өзгеше тәсілі.
          Болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстіндегі
жанды бейнелеу-тек сөз өнерүінің ғана еншісі. Бейнелеу құралы-тіл. Тіл
арқылы сөзбен сурет жасалады, яғнио кез келген көркем шығарманың тілсіз
өрілуі мүмкін емес.
          Көркем әдебиеті тілі-әдеби тілдің ауқымында жасалғанымен, ұғымдық
аясы одан әлдеқайда кең. Бұл-оның шығармашылық қызметінен, образды
бейнелеуші, кейіпкерді мінездеуші сипатынан туындайды. Өзінің осы
ерекшелігіне орай көркем әдебиет тілі екінші және басты ерекшелікке-жалпы
халықтық тілдің барлық қабаттарын (диалектілерді, жаргондарды, кәсіби
сөздерді) керегінде қамтитын синтетикалық тұрпатқа ие болады.
          Көркем әдебиеттің тілі-тіл мәдениетінің, тілдік талғамның ғана
тарихы емес, қоғамдық өзгерістердің, әлеуметтік психологияның да тарихы.
Өйткені жалпы ұлттық тіл мәдениеті аясында жасалған әр кезең әдебиетінде
сол әдебиетті тудырған уақыт ерекшеліктері өзіне тән сөз саптау стилі
арқылы таңбаланады.

Қөркем әдебиет — “сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін ис-кусство”.
Әдебиетшілер болсын, тілшілер болсын көркем шығарма тілін сөз еткенде,
екеуінің де негізгі объектісі — әдеби шығарма. Өйткені әдеби шығарманың
негізгі құралы — тіл. Жазушылар да құрылысшылардьщ кірпіштен салған биік
әсем мұнарасы сияқ-тандырып өмірдегі сан алуан қүбылыстарды бейнелі сөз
өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар жасайды. Көркем образ жазушының
шеберлігіне, оньщ жалпы халыктық тіл байлығын жетік меңгеріп, шұрайлы сөз
образдарын қолданып шебер суреттей білуіне байланысты. Сонымен бірге жазушы
шығармасының тілі, онық стиль ерекшелігі шығарманьщ мазмұн, идеялық
жақтарымен байланысты қарастыруды қажет етеді.
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да
әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің
құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі
бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.
     Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен
өзгешелігі де болады.
     Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана
қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға
салады.
     Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар
жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың
сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр
шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада
сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы
(ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.
     Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда
әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай,
тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны
суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік
желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен
мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.
     Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың
басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау
себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік
желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына
салады.
     Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен
туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің
қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау
шегіне жетеді.
     Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар
арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері,
шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін
күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп
тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-
шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың
шоғырлану шоқтығы.
     Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған
үкімі,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің
бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы
сахнасы.
     Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада
қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты
болады.
 Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен,
шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің
түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең
мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса,
тар мағынада музыкаөнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт
түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны,
арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қ ара
өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы,
жаратылысы аса күрделі,
оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмб ақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұ қсату,
т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл
күйі, табиғат, махаббат және филосо фия түрлерге жіктеледі.

Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен
ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-
жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар
мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс
жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте
орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның
кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында
кең орын алғанямб, хорей, т.б.
2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар
кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба
әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға
негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып
келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес
ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға
мүмкіндік береді.
4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға
негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі
тілдес халықтардыңпоэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-
белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең
құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі,
алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға
бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.

Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің
негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде
бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы
жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты
мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары
көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі
қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын саны
төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді.
Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ болады (3 буын + 3 буын). Поэзияда
орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тән
ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру
негізінде жасалған. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі
қолданылады. Абайдың “Сегіз аяғы” осындай үлгімен жазылған. Мұнда 5 және 7
– 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. Өлең өлшемі
сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің
мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді.
Өлең ұйқасы – тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сәйкес
буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін айқындап, өлең сөздің
ырғағын күшейтуге себін тигізеді, әуезділігін арттырады. Ұйқас түрлерін
ажыратқанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі
еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан
түрлі болып келеді: ең көп кездесетін ұйқастар: егіз ұйқас (аа), шалыс
ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб),қаусырма ұйқас немесе орама ұйқас (абба).
Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында көп
кездесетіні – қара өлең ұйқасы деп аталатын ақсақ ұйқас (ааба). Бұл 11
буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ поэзиясындағы жыр
ұйқасы кейде шұбыртпалы ұйқас деп те аталады, ол бір ұйқасты ұзақ сақтап,
бірнеше тармақтарды бірыңғай үйлестіруімен ерекшеленеді. Көбінше негізгі
ұйқасқа (желілі ұйқас) қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып отырады.
Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты тармақты ұйқас (алты аяқ,
аабввб) және “Сегіз аяқтың” ұйқасы (аабввбгг).
""Егіз ұйқас""
Сені ойлаумен барлық күнім, барлық түнім өтеді (а) (өтеді)
Өте қатты жақсы көрем шын сүйемін мен сені (а) (мен сені)
Сендей қызды ешқашан да өмірімде көрмедім (в) (көрмедім)
Бұл өмірде сендей сұлу бар екенің білмедім (в) (білмедім) (Сағындық
Қуандық)
""Шалыс ұйқас""
Шаң шығармас жол дағы, (а) ( жол дағы)
Сілкіне алмас жапырақ. (в) (жапырақ)
Тыншығарсың сен дағы, (а) (сен дағы)
Сабыр қылсаң азырақ. (в) (азырақ) (Абай)
""Ақсақ ұйқас""
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп, (а) (әсемдетіп)
Қоздырып делебені дәсерлетіп. (а) (дәсерлетіп)
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып, (в) (шалықтатып)
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп. (а) ( нөсерлетіп) (Әсет)

Өлең ырғағы – өлеңдегі белгілі ырғақты үлгі-өрнекті қолданудан туатын
өлшемділік. Ол алдымен өлеңнің жеке жолдарға, яғни мөлшерлі тармақтарға
бөлінуіне байланысты болады. Өлең тармақтарының көлемі әдетте тұрақты.
Мысалы, қазақ поэзиясында тармақ көбіне 6, 7 – 8, 11 буынды болып келеді.
Әр тармақтың ішкі құрылысы, өрнегі. Айталық, 7 буынды өлең 2 бунақтан (4
буын + 3 буын), ал 11 буынды өлең 3 бунақтан тұрады (3 + 4 + 3 немесе 4 + 3
+ 4 буындар). Тармақтар көбіне белгілі мөлшерде топтасып, тұрақты шумақ
өрнегін жасайды. 4 тармақты шумақ қай елдің поэзиясында болсын ең жиі
қолданылатын үлгі, сондай-ақ 2, 6 тармақты, т.б. шумақтар да кездеседі.
Шумақ көлемінде тармақтар әр түрлі тәртіппен өзара ұйқасады, ұйқас бірнеше
тармақтың соңындағы сәйкес буындардың дыбыс үйлестігінен туады. Өлең ырғағы
өлшемділіктен туса да, жеке сөйлемдердің интонациялық-синтаксистік
құрылысының сан алуан болуына орай, өлең сөздің нақтылы айтылуындағы ырғақ-
үні үнемі құбылып, өзгеріп отырады. Өлең ырғағын байыту үшін сөзде бай
мазмұн-мағына болуы керек, сонда интонация, дауыс толқыны түрленіп,
жанданады, сөздің ырғақтылық-әуезділігі арта түседі.

Сөз өнері дамыған сайын қазақ өлеңінің құрылысы шыңдалып, кемелденіп, жаңа
өлшем-өрнектермен толысып, байып келеді. Қазақ поэзиясының ырғақтық-
интонациялық байлығын молынан игеріп, өлең өрнектерін байытып, дамытуға зор
үлес қосқан Абай ақын болды. Ол жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін
орнықтыруда асқан өнерпаздық көрсетсе, бұрыннан көп тараған белгілі өлшем-
өрнектерді керек жерінде өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан да соншалықты
зор өнегелі іс атқарды. Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлең
өрнектерінің ішінде “Сегіз аяқ” пен “Сен мені не етесің?” атты өлеңдері
бар. Қазақ ақындары өлеңнің ырғақтық-интонациялық мүмкіншіліктерін
толығымен ашу, өлең сөзді сөйлеу интонациясына тән ерекшеліктермен байыта
түсу ісіне ат салысып келеді. Әсіресе, соңғы кезде поэзияда ерікті өлең
түрі қолданыс тапқан, мұндай өлеңдерде белгілі бір өлшем берік
сақталмағанмен, қалыпты ырғақтық өрнектер еркін қолданылады. Қазақ өлеңінің
құрылымын Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсыно в, М.Әуезов, І.Жұмалиев, Е.Ысмайыло в, С.М
ұқанов, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдар зерттеді
Сөздік көркем туындыларды әу бастан әдебиеттердің тектері деп үш үлкен
топқа бөлу етек алды. Олар эпос, драма және лирика. Осылай десек те,
қаламгерлердің (әсіресе, XX ғ.) өмірге әкелгендерінің бәрі осы үшемге
(триадаға) жата бермесе де, олар күні бүгінге дейін әдебиеттану құрамында
өздерінің маңыздылықтары мен беделдерін сақтап келеді.
Платонның Мемлекет трактатының үшінші кітабында  Сократ поэзияның тегі
турасында ой толғайды. Ақын, бәлкім, біріншіден, өз атынан тікелей
сөйлейді, бұл  дифирамбаларда басымдықпен (лириканың өзіндік маңызды
сипатының мәні бойынша) орын алады; екіншіден, аық сөзі араласпай,
кейіпкерлердің сөз алмасуы түрінде түзілетін туындылар трагедия мен
комедияларға (поэзия тегі ретінде драма тап осындай) тән; үшіншіден, өз
сөзіңді қатысушы тұлғаларға тән бөгде сөзбен біріктіру (эпоста ұшырасатын):
Және де ол (ақын-В. X.) қай кезде бөгде сөзді келтіреді және сол кезде
оның белгілі бір аралығында өз атынан сөйлейді, оның бұнысы әңгімелеу болып
табылады[736]. Выделение Сократ және Платон бөліп көрсеткнн үшінші,
поэзияның (аралас түрдегі) эпикалық тегі оқиға туралы әңгімені қатысушы
тұлғаның ( көне гр. diegesis) қатысуынсыз шектеу және айтылатын сөзге
 (көне гр. mimesis) іс-әрекет, мінез-құлық арқылы еліктеуге  негізделген.
Аристотельдің Поэтикасының үшінші бөлімінде осыған ұқсас пікірлер
айтылады. Бұл жерде эпостың, лириканың және драмның сипаты болып табылатын
поэзиядағы (сөз өнеріндегі) еліктеудің үш амалына қысқаша сипаттама
беріледі: Бір нәрсеге, бір ғана нәрсеге еліктеп, өзіңнен алыс оқиға
турасында Гомер сияқты сөз қозғау, не болмаса, тап осындай, бірақ еліктеуші
өзімен өзі қалып, ештеңке өзгертпей немесе барша суреттелетін тұлғаларды
қатысушы және іс-әрекет үстінде екендігін танытады[737].
Қайта Өрлеу дәуірінде аристотельдік үшем нақытылана түстін А.С.Минтурно De
Poetika (1559) трактатында сөз өнерінің құрамындағы эпос, мелика (яғни,
лирика) және сахналық поэзияны (яғни, драма) бөліп көрсетті.
Тап осындай рухта – сөз саптаушыға (сөз иесіне) көркем тұтастықтық
қатынастағы типтер ретінде  әдебиет тектері кейінірек бірнеше мәрте
қарастырылды. Сонымен қатар, XIX ғ. (әуелі романтизм эстетикасында) эпосты,
лириканы және драманы сөздік-көркем формалар түрінде емес, әлдебір ойжүрту
арқылы танылатын философиялық санаттама түрінде басқаша ұғыну орнықты да,
әдебиет тектері көркем мазмұнның типтері түрінде пайымдала. Осы себепті
олардың осы бір қарастыруы поэтикадан (сөз өнері туралы ілімнен) алшақтай
түсті. Осылайша, Шеллинг лириканы шексіздік пен еркіндік рухына, эпосты –
тап-таза қажеттілікке жатқызса,  драманы осы екеуінің өзіндік синтезі:
еркіндік пен қажаттіліктік арасындағы күрес ретінде қарастырды[738]. Гегель
(Жан-Польдің ізін ала) объект және субъект санаттамасының көмегімен
эпос, лирика және драманы  : эпикалық поэзия – объективті, лирикалық –
субъективті, ал, драмалық болса  – осы екеуінің қоспасынан тұрады деп
сипаттады[739]. В.Г. Белинскийдің Поэзияны тек пен түрге бөлу (1841)
мақаласының арқасында гегельдік концепция (және оған сәйкесетін
терминология) отандық әдебиеттануда түбегейлі қалыптасты.
XX ғ. әдебиет тектері талай мәрте психологияның (еске алу, көрініс,
қуаттылық), лингвистиканың (бірінші, екінші, үшінші грамматикалық жақ),
сондай-ақ, уақыт санаттамасының (өткен, қазіргі, болашақ) түрлінше
құбылыстарына жатқызылды.
Бірақ та Платон мен Аристотельден тамыр тартқан дәстүр өзін түгеспей, әлі
күнге дейін өмір сүруін жалғастырып келеді. Әдебиеттің тектері әдеби
туындының тілдік ұйымдасыру типі ретінде жете назар аударуға лайықты дау
тудырмайтын дәуірден үстем реалдылық болып табылады[740].
Эпос, лирика және драманың табиғатына 1930-шы жылдары неміс психологы және
лингвисі К. Бюлер жасаған сөз теориясы өз жарығын түсірді, онда ғалым сөз
саптаудың (тілдік актінің) үш аспектісі бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдеби үдеріс сипаты
Өлең сөздің теориясы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Пәндер